Материалдар / "Батырлар жырындағы тарихи сөздер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Батырлар жырындағы тарихи сөздер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Батырлар жырындағы көмескі архаизмдердің кездесуі жайлы болмақ. батырлардың өр мінезі тарихи тұлғалары тілге тиек етіледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2020
617
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Батырлар жырындағы тарихи сөздер»

Тарихи лексикология тіл фактілерін зерттеуде тарихи принципке сүйенеді. Ол белгілі бір тілдің лексикасын жалпылама емес, нақтылы бір халықтың азаматтық тарихына жəне сол халықтың мəдениетіне, дүниетанымына, салт-сана т.б. экстралингвистикалық факторларына байланысты зерттелуі керек. Өйткені əрбір тілдің лексикалық қоры, қат-қабат сөз байлығы, сайып келгенде, сол тілді жаратушы, сол тілде сөйлеуші халықтың тарихымен тікелей байланысты, сол халықтың халық болып қалыптаса бастаған ұзақ дəуірінің жемісі, ұрпақтан ұрпаққа ауысып, толығып, кемелденіп, жаңарып отыратын асыл да абзал мұрасы, сол халықтың мəдени, рухани өмірінің айнасы болып саналады. Əрбір тілдің сөз байлығын тарихи тұрғыдан зерттеу дегеніміз — оны сол тілдің өз топырағында, өзіндік даму үрдісін, сыр-сипатын ескере отырып қарастыру [1; 7].

Қазақ тілінің басқа туыс (қырғыз, өзбек, түркімен, башқұрт, ұйғыр т. б.), туыстас (монғол, бурят, қалмақ) жəне өзге системалы (орыс, қытай, араб, иран т. б.) тілдерімен көрші ретінде де, тарихи- саяси, мəдени, географиялық жағдайларға байланысты да əр дəуірдегі қарым-қатынастары, олардың өзара ықпалы, лексикалық ауыс-түйістері ерекше назар аудартады.

Біздің мақсатымыз тіліміздегі кейбір мағынасы түсініксіз сөздердің семантикасын ашу болып табылады. Р.Сыздықованың «Сөздер сөйлейді» еңбегін негізге ала отырып, сондай сөздерді қарастыруды жөн санадық. Бұл зерттеуде ақын-жыраулар тілінде кездесетін сан алуан тұрақты тіркестер мен мақал-мəтелдер құрамындағы көне сөздердің байырғы мағыналары ашылып, олардың семантикалық өрім-өзгерістері сараланады. Қазіргі тіліміздегі бастапқы мағынасы күңгірттенген немесе мүлде ұмытылған, тарихи тұрғыдан түркі-монғол, түркі-иран тілдеріне ортақ сөздердің əуелгі мəні анықталып, олардың түп төркінін анықтаудың жолдары мен тəсілдері, шарттары айқындалады. Сөздердің көпмағыналылығы, тарихи кезеңдердегі тұлғалық жəне мағыналық өзгерістері ашылады.

Сөздер тарихында сөз мағынасының күңгірттену процесі көп байқалады. Бұл — тілімізде жиі орын алатын құбылыс. Сөз мағынасының ұмыт бола бастауы — сол сөзді қолданыстан не мүлде шығарып тастайды, не тек белгілі бір орында: тұрақты тіркестер құрамында, мақал-мəтелдерде, қос сөздерде ғана келеді. Олай болса, қазақ тіліндегі сыңарлары мағынасыз қос сөздерге тоқталып, олардың мағынасына этимологиялық тұрғыдан талдау жасап көрейік.

Қосарлама сөздер мағыналық ерекшеліктеріне қарай екі салаға бөлінеді: а) мағыналы компоненттерден құралған қосарлама сөздер;

б) мағынасыз компоненттерден құралған қосарлама сөздер [2].

Тілімізде бір сыңары немесе екі сыңары да мағынасыз сөздер кездеседі.

Қазақ тілінде дыбысы жағынан үндес, тұлға жағынан сəйкес, мағына жағынан бір-біріне үйлесімді жеке-дара дербес, не біреуінің мағынасы күңгірттенген екі сөздің өзара жымдаса бірігуінен туындаған қос сөздер бар. Мəселен, ағыл-тегіл, жылап-сықтап, айт-үйт т.б. Қосарлы қос сөздердің жалпы да жинақтау мағынасы олардың құрамына енген сыңарларының беретін мағыналарынан əлдеқайда ауқымды жəне кең. Қосарлы қос сөз жасалуында мынадай шарт сақталу қажет: сыңарлары арасындағы дыбыстық үндестік (мысалы, ағыл-тегіл, жылап-сықтап, ептеу-септеу т.б.). Мұнда ағыл-тегіл сөзіндегі ағыл да, тегіл де ақ (ағу), төк (төгу) етістік түбірлеріне сабақты етістіктен салт етістік тудыратын -ыл, -іл жұрнағының жасалуы арқылы жасалған. Былайша айтқанда, бұл қос сөз о баста «Ағыл жыр, тегіл өлең» (Жамбыл) дегендегі жеке-дара айтыла беретін сөздерден жасалған. Бірақ бертін келе бірінші компоненттің ауанымен екінші компонент өзгеріп, жеке айтылмайтын тегіл формасына ауысқан. Сонда төгіл — тегіл болып, яғни төгіл сөзінің түбіріндегі ө дыбысының е дыбысына ауысуында мынадай фонетикалық заңдылық байқалады:

