Материалдар / Баяндама 4 ка моделіне
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама 4 ка моделіне

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныбы тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2020
776
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтоған шағын орталықты

орта мектебінің мектеп алды

даярлық сыныбының тәрбиешісі




Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін дамыту үдерісі


 2011-2020 жылдары Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқытуға толық қамтуды, мектепке дайындау үшін оларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әр түрлі бағдарламаларына тең қатынас құруын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңартуды қамтамасыз ету міндеті қойылған.

         Қазақстандық  білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігін, колледж бен университетте жаңа кәсіби дағдыларды алу, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді. Қазақстанда соңғы бес жыл ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың дамуы білім беру жүйесін жаңғыртудың басым бағыттарының біріне айналды. Әлем жаһандық сын-тегеуріндер кезеңінде өмір сүруде. Бұл жаңа технологиялық жетістіктер мен инновацияларды енгізу, IT-технологиялардың қарқынды дамуы және адам ресурстарының ұтқырлығы.  Осы жағдайда білім және ғылым өзгерістердің алдыңғы қатарында тұруы тиіс.

     Әлемнің жетекші экономикалары жоғары деңгейдегі адам капиталы есебінен ғана гүлденуге қол жеткізуде. Оған жаңа білім беру стратегиялары мен саясаты ықпал етеді. ХХІ ғасыр тың идеялар мен жасампаз жаңалықтардың дәуірі. Оған лайық болу- қазіргі жаһандану процесіндегі кез–келген мемлекеттің негізгі ұстанымы. Ендеше біздің тәуелсіз елімізде өркениетке жетелер жолдың бастауы – білім ордалары десек, оның жүрегі де, тірегі де педагогтар қауымы. Тәрбиеші ақпаратанушы емес, баланың жеке тұлғалық және интелектуалды дамуын жобалаушы.

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары балалардың бір топтан келесі топқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып, одан әрі дамытылып отыратын спиральді оқу бағдарламасы моделіне негізделген. Оқу үдерісінің алға ілгерілеуі айқын көрінуі үшін, оқу мақсаттары өзара тоғысқан бөлімдер мен бөлімшелерге топтастырылған. Балалардың бір топтан келесі топқа көшу барысында алға ілгерілеуіне орай, олар өздерінің дағдыларды меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола түседі. Мектепке дейінгі білім беру бойынша, сонымен бірге орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы жаңартылған оқу бағдарламалары балалардың дене және психикалық дамуының жас кезеңдері бойынша білім мен түсініктерін қайта қарастыруға бағытталған спиральді оқу бағдарламасына негізделген. Оқу бағдарламаларын осылай құрастыру оқыту процесін қадам қадаммен, бірізділікте және үздіксіз қадағалауға мүмкіндік береді. Оқу мақсаттары біріктіруші бөлім мен бөлімшелер бойынша белгілі бір жас топтарының немесе сыныптың баласының/балаларының жетістіктерін қадағалау үшін ұйымдастырылған.

БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ЖОСПАРЛАУ Апта, ай бойы барлық педагогикалық үдерісті толыққанды және сапалы жүзеге асыру үшін сауатты және ұтымды жоспарлау қажет. Білім беру саласын жоспарлауды оқу мақсаттары, күтілетін нәтижелер, бағдарламалық мазмұны, балалармен білім беру қызметін ұйымдастыру және жүргізу жүйелілігі (көлденең және интеграцияланған жоспарлау) арқылы және бағдарламаларды, жұмыстарды немесе іс-шараларды (тігінен жоспарлау) жүзеге асыру тәртібін, мерзімдерін және жүзеге асыруды анықтайтын жоспарлы тапсырмалардың бірыңғай мақсатына қол жеткізуге бағытталған өзара байланысты жүйе арқылы анықтауға болады. Перспективалық жоспарлау балалардың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне сәйкес жұмыстың негізгі кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Олардың өсіп-жетілуіне қарай оларды дамытуға бағытталған ойындар мен сабақтар өзгереді, бұл педагогтердің алдын ала даярлығын, біліктілігін арттыруды, жаңа әдістемелік әзірлемелерді жасауды, топтық үй-жайды, спорт залын, учаскені жаңа жабдықтармен жабдықтауды талап етеді. Кейде барлық балалар мекемесін материалдық-техникалық жабдықтауда өзгерістер қажет: - изостудия үшін үй-жайлар және т. б. Перспективалық жоспарлау қажетті жабдықтарды, материалдар мен ойыншықтарды сатып алуға смета жасауға, оларды дайындау бойынша тапсырмаларды педагогтер мен ата-аналар арасында бөлуге мүмкіндік береді. Апталық жоспарлау (циклограмма) - білім беру салаларын біріктіру. Апта сайын жасалады және күн сайын түзетіледі. Ол топта және кіші топтарда ісшаралар мен сабақтар кестесін қамтиды. Циклограмманы жоспарлау кезінде педагог оқытудың тақырыбы мен әдістерін анықтайды. Бір жағдайда бұл балалардың практикалық іс – әрекеті (мысалы, құммен немесе сумен ойнау), басқаларында - педагогпен оқыту, құрылымдалған немесе еркін ойын болады. Балаларды ақпаратпен шамадан тыс жүктеуден аулақ болу керек - ол тым кең және дерексіз болмауы керек, белсенді және тыныш сабақтар, балалардың ұйымдастырылған және еркін уақыты арасындағы тепе-теңдікті сақтауы керек. Ұйымдастырылған оқу қызметі шеңберінде педагог әрбір баланың мүдделері мен қажеттіліктерін қарастырады, оның жетістіктерін атап көрсетеді, нақты бала мен бүкіл топ үшін мақсаттарды анықтайды, педагогтер мен мамандардың бақылауының нәтижелерін ескере отырып, жұмыс жасайды, олардың негізінде әрбір бала үшін оқытудың бірнеше мақсаттарын белгілеуге болады. Мысалы, біреу үшін бұл ойын кезінде құрдастарымен келісіп алу дағдыларына үйрету және байланыстырылған сөйлеуді дамыту, екіншісі үшін - ойында басқа ауыстыруға болатын заттарды пайдалану және бейнелеу қызметіне баулу болуы мүмкін. Педагог ойындарды, әңгімелесулерді және сабақтарды қалай ұйымдастыруды ойлайды, топта, ойыншықтарды орналастыруда қандай өзгерістер жасау керектігін шешеді.

Бала үні оны басқалар есту үшін ғана емес, ең маңыздысы ол есеюі мен оқуы үшін қажет Ал ол неден көрініс табады

1.Сұрақтарды қоюда. Сұрақтар түсінуге бағытталып, жауаптары стереотипті емес, алуан түрлі болуы тиіс.

2.Өз идеяларын сурет арқылы жеткізуде, көп жағдайда ол сызбалық бейне.

3.Өз түпкі ойын жүзеге асыруда. Өз идеясын қимыл-қозғалыстар, мелодиялар, дыбыстар арқылы жеткізу. Хикаяларды ойлап шығарады, уақыт өте келе олар құрылымдалған және айрықша бола бастайды.

