Материалдар / БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МЕН СОЛТҮСТІК КАСПИЙМАҢЫ АЙМАҒЫНДА ТАРАЛҒАН КҮРДЕЛІГҮЛДІЛЕР ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МЕН СОЛТҮСТІК КАСПИЙМАҢЫ АЙМАҒЫНДА ТАРАЛҒАН КҮРДЕЛІГҮЛДІЛЕР ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МЕН СОЛТҮСТІК КАСПИЙМАҢЫ АЙМАҒЫНДА ТАРАЛҒАН КҮРДЕЛІГҮЛДІЛЕР ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН ОЛАРДЫҢ ТАРАЛУЫН ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ БЕРІЛГЕН
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Тамыз 2024
121
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОК 57.063.6 (574)


БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МЕН СОЛТҮСТІК КАСПИЙМАҢЫ АЙМАҒЫНДА ТАРАЛҒАН КҮРДЕЛІГҮЛДІЛЕР ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Анатолий Р.Қ., 2-курс магистранты

БҚО,Орал қаласы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті,

Raymbek_buldurta@mail.ru


Дүние жүзінде кеңінен таралған классқа – Қосжарнақтылар жатады. Аталған класқа жататын саны жағынан басымдылық көрсетеді - Күрделігүлділер. Бүгінгі таңда күрделігүлділер тұқымдасының дүние жүзінде – 32913 түрі 1911 туысқа біріктірілген. Біздің зерттеу территориямызда В.В.Ивановтың мәліметі бойынша Солтүстік Каспиймаңында 220 түр,62 туысқа бөлген[1].

Зерттеу жұмысы барысында флористикалық зерттеу әдістері қолданылды[2].

Мақалада Батыс Қазақстан аумағында таралған күрделігүлділер тұқымдастарының алуантүрлілігі, таралуы, табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі қарастырылады. Күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерге фитоценотикалық және экологиялық талдаулар жасалды. Флористикалық зерттеу әдісінің негізгі мақсаты берілген ауданның флоралық құрамымен, яғни өсімдіктерінің біртұтастығымен танысу болып табылады. Өсімдіктер қауымдастықтарының құрамы, құрылымы және алуантүрлілігі зерттелді. Зерттеу аймағында кездесетін күрделігүлділер тұқымдасына жататын туыс пен түрлердің шығу тегі, шаруашылықтағы маңызы қарастырылды (1,2 сурет).




















1-сурет.Өсімдіктердің вегетациялық кезеніңдегі анықтау уақыты


Біздің жұмысымыздың мақсаты Батыс Қазақстан облысының территориясында таралған күрделігүлділер тұқымдасының саны мен географиялық ауданын анықтау.






2-сурет. Б.ғ.д.,проф.,Дарбаева Т.Е күзгі маусымдағы өсімдіктерді анықтау


Зерттеу ауданымыз Батыс Қазақстан облысы мен Ақтөбе және Ресей Федерацияның шекаралас аймақтарын қамтыды.Атап айтқанда: Шығыс бөлігі – Сырым, Қаратөбе, Шыңғырлау; Батыс – Бөкейорда (Хан тоғайы, Нарын құмы), Казталовка (Қайыңды ауылы);Солтүстік-Тасқала (Ешкі тау, Ақтау ауылы, Атамекен,Алмалы,Шежін өзені), Бөрлі(Бумакөл), Теректі(Қабылтөбе, «Дубрава» қорықшасы; Оңтүстік – Жаңақала ауданындарына маршуттық зерттеу жұмыстары іске асырылды (3 сурет).

Shape1


















3-сурет. Зерттеу ауданының карта схемасы


Барлық аудандардың флоралық құрамын салыстыра отырып БҚО территориясында көп жылдан бері кездеспейтін 58 өсімдік түрлеріне географиялық талдау жасалды.

  1. Тripolum vulgare Nees (Aster tripolium L.) – Кәдімгі триполиум (барлық ауданда)

Голарктикалық,шалғын;

  1. Galatella divaricata Nov. (Aster divaricatus NB.)– Тырбық далазығыр - Төменгі Еділ,дала;

  2. Galatella punctata Nees. (Aster acer L., A.punctatus W.K.) – Нүктелі далазығыр, Сармат, шалғын және орман

  3. Karelinia caspica Less.-Каспий ақбасшөп ,Орталық Азия,шалғын;

  4. Inula oculus Christi L. – Бүршікті аңдыз,Понтикалық,дала;

  5. Inula hirta L. – Қалың түкті аңдыз Европалық,шалғын және дала

  6. Inula aspera Poir., I.cerdita Beiss. – Бұдыр аңдыз,Понтикалық,дала

  7. Inula sabuletorum Ciern. – Құмды аңдыз, Понтикалық құм

  8. Ahilla setacea W. et K. – Түкті мыңжапырақ,Понтикалық,дала мен шалғын

  9. Ahilla leptophylla MB. –Жұқажапырақты мыңжапырақ, Понтикалық дала.

  10. Ahilla cartilaginea Led. – Шеміршек мыңжапырақ, Евразиаттық шалғын;

  11. Matricaria leucanthemun L. (Leucanthanum vulgare Len.) –Голарктикалық орман;

  12. Chrysanthenum corymbosym L. (Pyrethrum corymbosym Willd.)- Бореалды;

  13. Мatricaria chemonilla L(Chr.chanomilla P.M.). – Р.дәріханалық,Голарктикалық

арам шөп;

