Материалдар / БАТЫР БАБА – ЫСҚАҚ НҰРМАНБАЙҰЛЫ

БАТЫР БАБА – ЫСҚАҚ НҰРМАНБАЙҰЛЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ысқақ Нұрманбайұлы 1899 жылы Семей облысы, Жарма ауданы, Балғабай ауылында (қазіргі Әди ауылы) дүниеге келген. Ысқақ Нұрманбайұлы қарапайым шаруа отбасынан шыққан. Әкесі – Нұрманбай, шешесі – Нарша. Ысқақ атамыз да ел басына күн туғанда 1941 жылы елін жаудан азат ету үшін Ұлы Отан Соғысына аттанған. Ысқақ Нұрманбайұлымен қоса Семей облысы, Жарма аудандық әскери комиссариатына туған інісі Нұрманбайұлы Жапар мен үлкен ұлы Қабдрашид те шақырту алып соғысқа атанған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Желтоқсан 2022
250
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай облысының білім басқармасы

«Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны






Конференция материалы


Бағыты: «Туған өлке тарихының шежіресі»

Тақырыбы: БАТЫР БАБА – ЫСҚАҚ НҰРМАНБАЙҰЛЫ







Жетекшісі: Ораз Айдын Әмірбекұлы





Семей қаласы-2022 ж.





БАТЫР БАБА – ЫСҚАҚ НҰРМАНБАЙҰЛЫ


Кіріспе. Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Сол күндер мәңгі есте сақталады. Міне! Биыл Ұлы Жеңіске 77 жыл! Сан сұрапыл сындардан өтіп, кескілескен шайқастарда ерлікпен де, еңбекпен де жеңіске ұмтылған өр рухты, ер мінезді батырларымыздың армандары орындалған күн! Бұдан 77 жыл бұрынғы өмірді көз алдымызға елестетсек: бір кезде Кеңестер Одағының құрамында болған Қазақстанның халқы да неміс – фашист басқыншыларына қарсы жан аямай соғысып, ерліктің тамаша үлгілерін көрсеткені баршамызға мәлім. Ұлы Отан соғысы естен кетпес, адамзат тарихында теңдесі жоқ соғыс болды. Соғыстың аты соғыс. Сұм соғыс біреуді жесір етті, біреуді жетім етті, ал біреуді жалғыз ұлынан айырды. Балалығы сұрапыл соғыспен қатар келген біздің бүгінгі ата- әжелеріміз сол уақытта ерте есейген еді. Ойын баласына бейнет күнді айырбастайтын күн туды. Жастарына қарамай соғысқа аттанған кәрілер, енді-енді өмір сүріп келе жатқан жас қыздар, ұлдар «Еліміз, жеріміз үшін!» деген ұранмен алға басқан. Соғыс туралы ойласам, көз алдыма баласын, жарын жоқтап жылаған аналар, әке мейрімін көрмеген балалар, Отан үшін майданда ерлікпен қаза болған жас азаматтар келеді. Соғыс салған жараның орны, әлі жазылған жоқ. Оның мәңгілікке санамызда қала берері анық. Ата- баларымыздың қанымен, терімен келген жеңіс – ең ұлы жеңіс, киелі жеңіс, қадірлі жеңіс. Ұлы Отан соғысы жылдары ер азаматтармен бірге майдан шебінде ерлік көрсеткен қазақ ұл-қыздары да аз болған жоқ. От пен оқтың ортасында жүріп жаралыларды өлімнен құтқарды. Алайда, сұрапыл құнды қырғында, жас өмірлерін сарп еткен қазақ ұл-қыздарына мың алғыс айту аз. Олардың жасаған ерлігі мен есімдері мәңгі ұмытылмайды. Сол ерліктердің жемісі Жеңіс. Жеңіс! Қандай кең мағыналы сөз. «Жеңіс» сөзі бүкіл халыққа бейбіт өмір әкелді, елге тыныштық оралды. Халық ерлігі қай қоғамда, қай идеология кезінде болмасын өшпейді де, өлмейді де, ол адам баласының жадында ғасырлар бойы сақталып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, өзінің жалғасын таба береді. Бұған дәлел ретінде қоғамда ерте заманнан бері орын алып отырған сан алуан соғыстар тарихы бар. Соғыс бір елдің жеңісімен немесе жеңілісімен аяқталады. Жеңіске жеткен елдердің қатарында біздің ел де бар. Біздің халқымыз үшін жеңіс – ұлы оқиға, бейбіт өмір, ашық аспан, кең дала, айналадағы табиғаттың алуан түрлілігі,




