Материалдар / Баяндама " Жастар арасындағы терроризм мен экстремизмнің алдын алу мәселелері "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама " Жастар арасындағы терроризм мен экстремизмнің алдын алу мәселелері "

Материал туралы қысқаша түсінік
Діни тұрғыдан алғанда әркімнің өз халқының дәстүрлерін біліп, сақтап, құрметтегені абзал. Біздің қазақи көшпенді мәдениетіміз басқа мәдениеттерден көп қырлылығымен және біртұтастығымен ерекшеленеді. Бұл дегеніміз, біздің ата-бабаларымыздың дін мәселелерінде ақ-қараны айыра білсе де, дінді арнайы салаға немесе өмірдің міндетті бөлігіне айналдырмағанын аңғартады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1573
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Терроризм мен экстремизмнің алдын алудағы атқарылатын шаралар


Бакешова Гүлханат Талапбекқызы

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Нұржау ауылы

Нұржау жалпы орта мектебі

тарих және құқық пәнінің мұғалімі



Заман өзгере айналадағы құбылыстар өз шынымен  жылжиды. Адамдар арасында  психологиялық тұрғыдан болсын әлде материалдық шығындырға қатысы арқылы да ойға келмейтін жағдайларға тап болып жатады. Көптен бері экстеримистік бағыттағыларды зерттеп жүрген қаншама білімді ғалымдарымыз дерлік жетерлік десек артық кетпеспіз. Алдымен экстремизмнің алдын алудан бастамас бұрын, оның қалай пайда болғанын? Қандай мағына беретінін? Қысқа да нұсқа болса да дәйекті делелдермен анықтап кеткенді жөн деп білдім. Тероршылдықпен күресуші мамандардың пікірінше: «Терорист-жанкештіні психологиялық дайындаудың арнаулы технологиялары тамыры терең тарихта кетеді. Ол өзінің басшысына құдайдың жердегі өкіліндей сенуі, оның айтқаны Алладан шыққан  әділет сөзі деп білуі. Теракт алдында жанкешті өзінің жұмаққа баратына кәміл сенеді. Оған қоса жанкешті медико-психологиялық тазалудан өтеді. Наркотиктер, гипноз діни уағыз барлығы біріккенде жанкешті алдыға койған мақсатты өмірінің құнымен болса да іске асырады  »[2]  Міне, осы сөзінен кейін экстремистердің қандай жанкешті, сонымен қатар олар бастаған ісін соңына дейін жету үшін, өлімге дейін апаратындығын айтылған. Ең жиіркеніштісі наркотикпен де қатысы барлығында ашықтан ашық айтып тұрғанында. Яғни, наркотик, гипноз пайдалану арқылы бөтен адамдардың өміріне қауіп төнуі. Өз өзін өлтіру әлде жеке адамның өзін жаруы арқылы көптеген адамдар қаза табуы солардың себебінен. Осы экстремистік бағытты негізі батыстықтар шығарып қанша жылдап дінің ішіне іріткі салып, небір қайғылы әрекеттерге тап болып жатқан мемлекеттер жетерлік. Өзінің саяси идеологиясын жұмсау арқылы қаншама елдердің алған қорлығы мен қиындықтарға тап болып жатыр десеңші.

Экстремистік бағыттар өз мүдесі үшін әсіресе жазықсыз адамдарға істемеген ісі көрсетпеген қорлығы болмаған. Солардың қорлықтарынан халықтардың басынан өткен азаптары жетерлік. Өкінішке орай ақша десе дінін де сататындар  кездесіп жатады. Солардың кесірінен болмаған істі болдыға шығарып, инедейді түймейдей етіп жүргендер дерлік дегенмен аз емес. Жүректі ауыртатын жиіркенішті істерінен әр елдін ынтымағымен тыныштығын құртып қана қоймай, өзінің опасыз іс әректерін танытып жүр.Экстремис дегенің өзі «қорқыныш үрей» сипатты терминді білдіреді. Соның өзі қандай ұсқынсыз сөз екендігі көрініп тұр. Қазіргі таңда бір аяныштысы батыстықтардың шығыстықты халықа жаман ретінде көрсетуі. Яғни, бұл дегеніміз ислам дініне халықты қарсы қоюуын айтып тұр. Сонымен қатар экстремистікті көбінесе тек исламнан көріп жатады. Батыстықтардың халыққа әсерін тигізгені соншалық ислам десе кейбіреуі шошитын жағдайға баратында баршылық. Кім басына хиджабын(орамалын) тақса немесе сақалын өсірген адамдарды көрсе жүректеріне бір қорқыныш билейді. Олардан қашқалақтап тым тырақай болып қала беретін жағдайға жетті. Ондай жағдайға жеткізген кімдер болуы мүмкін? Арине дінді өз мүдесіне пайдаланушылардың кесірінен болды. Бұл не деген бассыздық десенізші. Ислам дінін толық білмей кез келген ойды да айта берген де дурыс емес. «Ислам» - дінінің түбірінің мағыналарына тереңінен үңілсек, «тыныштық бейбітшілік» деген мағынаны білдіреді. Өздеріңіз ойлап қараныздаршы бейбітшілік деген қандай татулықты ынтымақтықты және де тату тыныштықта болатынын айтып тұр. Муслимнің хадисінде: «Кімде кім аллаға және ақыретке сенсе, көршісіне жақсылық жасасын. Кімде кім аллаға және ақыретке сенсе қонағына жылы шырай танытып құрмет көрсетсін. Сондай ақ кімде кім аллаға және ақырет күніне иланатын болса, жақсы сөз айтсын немесе үндемесін »