а) алдыңғы компоненттің екінші буынындағы қысаң езулік ы дыбысы ілгерінді ықпал заңы бойынша өзімен іргелес төгіл сөзінің бірінші буынындағы ашық дауысты еріндік ө дыбысын е дыбысына өзгерткен;

ə) ө дыбысының е дыбысына айналуына байланысты төгіл (айтылуы: төгүл) сөзінің екінші буынындағы дыбыс та қысаң езулік і дыбысы болып естіледі. Сөйтіп, екі қысаң езулік дыбысының ортасында келген ө дыбысының е дыбысына өтуі — қазақ тілі үшін заңды нəрсе [1; 24].

Ғалым Р.Сыздықова: Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамында көне түркі заманынан сақталып келген, бірақ бұл күнде жеке тұрып, сол көне мағынасында қолданылмайтын біралуан сөздер бары байқалады. Ол сөздер негізінен тұрақты тіркестер (фразеологизмдер мен қос сөздер) жəне лексикалық тіркестердің (күрделі сөздер мен күрделі етістіктердің) құрамында қолданылады [3; 166],— дейді. Енді сондай сөздерге талдау жасап көрейік.

Өлім-жітім. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілінде -йіт — етістігі «жоғалу, жоқ болу» деген мағынаны білдірген, мұнда да өл-йіт деп қолдану бары көрсетілген. Демек, өлім сөзі бүгінгі қазақтарға түсінікті, ал жітім — «бір нəрсенің жоқ болуы», яғни жоқ іздеп жүрмін дегендегі жоқ сөзінің мағынасын білдіретін тұлға. Көне түркілерде «жоғалған зат (мал)» ұғымына йітүк (жітік) тұлғасы болған; ер йітүк сорды — кісі жоғалған нəрсе (жоқ) туралы сұрады (сұрастырды).

Демек, өлім-жітім тікелей беретін «өлген, өшкен, жоғалған, жоқ болған» деген жинақтау мəнді білдіретін қос сөзге айналған. Бұл көбіне малға қатысты айтылады: мал тек өліп қоймайды, сонымен қатар өзгеше түрде де «жоқ болады» ғой: ұрланады, ит-құсқа жем болады, тұралап қалады т.т. Осы соңғы жоқ болушылықты қос сөздің жітім сыңары білдіретін сияқты немесе бұл компонент алдыңғы «жоқ болушылық» — өлім деген ұғымды күшейте түсуге келген «көмекші күш» болып танылуы мүмкін.

Біздің байқауымызша, «өлтірді» мағынасындағы басына жетті деген тіркестің о бастағы көне түркілік қолданысы басы йітті (жітті) болса керек. Демек, ол «басы жоқ болды, өлді» деген ұғымдағы тіркес болып шығады. Соған қарағанда, қазіргі қазақ тіліндегі «көзін құрту, жоғалту, тығу, жасыру» мағынасындағы жытыру етістігінің фонетикалық варианты деп қарауға болады. Жуан варианты жеке қолданылатын сөз болып сақталған да, жіңішке нұсқасы тек сөз тіркесінде «сіріленіп» қалған сияқты [3; 84].

Үш қорықтың иелері боп отырған бес-алты ауылдың ішінде мұндай өлім-жітімді көрген жалғыз осы Жидебайдағы ауыл (М.Ə.). Мысалдан аңғарғанымыздай, қазіргі тілімізде де малға қатысты жоқ болу мағынасын беріп тұр.

Біз де ғалымның осы пікірін құптай отырып, жітім сыңарының жытыру етістігінің жіңішке тұлғасы деп қарағанды жөн деп таптық.