жаңа сәбилердің өмірге келуі, туып – өскен жердің, Отанның азат етілуі. Ұлы майданның асыл ардагерлері қаншама!

Бүгін, біз, Ұлы Отан Соғысына қатысқан атамыз Ысқақ Нұрманбайұлы және оның ұрпақтарының ерлік жолы туралы кіші ұлы Искаков Әйіптің естеліктеріне шолу жасаймыз.

Негізгі бөлім. Ысқақ Нұрманбайұлы 1899 жылы Семей облысы, Жарма ауданы, Балғабай ауылында (қазіргі Әди ауылы) дүниеге келген. Ысқақ Нұрманбайұлы қарапайым шаруа отбасынан шыққан. Әкесі – Нұрманбай, шешесі – Нарша. Ысқақ атамыз да ел басына күн туғанда 1941 жылы елін жаудан азат ету үшін Ұлы Отан Соғысына аттанған. Ысқақ Нұрманбайұлымен қоса Семей облысы, Жарма аудандық әскери комиссариатына туған інісі Нұрманбайұлы Жапар мен үлкен ұлы Қабдрашид те шақырту алып соғысқа атанған. Ал кіші ұлы Әйіп бала кезінен еңбекке араласып тылда еңбек етті. Осы соғысқа кішкентай ғана ауылдан бір күнде 72 ер-азаматын соғысқа аттандырып әйелдер мен балалар, қариялары қалды.

Ысқақ Нұрманбайұлы Калинин майданында Смолинск бағытында шайқасты. Ешқандай білімі болмаса да, 153 дивизиясының қарамағындағы 566 атқыштар полкінде бөлім командирі, аға сержант міндетін атқарды. Майданда пулемет окопында болды. Ол соғыс даласында жаудан қару-жарақ қоймасын қорғап, бір өзі 5 пулеметті жинап шыққан.


Нұрманбайұлы Ысқақтың қызыл армия құжаты


Бір шайқаста ауыр жараланады. Бөлімдері алған жауды өкшелей қуып кетеді. 8 тәулік бойы окопта жатады. Жара бір жағынан, шөл мен аштық бір жағынан қысады. Сөйтіп жатқанда бірде ол жатқан окопқа таласып бір тышқан мен бір бақа түседі. Тышқанның терісін қолымен



қырып, жарасын таңады. Ал бақаны сорып таңдайын жібітеді. Тоғызыншы

тәулікте әскери-санитарлық бөлім адамдары майдан даласынан жаралы сержантты тауып алып госпитальға жеткізеді. Госпитальда 8 ай жатып емделеді. Соғысқа жарамсыз болғандықтан елге қайтарады. 1944 жылы 14 наурызда госпиталь медбикесімен Жаңғызтөбе станциясына келеді. «Менің соғыста аман қалуым – ұлымды, немерелерімнің қызығын көру екен ғой» – деп отырушы еді.


Нұрманбайұлы Ысқақтың Ұлы Жеңістің 20-жылдығына арналған мерейтойлық медаль куәлігі


1947-1948 жылдары «Организатор» колхозындағы шаруашылық жұмыстарына белсене араласады. Егіс бригадасының бригадирі т.б. жұмыстарда әрқашан алдыда жүріп, КПСС мүшесі қатарында болды.

1953, 1963, 1965 жылдары жергілікті кеңеске депутат болып сайланады. Ол кісі туралы: қайсар мінезді, өткіз адам болған. Жұмысына тиянақты, жетім-жесірге қамқорлық жасаудан аянбайтын деп айтатын.