[2 ] Осы сөздің өзінде қонақа жылы шырай таныту керектігін айту арқылы қандай таза әрі хикмет сөз екендігі белгілі болып тұр.

Ислам дінінің тағы ғажабы ассаламуалейкум уа рахматулахи уа баракатух деп амандасу әдебінің өзі қандай айтылған десенізші. Яғни мұның мағынасы « сізге бейбітщілікпен тыныштық әкелсін »деген мағынаны білдіреді. Ислам дінін қаншама ғалымдар зерттеп оның нағыз илахи дін екендігін мойындап ашық айта кеткен. Есімі тарихта әскери данышпан , сонымен қатар мемлекет қайраткері ретінде танылған Франция императоры бірінші Наполеон (1769-1821) Мысырға кірген жылы (1798ж) Ислам дінінің ұлылығына, дұрыстығына қайран қалған, тіпті бір кездері мұсылмандықты қабылдау туралы да ойлаған. Төменде айтылған сөздер Черфилстің «Bonaparte et islam» атты еңбегінен алынған: «Ол былай дейді: « Алла тағаланың бар және бір екендігін Мұса алейһиссалам өз ұлтына, Иса алейһиссалам өз үмбетіне, ал Мұхаммед алейһиссалам бүкіл әлемге білдірді. Арабстан толығымен пұтқа табынатын еді. Иса алейһиссаламнан алты ғасырдан кейін Мұхаммед алейһиссалам өзінен бұрын келген Ибраһим, Исмаил, Мұса және Иса алейһиссаламдар уағыздаған Алла тағаланы арабтарға танытты. Арабтардың қасындағы ариандар (ариюс мазһабындағы христиандар) және Исаның ақиқат дінін бұзып, оларға үш тәңірі, яғни алла, алланың ұлы, қасиетті рух сияқты сенімдерді таратуға тырысқандар шығыстағы бейбіт өмірдің шырқын бұзған еді. Мұхаммед алейһиссалам  оларға тура жолды көрсеткен, Алланың бір екендігін, оның әкесіде, баласыда жоқ екендігін айту арқылы бірнеше құдайға сыйынудың пұтқа табынушылықтан қалған әдет екендігін түсіндірді.»[3]

Кітаптың тағы бір жерінде Наполеон: «Жақын арада бүкіл әлемнің зиялы адамдарын жинап, бір үкімет құруға және бұл үкіметті Құранда жазылған негіздер бойынша басқаруға мүмкіндік табамын деп ойлаймын. Тек құранда жазылған негіздердің дұрыстығына  сенемін. Бұлар адамды бақытқа жеткізеді » дейді.[3.] Оның үстіне Алла тағала тарапынан түскен қасиетті құран кәрімнің өзінде қандай негізгі экономикалық, адам құқығы, ғылыми, некеге қатысты жалпы моралдық  тағы басқаларды қамтылған. Оның үстіне дінге де еркіндік берілген. Оның дәлелі ретінде Құран Кәрімде: «Әй кәпірлер сендердің табынғандарыңа табынбаймын. Әрі сендер де менің құлшылық қылғаныма құлшылық қылмайсындар. Сірә, мен сендердің шоқынғандарыңа шоқынушы емеспін. Сондай –ақ сендерде менің құлшылық қылғаныма құлшылық қылушы емессіңдер» Кафирун сүресі:(1,6 аят ) [1.] Осыған назар салып қарасақ адамдарға қай дінді таңдауы өз еркінде екендігін айта кеткен. Осыны көре тұра исламды қалай ғана жазғыруға болады. Қазіргі кезде исламнан басқа діни ағымдар мен секталар жетерлік десекте болады. Исламның бейнесін жамылған сол ағымдардың біреуі болуы да айдан  анық. Ал жастарымыз сондай  екені білмей жүруі тағы да белгілі.Неге біз басқа ағымнан шыққан экстремист деп айта алмаймыз. Айтсақта тереңінен емес жүгіртіп қана кетеміз. Мәселен, Токиодағы газ шашып адам өліміне себепкер болған Аум синрике сектасын алсақ соларды Буддизм терорисі деп айты ма? Жоқ, арине айтпады.

