Материалдар / БАЯНДАМА : КҮН ЭНЕРГИЯСЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БАЯНДАМА : КҮН ЭНЕРГИЯСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінде баламалы электр энергиясын өндіру озық әлемдік технологияларды енгізуге және энергетикалық тиімді бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2022
386
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледж















КҮН ЭНЕРГИЯСЫ





Орындаған: 119000 - Тоңазытқыш компресорлар машиналары және қондырғылары Өндірістік оқу шебері Ибраева Галия Айтбаевна





















Қызылорда 2022ж



Мазмұны



  1. Кіріспе ...........................................................................................................3

  2. Күн энергиясын алу....................................................................................4

  3. Энергияны пайдалану жолдары...............................................................5

  4. Күн энергиясын электр энергиясына түрлендіру.................................6

  5. Күн көзінен ток алатын батарея..........................................9

  6. Қорытынды..................................................................................................10

  7. Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................11










































Кіріспе

Қазіргі заманды электр энергиясынсыз елестету мүмкін емес. Адамзатқа энергия қажет және жыл сайын оның қажеттілігі артып келе жатыр. Бірақ мұнай, көмір, газ және т.б. қоры шексіз емес. Бұл мәселені шешудің екі жолы бар: энергоресурстарды үнемді жұмсау және баламалы энергия көздерін пайдалану.

Елбасымыздың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз»,- деген еді. Сол себепті де, электр энергиясын алудың шығыны аз, экологиялық таза көздерін табу бүгінгі күннің негізгі мәселесіне айналып отыр. Соңғы кездері экологиялық проблемалар, пайдалы қазбалардың жетіспеушілігі және оны географиялық біркелкі емес таралуы салдарынан электр энергиясын өндіру, жел энергетикалық құрылғыларды, күн батареяларын, газ генераторларын пайдалану арқылы жүзеге аса бастады.

Электр энергетикасы – энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті — электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру. Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да…) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі.

Электрлік энергияның маңыздылығы — оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болады. Бүгінде Қазақстанның жер қойнауы табиғи қазбаларға бай болғандықтан энергия тапшылығы айтарлықтай байқалмайды. Дегенмен баламалы энергия көздері ол болашақтың қажеттілігі екені сөзсіз. 

Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты:

Энергия тұтынушысын құрылымы қарапайым, экологиялық таза және пайдалануға қолайлы – Жердің электр өрісіне қосу арқылы болашақ қажеттілігі –энергияның бірегей баламалы көзін өндіруді дамытуға үлес қосу.

Зерттеудің өзектілігі: 

Бүгінде баламалы электр энергиясын өндіру озық әлемдік технологияларды енгізуге және энергетикалық тиімді бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сондықтан, баламалы энергия көздеріне қазірден бастап баса назар аударылуы тиіс. Табиғатта экологиялық таза, жаңартылмалы, пайдалануға оңай, осы күнге дейін ешқайда қолданылмайтын, бірегей энергияның баламалы көзі – Жердің электр өрісінің энергия көзін пайдалану мәселесінің маңызы зор.



 













Күн энергиясын алу


Күн энергетикасы дегеніміз –  дәстүрлі емес энергетика бағыттарының бірі. Ол күннің сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға негізделген. Күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан да еш зияны жоқ. Күннің сәулеленуі – Жердегі энергия көзінің негізгі түрі. Оның қуаттылығы Күн тұрақтысымен анықталатындығы белгілі. Күн тұрақтысы –  күн сәулесіне перпендикуляр болатын, бірлік ауданнан бірлік уақыт ішінде өтетін күннің сәуле шығару ағыны. Бір астрономиялық бірлік қашықтығында (Жер орбитасында) күн тұрақтысы шамамен 1370 Вт/м²-қа тең. Жер атмосферасынан өткен кезде Күн сәулеленуі шамамен 370 Вт/м² энергияны жоғалтады. Осыдан Жерге тек 1000 Вт/м²-қа тең энергия ғана келіп түседі. Бұл келіп түскен энергия әр түрлі табиғи және жасанды процесстерде қолданылады. Күн сәулесі арқылы тікелей жылытуға немесе фотоэлементтер көмегімен энергияны қайта өңдеу арқылы электр энергиясын алуға не басқа да пайдалы жұмыстарды атқаруға болады.

