Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндама2020
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы балалар өнер мектебі
Баяндама Тақырыбы«Би –өнерінің балаларды тәрбиелеудегі ерекшелігі››
Дайындаған:Хореография мұғалімі А.Сарсенова
Миялы селосы 2018 жыл
Авторы:Сарсенова Алтынгүл Тұрсынгалиқызы
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы балалар өнер мектебі
Тақырып: «Би –өнерінің балаларды тәрбиелеудегі ерекшелігі. »
Мақсаты: Қазақтың би өнері және би өнері және қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың би өнерімен таныстыра отырып, биге, өнерге тәр биелік ,қызығушылығын арттыру.
Міндеттері: Ұлттық тәрбие көзі ретінде классикалық би өнерінің эстетикалық тұстарын тереңірек талдау арқылы Оқушыларды өз отанының нағыз азаматы болуға баулып, оның ұлттық көзқарасымен санасын ояту
Мектеп директоры: А.Жәлеке «21 » 11.2016
Тақырыбы:«Классикалық би негізі »
Мақсаты:Оқушылардың дене бітімін шынықтырып ,күшейте отырып классикалық би негізін қалаушыларды насихаттау.Өмірі мен шығармашылығымен,репетуарларымен таныстыру.
I.Кіріспе Би –өнерінің балаларды тәрбиелеудегі ерекшелігі. II. Негізгі бөлім
Би –өнерінің балаларды тәрбиелеудегі классикалық би ерекшелігі. ІІІ. Қорытынды ІV. Нәтиже
Кіріспе
Би – өмір сүру символы. Ол адам баласын үнемі көтеріңкі көңіл-күйде, қанаттанып жүруге мәжбүрлейтін өнер. Сонау ерте дүниеден адам аң мен құстың қимылына қарап, жапырақтардың сыбдырына, бұлақ суының сылдырына елтіп, соларды жанына тоқып дамыған. Би өнері сұлулық, сымбаттылық, әсемдік сыйлайды, еңбектенуге баулиды. Ол этика мен эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, жанға қуат береді. Би өнерімен айналысу балалардың көркемдік талғамын дамытады, олардың орындаушылығының сұлулығы мен байсалдылығын тәрбиелейді, жалпы мәдениетін қалыптастырады, балалардың гормоникалық, көркемдік-эстетикалық дамуын қамтамасыз етеді. Классикалық бимен айналысу балаларды әдемілікке және қимылдарының нақтылығына үйретеді, күші мен икемділігін арттырады. Олардың бұлшық-қозғағыш аппаратын, тыныс алу және жүрек-тамыр жүйелерін дамытып, мүлтіксіздігін нығайтады. Сонымен қатар, балалардан күш-қуатты, жинақылықты талап ететін би өнері олардың еңбек сүйгіштігін көтереді, ерігі мен мінез-құлқын шынықтырады. Кез келген ұлттық биі әр түрлі мағынада, әр түрлі жағдайда бастау алған. Мысалы, испан билері көбіне махаббаттан; ұйғыр билері тікелей өз мінездер сипаттаудан; қытай, жапон билері ішкі сезімді білдіруден; үнді билері өздерінің құдайларын баяндаудан бастап алған. Ал қазақ биі салты-дәстұр, тұрмыс-тіршілік, ою-өрнегімізден басталады. Әсіресе, қол мен дененің пластикалық икемділігін, қыздардың еркелігі мен назын, сұлулығын көрсетіп, ер адамдардың керісінше жанып тұрған өткірлік, түрлі күрделі секірулер мен буын қимылдары, ат шабыс, өзге де жігерлі қимылдарды сипаттау арқылы ерекшеленеді. Би өнері – тілсіз өнер, оның айтар мағынасы болуы шарт. Философиялық мағынаға бай болуы тиіс. Былай айтқанда, спектакль іспеттес. Жүректегі, ойдағы жазуды би тілімен, жеткізу, халықты бұған сендіру – басты мәселе. Осы жағынан келгенде, қолдың, саусақтың, буынның, дененің әр қимылы пәлсапа жас жеткіншектерді өнерге баулып, оларға