Астана
қаласы №71 мектеп- лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі:
Менлибекова М.А
ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ
БЕРУ МЕН ТАБИҒАТТЫ БЕЛСЕНДІ ҚОРҒАУҒА
ТӘРБИЕЛЕУ.
Адам - табиғатпен егіз. Адам
ауырса, одан табиғатқа келіп-кетер ештеңе жоқ шығар, ал табиғат
ауырса, адам онымен қоса ауырары хақ. Сондықтан да, қоршаған ортаны
қорғау, табиғатты сақтау, оған қамқор болу адамзат баласы үшін
маңыздылығын жойған емес. Егер сіз табиғатқа қамқорлық жасасаңыз,
оны табиғат үшін емес өзіңіз үшін, келешек ұрпақ үшін жасалған
сауапты іс деп түсінгеніңіз жөн шығар. Біз -тумасынан
табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған
халықпыз. Бұған күні кешеге дейін туған өңіріміздің табиғатының
таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Қаһарман халқымыз
тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап,
ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды... Көптеген көп тонналық
өнеркәсіптер іске қосылды. Сол кездерде мұның қызығын да көрді.
Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және
шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен табиғатты
тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды.
Осылардың нәтижесінде жеріміздің ауасы тарылып, өзен-көлі бүлініп,
жайылымдардың топырағы тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда
азып-тоза бастады. Мұның соңы азынаған желге, ащы және улы
жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына, ауа райының бұзылуына,
қоршаған ортаның әр түрлі улы қосылыстармен ластануына әкеліп
соқтырды.
Міне енді осы экологиялық
апаттан қалай құтылуға болады? Табиғатты қалай сауықтыруға болады?
Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен адамдардың табиғатқа
деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол үшін
балалар бақшасынан бастап, мектептерде, жоғары оқу орындарында,
адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп,
қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология
қажет. Егер біз жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты
сүюге тәрбиелемесек көп нәрседен ұтылатынымыз айдан анық. Әрбір
тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі
қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көзқарасында
қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады.
Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік
көрсете алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама
жасау,теледидардан мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен
кездесулер өткізудің нәтижелері мол болады.Адамдардың көздерін
адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте
маңызды. Экология - жаңа, жас ғылым саласы. Бұған соңғы
он-жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден
табиғатымыз азып-тозғанда ғана, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді
болашақта экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу
қажет. Ең негізгісі, "экология" пәнін балабақшаларынан бастап
барлық мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында ашылуын
қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат
корғаушыларын дайындауға мүмкіндік аламыз.
Қазақстанның көптеген
аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр.
Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама мөлшерде
мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп
отыр. Қазіргі заман қоғамының сұранысы және еліміздің жаңарған
идеологиясы жас ұрпақтың табиғатты қорғауға әзірлігін дамыту
қабілетін мектептен бастап жаңа сапаға көтерілуіне міндет қойып
отыр. Қазақстан Республикасының Конституциясында қоршаған ортаны
қорғау әрбір қазақстандықтың абыройлы мақсат-міндеті болып
саналатыны атап көрсетілген. Онда «мемлекет адамның өмір сүруі мен
денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етіп қояды»
- делінген. Ата заңымыздың басты талаптарының бірі – табиғат
қорғауды күшейтіп, табиғи қорларды тиімді пайдалануды жолға қою
болып табылады. Осыны негізге алған республикамыздың
экологиялық білім жүйесі мен табиғат қорғау қоғамдары, мекемелері
өндірісті ұйымдастыру ісінде экологиялық талаптарын орындауды,
білім жүйесінде ел болашағы жастарды,-жас ұрпақты табиғатты
қорғауға тәрбиелеуге баса назар аударады.
Мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтып, асқақ
руханият пен азаматтықты өркендету, шынайы мәдени-этникалық мұраны
жандандыру мен болашаққа аманаттау, ұлттық тектілікті сақтау, ең
алдымен мектеппен байланысты. Шәкіртті мектепке алғаш қадам
басқаннан бастап, өзінің ата - анасын, ұстаздарын құрметтеп
сыйлауға, айнала қоршаған табиғатты, туған өлкесін сақтап-қорғауға,
сол арқылы адамгершілік мінез-қасиетті орнықтыруға баулу –
мектептің қоғам алдындағы атқаратын қызметі. Қазіргі мектептің
бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің бірі – жас ұрпаққа экологиялық
білім беріп қоршаған табиғи ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Экологиялық білім беру педагогика ғылымдарындағы бағыт жастарға
жалпы орта білім берудің құрамдас бөлігі болып саналады. Қазіргі
кезде мектептер жастардың бастауыш сыныптан бастап, өз
іс-әрекетінің саналы болуына, экологиялық білімінің білім мазмұны
арқылы экологиялық танымның оңтайлы болуына қолайлы жағдай
туғызылуы көзделеді.Мұнымен бірге ол табиғатты қорғауға көмек
берерлік халықтың тарихындағы игі дәстүрлерді жаңғыртуға ,оны
күнделікті өмірде тәжірибеге қолдана алуға мектеп қабырғасында
дағдыландыру мәселелеріне назар аударған жөн. Бұл
білім-біліктіліктің түп-тамыры балалардан бастау алатындығына да
жете назар аударыла бастады.Алғашқыда экологиялық білімнің қосымша
сабақ ретінде жүргізілуі туралы ой қозғаса ,кейіннен экологиялық
білімнің көпшілікке міндетті бағыт екендігі алға тартылды. Аталып
отырған мәселе бірден елімізде де өріс алғандығын, балаларға туған
табиғатты тану, экологиялық ахуалды терең түсіну бағытында тәрбие
жұмыстары ғылыми негізде, белгіленген бағдарламалар бойынша жүзеге
асырылып келеді. Сонымен, ғылыми-зерттеулерге жасаған
талдауларда авторлар өздерінің зерттеу нысанына қарай педагогика
ғылымына айтарлықтай үлес қосқанын, олардың зерттеу нәтижелерінің
практикада кең көлемде қолданылып жүргенін, сондай-ақ, олардың
тұжырымдарын қолдай отырып, біздің зерттеу проблемамызға қатысты
қажетті бағыттарды аңғаруға болады.Жастарға экологиялық білім мен
тәрбие беру мәселелерін зерттеу барысында экологиялық білім берудің
негізі бастауыш сыныпоқушыларының түсінігін парасатты іс-әрекетке
бағдарлаудың табиғи жолы жеткілікті зерделенбегені байқалды. Біз
парасатты дамытарлық экологиялық білімді жетік білуге және оның
даму барысына жете көңіл бөліне бермегені бүгінгі күннің
проблемасын туғызды демекпіз. Тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен
бастап табиғитты қорғау жолындағы жасандылықтан қорғаудан
табиғилық, ұлттық мәртебеден туған экологиялық парасатты
іс-әрекетке көшуге мемлекет тарапынан қолайлы жағдайлар жасалып
келеді. Бірақ бұл мәселе экологиялық білім беру үдерісінде уақыт
талабына сай жетілдірілуге тиіс.Іс–тәжірибемде бастауыш сынып
оқушыларына табиғатты аялау,қорғау,көзіміздің қарашығындай сақтау
керек екендігін бірінші сыныптан бастап айтып және шығармашылық
тапсырмалар арқылы,өлең шумақтары арқылы немесе табиғатқа қамқорлық
жасау туралы сурет көрмесін ұйымдастыру арқылы оқушыларға табиғатты