Сонымен қатар Ирландияның  республикалық армиясы (ИРА) өзінің бастауын «Ирландия Азаматтық армиясынан» және «Ұлттық валонтерлардан»  алған еді. 1917 жылы ИРА ағылшындарға қарсы партизандық әрекет етіп келеді. Қару- жарақ қоймалары кедендер, полиция мекемелері және т.б. шабуылдың нысанасына айналды. Осы сияқты топтарға не дей аламыз?  Ол ненің салдары болуы мүмкін? Әрине діннен хабары жоқтықтан болып жатады. Қазіргі кезде өкінішке орай жастар арасынан осы секілді ағымға санасыз түрде кейіптар болып елдің тыныштығын құрту үстінде. Жоғарыда айтып кеткендей Ислам кейіпін жамылып елдің тыныштығын құрту жөнінде анығырақ айта кетсек артық кетпеспіз деп ойлаймын. Мәселен кімдерді ислам жолымен жүрміз деп істеген ісі ислам дініне қайшы әрекеттер жасап халықтың ынтымағын құртып елдің   шырқын бұзып жатыр дей аламыз. Оларға жеке тоқтала кетіп қысқаша айтып кетсек.             1987  жылы құрылған ислам қарсылық көрсету қозғалысы ұйымын алсақ.Ол қозғалыстың негізін қалаған Ахмет Ясин Хамас атты адамнан бастау алады. Олардың басты мақсаты бүкіл полестинаны азат ету болып табылады. Хамас өзіне жауынгерлерді университеттерден, мектептер және де мешіттерден тағы басқа жерлерден жинайды. Шехиттер жасақтары құрылып оларға ислам үшін күресіп шейіт болған кісі жәнатта болатындығын енгізіп басты жолы екендігін саналы түрде қабылдайды.

Хезболлах (алла партиясы, Ливан)  20ғ 80 жылдары пайда болды. Ол шейіт ағымындағы ислам фундаменталистерінің ұйымы. Оны құру кезінде сионизм мен эмпериализмге қарсы жихад жарияланды. Бұл ұйымның негізгі мақсаты Ливанан басқыншыларды қуып шығуболып табылады.1983 жылы Ливандағы терорлық іс әрекет американ және француз қазармаларының  қопарылумен бастау алды.Өзбекстаның ислам қозғалысының басты мақсаты орта азия аймағындағы елдерде мұсылман мекендейтін жерлерді жаулау арқылы халифат құру болып саналады. Өзбекстан ислам қозғалысының негізін қалаған Тахир Юлдаш атты адам болған. Олар тәжіктермен одақтасып ауған талиптерімен келісім шартта болған. Тағыда басқа топтармен бірігіп лаңгестік жоспарлар ұйымдастырған. Хизб ут тахрир аль ислами (Ислам азаттық партиясы)  бейресми діни саяси партия. Оның негізін қалаушы полестиналық мысырда дүниеге келген Таххудин Наббахани болған. Олардың басты мақсаты полестина жеріндегі израилдық басқыншылардан азат ету. Оның негізгі ұстанымдары «мемлекеттік шекара деген ұғымды мұсылмандар мойындамай олар бір ислам мемлекетінде бір халифаның басқаруында өмір сүру керек» деген идеяны алға тартады. Бұл идея батыс европаға тарай бастады. Ислам жүйесі атты кітабының алғашқы бетінде: «...адамның өмір жолын өзгертіп өркендеген өмір жолына бастамақшы болсақ , оның түсінігін өзгертуіміз керек» [1]  деп осы саяси топтың ұйымдары иландырғысы келеді.  ТМД елдеріндегі заңның осалдығынан және мұсылман атты жұршылықтың діни сауатсыздығы Хизб ут тахрир ұйымының жандануына оңтайлы жағдай болды.  Қазақстаның оңтүстік аймағында жайлаған Хизб ут тахрир экстремистік қозғалысы пайда болды. Оның көп шоғырланған жері Кентау қаласы болған.