Күн энергиясы - шешуші экологиялық факторлардың бірі. Атап айтқанда жарық  жерде өмір сүретіндердің барлығына дерлігін фотосинтез арқылы энергиямен және құнарлы заттармен қамтамасыз етеді. Тірі ағзалар үшін сөуле толқынының ұзындығы, оның қарқындылығы және сәулелендірудің ұзақтығы қажет. Күн сөулесінің спектрі үш аймаққа бөлінеді, олар: ультракүлгін, көрінетін және  инфрақызыл сәуле шығару аймағы.

Адамның табиғат үрдісіне араласуының нәтижесінде ХХ ғасырдың ортасында экологиялық мәселелер пайда болды. Соңғы 10 жылда ғана біздің әлем атмосферадағы көмірқышқыл газының көлемі 5% көбейді. Ластанудың физикалық факторына электромагниттік өріс, шу, радиоактивтік сәулелену, вибрация , гравитациялық өріс өнеркәсіптік қондырғылардың жылуы жатады.

Жылулық ластану физикалық факторлардың бірі болып саналады. Ауаға автокөліктермен тек қондырғыларда пайдаланылған бу мен газдар арқылы жылу бөлініп, оның жылдық үлесі 7-10 ккал- ға жетеді. Қоршаған табиғи орттаның ластануын түсіндіре келе мына шарттарға ерекше тоқталмақшымын. Дүниежүзіндегі барлық энергетикалық қондырғылар атмосфераға жыл сайын 200-250млн тонна күл және 60 млн тоннаға жуық күкіртті ангидрид шығарады екен.

Атмосфераға ауаны ластаушылардың бірі-автокөлік. Қызылорда облысында 528 439 автокөлік бірлігі тіркелген. Олардың 62,1 % дизельді жанармай және тек 15 % -ы экологиялық қауіпсіз болып келетін газды жанармайды қолданады. Автокөліктегі зиянды заттардың қалдығының көп болуының басты себебі-автомобиль паркінің техникалық қызмет көрсетуінің орынсыздығы, сапасыздығы, жанармай сапасының төмендегі және қалдық газдарды тазалайтын сүзбенің жоқтығы.

Облыстағы қолайсыз экология әсіресе балалардың және аналардың өлімінің денгейінің жоғарғы болуына әсерін тигізуде. Ана өлімі мен нәрестелердің өлі туылуы және нәрестелердің жасқа толмай қайтыс болуы көптеп орын алуда.

Қазіргі кезде сәбилердің дүниеге келгенде-ақ жүрек ақауы бар екендігі иммундық жүйесінің әлсіздігі, қан айналу және нерв жүйесінің бұзылғандығы байқалып жатыр. Өйткені қазіргі кезде экологиялық апаттан күніне 8 адам қаза болады екен.Нәтижесінде, пайдаланылған қалдық газдар ауада қышқылданып, біршама уландырғыш зат түзеді. Пайдаланылған қалдық газ компоненттері сәулесін жұта отырып, атмосфераны ластаушы заттар түзетін химиялық реакция түзеді. Нәтижесінде озоннан, азот оксидінен, альдегидтерден құралатын фотохимиялық түзіліс пайда болады. Озон өкпе жұмысын әлсіретіп, азот оксиді астмамен ауыратындардың тұншығып, тыныс жетпей өліп кету қаупін тудырады. Ал, альдегидтер адам көзінің, мұрын мен өңештің сілекейлі қабатын тітіркендіріп, бастың жиі-жиі ауруына әкеп соғады. Жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің ауруларының жоғары дәрежеде екендігі байқалып отыр. Мысалы, дүниеге келген 3600 сәбидің 9 %-ын ай күніне толмай туған балалар құрап отыр. Жаңа туған әр 1000 баланың 700-дейі әр түрлі аурулармен ауыратын көрінеді. Осылайша атмосфераға тарайтын зиянды қалдықтар адам өміріне қауіп төндіруде. Сондықтан экология- бүгінгі күннің басты талабы.

Бүкіл әлем Энергия тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын альтернативті энергия көздеріне қол жеткізуге кірісіп кетті. Бүгінгі таңда әлемнің ғалымдары энергияның жаңа көзін жыл өткен сайын іздестіріп келуде. Сарқылмайтын дүние жоқ. Уран да сарқылатын отынға жатады.