эстетикалық тәрбие беруде бидің Ол баланы музыка тыңдауға, ырғақты сезініп, мәнерлі қимыл-қозғалыс жасай білуге тәрбиелеп, дене бітімінің сымбатты болып өсуіне жол ашады. Мектеп жасына дейін хореографиялық негіз алған балалар жеткілікті түрде мықты қимыл-қозғалыс дағдысы мен қабілетін меңгерумен қатар, жақсы есте сақтау, зейін , ұшқыр қиялмен ерекшеленеді. Баланың эстетикалық, физикалық және рухани ойлау қабілеттерін тәрбиелеуге би өнері қомақты әсерін тигізеді. Би тек сұлулыққа ғана қызмет етпейді. Ол дененің физикалық дамуына да ықпал етіп, дене иілгіштік қасиетін дамытады Олай болса, хореография іс-әрекеті баланың белсенді қимылдауын шығармашылық тұрғыда іске асырып қана қоймай, әр-түрлі қимыл-қозғалыстар арқылы ерте жаста ырғақты сезіну ет пен дене бітімін күшейту мен дамытуға әкелетінін де атап өтуге болады . Бала бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар. Мектепке дейінгі тәрбиеленіп отырған балалар үшін би өнері көңілді де қызықты болуы шарт. Ең алдымен биді билеуге үйрету үшін ән мен күй тыңдауы, оны түсіндіру қажет. Сол себепті көңілді-көңілсіз, шапшаң-жай ырғақтарын таныстыра отырып, балаларға би қимылдары үлгі арқылы үйретіледі. Би қимыл элементтері негізінен үш жастан бастап үйретіледі. Би қимылдарын оларға белгілі бір құралдармен ойыншықтармен үйреткен анағұрлым жеңілірек. Ал жоғары топтарда көбіне қазақтың ұлттық билерін және басқа ұлттардың билерін үйретуді қолға аламыз. Бұл топтарда асатаяқ, домбыра, даңғыра кесе, орамал, қамшы, қылыш т.б құралдар қолданылады. Көпшілігі аяқ, қол, иық қимылдарына арналған. Бұл билердің барлығы балаларға өте қызық, орындауға жеңіл. Би ырғағымен үйлесе билеу үшін, балаларда белгілі бір қимыл қоры болуы тиіс. Ол дене жаттығу қимылдарынан алынады Сондай ақ, гимнастикалық жаттығу қимылдары да қолданыс табады. Аталған қимылдар доп, құрсау, лента заттармен күрделеніп,ортаңғы және мектепке даярлық топтарда үйретіледі.Іс-әрекет үстінде әрбір дененің бар қимылдарын орындап қана қоймай биге қызығушылығын ынталандыра, музыка ырғағына сәкес,мәнерлі көрсетеді. Би қимылдары ең бір күтпеген ойлардан , кейбір қоршаған ортадағы жағдайларды бақылаудан пайда болады. Мектеп жасына дейінгі мекемелердегі хореография іс-әрекеті мына міндеттерді іске асырады:
Негізгі бөлімі
Қазіргі қоғамда балалардың денсаулығын сақтау және нығайту өзекті мәселеге айналып отыр. Баланың қандай да бір ауруы болмағанда жүйке психикалық дамуы, үйлесімді ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеті жоғары болғанда ғана, оның дені толық сау деп айтуға болады. Баланы өсіріп, тәрбиелеудегі маңызды шарттар – оны шынықтыру, белсенді қозғалуына ықпал ету, дене тәрбиесі, жасына сай физиологиялық дұрыс күн тәртібі, тиімді тамақтандыру Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу отбасында және мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізіледі. Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың алдына қойған мақсаттары мен міндеттері ортақ. Ол салауатты да саналы ұрпақ тәрбиелеу. Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді Бала дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде жалпы дамыту жаттығулары арқылы күш - жігерлерін шыңдай түседі.