Түркістаның 1500 жылдығын тойлау кезінде « Хизб ут тахрир»  осы жерде экстремистік терорлық сипаттағы іс әректтер істеуге тырысқан. Осы секілді көптеген ислам кейпіне кіріп жүргендер кездесіп жатады. Мұнда ағым сектантардың мақсаты тек адам санасын улау ғана емес көздеген мақсатқа жету үшін өз мүдесін пайдалану болып табылады. Ал сонымен қатар олар ислам дінінен туймедейді туйедей ететін бір себеб тауып соны одан сәрі ушықтырумен айналысады. Жихад мәселесін күрделендіріп одан ары ушықтырумен болады. Жихадты олар тек адамдарға тура мағынада түсіндіріп  алла жолында күресіп қолға қару алу арқылы шейіт болғанды бұйырады. Ал олардың  ойлары дұрыс емес деп айтуымызға болады. Жихадты бір жақты емес жан жақты қарастыруымызды қажет етеді. Өйткені тек соғысып жихад етпей сөз арқылы нақты дәлелмен жихад ашуымызға болады. Сол сияқты себебтер көп кездеседі. Міне осы әдіс арқылы  қаншама жастарымыз уланып дурыс жолдамын деп қалай бұрыс жолда жүргенін білмей жүр. Артарынан қаншама жазықсыз адамдар қырылып мерт болып жатады. Сондай ағымдардың үстінде кім билеп қай мақсатта ұмтылдырғанын білмейді. Ал солардың үстіндегілер болса оларды  бақылап одан сайын ушықтыруға итермелеп отырады. Енді олар кімдер болуы мүмкін? Сол жөнінде қысқа да нұсқа тоқтала кетейік.

Исламның жауы деп жүргеніміз сонау жылдардан бері іріткі келтіріп жүрген ағылшын мен ақш елдері болып саналады. Діни ағымдармен секталардың негізгі орталығы Англия мемлекетінде орналасқан. Қазіргі кезеңде елімізде негізгі өзекті мәселе болып жатқанын бірі Салафия ағымы болып танылып жүр. Олар өздерін мазхаб ұстанбаймыз өйткені біз Мұхаммед пайғамбарымыздың жолымен жүреміз деп қаншама жастарымызды үгіттеп насихаттап жүргендігі белгілі. Салафилер негізі уахабизмнен шықан. Ал уахабизмді құрған батыс еуропадағы ірі мемлекет Англия елі болған. Уахабизмнің негізін қалаған Мұхаммед бин Абдулуахаб хижраның 1111(м.1699) жылы Нәждте Хураймилә мекенінде дүниеге келіп , х.1206 (м.1791) жылы Дарийада қайтыс болды.

Ағылшындар арамдатушы жоспарлар ұйымдастырып Отарлау министрлігін құрады. Ол министірліктердің басты идеясы Ислам  арқылы қолы жетпей тұрған байлықты иемдену болып табылады. Дінге іріткі салу арқылы халықты екіге бөліп жерлерін иемденіп сол діни ағымды одан әрі күшейтіп өз мүддесі үшін пайдаланады. Осылай бертін келе батыстықтар дінді саясатқа айналдырып жастарымызды қуыршақ секілді пайдаланып дін арқылы көздеген мақсатты үшін аянбай бүгінгі күнге дейін қызметтін  жалғасып келеді. Қай жерде болмасын сөйлеу әдебін ұстап, аңдап сөйлеу керек  ал шалыс кетсен қалай адасқаныңды өзің білмейтін боласын. Сондықтан айтады ғой аңдамай сөйлеген ауырмай өледі деп. Сол секілді бірзатты айтар алдында мәдени тұрғыдан сөйлегенді қажет етеді.  Дін деген ол күрделі әрі ол бір назік болады. Жастарымыздың ондай ағымдардың етегіне кіріп кетпеу үшін олардың діннен біршама сауаптылықты талап етеді. Қазіргі таңда мектептерде дінтану сабақтары жүріп жатыр бірақ оқушыларға сабақ беретін мұғалімдердің барлығы тарихшылар болғандықтан оқушылар діннен тереңінен мағлұмат ала алмай кететін жайы бар. Осы жағын ойлап ой елегінен өткізсе нұр үстіне болары сөзсіз.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 
1.Мұқанқызы С. Исламның арқауы-ізгілік. //Егемен Қазақстан, № 42 2014 ж
2. Мұхтар Құл-Мұхаммед. Дінге сергектік-ділге сергектік.
3. . Р.Әбсаттаров,Ә.Отыншиева Терроризм тамыры қайда және оны қалай қырқамыз?//Ақиқат, 2003,






































Жастар арасындағы терроризм мен экстремизмнің алдын алу мәселелері



Базарбаев Кенжетай Исатаевич

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Нұржау ауылы

Нұржау жалпы орта мектебі

тарих және құқық пәнінің мұғалімі



Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Діннің қоғамдық қатынастарға, қоғам санасының діни компонентін қалыптастыруға ықпал ету спектрі күшейіп, кеңейе түсуде. Халықтың әртүрлі топтар өкілдерінің рухани, соның ішінде діни өмір салтына деген қызығушылығы артуда.