Атом энергетикасының келешегіне қауіп төніп, көптеген елдер баламалы қуат көздері туралы ойлана бастады. Әрине, көгілдір отын және көмірмен жұмыс істейтін стансаларда өндірілетін қуат арзан, бірақ олардың қоры шектеулі. Сондықтан күн батареялары мен жел стансаларының қымбаттығына қарамастан, энергия өндіру бағытында жаңғыртылатын қуат көздерін құру бүгінгі және болашақ үшін өте маңызды.

Менің ойымша, елімізде күн сәулесі болашақтың сарқылмас энергиясы бола алады. Мысалы күн энергиясын пайдалануға толық мүмкіндігіміз бар. Оңтүстік облыстарда бір жылдың ішінде 180-250 рет күн ашық болып, орташа температура 37 0С құрайды. Бұл дегеніңіз біз үшін, ең тұрақты, ең арзан, таусылмайтын энергия көзі күн сәулесінің энергиясы болмақ деген сөз.


Энергияны пайдалану жолдары


Әлемде энергия қоры тапшы. Сондықтан болар, дамыған елдің бәрі баламалы энергия көзін қолданысқа енгізумен әлек. Күн, жел энергетикасы сынды қуат көздерін дамыту бүгінгі күннің басты қажеттілігіне айналып келеді. Тіпті, елімізде өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне ұсынылған тақырып та осыған орайлас, яғни, «Болашақтың энергиясы!»

Жел энергиясы жөніндегі әлемдік кеңестің мәліметі бойынша, 2020 жылы жел электр стансалары өндіретін электр энергиясының көлемі жаһандық тұтыну деңгейінің 12 пайызын қамтамасыз етуі мүмкін.

«Күн энергиясын тікелей электр энергиясына айналдыратын шама өткізгіштерден құрастырылған Күн батареялары күнделікті өмірде қолданылуда.  Біздің заманымызда табиғи таза энергия қоры – Күн энергиясын пайдаланудың негізгі екі бағыты бар:

  • күн энергиясын ішкі энергияға түрлендіру арқылы жылумен қамтамасыз ету;

  • күн энергиясын электр энергиясына түрлендіру.

Қазақстан жерінде өзен, көл, мұздақтар мен жер асты суының таралуы және олардың деңгейлік ерекшеліктері ең алдымен климат факторына, жер бетіне түсетін жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Су қорларының ішінде, әсіресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күшті. Бірақ көпшілік өзен-көлдердің деңгейлері үнемі күрт ауытқып отырады: кей жылдары су мөлшері қалыпты орташа деңгейден 2-4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтік аймақта жайласқан Қазақстанның маңызды табиғи қорларының бірі – жер асты суы. Су қорлары кең байтақ аумақта біркелкі таралмаған.

Қоғам дамыған сайын энергия тұтыну қажеттігі қарқындап өсе түседі. Әсіресе электр энергиясының орны ерекше, себебі энергияның басқа түрлерімен салыстырғандағы, оның бірнеше артықшылықтары электр энергиясын өте аз шығынмен энергияның кез келген басқа түріне оңай айналдыруға және оны алыс қашықтыққа жеткізуге мүмкіндік береді.

Күн үлкен энергия қорына ие, жылына жер бетіне түсетін күн энергиясы 7,5*1017кВт/сағ. Күн энергиясының маңызды артықшылықтарының бірі қоршаған ортаға қауіпсіздігі және арнайы жеткізу құралдарының қажет еместігі болып табылады. Сонымен қатар оның кемшіліктері де бар, күн энергиясын алудың тұрақсыздығы. Күн жүйелері түнде жұмыс істемейді, ал кешке және таңертең станция тиімділігі бірнеше есеге төмендейді.

Қазақстанның балама энергия көздері бойынша әлеуеті аса зор. Экспорттық бағамдау негізінен алғанда еліміздің құрамына гидроэнергия, жел және күн энергиясы кіретін ресурстық әлеуеті 1 триллион кВт/сағат мөлшеріне тең деп жобалануда. Ақиқатында Күн мен Қазақстандық жел энергиясының қуаты ешқашан сарқылмайды.



