Материалдар / Баяндама " Физика пәнін оқытуда оқушылардың тілдік сауаттылығын жетілдіру" 7-11 сыныптар арасында

Баяндама " Физика пәнін оқытуда оқушылардың тілдік сауаттылығын жетілдіру" 7-11 сыныптар арасында

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндамада әлемдік білім беру жүйесінде және білім алу кеңістігінде бәсекеге барынша қабілетті болудың тиімді жолдарының бірі әрбір қазақстандықтың кемінде 3-4 тіл білуі, білімдерін өз өмірлерінде тиімді пайдалануы туралы айтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2018
978
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

УДК3937

Физика пәнін оқытуда оқушылардың тілдік сауаттылығын жетілдіру.Шарипова Асем МаликовнаФизика пәні мұғалімі«М.Б.Ықсанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай көздеген әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер қатарынан орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздерінің бірі-жастарымыздың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашылықта, әрқашан ізденісте болып шығармашылыққа талпынған жас ұрпақты тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Әлемдік білім беру жүйесінде және білім алу кеңістігінде бәсекеге барынша қабілетті болудың тиімді жолдарының бірі – әрбір қазақстандықтың кемінде 3-4 тіл білуі және алған білімдерін өмірдегі түрлі жағдаяттарда қолдана отырып, өмірде өз орнын тауып дұрыс бейімделу және техникалық білімді жетілдіре отырып, тілдік даму сатысын жалғастырып, әлемдік білім арнасында нақты орныға отырып, жан-жақты бағытта дамыған азамат пен азаматшаларды дайындау. Осы көздеген биік мақсаттарға жетелеу, қалыптастыру кезеңі адам өмірінің мектептегі өткізген жылдарына сай келетіні осыған орай жаңа бағдарлама бойынша ағылшын тілі пәнін бастауыштан енгізілуі, тілге деген қызығушылық мектеп қабырғасынан жүргеннен-ақ байқалатыны және осыған қоса тілдің тазалығын сақтай отырып үш тілді оқушы бойына біртіндеп сіңіріп, білім беру саласында үлкен жауапкершілікпен білім алуға сенім артады. Ағылшын тілін бастауыштан жақсы игерген оқушы жоғары сыныпқа келгенде тілді түрлі пәндермен байланыстыра отырып төмендегі жағдаяттарды шешу кезеңінде еш қиналмастан өз сауаттылығын қолдана отырып, білім деңгейін дәлелдейді. Осыған орай физика пәнін ағылшын тілінде жүргізу арқылы үш тілді оқыту,терминдерді, физикалық формулалар мен анықтамалды, жекелеген тараулар мен тақырыптарды жете түсінуді бағдарламада іске асырылады. «Физика және Астрономия» 7 сынып оқулығы бойынша аптасына 2 сағат (барлығы 68 сағат). Жұмыс барысындағы басты мәселе – ағылшын тіліндегі оқу материалын қазақстандық стандартқа сай сәйкестендіру және игерту жолында түрлі тапсырмаларды сапалы ұсыну. Бұл бағдарлама 7-сыныптағы физика курсын оқуды толық қамтиды. Негізінен практикалық жұмыстарға баса көңіл бөлінеді. Себебі оқушы 7 сыныпта жаңа физика пәнінің негізін түсініп, физикалық шамаларды танып, өлшем бірліктерін ажыратып, формулаларға назар аударып, оларды түрлендіріп есеп шығаруда қолдануды үйреніп, есептерінің түрлерін ажырата біледі. Оқушылармен бірге міндетті түрде практикалық, бақылау, лабораториялық және өздік жұмыстар жүргізіледі. 7 сыныпта оқушыларға әр тақырып бойынша тарау мақсаттары, міндеттері, негізгі түйінді мәселелер және тірек ұғымдар мен қоса тарау мақсаттарына жетудің негізгі кезеңдері келтірілген. Олар: қызығушылықты ояту, жаңа ұғымдарды енгізу, оқушының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру, түрлі жағдаяттарда үйренген білімін қолдану және оқушының танымдық, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру кезеңдері.  7 сынып оқушылары пәннің ерекшелігін түсініп, осы пән негізінде болашақ мамандығын осы физикамен байланыстырып, түрлі маман иесі болуға болатындығын түсінеді. Қоғамның жан –жақты дамуы негізінде қазіргі ХХІ ғасырдың жас буыны бұл пәнді тек қазақ тілінде ғана игеріп қоймай , ағылшын және орыс тілінде де меңгеріп, өз білімін үнемі жетілдіре отырып ауызша, есеп шығаруда қолдана алуы керек. Ағылшын тілі – халықаралық тіл. Ағылшын тілін оқып үйренуді бастауыш кезеңнен бастай отырып, иеруді жеңілдетуге болады. Себебі бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау, ұғымдарды, ережелерді жаттауды жүйелі жүзее асыра алады. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдердің ана тілі болып саналады. Ағылшын тілі дүние жүзіне ең кең таралған қатынас тілі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында үш тілді меңгеру қазақстандықтардың өздері үшін міндетті шарт екендігі 2020 жылға қарай ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесі кем дегенде 20 пайызды құрауы қажет екендігін атап өтті. Себебі қоғамның дамуы, ондағы жас буынның білімділігі, заманға сай білім ала отырып, өз білімін елінің көркеюіне, өз елінің білім деңгейін түрлі халықаралық сайыстарда дәлелдей отырып, елінің намысын биік қойып, сол елге қызмет атқарған білімді ұрпақтың болғаны көңілге қуаныш орнатары анық. Қазіргі кезде заман талабына сай мектептерде ағылшын тілін меңгеруге аса көңіл бөлініп отыр. Барлық мектептерде ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, себебі олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне шетел тілінің қажет екендігін өзге елдермен және тілді меңере отырып, шетелде де қызмет атқарып, түрлі зерттеушілік жұмыстарына қатынасып, ғылыми жобалық жұмыстарды жүзеге асырып, өз дәрежелерін жоғары деңгейге көтеруге болатындығын жақсы түсінеді. Қазіргі таңда ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдерінің басты мәселесі оқушылардың шетел тілін оқуға деген қызығушылығын арттыру және тілді оқыту барысында оқушының сөздік қорын байыту арқылы тілін дамыту, игерген білімін жекелеген пәндермен байланыстыру болып табылады. ХХI ғасыр жаңа технологияларды игеру ғасыры. Сондықтан қазіргі күні шетел тілін жылдам әрі тиімді үйреніп алуға болады заман талабына сай қазақстандық әрбір азаматтың тілді қай жаста да иеруіне мүмкіндік жасалып отыр. Қазіргі таңда түрлі ағылшын тілін сатылай меңгертетін курстардың бар екендігі бәрімізге таныс. Сондықтан тілді меңгеруде еш қиындық туындамайтындығы анық. Тілді дамытуда атқарылатын жұмыстың ең негізгі түрі – сөздік жұмысын жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту көзделеді, оқушы ауыз екі сөйлей отырып есте сақтау дағдысы қалыптасатыны анық. Сөздік қоры бай адамның өз ойын қай салада да анық жеткізуге мүмкіндігі бар. Екінші бір тілді меңгеру сөз үйренуден басталады. Тіл үйрету дегеніміз- кез келген сөзді еш мағынасыз құрғақ жаттап алу емес, жаңа сөздің мағанасын түсініп, саналы түрде есте сақтау, жаттау, ауызша, жазбаша сөздерді дұрыс қолдана білу, сөздік қорды дамытып, сөйлеу сауаттылығын қалыптастыру, осы тілдің негізгі ережелерін сақтау болып табылады. Ал, оқушының саналы түрде есте сақтау үшін сабақта түрлі көрнекіліктер, кесте сөздердің ағылшын тіліндегі аудармасын айту, әдіс-тәсәлдердің түрлерін қолданып сабақты жүйелі, қызығушылықты оята отырып, пәнді екінші пәнмен сатылай байланыстыру, дұрыс баяндап, түсіндіру сияқты тәсілдерді қолдану қажет. Оқушылардың тілін дамытуда өткен сабақтарда үйренген сөздерді қайталап, жаңа сөздермен бірге ауызша, жазбаша сөйлем құрастыру аса маңызды, себебі оқушы қайталай отырып есте сақтау жүзеге асады. Оқушыларға жаңа сөздерді үйретуде төмендегідей әдістемелік саты сақталу керек:
  • Жаңа сөздерді ести отырып дұрыс айтуға дағдыландыру. Сөздердің мағынасын түсініп есте сақтаумен бірге, дұрыс айтып үйренудің мәні зор.
  • Заттың өзін көрсету арқылы меңгерту. Затты нақты көрсеткенде оқушының көру қабілеті арқылы сөздің мағынасын түсініп, есте сақтау мүмкіндігі артады. Физика пәнін ағылшынмен байланыстыруда түрлі демонстрациялық практикумдар жүрзізіп, өту барысын ағылшынша баяндау жүзеге асса оқушының есте сақтау дағдысы арта түседі.
  • Жаңа сөзді ана тіліне аудару арқылы да білімді игертуге болады.
Мысалы 7 сыныптағы қозғалыс тақырыбына тоқталу: 1.1 How to make things move We often want to start things moving. Біздер әрқашанда заттардың қозғалыста болғанын қалаймыз. The diagrams show some examples. Диаграммада бірнеше мысалдарды көруге болады.