2011 жылы Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы өз күшіне енді, онда біз алғаш рет ханафи бағытындағы исламның және православтық христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін атап өттік.

Діни бірлестіктерді қайта тіркеудің нәтижесінде өткен жылы еліміздегі конфессиялардың нақты саны белгіленді. Сонымен, қайта тіркеу қорытындысы бойынша республикамызда қазіргі кезде 17 конфессия өкілдерінен құралған 3088 діни бірлестік жұмыс істейді, олар қолданыстағы Заңның талаптарына сәйкес құқықтық рәсімделуден өтті. 3088 діни бірлестіктің басым көпшілігін мұсылмандық бірлестіктер (2229) құрайды, бұл халқымыздың тарихи дамуымен байланысты заңды құбылыс. Республикамызда 3226 ғибадат үйлері жұмыс істейді, олардың 70 %-ы (2269) – мешіттер.

Елімізде әртүрлі діндер мен конфессия өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді іс-әрекет етуі үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Мұсылмандар, христиандар және басқа діни сенім өкілдері біздің көпконфессиялы және көпұлтты ортақ үйімізде қоян-қолтық араласа өмір сүріп жатыр. Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар әлемдегі көптеген елдер үшін үлгі болып отыр. Жалпы, дін қоғам мен мемлекет дамуының қажетті және сөзсіз жағымды факторына айнала бастады.[2]

Дей тұрғанмен, құрметті конференцияға қатысушылар, дінмен байланыстының бәрі бірдей оң сипатқа ие бола бермейді. Сондықтан біз діннің жағымды жақтарын айтып қана қоймай, әрбір жағдай мен үдеріске әділ көзбен, шыншылдықпен қарап, тиісті бағасын беруіміз керек.

Өкінішке орай, дін рөлінің арта түсуі барысында халықтың діни өмірінің кейбір келеңсіз көріністері ашыла бастағанын айта кеткім келеді. Аталмыш мәселені зерделеу көрсетіп отырғандай, елімізде қалыптасқан қағидаларға мойынсұнбайтын азаматтар да жоқ емес; кейбір дінге сенушілердің қоғам алдындағы конституциялық, азаматтық борышын атқарудан бас тарту оқиғалары көрініс алуда.

Бәрімізге белгілі, Конституцияға сәйкес азаматтар тарихи және мәдени мұралардың сақталуына, балаларға қамқорлық жасауға міндетті. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi болып табылады. Бұл ретте кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар да еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi. Біздің елімізде орта білім алу міндетті болып саналады. Азаматтардың денсаулығы тек медициналық мекемелер арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтардың өз тарапынан қамтамасыз етілуі қажет. Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті болып табылады.

Бүгінде жекелеген діни конфессиялардың кейбір өкілдері ойдан шығарылған діни шектеулердің салдарынан қоғамдық тұрмыстың осы бір маңызды компоненттерін жиі елемей жүргендіктен, осы аспектіге жіті назар аудару маңызды болып отыр.

Жекелеген субъектілердің дінді саясиландыруға талпынып жүргені де жасырын емес. Бұған Конституция және елдегі заңнама арқылы тыйым салынғанын ерекше атап өтеміз. Елімізге айқын немесе жасырын теріс пиғылды ниеті бар жат діни идеологияның енгені байқалуда. Осының салдарынан дінге сенуші тұрғындардың кейбір бөлігінің қоғамдық қатынастардың қалыптасқан жүйесін қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартып, өктемдік мен радикализмнің шектен шыққан түріне бой алдыруы аса қауіпті болып отыр.[3]

Діни экстремизм мен терроризм радикализмнің кең тараған түрлері болып табылады. Өкінішке орай, құқық қорғау органдары атап көрсетіп отырғандай, мұндай қылмыс түрлері де елімізде етек алуда. Осы жағдайлар көрсетіп отырғандай, түрлі қағидалармен және нұсқаулармен қоса берілген діни идея, басқаша айтқанда, «дініңді ұстай алсаң – қасиетіңе, ұстай алмасаң – қасіретіңе» айналдыратын емшінің өткір пышағы іспеттес.