Күн энергиясын электр энергиясына түрлендіру


Күн энергиясын күнделікті тұрмыста кеңінен пайдалану – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Әсіресе, бұл мәселенің түбегейлі шешілуі қазіргі уақытта дүние жүзінде мұнай мен газ секілді отынның күннен-күнге қымбаттауынан туындап отырған негізгі проблемалардың толықтай шешімін табарына өз септігін тигізері сөзсіз. Себебі, осыдан 50 жылдай бұрын американдық ғалым Кинг Хуббертс айтқандай: «… Мұнай  тек оны өндіруге кеткен электр энергиясы одан өндірілетін электр энергиясынан аз болған кезге дейін ғана электр энергиясының негізгі көзі ретінде саналады. Ал бұдан кейін мұнай өндіру оның бағасына қарамастан тоқтатылады». Ғалымдарымызға бұл тұжырым «К.Хуббертстің заңы» деген атпен белгілі.

Күн сәулелерін шоғырландырып, оларды кремний батериясына бағыттау жарық сәулесін өзгертіп, электр энергиясына айналдырады.

90-жылдардың басынан бастап энергетикалық және экологиялық проблемалардың өсуіне байланысты экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің үкіметтері күн энергиясын дамытуға елеулі қаржы сала бастады. Көптеген сарапшылар 2010-2020 жылдары көмірсутегі шикізатын ұсынудың төмендеуі байқалатынын болжайды . Осының салдарынан 2025 жылға қарай әлемдік энергетикалық теңгерімдегі энергияның жаңғыртылатын көздерінің үлесі қазіргі 5% -дан 10 %-ға дейін, ал 2050 жылға қарай 50%-ға дейін өседі деп санайды.

Күн үлкен энергия қорына ие, жылына жер бетіне түсетін күн энергиясы 7,5*1017кВт/сағ. Күн энергиясының маңызды артықшылықтарының бірі қоршаған ортаға қауіпсіздігі және арнайы жеткізу құралдарының қажет еместігі болып табылады.

Күн элементтері-күн сәулесін қабылдап, оны электр энергиясына түрлендіретін материалдардан жасалуы керек.

Күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғыларының түрлері:

  • Фотоэлектрлік (күн батареялары);

  • Фототермиялық (күн коллекторлары)

Күн батареялары –күн энергиясын тікелей электр энергиясына айналдыратын жартылай өткізгіш құрылғы. Күн батареясы немесе фотоэлектрлік генератор – Күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыратын шала өткізгішті фотоэлектрлік түрлендіргіштен (ФЭТ) тұратын ток көзі. Көптеген тізбектей-параллель қосылған ФЭТ-тер. Жеке ФЭТ-тің электр қозғаушы күші 0,5-0,55 В-қа тең және ол оның ауданына тәуелсіз (1 см² ауданға келетін қысқа тұйықталу тогының шамасы – 35-40 мА). Күн батареясындағы ток шамасы оның жарықтану жағдайына байланысты. Яғни күн сәулелері Күн бетіне перпендикуляр түскенде, ол ең үлкен мәніне жетеді. Қазіргі уақытта көбінесе фотоэлектрлік түрлендіргіш кеңінен қолданылады. Фотоэлектрлік түрлендіргіште энергияның бір түрден екінші түрге ауысуы біртекті емес жартылай өткізгіш құрылғыларда күн сәулесінің әсерінен пайда болатын фотовольттық әсерге негізделген. Түрлендірудің тиімділігі жартылай өткізгіш элементтің электрофизикалық сипаттамасына, түрлендіргіштің оптикалық қасиеттеріне байланысты.

Күн батареяларында шикізат ретінде кремний қолданылады. Күн кремнийiнiң жоғары құны фотоэнергтиканың дамуын тежейтiн фактор болып табылатындықтан, әр түрлi елдердiң ғалымдары оның құнын төмендететiн кремнийдi алудың жаңа технологияларын әзiрлеуде. Алайда, күн кремнийiне сұраныс өте жылдам өседi және ұсыныстардан озық жүредi. Қазiргi уақытта 2300 тонна ұсынған кезде сұраныс жылына 5-6 тоннаға жетедi, сондықтан күн кремнийiн емес, неғұрлым жоғары жартылай өткiзгiштiк сапасындағы кремнийдi пайдалану арқылы тапшылық жабылады.

Күн коллекторлары - бұнда жылу тасмалдаушы ретінде суды пайдаланады, күн сәулесінен қызған су, коллекторы өзінің бойына жарықты жинап, оны жылытуға айналдырады. Ол бірнеше қабаттан бір-бірінен байланысқан вакуум шыны түтікшелерден жиналады (коллектор). Трубканың ішкі жағы арнайы қара қабаттан тұрады, осы қабаттар жылуды жұтып, ішіндегі мыс сымдар арқылы жылуды конденсаторға береді. Вакуум шыны түтікшелері ең жоғарғы жылу оқшаулағыш болып табылады. Бұдан жылыған суды тұрмыстық қажеттілік үшін пайдалануға болады. Күн тақтайшалы вакуумдық коллекторлары ашық және жабық түрде және вакуумды немесе жылу трубкалы болып бөлінеді.