  1. Matricaria praecox DC (Chr.inodorm v.praecox Led.)– Р.жас, ұсақгүлді Шығыс Жерортатеңіздік, шөл;

  2. Рyrethrun uralense Krasch –Орал кестежусан,Оралдық,дала;

  3. Рyrethrun kasakhstanicum Krasch. –Қазақстандық кестежусан( Шығыс Понтикалық,дала;

  4. Аrtemesia sieveraiana Willd. – Сиверса жусаны (Құмсай)Сібір,шалғын;

  5. Аrtemesia annua L. – Біржылдық жусан,Жерортатеңіздік арам шөп;

  6. Аrtemesia juncea Kar. Et Kir. –Қияқ жусан,Орталық Азиялық шөл;

  7. Аrtemesia armeniaca Lam. – Армян жусаны,Сарматтық,шалғынлы дала;

  8. Аrtemesia sericea Web. – Жібек жусан,Сібір шалғын дала;

  9. Аrtemesia fragrans Willd. – Қара жусан, Шығыстық-Жерортатеңіздік, шалғын;

  10. Аrtemesia terrar-аlbae Krasch. – тамыр жусан(Құмсай,Үстірт) Арал-Каспийлік,шөл (құм);

  11. Аrtemesia camelorum Krasch. – Түйе жусаны,Арал-Каспийлік шөл(құм);

  12. Centaurea sibirica L.-Сібір гүлкекіресі,Понтикалық дала;

  13. Centaurea kazakorum Iljin. – Қазақ гүлкекіре,Арал-Каспийлік дала;

  14. Centaurea stenoplepis Kern.- гүлкекіре (Оренбург)Понтикалық,орман;

  15. Centaurea trichcephala MB. –В(Жалпы сырт)Понтикалық, шалғын.

  16. Heteracia scowitall Fisch.et May – Каспийлік құм

  17. Tragopogon gonocarpum Nikit. (T.Abolinii Pop.) – Аболина қойжелкек -Төменгі-Еділ құм

  18. Achyrophorus maculatus Scop.- Бореалды орман;

  19. Scorzonera stricta Hornem. Шошақ таусағыз Понтикалық дала;

  20. Senico dubius Led. – Күмәнді зиягүл, Орталық Азиялық шалғын;

  21. Senico tataricus Less.Татар зиягүлі,Европалық су жағалау маңы;

  22. Senico nemoronais L. – Орман зиягүлі. Европалық шалғын;

  23. Senico Scwetsowii – Швецов зиягүліПонтикалық дала;

  24. Senico vernalis W.et K.-Көктемгі зиягүл,Жерортатеңіздік шалғын;

  25. Senico Noeanus Rupr-Зиягүл шөл; Жерортатеңіздік лиман;

  26. Senico arenarius MB. – Құм зиягүлі(Қобда)Жерортатеңіздік шалғын;

  27. Xeranthemum annuum L.-Біржылдық,Жерортатеңіздік құм;

  28. Jurinea Evarsmannii Bge. Эверсманна ақжапырағы,Шығысжерортатеңіздік-понтикалық дала;

  29. Jurinea cyanoides Jurinea Trchb.- ақжапырақ,Понтикалық дала;

  30. Amberboa turanica Iljin - Иран балшық;

  31. Chondrilla Kossinakyi Iljin.-Жерсағыз, Арал-Каспийлік құм;

  32. Chondrilla acantholepis Boiss.Тікенді жерсағыз Төменгі-Еділ құм;

  33. Chondrilla gumaifera –Жерсағыз, Арал-Кспийлік құм;

  34. Chondrilla brevirostris F.et.M- Төменгі жерсағыз, Арал-Каспийлік құм;

  35. Chondrilla graminea-жерсағыз - Орталық-Азия (құм);

  36. Chondrilla filifolia Iljin.-жерсағыз - Арал-Каспийлік құм

  37. Taraxacum bessarabicum -) Бақ-бақ,Понтикалық шалғын;

  38. Taraxacum erythrospermus Andrs.- Бақ-бақ. Понтикалық шалғын;

  39. Mulgedium sibiricum Less. – Сібір сүт жапырақ Бореалды орман;

  40. Crepis pannonica Koch.-Венгр кәдісі,Евросібір дала

  41. Hieracium virosum- Улы саршатыр (барлық аудан) Понтикалық шалғын

  42. Hieracium umbellatum L. -Ястребинка, Голарктикалық шалғын

  43. Hieracium robustum Fries.- саршатыр,Понтикалық шалғын

  44. Hieracium murorun L.- Далалық саршатыр,Бореалды орман.


Күрделігүлділер кез-келген қоректену ортасына байланысты барлық жерде таралған.Көпшілік күрделігүлділер – көпжылдық шөптесін,бұталар мен жартылай бұталар және біржылдық, екіжылдық түрлерден тұрады. Жалпы сипаттама белгілеріне олардың гүлшоғырының, себетінің, гүлдерінің саны бірнешеуден жүзге дейін,кей кезде мыңға дейін болады.