Үлкен ұлы Ысқақов Қабдрашид 1925 жылы Семей облысы, Жарма ауданы, Мариновка ауылында дүниеге келген. Соғысқа кеткен соң Ысқақов Қабдрашид туралы ешқандай хабар болмаған. Pamyt-naroda.ru сайтынында да Семей облысы, Жарма аудандық әскери комиссариатына шарылғандығы туралы ақпарат бар да, қай жаққа соғысқа кеткендігі туралы ақпарат жоқ. Тек қана соғыс аяқталған соң 1946 жылы Жарма аудандық әскери комиссариатына із-түссіз кеткендігі туралы хабар келген.

Жапар Нұрманбайұлы 1943 жылы соғыстан жараланып, жарамсыздығына байланысты елге оралды. Елге келге соң үйленіп, ұлды болады. Колхозда жұмыс істеген.

Ысқақ Нұрманбайұлының артынан қалған тұяғы – Искаков Әйіп.





Ол 1929 жылы Жарма ауданы, Мариновка ауылында (қазіргі Әди ауылы) дүниеге келген. Анасы – Нуркия. Еңбек ардагері Искаков Әйіптің айтқандары:

«Соғыс басталғанда мен 13 жаста болатынмын. Содан 1941-1942 жылдары әкемді, ағаларымды соғысқа әкетті. Шешем екеуміз үйде қалдық. Колхозда жұмыс күші жетіспейді, сондықтан 13 жасымнан бастап колхозда жұмыс істедім. Алдымен егіннің арам шөбін тазарттық, одан кейін өгізбен жер жырттым, ат машинасымен шөп шаптым. Жұмысты жақсы істедім, ылғи алда жүрдім. Колхозда қабырға газетіне мақтап мақала жазды. Соны ескеріп, 1946 жылы аудандық партия комитетінің хатшысы келіп, кеудеме «Ерен еңбегі үшін» медалін тақты.

Соғыстан кейін Семейдің ауылшаруашылық техникумын бітіріп, жолдамамен Таскескенде механик, инженер болып қызмет істедім, отбасын құрдым. 1958 жылы отбасы жағдайына байланысты туған ауылым Мариновкаға көшіп келдік. Мұнда да түрлі қызметтер атқардым. Гараж меңгерушісі, инженер-механик т.б. қызеттерде болдым. Денсаулығыма байланысты жеңіл жұмыстар да істедім.

1989 жылы еңбек демалысына шықтым.

Үкіметіміз Ұлы Отан Соғысы жылдары тылда еңбек еткендерді Жеңіс күніне орай мерейтойлық мерекелік медальдармен марапаттады. Соның ішінде мен де бармын.

Қазіргі таңда Искаков Әйіп 5 ұл, 5 қыздан 16 немере, 6 шөбере сүйіп отыр.

Қорытынды. Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ардагерлерге тағзым ету біздің қашанда парызымыз. Себебі, олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Сондықтан да бүгінгі бейбіт өмір үшін соғыс ардагерлеріне мәңгі қарыздармыз. Ұлы жеңістің қандай күшпен келгенін ешбір азамат ұмытпай, соғыс тарихын ұрпақтан – ұрпаққа естелік ретінде қалдыратыны сөзсіз. Азаттықтың ақ таңында өмір сүріп жатқанымыз – соғыстың жеңіспен аяқталуы. Оны әперген ата-әжелеріміздің ерен еңбегі деп білемін. Осы ардагерлерге қандай сый құрмет көрсетсек те, артық етпейді. Келер ұрпақ, мына біздер үшін жанын қиюға да дайын еді. Соғыс ардагерлеріне мың алғыс білдіріп, бейбіт күнде дендеріне саулық, өмір жастары ұзақ болғай дегім келеді. 








Әдебиеттер:

1.Pamyt-naroda.ru сайты
2.Боздақтар. 1 том: Семей облысы.- Алматы, 1995.- 8-10 б.
2.Герои Советского Союза.-Семипалатинск, 2004-56 с.
3.Ешкім де ешнәрсе де ұмтылмайды// Семей таңы.- 2009.- 7 мамыр.- 3


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