1.Copy and complet the table.



What you do to start it moving.Сен гольф добының қалай қозғалғанын қалайсын?
Golf ball гольф добы

drawer қорапша

buggy арбаша



Pushing things,pulling things and hitting things are all ways of starting things moving.They move because you makea forceact and on them.2. Look at the diagrams again. Then copy and complet the sentences. A force acting on an objekt makes it _______.The object moves in the same _______as the force.

Making things move fasterIt suddenly starts raining. So the man wants to make the buggy move faster.The diagram shows how he can do this.Қозғалысты анықтауға бағытталған тапсырмалар беріледі.

Физика пәнін ағылшын тілінде оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге, ғылыми жобалар мен зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, алған білімі өмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігі оқушы санасына сіңіріледі. Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады. Оқушы өмір бойына оқушы болып қалмайтыны анық. Ол ер жетіп жоғары оқу орнында білім алып түрлі салада қызмет етеді. Техникалық білім алған оқушы өндірістік зауыттарда қызмет жасары анық. Қазіргі таңда техниканы меңгеру шетел тілінде жүргізіліпғ түрлі өндірістік машиналардың шетелден келіп жатқаны анық сондықтан ағылшын тілін мектеп қабырғасынан игеру үлкен жетістік екені анық. Сабақ барысында қосымша берілетін физика-техникалық терминдер сөздігі оқушының сөз қорын қалыптастыруда өз көмегін тигізеді деген сенімдеміз. Оқушыларды төменгі сыныптан бастап ағылшын тілінде оқыта отырып, олардың жүйелі ойлауына тиімді білім алып, өз білімін жоғары сыныптарда, жоғары оқу орындарында сабақты дұрыс игеруде пайдасы мол болатындығы анық.Сонымен қатар оқушыларды 10-11 сыныпта физика пәнін ағылшын тілінде оқыту барысында мыналарды ескерген жөн:
  • Өз пәнін өте жақсы көру. Ағылшын тілінде сөздік қоры жеткілікті болу. Тілдің мүмкіндігі мен құдіретін көрсету, анықталған қиындықтардың шешу жолдарын жан- жақты талқылау;
  • Сабақты иерту барысында жағымды атмосфера орнату жылы қатынас пен достыққа  баулу:
  • Оқушының пәнді иерудегі жеке басындағы сенімсіздікті жоюға көмек беру;
  • жеке дыбыстарды, сөзді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді, грамматикалық түрлерді дұрыс қолданбаған жағдайда оқушыны тоқтатпау, сөзін бөлмеу, қателіктеріне акцерт жасамау, керісінше дұрыс түсінуіне жағдай жасау, пән мұғалімі мен үнемі байланыс орнату;
  • оқушының кез - келген жауабын қабылдай отырып, баяндап түсіндіруде жіберген қателіктерін еш негізсіз кінәлауға болмайды, керісінше кіші-гірім  қиындықтардан өткеннің өзінде   қолдау жасау, енді үлкен жетістікке де жететініне сендіру, қолдау көрсету;
  • оқушының қате жауабына ескерту жасамау, қатені түзеткен оқушының мәртебесі басқалардың алдында жоғары деген жалған пікір қалыптастырмау;
  • тек қайталау әдісі арқылы қателерді жою,  қиындықтардан өту.