Денсаулықтарын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа үйретеді, дене бітімдерін жан жақты дамытып, келбеттерін асқақтатады. Бала организмі тез жетіліп өседі. Мақсатымыз - дене бітімі жақсы қалыптасқан,денсаулығын сақтауға және шынықтыруға қабілетті мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру. Міндетіміз - дербестікке, қимылдарының мәнерлілігі мен икемділігіне, табиғи және еркін жүру мен жүгіру ептілігіне, кеудесін түзу ұстауға, тепе теңдігін сақтауға топтағы қатарда өз орнын таба білуге қозғалыс пен ептілігін дамытуға дағдыландыру Балалардың қимыл іс - әрекетін жетілдіру тек дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінмен шектелмейді. Би қимылдарын, музыкалық ойын әрекеттерін орындауға талпындыру үшін мектепте ұлттық би қимылдарын ұтымды пайдаланса, халықтың асыл мұраларын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады Қазақ ұлттық биінің тарихына үңілсек, би өнерінің сонау ықылым заманның өзін де- ақ қазақтың ұлттық өнерінің бір бұтағына айналғанын айқын аңғарамыз. Би ... Бұл - үлкен өнер. Ал үлкен өнерді адамның тек көзбен көріп қана қоймай, жүрекпен сезініп, түсінетіні ақиқат. Халқымыз өзінің ұлттық би өнері арқылы қазақы тұрмысқа берік енген әдеп ғұрыптар мен алуан түрлі тәрбиелік бағыттағы іс - әрекеттерді бейнелеп қана қоймай, сондай-ақ ұлағатты хам сындарлы өнерді жастардың бойына сіңіре білген. Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстетикалық болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған. Осы уақытқа дейін қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, дамытып келеді.Түрлі би қимылдары баланың сол және басқа да кейіпкерлерді көз алдына елестетуге, олардың әрекетін өздерінің қимыл – қозғалысы, дыбыс және кейіптендіру арқылы «сипаттауға» көмектеседі
Би - саз ырғағымен түрлі қозғалыстар жасап орындалатын, көңіл - күйге негізделе көрсетілетін көне өнер түрі. Адамның сөйлеуі ілкіде ым, ишара қимылдарынан басталып, кейін жекелеген дыбыстардың айтылуы нәтижесінде дамып қалыптасқандығы белгілі.Осылайша адамның
алғашқы дыбысы музыканың негізін салды. Ал
шартты дағдыға (рефлекс) негізделген дене қимылы бидің алғы шартын
қалады.
Дене жаттығулары - дене
тәрбиесінің негізгі құралы. Дене жаттығуларын жасауда қазақ ұлттық
би қимылдарын қолдану баланың жан жақты дамуына ықпал етеді. Бала -
біздің болашағымыз. Олай болса, дені сау бала - еліміздің жарқын
болашағының кепілі
Осы күндері ғалымдарымыз музыканың көңіл-күйді көтеріп,өмірге классиалық би сабағымызда басымыздан бастап аяғымызға дейін дене мүшелерімізге арналған жаттығулар топтамасын жасатамын. 1-сыныптан бастап сабақтың күрделуіне байланысты классикалық экзерсистің орны ерекше. Адамның көркемдік шығармашылығы қай салада болсын белгілі бір
ептілікті ,шеберлікті ,қалыптасқан машықты талап кетеді.Осы ептілік шеберлікке,көмегін тигізеді.Классикалық экзерсис тіпті оның ең қарапайым элементтері мен ең шағын көлемінің өзі де дене бітімінің дамуында болатын кемістіктер мен тұрпайы дағдыларды аяқтың қисықтығы ,еңгіштік, дененің икемсіздігі тұзеугеайрықша көмегін тигізеді .Аяқ пен бұлшық еттерінің күшін барынша жетілдіреді.Кез келген күнделікті қимылдың табиғи жарасымдылығы мен сұлулығы үшінаса маңызды,әр би қимылдарының бәріне де қатысатын дене мүшелерінің –басты еркінәрі тұзу ұстау дағдысын қалыптастыра отырып,қолдың,иықтың мойының еркін және дұрыс бұрылуын жетілдіреді.Туа пайда болған немесе классикалық экзерсис пен қалыптасқан аяқтың созыла бұратылуы арқылы ғана оның икемділігі артады.Созыла бұратылудың жетілуі кез-келген қозғалысты еркін орындауға мүмкіндік берудің,классикалық экзерсистің негізгі элементерін меңгерудің басты мақсаттарының бірі.Осыған байланысты оларды тиісті бастықтырғыштармен еден ортасында жасау бұл қимылдарды орындау үшін қажетті дағдылар мен қабілетке ие болу үшін керекті бұлшық еттердің күшін дамытатын жаттығулар қызметін атқарады.Экзерсиске арналған бұл қимылдар билеу технологиясының басты, қажетті дағдылар мен шеберлігін тәрбилеп қана қоймайды дәлірек айтқанда,Ал қазіргі ақпаратың қарыштап дамыған әлемінде сол жас ұрпақтың білім алуға деген құштарлығын арттыруда оқыту технологияның алар орыны көп Хореография- әдемілік әлемі. Хореография-қозғалысытң ,дыбыстың жарық бояауының,костюмдердің әдемілік әлемі.