Іркес-тіркес. Бұл қос сөздің соңғы сыңары əбден түсінікті, ол тірке етістігімен түбірлес сөз. Бұл етістіктен жасалған тіркес тұлғасы «қатарласқан тізбек» мағынасында жəне «жалғас, қатар» деген есім ұғымында қолданылады. Ал іркес-тіркес дегендегі іркес сөзінің түбірін ірік — «бөгеу, тежеу, тоқтату, ішіне бүгу, жасыру» етістігі деп тануға келмейді. Сірə, бұл көне түркі тілдерінде қолданылған «керуен» мағынасындағы арқыш-теркіш сөзінің «қазақшасы» болу керек. Арқыш сөзінің жеке тұрғандағы бір мағынасы «керуен» (ол да «қатарланған көліктер тізбегі»). Осы «керуен» мағынасындағы арқыш-теркіш тұлғасы қазақ тіліне іркес-тіркес болып көшкен болар деп топшылаймыз [3; 164]. Күн көзі де əбден жылынып, аспанда жазғытұрдың ақ мамық бұлттары жөңкіліп іркес-тіркес көшті (М.Ə.). Біз де ғалымның осы пікірін қолдаймыз.

Жөн-жосық. Бұл сөз тілімізде жиі қолданылады. Оның құрамындағы жосық сөзінің мағынасы түсініксіз. Мысалы: Желі басында ертеден қара кешке дейін бие сауған Бүркітбай да қасындағы көмекшісі бала жігіт Баймағамбетке əр биені саууға отыра бере ауыр-ауыр кейістік, жөн- жосығын айтады (М.Ə.).

«Алпамыс» жырында Тайшық хан дуана болып келген қызына:

Берейін саған осыны

Айуан тілін аңғарар

Сөзіңнің жота жосыны, –

дейді. Мұндағы жота жосын деген сөздер «сөзіңнің жөні» дегенді аңғартады. Жосын — йосун сөзі көне түркі тілдерінде «тəртіп, əдет» дегенді білдірген. Қазақ тілінде жосын сөзінің жосық түрі активтеу, ол «жөн, бағыт, жоба» деген мағыналарда жұмсалған. Жөн-жосық болып қосарланып та келеді. Мұның жосын варианты көне жырларда, өткен ғасырларда жасаған кейбір ақын-жыраулардың тілінде оқта-текте ғана ұшырасады. Ал қырғыз тілінде көбінесе жосун түрінде қолданылады. Мағынасы — «рет, тəртіп, жөн, жосық». Осыдан туған жосуундуу («халық дəстүрін ұстаушы, оны жақсы білетін адам»), жосуунсуз («тəртіпсіз, көргенсіз») дегендер де қырғыздың қазіргі тілінде қолданыстағы сөздер.

Сөйтіп, жосын сөзі — жосық сөзінің варианты болып, «жөн, рет, тəртіп» жəне «əдет-ғұрып,салт» мағыналарында қолданылатын сирек сөздердің бірі [3; 83].

Жосын сөзі кейбір диалектілерде қолданылатындығын айта келіп, Ə.Нұрмағанбетов былай дейді: «Дəстүр, əдет-ғұрып. Бұрынғы келе жатқан жосынды білмейді екенсің. Монғолдарда — ес, қалмақтарда — йосун, ал манчжур тілінде — йосу — дəстүр, əдет-ғұрып. Манчжурлар бұл сөзді қытай тілінен ауысып келген,» деп көрсеткен. Енді бір жерде йосо, йосу тұлғалары — сенім, сену, дəстүр мағыналарына ие екендігі жəне оның бұл тілдерге монғолдардан өткендігі белгілі.

Осы деректерге қарағанда, тіліміздегі ерекшелік болып көрінген «жосын» сөзінің төркіні — монғол тілі болса керек жəне сол тілден көршілес отырған түркі, тұнғыс-манчжур тобындағы кейбір тілдерге ауысқан деуге болады [4]. Ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, ортақ көзқарастар байқалады. Тілімізде қолданылып жүрген жөн-жосық қос сөзінің түсініксіз сыңары «əдет-ғұрып, салт, тəртіп» деген мағынада қолданылып тұрғандығы айқын көрініс береді.

Жылы-жұмсақ қос сөзі жақсы тағам, піскен ас деген мағынаны білдіреді. Мұндағы жылы сөзін біз суық деген сөзге қарама-қарсы мағынада жұмсаймыз. Қос сөздегі жылы бұл мағынада емес.

Р.Сыздықова пікіріне сүйенсек, «бұл сөздің о бастағы тұлғасы жаулы жаулығ жағлығ болып табылады. Жағ — жау түбірі «май» деген ұғымды білдірген. Демек, еттің жылы-жұмсағы оның «майлы-жұмсақ», яғни ең дəмді жерлері, дегенді білдірген. Жау сөзінің көне замандарда «май» мағынасындағы сөз болғанын, оның жаужұмыр, жаубүйрек деген атаулар құрамында келіп, «май, майлы» деген ұғымды білдіргенін білеміз. Көне түркі тілдерінде де йағлығ-йумшақ деген қос сөз болған, оның бір мағынасы қазақ тіліндегідей, «жұмсақ» болса, екіншісі «бітік егін» деген ұғымды берген.