Экстремизм мен терроризм идеологтары дінді пайдаланып, діни риториканың ерекше әдістерін қолдана отырып, халықтың белгілі бір топтарының ой-санасына теріс ықпал ете білді. Көп жағдайда әлеуметтік белсенділігімен ерекшеленетін, идеологиялық ықпалға тез түсетін қоғамның ерекше тобы саналатын жастар теріс пиғылды діни насихаттық қызмет үшін ыңғайлы нысанаға айналды. Жас ерекшеліктеріне қарай ізденгіш және білуге құмар болып келетін жастар қылмыс әлемінің, соның ішінде шетелдік және халықаралық субъектілердің тарапынан айлакерлікпен жасалған идеологиялық тұзаққа жиі түсетін болды.

Бүгінде Қазақстандағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың үлес салмағы халықтың жалпы санының 27,8%-ын, яғни 4,5 миллионнан астам адамды құрайды. Олардың 700 мыңнан астамы – студенттер. Бұл ретте ауылдық жерлердегі 46%-ды құрайтын жастарға қарағанда 56%-ды құрайтын қала жастарының саны көптеу.

Кейбір деректерге сүйенсек, дүниежүзі бойынша жастар халықтың шамамен 18%-ын құрайды, соның ішінде ғаламшардағы жастардың 85%-ы дамушы елдерде тұрады екен. БҰҰ берген деректер бойынша келесі ғасырдың аяғына қарай 30 жасқа дейінгі жастар жер шары тұрғындарының жартысын не одан көбін құрайтын болады деген болжам бар.[2]

Адамдар білім алу, мамандық таңдау және қоғамда әлеуметтену, негізгі араласатын ортасын құру, рухани қағидаттар мен бағдарын қалыптастыру секілді негізгі әлеуметтік және демографиялық өмірлік кезеңдерінен дәл осы жас кезінде өтеді.

Әлеуметтік және азаматтық тұрғыдан есею шағында жастар көбіне біз үшін жат ықпалды күштердің алдында әлсіздік танытады. Әсіресе жастар діни экстремизм мен терроризм субъектілері тарапынан жасалған идеологиялық шабуылдардың алдында қорғансыз болып келеді.

Жастар әділдік пен жақсылық үшін күресте барлық іс-әрекетке, соның ішінде шектен шығушылыққа да бой ұрады. Мәселен, «Хизб-ут-Тахрир», «Орталық Азиядағы моджахедтер жамағаты», «Жунд әл-Халифат», «Таблиғи жамағат» сынды экстремистік және террористік ұйымдардың негізінен ылғи жастардан құралғаны бізді алаңдатады.[4]

«Жунд әл-Халифат» ұйымы тарапынан жасалып жатқан қауіп-қатерлердің алдын алып, радикализмнің әртүрлі көріністеріне ымырасыз жол бермеуге бағытталған біз таңдаған жолдың дұрыстығын әрі уақтылы болғанын айта кеткен жөн.

Жастардың үлкен топтары салафи ағымының басты көзқарастарына негізделген түрлі радикалдық такфиршіл, жихадшыл жамағаттар қатарынан көрініп отыр.[3]

Барлық тарихи кезеңдерде жастар қоғамның ең ұтқыр, оқуға, жаңалық енгізуге және реформаларға бейім бөлігі ретінде сипатталғанын бәріміз білеміз. Қазіргі таңда тек білімді, ой-санасы терең, ақыл-ойы дамыған және кәсіби дайындалған жастар ғана сапалық, серпінді және инновациялық дамудың маңызды шарты мен кепілі болатынын, еліміздің болашағын қамтамасыз ете алатынын ешкімге дәлелдеп жатудың қажеті жоқ.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты. [6] Бұл жағдаят адам, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді. Сондықтан, мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды.

Бұған қоса, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қатысы бар азаматтық қоғам институттарының барлығы біздің болашағымыз алдындағы жауапкершілігін түсінуі қажет. Бірінші кезекте бұл, әрине, ата-аналар мен жақын туыстарға қатысты, өйткені, тәрбиелеу ісі адамның дүниеге келген сәтінен бастау алатыны айтпаса да түсінікті.

Дүниетаным негізі, адамның ақиқатқа деген көзқарасы балалық, жасөспірімдік және жастық шағында қалыптасады. Қазақ жастары үшін аға буын өкілдері – аталарымыз бен әжелеріміздің, әкелеріміз бен аналарымыздың ғибратты сөздері, мінез-құлқы мен даналығы тәрбиелік жағынан үлкен әсер еткен. Сондықтан отбасылық тәрбие институттарын барынша қолдау қажет.