би сабағы баланың дене дамуына себеп болатыны және оларды рухани азықтандыратыны сөзсіз.үйлесімді жаттығулар жеткіншектерді ұқыптылыққа үндейтінін де ұмытпауымыз керек.Сондықтан мектеп жасындағы балалардың би үйірмесіне қатысып, дене бітімінің сымбатты болып қсуіне ата-ана мейлінше көніл бөлуі тиіс.Би өнері қазақ халқын да жат өнер емес.ерте замандарда ата-бабаларымыз көшпенді тұрмыстың негізінде өзінің төл би өнерін қалыптастырғаны.Сондықтан би билеуге құмартқан баланың бетінен қақпаған жөн. Қазіргі заманда мектепке дейінгі бүлдіршіндер арасындағы жалпақ табандылық пен омыртқаның қисаюы сияқты түрлі аурулар кең тараған.Сондықтанда мектепке дейінгі мекемелердің ең басты мақсаты оқу-тәрбие кезінде балалардың денсаулығын нығайта түсу маңызды деп есептейміз.Балаларды түрлі аурулардың алдын алуда кұні бойғы әрекетінде денесңн шынықтыру және сауықтыру шаралары кірістіріле жүзеге асырыулы қажет.Би сабағы әсемдік пен қатар баланың бұлшық еттерінің дамуы мен дене сымбатының дұрыс өсуіне тигізер пайдасы зор.Би бала үшін қозғалыс арқылы өзін-өзі көрсетуінбір тәсілі.Себебі мектепке дейінгі жастағы баланың сөздік қоры аз болғандықтан,бала бойындағы сезімін,эмоциясын би арқылы сыртқа шығаратының ұмытпауымыз керек. Хореография сабағында бала би
үйреніп қана қоймайды, сонымен қатар ой-өрістерін дамытады. Бүгінгі
күні инновциялық әдістермен оқытуды қолдану арқылы оқушының есте
сақтау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып,тарихи обьективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәлеметтерді жинақтау ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Инновациялық әдістерді баланың білім денгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.Әр мұғалімнің оқытуға, үйретудегі өз тұғырнамасы болу қажет
Классиаклық би –би өнеріндегі канонға айналған көркемдік тәсілдер жүйесі Ол сахналық кейіпкерді тұлғалауда поэтикалық принципке негізделеді Классикалық биде қахарманның би толғанысы мен сезім дүниесі пластикалық қимыл арқылы ашылады.Классикалық би мен айналысу оқушылардан ынталы күш-жігерді және зейінділікті талап етеді, олардың еңбекқорлығын арттырып, еріктерін,мінездерін шыңдайды, жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуға ықпал етеді.Сондықтан да оқушы белсенділігін арттырып,білім сапасын көтеретін, ойлауға үйрететін жаңа инновациялық әдіс тәсілдері болып табылады. Мен сабақты жақсы оқитын, музыканы тыңдап,классикалық биге деген қабілеті бейім оқушылармен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жаксы ойлар,туғызып қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластырып отырамын. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға көшіріп отырамын. Оқуға ынтасы бары да,ынтасыздары да, тәртіптілер мен тәртіпсіздерді дде музыка әлеміне қызықтырып,оқушылардың рухани бейнесі, танымын қалыптастыра отырып, қоғамның саналы азаматы етіп шығару-ұстаздардың басты мақсаты.Сол себепті интернет желісінен классикалық би материалдарын қарап оқушыларға қимыл түрлерін немесе видеосын жазып әкеліп көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырамын.Интернет желісінен оқушының қол-аяқ бұлшықеттерін,дене сымбатын қалыптастыратын, және тепе тендік сақтау жаттығуларын алып оны оқушыларға үйрету арқылы күнделікті сабақты қызықты өткізуге тырысамын.Олай болса ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін,әдет-ғұрыпын,әдеби,мәдиени бай қазынасын баланың зердесіне орнықтырып,парасатты,музыкалық эститикалық талғамы жоғары азамат тәрбиелеп өсіру баршамызға басты міндетти деп ойлаймын.
ІІІ. Қорытынды
Қорыта айтқанда заманымыздың болашағы-жас ұрпақтың ой-өрісін,рухани байлығын классикалық би арқылы балалардың денсаулығын нығайтып әсемдікке және де би қозғалыстарын көркем мәнерлі орындауы мен эстетикалық құндылыққа тәрбиелеу, жылдан –жылға жандандыру-би жетекшілерінің, яғни біздің абройлы міндетіміз деп ойлаймын.
ІV. Нәтиже 1.Оқушыларлың сабаққа қатысы артады. 2. Оқушылардың классикалық биге қызығушылығы күшейді . 3.Классикалық би қимылдарды орындау шеберліктері арттырады. 4.Оқушылар билердің образдарын жақсы меңгере бастайды.