Күн энергиясын ішкі энергияға айналдыруды қалай жүзеге асыруға болады?

Бәрімізге белгілі күн сәулесі денеге өткенде жұтылады, кері жағдайда болады. жағдайымызда осы энергияны пайдалану мақсаты көзделіп отыр. Күн энергиясы –сын тұтынатын қарапайым қабылдағыштың , яғни жазық күн коллекторының жұмысы осы принципке негізделеді.

Жазық күн коллекторы жұқа пластинадан тұрады. Ол жылу өткізбейтін жұтылу қабілеті жоғары материалдардан жасалынады. Сәуле пластинаға түскенде температура 70 0С –қа дейін өседі(жаз айларында). Жетілдірілген жаңа түрін селективті жұтылдырғыш деп атайды. Металл пластинаға жұқартып никель оксидін немесе мыс қабатын жылтыратып өңдеп қаптайды. Бұл кезде Е жұт/Ешығ=9, ал температурасы 1540С –қа шейін көтеріледі екен. Селективті жұтылдырғыштың кемшілігі шаң-тозаң сезімтал, сондықтан көп қолдануға тиімісіз.Ал оның жұмысын жақсарту мақсатында оның сыртын шыны немесе таза пластмассамен қаптайды. Бұндай қабаттан жасаған коллектор күн сәулесін жақсы өткізіп қана қоймай, энергия шығынын азайтады. Температурасы 194 0С-қа шейін барады. Жазық коллектордың мысалы ретінде күн бассейінін алуға болады. Бассейіннің резервуары 50 м2 ауданын сумен толтырып, бетін жұтылу қабілеті жоғары материалымен қаптаймыз. Осындай бассейінді әрі арзан және көп күн энергиясын тұтынатын жылу қабылдағыш ретінде пайдалануға болады.

 Қандай бір энергияны болмасын алу материалдық шығындармен байланысты, ал күн энергиясын алу шығындары біршама жоғары. Күн энергиясын кеңінен қолдануға кедергі жасаушы факторлардың бірі болып атмосфералық жағдайдың қолайлы кезінің өзіндегі күн радиациясы қарқындылығының төмендігі саналады. Тропикалық аудандарда талтүс кезіндегі ашық коллектор бетіне түсетін күн радиациясының қарқындылығы 1 кВт/м . Алайда осы идеалдық жағдайдың өзінде күн энергиясын іс жүзінде қолдануға ыңғайлы энергияның басқа түрлеріне өзгертуге арналған құрылғылардың шығысындағы түрленген қуат 150 Вт/м аспайды. Күнұзақ осы әдіспен алынатын энергияның мөлшері 0,5-1,0 кВт*сағ/м . Өте үлкен өлшемді коллекторларды пайдалану түрлендірудің бұл әдісінің экономикалық тұрғыдан тиімсіз екенін және оның жергілікті кіші мөлшердегі энергетикалық қажеттілікті өтеу мүмкіндігінің шектеулі екенін көрсетеді. Даму деңгейі жоғары елдерде жан басына шаққандағы энергетикалық сұраныс 50 кВт*сағ. болып келеді. Яғни, 100 мың тұрғыны бар қаланы энергиямен қамтамасыз ету үшін күн энергиясын тиімді түрлендіру қолданғанның өзінде жалпы ауданы 5км. коллекторлар қажет болады.Ауданы мұндай қондырғы бүкіл қаланың аумағын жауып қалар еді.

Энергетикалық қажеттілігі орташа даму сатысындағы аграрлық елдерде күн энергиясын пайдалану келешегі әртүрлі. Бұл жағдайларда күн энергетикалық қондырғылар басқа типті энергия көздерімен бәсекелесе алар еді. Бұл елдерде күн энергетикалық су жылытқыштарын тиімді пайдалану тәжірибесі белгілі. Жоғары даму деңгейіндегі елдердің өзінде күн су жылытқыштары тұрғын үйді ыстық сумен қамтамасыз ете алар еді. Айта кетерлік бір жай, коллектордың қажетті ауданы үй шатырынан біршама кіші болып келеді. Осындай миллиондаған құрылғылар сынақтан сәтті өткізілген.