Жаңа тақырып материалын игертуде тек жағымды үлгі арқылы ұсыну. Оқушының шығармашылық өсуіне және сенімділік жағдай орнату үшін көтеріңкі көңіл атмосферасын орнату, оқушы бойына сенімділік орнатып, өз ойын анық жеткізуге мүмкіндік жасайды. Оқушыға білімін баға үшін көрсетпей, керісінші осы алған білімін өмір сүру барысында тиімді қолдану деген ойды қалыптастыру керек. Сондықтан оқушыны төмен бағамен үрейлендірмеу керек. Тіпті керек болған жағдайда сабаққа сынып журналынсыз келіп, тек білім берудің жолын көздеу қажет. Сабақ барысында  үйреніп жүрген ағылшын тілінде араласу талабын қатаң сақтау, баяндап түсіндіруді де осы тілде жүргізіп отыру қажет. Тілдерді араластыруға жол бермеу. Мұғаліммен сабақтан тыс уақытта үйреніп жүрген тілде, немесе пән оқытылатын тілде ғана араласу шартын  әрдайым орындау. Актерлік қабілетті де қолдану: оқушы назарын «Кәнеки,  назар аударыңдар! Бері қараңдар! Түгелдей маған қараңдар!» сияқты дәстүрден бас тарту. Қимыл, мимика, дауыс әсеріне жүктену. Сабақ барысын баяндауда әрқашан қосымша материалдарды ұсына отырып, дұрыс ойлау дағдысын қалыптастыру, қызығушылықты арттыру негізінде жас ерекшеліктерін ескере отырып түрлі тапсырмалар ұсыну. Орындаған тапсырманы уақытылы саралай отырып, техникалық бағытқа баулу керек. Сабақ материалын «жанды», күнделікті өмірмен тығыз байланыстыру. Түрлі проблемалардан жол табу мүмкіндігін ескеру. Физиканы өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру, есте сақтауға мүмкіндік береді. Физика пәнін ағылшын тілімен байланыстыруды сабақ барысында былай қолдану тәсілдері:
  • Сөздікпен жұмыс жасау әдісін оқушының жетік түрде меңгеруі.Термин сөздерді жаттау дағдысын қалыптастыру, ауыз екі сөйлеуде қажетті ережерді сақтау;
  • Үй тапсырмасы шығармашылықты, тіл дамуын қажет  етуі шарт, зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар ұсыну. (мүмкіндігінше жазба жұмыстарын, аналог бойынша жасалатын тапсырмаларды  бермеген жөн) т.б.Керісінше сөйлеп баяндайтын, тәжірибе арқылы дәлелдейтін тапсырмаларды ұсынып, оқушының лоикасын дамыту, ойлау қабілетін шыңдау.
  Оқушы бойына дарындылықты қалыптастыру. Оқушы өзінің білімін жетілдіруде еңбек ету қажет екенін түсініп, үнемі ізденісте болу керек. Себебі оқу барысында қажетті бағдарда білім алып, алған білімінің нәтижесін көргенде ол оқушыда алға ұмтылу, дарындылыққа шыңдалу деңгейі болады. ХХ ғасырдың басында орыс  философы В.В.Розанов «дарынды бала шаршауды білмейді, ойын оятатын, жетілдіретін пән төңірегінде еңбектене береді, еңбектене береді», - деген.  Сондықтан да 7-9 сыныптар,10-11 сыныптар үшін ағылшын тілін тереңдетіп оқыту, бір немесе бірнеше пәннен -жеделдетіп оқыту –дарындылықты тану мен дамытудың тағы бір жолы. «Қоғам тек таңдаулылардың арқасында адамзатты ілгері жылжытады» деген Вине. Олай болса, көп тілдерді жетік меңгерген шәкірттер – Қазақстан Республикасының жарқын болашағы екендігі сөзсіз. 

Әдебиеттер:
  • Акитай Б.Е. Физиканы оқыту теориясы және әдістемелік негіздері. Оқу құралы .- Алматы: Қазақ университеті
  • «Физиканы оқыту методикасы 6-7», Орехов В.П., Усова А.В. Алматы, «Мектеп», 1978ж
  • М. Құдайқұлов, Қ. Жаңабергенов, «Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі», Алматы, «Рауан», 1998ж
  • Core Physics Bryan Milner, Jean Martin, John Mills 2014
ә
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