Көпшілік күрделігүлділер жәндіктермен тозаңданады. Жемістері тұқымша, кейбіреулерінде шоқтүтігі(айдарша), тілшелер мен тісшелерден арқасында шөл және жартылайшөлейтте, шалғында, далалық ашық алаңқайларда жеңіл таралады.

Күрделігүлділердің түрлік құрамын салыстыра отырып біз, В.В.Ивановтың қолжазбаларын және қазіргі жаңа мәліметтерден «Қазақстан флорасы», «Қазақстанның иллюстральды анықтамалығы», Абдулина С.А. «Қазақстанның түтікті өсімдіктері» оқулықтарынан біздің зерттеу ауданымыздың территориясында кездеспейтін 58 түр табылды [5].Автордың жұмысын саралай отырып,өсімдік құрамын сипаттау кезінде Солтүстік Каспиймаңы территориясын белгілеуде Ресей Федерациясын қоса алғандықтан, аталған күрделігүлділердің түрлері Батыс Қазақстан облысы территориясында кездеспейді деген тұжырымдамаға келдік.






Кесте №1.Солтүстік Каспиймаңы мен БҚО-ның флоралық сараптамасы

Топ ареалдары мен

түр аттары

БҚО саны

Пайызы

Солтүстік Каспиймаңы саны

Пайызы

1

Евразиялық

  1. Евроазиятық

  2. Сібір

  3. Евросібір


5

1

2

2

8,6%

1,7%

3,3%

3,3%


35

7

7

21

15,9

3,1

3,1

9,5

2

Европалық

  1. Европалық

  2. Понтикалық

  3. Бореалды

23

4

15

4


38,9%

6,7%

25%

6,7%


77

10

56

11

35%

4,5%

25,5%

5%


3

Ежелгіжерортатеңіз

  1. Орталық Азия

  2. Шығысжерортатеңіздік

  3. Шығыс Понтикалық


7

3

2

2


11,7%

5%

3,3%

3,3%


17

9

5

3

7,7%

4,09%

2,2%

1,3%

4

Голарктика

  1. Голарктикалық

4

4

6,8%

6,7%

29

29

13,1%

13,1%

5

Жерортатеңіз

  1. Жерортатеңіздік

5

5

8,5%

8,4%

31

31

14%

14%

6

Тұран

1.Сармат

2.Төменгі-Еділ

3.Иран

4.Арал-Каспий

5.Каспий

6.Орал

15

2

3

1

7

1

1

25,5%

3,3%

5%

1,7%

11%

1,7%

1,7%


37

3

5

1

25

1

2

16,8%

1,3%

2,2%

0,4%

11,3%

0,4%

0,9%


Күрделігүлділердің өсімдік жамылғысының рөлі Солтүстік Каспиймаңы аймағында үлкен маңызға ие. Ұсынылып отырған күрделігүлділер өзге тұқымдастардың арасында алғашқы орында[3].

Күрделігүлділер – бос шөпті ақ селеулі дала зонасында,сахар-гобийлік шөлде, борлы жыныстарда,жаңадан пайда болған антропогендік және техногендік орындарда пионерлік қауымдастық құрады. Негізгі доминант пен субдоминантты көрсететін фитоценоздар жусандар Лерх жусаны (Artemesia lerchiana L.), Австрия жусаны (A.austriaca L.),Ащы жусан (A.absinthium L.), Сирек бас жусан (A.pausiflora).Жайылма шалғындарда көптен таралған Ойраншөп (Ambrosia artemisifolia L.), Erigeron canadensis, Ащы жусан(Artemesia absinthium L.),Тікенді сарысояу (Xantium strumarium L.)

Зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша күрделігүлділердің көп бөлігі табиғаты жағынан БҚО-ның барлық ауданында экосистемасы таралған.


Пайдаланған әдебиеттер.

1)В.В.Иванов Сложноцветные Северного Прикаспия// Материалы по флоре и растительности Северного Прикаспия – Л.,1962.

2)Талмачев А.И. Введение в географию растений.Л.-1974,244с.

3)Петренко А.З.Природно-ресурсный потенциал и проектируемые объекты запаведного фонда Западно-Казахстанской области.Уральск,1998.

4) Аралбаева А.Н., Лесова Ж.Т., Мурзахметова М.К. ИССЛЕДОВАНИЕ ПЕРСПЕКТИВ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ РАСТЕНИЙ СЕМЕЙСТВА СЛОЖНОЦВЕТНЫЕ (Asteraceae) В ПРИГОТОВЛЕНИИ ЧАЙНЫХ НАПИТКОВ // Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований. – 2015. – № 12-3. – С. 470-473;

5)Абдулина С.А. Қазақстанның түтікті өсімдіктерінің тізімі.-Алматы,1999.187 б.

URL: https://applied-research.ru/ru/article/view?id=7958 (дата обращения: 16.10.2022).































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!