Әрине, жалпы білім беретін, орта арнайы және жоғары оқу орындарындағы, жалпы білім саласындағы тәрбие үдерісі өте маңызды болып табылады. Баршаңызға белгілі, біздің елімізде орта білім алу міндетті болып саналады, ал жоғары білім алуға көп жағдайда мемлекет қолдау көрсетеді. Бұл ретте білім беру жүйесі зайырлы қағидаттардан тұрады және қоғамның жан-жақты және үйлесімді дамыған мүшесін қалыптастыруға бағытталған.

Имамдар, дін қызметкерлері және жалпы дін саласындағы беделді азаматтар жастарды рухани-адамгершіліктік тұрғыдан тәрбиелеуде елеулі рөл атқарады. Алайда қазіргі уақытта діни білім беру жүйесі бүгінгі күннің талаптарына және жастардың рухани сұраныстарына толық сәйкес келеді деп айта алмаймыз. Кейбір имамдардың ой-пікірлерінің тайыздығын, жастарға үлгі болатын мінез-құлықтарының жоқтығын көріп қынжыламыз. Зәру сұрақтарға жауапты діннен іздеген жастар оларды мешіттерден, дін қызметкерлерінен әрдайым таба бермейді. Кейде жастардың мешітке кіргенде діни қауымның кейбір өкілдерінің пайдакүнем, тәкаппар мінездерін көретіні жасырын емес. Сондай сәттерде, әрине, жастар діни экстремизм идеологтарының қолына оңай түсуі мүмкін, мұндай жағдайлар бұған дейін де орын алған.

Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жастарды биік өнегелік мұраттар рухында тәрбиелей отырып, жоғары құндылықтарға сәйкес болуы қажет екеніне назар аударамыз. Бұл үшін оған әрдайым өзін-өзі жетілдіру қажет. Бұл бағытта біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірігіп, имамдардың біліктілігін арттырудың және жалпы мұсылман қауымның діни қызметін жетілдірудің ықтимал тиімді жолдарын талқылап, пысықтаудамыз.

Жастарымыздың шет мемлекеттерге теологиялық білім алу үшін шығу үдерісіне мемлекет пен ҚМДБ біртіндеп бақылау жүргізуде. Кейбір мұсылман елдеріндегі діни оқу орындарын тәмамдаған отандастарымыз елге оралған соң исламдағы ханбалит мазхабы іліміне негізделген мәдениетті уағыздауда, бұл жағдай біздің дәстүрлі рухани құндылықтарымызға сәйкес келмейді.

Бұл өз кезегінде дінге сенушілер арасындағы алауыздыққа әкеп соқтырады, өйткені қазақ халқының ғасырлар бойы ұстанған діни дәстүрлеріне қайшы келеді, соның салдарынан қоғамдық және діни қауіпсіздікке айтарлықтай зиянын тигізеді. Арабтардың салт-дәстүрлерін дәріптейтіндер қазақ әйелдердің хиджаб киюі міндетті екендігін даурығып дәлелдеуге тырысуда. Ат төбеліндей дүмшелер дүниеден өткен марқұмдарға Құран бағыштау салтын теріске шығарып, құлпытастарды қиратушыларды ақтап алуға тырысуда. Сондай-ақ олар адасып жүрген бауырларымыздың тарапынан жасалып жатқан мән-мағынасыз лаңкестік әрекеттерді де ақтап алмақшы.

Жастарымыздың басым бөлігінің дұрыс тәрбие алғаны және алып жатқандығы белгілі; олар – отансүйгіш патриот, рухани және психологиялық тұрғыдан мықты және салауатты жандар. Елімізде жастардың ізденгіш, арманшыл болмысын өмір шындығымен ұштастыру және олардың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін барлық жағдайлар жасалуда.

Біздің жастар – алғыр, барлық заманауи технологиялық құралдарды меңгеруде, кез-келген басқа елдің жастарымен зияткерлік деңгейі жағынан терезелері тең. Біздің жастарымызға биік рухани-өнегелік қасиеттер тән.

Өмір сабақтары көрсеткендей, бүгінде рухани тұлға болу тұрақты түрде машықтануды талап етеді. Жаппай технологиялану және ғаламторға жылдам қосылу мүмкіндігі жасалған ғасырда, кең ақпараттық мүмкіндіктер жағдайында жастарға кейде діни немесе басқа қажетті идеяны дұрыс таңдау қиынға соғады. Сондықтан теориялық ережелерден, жалықтырып жіберетін философиялық немесе ортағасырлыққа тартатын керітартпа ұғымдардан гөрі жастар айтулы тұлғалардың нақты тәжірибесінен сабақ ала отырып, имандылықтың шынайы мәнін танып-түсінуі қажет.

