Материалдар / Баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту туралы жазылған. Баяндамадағы мәлімет жаңа оқу бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мұғалімдерге қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
753
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚ ҚОЛДАНБАЛЫ «КИІЗ БАСУ» ӨНЕРІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ


А.Б.Асқарбай

М.ШАлинова, ПМПИ доценті, Павлодар қ.


Тәуелсіздік – біздің тағдырымыз. Біз басқа елден, басқа жерден бақыт іздемей, өз еліміздің көркейгенін, оның ұлттық тілінің дамып, өз дәрежесіне көтерілгенін көрсетуіміз керек. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолындағы Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуы тиіс, біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болғанда ғана атқара аламыз»,-делінген.[1.б.13-14]

Осы орайдағы Қазақстандағы орта білім беру оқу орындарының міндеті әлемдік стандарт деңгейінде білім беру болып табылады. Қоғамдық даму үрдісінде әркім өз орнын, өз мүмкіндігін анықтап алса, «міне мен сондаймын» деп өзін бар қырынан көрсетіп, пайдалы ісімен танылар еді. «Тәуелсіздікті нығайту жолында елдің өркендеп дамуына нендей үлес қостым, не істеп, не бітірдім?» деп әрдайым есеп беру және өзіне жиі сұрақ қоюы керек.

Біздің бірден – бір Отанымыз – Қазақстан! Осы еліміздің нығаюына, ең алдымен , біз мүдделіміз, жауаптымыз. Біз рухани құндылықтарымызды дәріптеп ұқсата білуіміз қажет. Өзіміздің бай құндылықтарымызды негізге алып, сәтті жалғастырған мәдени өміріміздегі Ә.Қастеев, О.Таңсықбаев, Д.Шоқпарұлы сынды қолөнер шеберлерімізді неге әлем алдында үлгі етпеске. Кез келген адам, мемлекет, қоғам, жүйе өзінің қол жеткізген жетістіктерімен бағаланады.

Қоғамның дамуы адамдардың ой - санасының, мінез - құлқының өзгеруімен қоса сыртқы сымбат, келбетінің де жаңаруына ықпал етуде. Қазіргі заманда қолөнер бұйымдарын шығармашылық пен әзірлеу заман талаптарынан туындап отырған мәселелердің бірі деуге болады. Бұл осы салада қызмет етуші мамандарға қойылатын талаптардың да жаңғыртып, күшейе түсуіне алып келуде. Жаңа талап, жаңаша ойлайтын, шығармашылық қабілеті дамыған, күнде жаңғыртып, күнде өзгеріп отыратын бәсекеге сәйкес туындылар жасай алатын мамандар дайындау міндеті тұр. [5. б. 15-17]

Бұрынғы өткен ата - баба, шебер әжелеріміздің ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңартып жаңғырту, бізге қалдырған асыл мұраны кейінгі ұрпаққа аманат ету. Табиғи жүннің денсаулыққа пайдалы, жылулығы мол, ыстықтан, суықтан қорғайтын талшықтың қадірін білу. Тұрмыста қолдана білу.

Киіз басудың түрлі техникасы мен технологиясын меңгерген, негізінен қой жүнін пайдаланатын әжелеріміздің көз салсақ мәселен, киізден басылған гүлді киіз бұйымының өңіріне инемен тығыздау арқылы жіпсіз біріктіруге, желімсіз жапсыруға болатынын бізге мұра етіп қалдырды. Сол мұрамыздың қадірін білмей, қимыл-іс жасауға ерініп, оңай жолына ұмтылған жастарымыз көбейіп барады. Ал біздің елде ешкім киізге аса қызығушылық танытпайды, киіз бұйымдарына сұраныс та көп емес. Киіз басуға көңіл бөле бастаған қолөнер шеберлерінің арнайы шеберханасы жоқ. Сондықтан жүнді үй жағдайында өңдеуге мәжбүрміз. Облыс орталығынан бір шеберхана ашылса, бір жағында өндіріс цехы қайнап, екінші жағында сауда қызып жатса? Әйтпесе, киіз бұйымдардың бағасы да қымбат. Қазір біздің қалада ұлттық нақыштағы шағын кәде-сыйларды сататын жерлер саусақпен санарлық. Ал егер қолөнер шеберлері бір жерде жұмыс істеп, қолдан шыққан дүниелері де бір жерде сатылып жатса, бағасы да қазіргіден гөрі едәуір төмен болар ма еді. Қой жүні әр ауылда бар. Бірақ оны жаратып жатқандар аз. Асса, көрпе ішіне салып, иіреді. Болмаса, өртеп жібереді. Өліп бара жатқан киіз басу өнерін бізде кейінгіге жеткізе білуіміз керек. Ұлттық өнерімізді қолға алмасақ, басқа ұлттың меншігінде кетері анық.