4.Өз идеяларын жоспарлауда. Өз түсініктерін кеңістік пен уақытта суреттейді. Тони Бертрам, мектепке дейінгі білім беру бойынша әлемдік жетекші маман, жазады, оның барлығы бала болашақта демократиялық әлемнің толыққанды азаматы болу үшін ғана қажет емес, себебі олар дүниеге келгеннен бастап азамат болып табылады және олар ойы мен пікірін еркін білдіру құқығына ие болуы тиіс, ол тәжірибені балабақшада меңгеруі қажет. Бала әлемді қалай көріп, қалай қабылдайтынын түсініп қана біз шынайы жеке-дара білім беруді құра аламыз: оның сұрағына, оның жауабына, сызбасына, жоспарына негізделіп. Сондықтан балалардың қоршаған айналасы өз жұмыстарымен – өздерінің қалыптасқандығының дәлелдемесімен көркемделу керек. Бала өзінің өсуі мен продуктивтілігін көру үшін фотосуреттер, мәтін жазбаларын, оқиғалар хроникаларын, соның ішінде бейнежазбаларды пайдалану. Сонда ол тезірек өз әрекетін байқайды, сезінеді. Баланың өзі мақсат қоя алуы (оның ішінде өз дамуы бойынша – «үйренгім келеді») және бағалай алуы («мен үйрендім», «ал мында үйренгендей болдым») өте маңызды. Сол үшін қарауға, еске түсіруге арналған өз папкалары болғаны (балаға қол жетімді жерде!) маңызды. Сол үшін «сөйлейтін қабырғалар» қажет, оларға балалардың жұмыстары ілінуі керек: кішкентай адамға өзінің продуктивтілігін бірден көру маңызды! Сонда шығармалар бірден «жұмыс» істей бастайды – автордың өзін де, басқа балаларды да белсенділікке, шығармашылыққа шақыра бастайды. Жеке маңызды мәселе – ол түрлі себептерге байланысты – мысалы, балабақшада ана тілінде емес басқа тілде сөйлейтін, ойы мен пікірлерін жеткізуде қиналатын балалардың дауысын естуге мүмкіндік беретін жағдаяттарды туғызу. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей мүмкіндіктері шектеулі балалар бұл жеке өткір мәселе.

Білім беру салаларының мазмұны мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың жас және дара ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Олардың мазмұны қоршаған әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз ететін ортақ тақырыптар шеңберінде іс-әрекеттің алуан түрлерін кіріктіру арқылы жүзеге асырылады.Әрбір білім беру саласында құндылықтық бағдарлар қарастырылған, олар мектепке дейінгі білім беру деңгейін аяқтау кезеңінде баланың мүмкін жетістіктерін болжайды.


Стандартқа сәйкес оқу бағдарламасы бес білім беру салаларын анықтайды:

  • «Денсаулық», дене бітімі мен денсаулығын дамытуды, қимыл-қозғалыс тәжірибесін игеруді, салауатты өмір салтын қалыптастырудықамтиды;

  • «Қатынас», тілді дамытуды, тілді қатынас құралы ретінде меңгеруді, айтылым, тыңдалым дағдыларын қалыптастыруды, лексикалық қорды байытудықарастырады;

  • «Таным», қоршаған әлем туралы ұғымдарды қалыптастыруды, математикалық түсініктерді, білуге құмарлықты және таным қызығушылығын дамытуды қарастырады;

  • «Шығармашылық», өнер арқылы қоршаған әлемді құндылықтық-бағдарлы қабылдау алғышарттарын дамытуды, эстетикалық талғамның қалыптасуын қарастырады;

  • «Әлеумет», баланың құрдастарымен және ересектермен өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуды, қоғамда қабылданған ережелер мен құндылықтарды қалыптастыруды қамтиды.

Көптеген зерттеушілер осы дағдыларға қызығушылықты да қосады, бірақ олар дағды емес, сапа, яғни адамның жеке қасиеті болып табылады.

Әрбір педагог тырысу керек балаларды дағдыландыруға:

- өз бетімен, жұпта/топта, жоғарытехнологиялық кеңістіктік ортада ойнауға қабілетті болуды;

- педагогтермен және басқа балалармен өзара әрекеттестікке қабілетті болуды;- икемді және креативті ойлауға қабілетті болуды.

Сыни ойлау

Сыни ойлауды дамыту үшін балаларға зияткерлік ойындар (мысалы, басқатырғыштар және жұмбақтар), топта пікір-таластарды өткізу және түрлі проблемалық жағдаяттарды талқылау пайдалы. Сыни ойлауды меңгерген бала икемді, жоспарлау мен сезінуге, ымыралық шешімдерді іздеуге дайын болады.

Коммуникативті дағдылар

Қарым-қатынас балаларға өз идеяларын жүзеге асыруға көмектеседі. Өз идеяларын балалар ойындарда іске асырады, эмоциялар арқылы білдіреді, жарқын сөйлеуімен тартады, өзімен идеяны бөлісуге шақырады және барлық қатысушыларға қызықты болуын қадағалайды.