Сөйтіп, майлы, əрі жұмсақ деген сөздерден жасалған жылы-жұмсақ дегеннің бірінші сыңары жаулы сөзінің «майлы» мағынасы қазақ тілінде күңгірттенгендіктен, ол түсінікті жылы тұлғасына ауысып қалыптасып кеткен. Мағынасы күңгірт сөздердің тұлғасын ауыстырып жіберу — жиі кездесетін құбылыс» [3; 84]. Құнанбайдың үлкен шаңырағында, Ұлжан қолында жылы-жұмсаққа ие боп қалған Оспан еді (М.Ə.). Мысалдан байқағанымыздай, майлы, дəмді тəрізді мағыналар аңғарылады.

Сыбай-салтаң. Р.Сыздықова бұл сөз жайында: «Бұл сөз сыбай-сылтаң деген қос сөз құрамында айтылады. Ілгеріректе сыбай сөзінің жеке тұрып, белгілі бір мағынаны білдіргенін байқаймыз. Мысалы, «Қобыланды» жырында:

Көп қайырың тиеді

Еліңде қоңсы, сыбайға, –

деп келеді. Өткен ғасырда құрастырылған Н.И.Ильминскийдің сөздігінде «сыбай» — живущий близ чьего аула деген мəлімет бар. Сонда сыбай сөзі қоңсы сөзінің синонимі іспеттес болып келеді. Оны жоғарыдағы мысалда қатар қолданылғаны да дəлелдейді.

Сыбай-субай сөзінің екінші мағынасы жəне бар. Л.Будагов субай сөзі шағатай тілінде «салт, бір өзі, қарақан басы» (яғни баласыз, мүліксіз, туыстарсыз) ұғымы бары сезіледі. Қырғыз тілінде бұл сөз субай тұлғасында жəне қолданылып, малға қатысты айтылса, «төлсіз» дегенді (субай жылқы 

«ішінде төлдері жоқ жылқы үйірі»), ал адам жайында айтылса, жалпы «баласыз əйел немесе бала- шағасын ертпей шыққан əйел» деген ұғымда жұмсалады: субай барамыз деген сөз — бала-шағасыз жəне артық жүксіз бір жерге кеткен не барған ересектердің айтатын сөзі.

Қазақ тілінде біреудің ауылына жақын келіп қоныс тепкен адамның сыбай аталуында да өз руластарынсыз салт, дара (бір өзі) деген мəні бар. Қоңсы да сондай: бұрын қоңсы қону деген сөз өз аталастарынан шығып, өзге атаның, өзге рудың адамын паналау дегенді білдірген. Сыбай сөзінің «бір өзі, қарақан басы» деген мағынасы Қобыланды сынды аға-інісіз жалғыз бас батырға астындағы тұлпарының:

Ат қылып тəңірім жаратты

Сен сықылды сыбайға, —

дегенінен де аңғарылады. Қазіргі əдеби тілімізде сыбай сөзі түсіндірме сөздікке жүгінсек, «жақын, аралас-құралас» деген мағынада қолданылады дейді, бірақ келтірілген мысалдар айтыс өлеңдер сияқты халық ауыз əдебиетінен алынған. Демек, бұл мысалдардағы сыбай сөзінің беріп тұрған мағынасы жырларда қолданылып бұрынғы мағынасынан алшақтамағанын көреміз. Қазірде бұл сөз жеке-дара сирек қолданылады» [3; 111]. Тағы бір қалың топ — сыбай-салтаң əйелдер батысқа қарай тартып барады (М.Ə.).

Қазақстанның солтүстік-батыс аудандарында сыбай сөзі «салт, басы бос» деген мағынада қолданылады. Бұл сөз тіркесіндегі сыбай сөзі кейбір түркі тілдерінде «бойдақ, жалғыз басты» деген мағынаны білдіреді: субай — əзербайжанша бойдақ [5]. Ал, салтаң сөзі салт сөзінің бір нұсқасы болуы ықтимал. Сонда, «салт, басы бос, бойдақ» мағынасын беретін екі түркі сөзі плеоназм ретінде қабат қолданылып, қалыптасып кеткенге ұқсайды.

Қос сөз құрамындағы сыбай сөзінің мағынасын Л.Будаговтың түсіндіруі орынды деп санаймыз.

Ал «салтаң», біздің ойымызша, «салт» дегеннен шыққан.

Тіліміздегі кейбір тұрақты тіркестердің құрамында мағынасы күңгірт сөздер де көптеп кездеседі. Мəселен, жұрдай болу, түйдей жасты, міз бақпау, мысы құру, сағы сыну, ту сырт, оқасы жоқ, қан базар, зығырданы қайнау, құрақ ұшу, аза бойы қаза болу, азан-қазан болды; сөзге  770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!