аялау керек екендігін барынша жүректеріне жеткізіп түсіндіруге
тырысамын. Мысалы: екінші сыныптың «Өзін-өзі тану» пәнінің
ІҮ-тарауында «Табиғат –денсаулық мекені»атты тақырып бар.Сол
тақырыпта оқушыларға табиғаттың денсаулыққа тікелей әсері туралы
түсінік беремін.Өйткені табиғат таза болса адамдардың да денсаулығы
мықты болады.Ал егер табиғат лас болса,онда адамның да
денсаулығының нашарлай түсетіндігін мұғалімнің көмегімен
шығармашылық,топтық жұмыспен сахналау немесе постер қорғау арқылы
оқушылар табиғаттың денсаулыққа тікелей әсер ететіндігі жайлы
түсінік алады.Сонымен қатар үшінші сыныпта ІҮ тарауда «Табиғат
сыйы»атты тақырыпта табиғаттың адамға берері көп және оны ауызбен
айтып беру жеткіліксіз екені жайлы ой қозғалады.Бізге табиғат
өзінің таза ауасын,суын,жемістерін,тамағын,киімін,әсемдігін т.б
барлығын табиғат береді.Ал біз табиғатқа не береміз? Осындай
оқушыларға ой тастау,ойлану мүмкіндіктерін бере отырып,олардың ішкі
жан дүниесін ашу керек, тіпті ақындық қасиеті бар оқушылар өлең
шумақтарын да шығаруы мүмкін.Ал төртінші сыныпта «Табиғатқа
қамқорлық», «Жер-Ана», «Су-өмір көзі» , «Таза болса табиғат-аман
болар адамзат!»атты тақырыптар бар.Бұл тақырыптарда оқушылар
табиғатқа қамқорлық жайлы эссе жазып,әңгімелер жазады немесе ертегі
де құрастыруы мүмкін. Қаншалықты табиғат пен адамның бірі-бірінсіз
өмір сүре алмайтындығы жайлы,табиғатсыз тіпті өмір сүру мүмкін емес
екендігін көз алдарына елестетіп,қамқор болуға барынша
тырысады.Бірақ мәселе тек ауызбен ғана айтқанда шешілмейді.Сол
себепті оқушылармен бірге іс-тәжірибе арқылы,яғни еңбек ету арқылы
түсіндіруге болады.Мысалы: көктемде ағаш,гүлдер отырғызу,оларды
күтіп –баптау немесе құстарға ұя жасап,оларға жем беру сияқты
қамқорлықты олар өз қолдарымен жасаулары тиіс.Сонда ғана
оқушылардың табиғатқа деген көзқарастары өзгереді деп
ойлаймын.Сонымен табиғатқа үнемшілдікпен қарау,суды мөлшеріне көп
пайдаланбау немесе электр қуатын да үнемдеуді мектеп
табалдыырығында білгендері абзал.2016-2017 оқу жылында қалалық
«Сөзмерген CUP » пікірсайысында«Табиғатты қорғау парыз ба,әлде
қарыз ба?» атты 9-10 сыныптар арасында қызу пікірталас өтті.Сонда
жақтаушы топ табиғатты аялау керек,өйткені табиғат өте ластанып
экологиялық проблемалар көбейіп жатыр,соның салдарынын аурудың да
түрлері көбейіп, адамдардың денсаулықтары нашарлауда делінеді.Ал
керісінше даттаушы топ табиғат пен адамның арасындағы байланысты
жоққа шығарып, ауру табиғаттың ластануынан болмайды деген сияқты өз
ойларын білдіреді.Міне біз оқушыларға осындай мектеп табалдырығында
табиғатты аялау керек екендігін түсіндірсек,мүмкін экологиялық
проблемалар да өз шешімін табар деген ойдамын.
Табиғатты қорғау – бүкілхалықтық
іс.Оқушыны айналадағы табиғи орта жағдайына жауапкершілік сезіммен
қарап, табиғатты қорғауға тәрбиелеу біздің үлкен міндетіміз болса
керек.Табиғатты сақтау арқылы ғана адамзат өзінің болашағын жасай
алатыны айқын аңғарылды.
Қолданылған әдебиеттер:
«Өзін-өзі тану» республикалық ғылыми –әдістемелік журналы №7. 2017
жыл . «Өзін –өзі тану »ғылыми-әдістемелік журналы №9 .2017 жыл
.Ақпарат көздерінен.