Балалар өз пікірлестерін немесе құрдастарын ұйымдастыру және оқыту барысында өз сөздік қорын, қуаты мен эмоцияларын максималды пайдаланады.Бұл дағдыда 4К моделінің барлық компоненттерінің көрініс табуы маңызды.

Креативтілік

Көп адамдар баланың әлеуеті болмаса оның креативтілігін, яғни шығармашылығын дамытуға болмайды деп қате ойлайды. Зерттеушілердің пікірі оған қайшы. Шығармашылық ойлауды дамыту үшін баланы өзін еркін бос ұстауға, қарым-қатынас және жаңа танысулар үшін (балалар үшін тән, себебі олар жеңіл танысады және құрдастары мен ересектермен диалогқа түседі) ашық болуға, қателіктерді жіберуге және сәтсіздіктерді кешуге қорықпауға үйрету. Педагог басшылығымен өткізілетін «мен келесі ойыншықтарды жақсы көремін....» атты коллаж құру және балаларға өзінің сүйікті ойыншықтарын таңдауға немесе әкелуге, фотосуретін жасауға, суретін салуға және құрдасына немесе педагогке бұл ойыншық неліктен сүйікті екендігін түсіндіру бойынша ойын қызықты болады.

Командалық жұмыс

Кішкентай балалар бірлескен жұмыс үшін жаралған. Өздерінің болмысының алғашқы күндерінен бастап олар әрдайым біреумен немесе бір жерде өзара әрекеттестікте болады. Екінші немесе үшінші адам көмегімен бала түсініктерді меңгереді және өмірлік дағдыларды шынықтырады.

Командалық жұмыста және ынтымақтастықта бала басқа пікір болатынын түсінеді. Сол үшін ол сол пікірмен келіседі немесе келіспейді, өз ұстанымын қорғауға және дәлелдеуге, басқаның пікірін тыңдауға үйренеді. Көзқарастарды салыстыруға және өз шешімін құрастыруға дағдыланады.

Сонымен, командалық жұмыс жағдаятты және пікірді бағалауға, көшбасшы болуға және пікірлестерін табуға көмектеседі.



Бала әлемді қалай көріп, қалай қабылдайтынын түсініп қана біз шынайы жеке-дара білім беруді құра аламыз: оның сұрағына, оның жауабына, сызбасына, жоспарына негізделіп. Сондықтан балалардың қоршаған айналасы өз жұмыстарымен – өздерінің қалыптасқандығының дәлелдемесімен көркемделу керек. Бала өзінің өсуі мен продуктивтілігін көру үшін фотосуреттер, мәтін жазбаларын, оқиғалар хроникаларын, соның ішінде бейнежазбаларды пайдалану. Сонда ол тезірек өз әрекетін байқайды, сезінеді. Баланың өзі мақсат қоя алуы (оның ішінде өз дамуы бойынша – «үйренгім келеді») және бағалай алуы («мен үйрендім», «ал мында үйренгендей болдым») өте маңызды. Сол үшін қарауға, еске түсіруге арналған өз папкалары болғаны (балаға қол жетімді жерде!) маңызды. Сол үшін «сөйлейтін қабырғалар» қажет, оларға балалардың жұмыстары ілінуі керек: кішкентай адамға өзінің продуктивтілігін бірден көру маңызды! Сонда шығармалар бірден «жұмыс» істей бастайды – автордың өзін де, басқа балаларды да белсенділікке, шығармашылыққа шақыра бастайды. Жеке маңызды мәселе – ол түрлі себептерге байланысты – мысалы, балабақшада ана тілінде емес басқа тілде сөйлейтін, ойы мен пікірлерін жеткізуде қиналатын балалардың дауысын естуге мүмкіндік беретін жағдаяттарды туғызу. Қазіргі көзқарастар бойынша, балалардың креативті қабілеттерін дамыту - білім берудің негізгі мақсаттарының бірі. Кішкентай балалар үшін оларға белгілі заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды және т. б. ойластыру немесе біріктіру тән. Бұл сапаны немесе қасиетті балаға сақтау маңызды, өйткені бұл баланың сөзін ғана емес, ойлау қабілетін дамытады



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!