Үнемділік жағынан да, экологиялық тазалық жағынан да пайдасы көп мұндай энергия көзін Қазақ елі де қолданысқа енгізіп, күн нұрынан қуат алатын батареялар өндіруді бастады. Жаңа нысан техникалық қауіпсіздік пен экологиялық талаптардың барлығына сай келетін заманауи автоматтандырылған құрылғылармен жабдықталған. Жобаның жалпы құны – 5 миллиард теңге. Шикізаты – өзімізден. KazPV қазақстандық кремний. Ол Өскеменде тазартылады. Күн сәулелерін осы кремний батареяларына бағыттаған кезде сәуле өзгеріп, электр энергиясына айналады. Күн батареяларының қасиеті де осында. Электрлі панельдің 1ваты – 2 доллар тұрады. Яғни бір үйге шамамен 3-4 мың АҚШ доллары (құны– модулдың ваттық қуатына байланысты) көлемінде күн тақтайшасын сатып аласыз да 20 жылдан астам уақыт жарыққа ақша шығындамайсыз. Өйткені бұл электр тақтайшасының жарамдылық мерзімі – 25 жыл. Арзанқол дүние емес, сапасы мықты. Қазір Германия жел мен судың және осындай күннен қуат алатын фотоэлектрлі модульмен халқының 28 пайызын жарықпен қамтып отыр екен. Біз, 2020 жылға дейін оны 3 пайызға жеткізсек те үлкен жетістік. Бастысы, бұл панель шалғай ауылдарға, жарықты көп тұтынатын өндіріс орындарына, ауыл шаруашылығы салаларына пайдасы мол. Жобаның қауқарлығы сол, жылына 217 мың фотоэлектр модульдерін өндіруге жетеді. Мамандары да осал емес көрінеді. Дені шет мемлекеттен біліктілігін жетілдіріп келген, техниканың тілін меңгерген жоғары білімді азаматтар. Зауыт жұмысшыларының айлығы 1 мың доллардан кем түспейді екен.

Болашақта күн батареялары, энергия үнемдейтін шамдар, сутегі отынымен жүретін автокөліктер, электромобильдер пайдаланатын болады. Сондықтан компаниямен кәсіпорындардың барлық басшылары, елдің барлық азаматтары осы ағымды ескеріп, энергияны қалай сақтауға болатындығы жөнінде ойланулары керек» – деп атап көрсетті. Өйткені, әлемнің шырағы атанған Күн планетасы бізге жақын орналасқан алып термоядролық реактор, оның қайнаған «қазанында» әрбір секунд сайын төрт миллион тонна сутегі жанып гелийге айналады. Осы толассыз реакция арқасында әлем кеңістігіне орасан көп энергия бөлінеді. Оның мөлшері жылына 3х10 23 каллорияға тең. Бірақта бұл мол энергияның жер бетіне келетін мөлшері тым аз, шамамен оның екі миллиардтан бір бөлігі ғана. Демек, соған қарамастан Күннің жер бетіне түсіретін энергиясының жалпы қуаты жер қойнауындағы қазіргі белгілі көмір, мұнай, газ, жанатын шымтезек сияқты энергетикалық ресурстардың барлық кен орындарындағы есептелген энергия мөлшерінен әлдеқайда артық. Яғни, Күн энергиясы адамзат үшін таусылмайтын, азаймайтын әрі мол, әрі тегін энергия.

Күн энергиясының тиімді және тиімсіз жақтары

  Жоғарыда келтірілген мысалдардан біз адамзат үшін Күн энергетикасының ауадай қажет екенін түсінеміз. Күн энергиясын пайдаланудың өзіндік артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Атап айтсақ,

 артықшылықтары: 

1) Күн энергиясы бәріне бірдей қолжетімді;

2) ол сарқылмайды;

3) қоршаған ортаға қауіпсіз; 

кемшіліктері: 

1) ауа райы мен тәуліктің уақытына тәуелді;

2) Күн энергиясын алу үшін қолданылатын құрылғылардың қымбаттылығы;

3) оны шағылдыратын бетті периодты түрде тазалап отыру қажет;

4) электр станциясының жанында атмосфера ысып кетеді;

5) энергияны аккумуляциялау қажет. 





770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!