Көркемдік, авторлық ой - сананың қалыптасуында халықтық өнердің көркемдік тілін меңгеру және басқаларға бере білу, жеткізу әдісі де соңғы рөл атқармайды, әрине, қазіргі кезеңде халықтық өнердің технологиялық әдіс-тәсәлдері мен образды әуендерді туыстық белгілер бойынша атадан балаға берілетін жеке нақты шеберлердің мұрағаты деп қарастыруға болмайды.

Өйткені, халықтық өнердің көркемдік тілі ғылыми және әдістемелік басылымдарда, көрнекі оқу құралдарында, заттық үлгілерде талданып жүйеленген. Қазір шеберлерді тәрбиелеу, оқыту әдісі де өзгерген. Оның мәні бұрынғыдай дағдылану, шеберлікті жетілдіру, қолдың ашықтылығын дамытумен шектелмейді. Ең бастысы – көркем шығармашылық процесін, өнер принциптерін тану, меңгеру, ұғу. Бүгінгі күндері халықтық өнерге арнайы оқу орындарында оқытады. Онда оқушылар алдына мақсатты міндеттер қойылады. Оның ең бастысы – көркем шығарма жасауға, көркем образды сомдауға үйрету.

Қолмен тоқып, не ойып істелген жұмыстың бәрі бірдей өнер емес, іске зер салып, ой - жүгіртіп, материалдың қасиеттерін шеберлікпен пайдаланып, түрлі – түсті бояуды талғаммен енгізген, істің ырғағын түсінген жерде ғана өнер болмақ. Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдарда осының бәрі бар. Халық даналығы ғасырлар бойында қалыптасып отырды, уақыт озған сайын сұрыпталып, шеберлердің талғамы өнер арқылы шыңдала түседі.

Қазірдің өзінде дәстүрлі өнерді мирас еткен, ежелден келе жаткан аталар өнерінің рухын қазіргі таңда жеткізуге ат салысып отырған жеке шеберлер де республика бойынша баршылық. Олар халықтық өнердегі бұрынғы табиғилықты қайта жаңғыртуға ұмтылған. [3. Б.38]

Қазақ қол өнерінің көркемдік ерекшелігінің негізі болып киіз басу өнері саналады. Қазір заман ағымына қарай тұрмыс тіршіліктің өзгеруіне байланысты киіз басу өнері кенже қалып барады. Киізден тұрмысқа қажетті әртүрлі бұйымдар жасаумен қатар оған оюлап, өрнек салудың табиғи ыңғайлылығын пайдалана отырып, сәндік бұйымдар жасау, сурет салу, т.б. түрін меңгерудің заманауи құндылығын ашу арқылы бұл өнерді дамыту жолдарын қарастыру.

Халқымыздың ұлттық дәстүрінде ұмыт бола бастаған үлкен өнердің бірі – киіз басу өнері. Әлемдік мәдениеттердің ұштасып, бірігіп, өзара тоғысып, қазандай қайнап жатқан осынау жаңа ғасырымызда қазақ ұлтының алдында ұлттық салт-дәстүрді қалай дамытып, бекемдеп, сақтап қалу жайында мың сауал туындағаны мәлім.

Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде маңызды рөл атқарған және оны пайдалануды көшпенділер бұдан мыңдаған жылдар бұрын меңгерген. Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінен көптеген тұрмыстық бұйымдар жасауда ең көп қолданылатын түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал-құйрығы, түйенің жүні, шудасы. Түйе жүнінен неше түрлі өрмек жіптерін иіріп, шекпен, қап, белбеу, құр, кілем, қоржын сияқтыларды тоқиды. Сол сияқты түйе жүні айыл-құйысқан, өмілдірік, ноқта жасауға және көген, бау-шу есуге өте қолайлы. Түйе жүні көрпеге салуға, шапанға тартуға өте жақсы, жеңіл, әрі жылы болады, қылшық шықпайды. «Шуда» деп түйенің мойнындағы, тізесіндегі, екі өркештің үстіндегі салалы қылшық жүндерін айтады. Шудадан жамау-жасқаулық жіп иіріледі. Бұрын қазақтың тон-шалбары, сабасы мен торсығы, көп ыдыстары осы шуда жіппен тігілген. Шуда жіп «шертер», «керуіш» деп аталатын. Қойдың жүнін «жабағы», «күзем жүні», «қозы жүні», «өлі жүн» және «шет пұшпақ» деп бес түрге бөліп атайды. Қойдың жабағы жүнінен шидем шапан, күпі күседі, ішпек, терілік жасайды, тыстап күпсек (бөстек), көпшік, жеңіл байпақ тігеді. Қойдың жабағы жүнін түтіп, одан кейін матаның сыртына шықпас үшін қылшықтарын бүрілтіп қайнатады. Бұл жүнді шайырынан арылтып тазарту үшін де істеледі. Жабағы жүнді киімнің, көрпенің, арасына салады, неше түрлі иіру ісіне, бізбен, сыммен тоқу жұмысына қолданады. Түтілген жабағы жүннен шүйке жасалып, бау-шу есіледі, өрмек жіптері, неше түрлі жиектер ширатылады. Ал күзен жүнінен, қозы жүнінен киіз басылады, текемет, сырмақ, қалпақ, кебенек, киіз етік, пима сияқты киім-кешектер жасалады. Күзем жүні мен қозы жүні иіруге келмейді, ол киімнің көрпенің арасына тартуға да жарамсыз.[2.б.37]

Малдың терісінен жұлынып немесе жидітіп алынған жұлма жүнді, қойдың бауырында, пұшпақтарында байланып жүретін білтеленген жүндерді «өлі жүн» деп атайды. Қотанның ортасында түсіп қалған, бұтаның басынан жиналған, бау-шу ескеннен қалған үзік жүндерді «шет-пұшпақ жүн» деп атайды. Мұндай жүндер көбінесе арқан-жіп есуге жұмсалады. Ешкі жүнін түбіт, қылшық деп екіге бөледі. Түбіт иіруге, шұлық, қолғап, шәлі сияқты жеңіл әрі жылы киімдерді тоқуға тиімді. Оны ешкі түлеген кезде қылшық жүнмен бірге қырқып алып, түтіп қылшығынан бөледі. Ешкінің қылшығы арқан-жіп есуге жұмсалады. Қазақ талғамында ешкі түбіті түйе жүнінен де қымбат, жібекпен теңдес саналған. Жылқының жал-құйрығын «қыл» деп атайды. Жал-құйрық көбінесе арқан-жіп есуге, сүзгі тоқуға, тұзақ есуге жұмсалады. Жылқы қылын терімен қаптап көпшік, жастық, бөстек жасауға, қобызға тағуға пайдаланған. Қазақ шеберлері мал жүнінен басқа қоянның жүнін, құстың мамығын да іске жаратқан. Қоянның жүнінен жылы шарф, қолғап, шұлық, бөкебай тоқыған. Құстың мамығынан құс жастық, құс төсек жасаған. Тымақтың маңдайына, найзаның ұшына, салт атты адамның иығына тағып алған құс қауырсыны «өте асығыс» деген белгіні білдірген. Осыдан келіп хан мен хандар арасында тығыз хабар жөнелтілгенде хаттың сыртына бір тал қауырсын бекітілетін, оны «үкілі пошта» деп атаған. Мен ауылда өзіміз ұстаған, және жақындарымыздың қойларын кырқып, жүнін алып, оларды күні бүгінге дейін пайдаланып келемін. Ал қазір ауылда қойдың жүнін ешкім іске жаратпай, не өртеп, не қоқысқа тастайды. Себебі біздің елде қойдың жүніне сұраныс жоқ.[4.б.49]







































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы (2012ж 27.01.). – Астана 2012

  2. Қасиманов С,- қазақ халқының қолөнері, -Алматы «Қазақстан» 1995ж, 38 бет.

  3. Бейнелеу өнері, еңбекке баулу және сызу : мектептептегі №4,2014 ж, 19 бет.

  4. Шанырақ үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы 1990 ж 554 бет

  5. Нұрымова Ә. Технология - жалпы білім беру саласындағы жаңа пән. //Мектептегі технология. - 2004ж. - №7 - 8. 15 - 17 беттер



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!