Сонымен қатар, жастардың санасына діни қайраткерлерден басқа адамдар да рухани бай бола алатынын сіңіру керек. Елімізде үлгі-өнеге алуға лайықты қаншама иманжүзді ғалымдар, дәрігерлер, ұстаздар, өнер қайраткерлері, әскери қызметкерлер, саясаткерлер бар. Оларды құрметтей және оларға еліктей отырып, жастарымыз көптеген өмірлік сауалдарына жауап тапқан болар еді.

Діни ұрандарды жамылып, қолынан кінәсіз жандардың қаны тамған лаңкестер шын мәнінде қаһарман емес. Бетперденің және «мужахид» имиджінің артында адамдарға билік жасауды көксеген, баюдың ең арсыз мүдделерін көздеген, махаббат пен имандылықтан жұрдай жүрексіз, кейде тіпті психикасы бұзылған субъект жасырынып тұрады.

Кез келген дін, соның ішінде ислам да адамның білім алуына шектеу қоймайды. Қазіргі заманда сауаты бар адам ешқашан көш соңында қалып қоймайды. Сондықтан жастар Алла тағала берген жастық шақ пен алтын уақытты дұрыс бағалап, білім алуға, кәсіптің белгілі бір саласын игеруге барынша күш жұмсауы қажет. Жастар заманауи техникалық байланыс құралдарының барлық түрін игеріп шығуы тиіс.

Діни тұрғыдан алғанда әркімнің өз халқының дәстүрлерін біліп, сақтап, құрметтегені абзал. Біздің қазақи көшпенді мәдениетіміз басқа мәдениеттерден көп қырлылығымен және біртұтастығымен ерекшеленеді. Бұл дегеніміз, біздің ата-бабаларымыздың дін мәселелерінде ақ-қараны айыра білсе де, дінді арнайы салаға немесе өмірдің міндетті бөлігіне айналдырмағанын аңғартады.

Ислам діні ешқашан басқа сенімдерге немесе қоғамның құндылықтары мен дәстүрлеріне қарсы шыққан емес. Қазақтар дінді сыртқы атрибутика ережелері мен шартты жоралар жиынтығы ретінде емес, этникалық мәдениет пен халықтың философиясымен табиғи байланысы бар әмбебап діни ілім ретінде қабылдады.

Мұның бәрі біздің бабаларымыз ұстанған және қазір Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми түрде насихаттайтын исламдағы ханафи мазхабы ілімінің арқасында мүмкін болып отыр.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, еліміздегі жастарды діни ұстазды таңдауда барынша сақ болуға шақырар едім. Жалған уағызшылардың шақыруын ойланбай қабылдап, жетегінде кетпей, әрбір іс-әрекеттеріңіз бен қадамдарыңызды ақылға салып, оларды қоғамда белгіленген жүріс-тұрыс және адамгершілік нормалары тұрғысынан пайымдауға тырысқандарыңыз жөн.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «...дін мәселелерінде ойластырылған қадам және өте мұқияттылық қажет. Біз ұят, толеранттылық және төзімділік еркіндігі принциптерін қастер тұтуымыз керек», - деп атап көрсетті.[ 1.]

Сонымен қатар Ұлт көшбасшысы өзінің « Сындарлы он жыл » атты еңбегінде: «...біздің мемлекетіміздің зайырлы келбеті – Қазақстанның табысты дамуының маңызды шарты. Мұны Қазақстанның қазіргі және болашақ саясаткерлері, барлық қазақстандықтар айқын түсінуге тиіс», .[ 5.] - деп ерекше айтып өтті.

Біз тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақ еліне айтқан осы дана сөзін әрбір өскелең жас ұрпаққа аманат етіп жеткізуіміз керек. Өйткені жалпы ұлттық ойлаудың басты парадигмасына және Қазақстанның тиімді мемлекеттік дамуының ұйымдастырушы күшіне айналған бұл алғышарттар еліміздің, еңбексүйгіш Қазақстан халқының болашағы жарқын болатынына сенім ұялатады.





Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


1.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев « Қазақстан – 2050 » стратегиясы.

2. Р.Әбсаттаров,Ә.Отыншиева Терроризм тамыры қайда және оны қалай қырқамыз?//Ақиқат, 2003,

3. С.Тлеубергенов Объединяться чтобы выжить//Азия междунароодная жизнь.-Алматы, 1998г, №27.

4. Габов Ю.А. Истоки, цели, идеи и формы глобального терроризма
Сергиенко В. Политический Ислам в Центральной Азии: Призрачная или
Косиченко А.Г. Современный терроризм: взгляд из Центральной Азии- Алматы,2002,

5.Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл - Алматы:Атамұра, 2003, с.29 

6 Абай Құнанбаев « қара сөздері.»









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!