Материалдар / Баяндама « Сыни тұрғысынан ойлау » стратегиясы элементтерін тарих сабағында тиімді пайдалану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама « Сыни тұрғысынан ойлау » стратегиясы элементтерін тарих сабағында тиімді пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
795
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« Сыни тұрғысынан ойлау » стратегиясы элементтерін тарих сабағында тиімді пайдалану



Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты » атты Жолдауында қазақ елі болашақта әлемдегі ірі 30 мемлекеттің қатарына кіруі керек деген болатын. Бұл міндет бүгінгі білім беру ісіне үлкен жауапкершілік жүктейді,жас ұрпаққа талаптарға сай тәрбие мен білім беруді, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар, типтік бағдарламалар және ата – аналар, қоғам талаптары жоғары деңгейін болуды міндеттейді, ұстаздарға айрықша жауапкершілікті нақтылайды

Сондықтан, оқыту - тәрбие жұмыстарын тұтас жүйе деп есептеп, саналы тәрбие, сапалы білім беру технологияларын жетілдіруді міндеттейді.

Жаңа ғасырға қадам басқан біздің еліміз үшін қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік-саяси саланың дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы даму деңгейіне байланысты болмақ. Ал ол қоғамдағы білім беру талаптарын түбегейлі өзгертуге алып келді. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші кәсіби – педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ. 
Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық.

Тарих - мектепте оқытылатын негізгі қоғамдық пәндердің бірі. Кешегісіз бүгініміз, ал бүгінгісіз ертеңіміз жоқ екенін шәкірттеріміз тарих пәні арқылы жақсы біледі. Тәуелсіз демократиялық мемлекетіміздің болашақ тұтқа ұстар ұрпағының білім дәрежесі қандай деңгейде болуы керек екендігі әрбір ұстаздың көңіліндегі түйткіл ой болып табылады.

Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялармен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу. Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері өте көп.

Солардың бірі сыни тұрғысынан ойлау технологиясы. Бұл технология Совет өкіметі кезінде 1973 жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бастап таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады. Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда Выготский, Пиаже, Эльконин-Давыдовтардың,басқа да ғалымдардың еңбектерінен ең құнды жерлері көрініс тауып, идеялар тоғысып біріктірілген іспетті.

Сыни ойлау деген не ?

Сыни тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғысынан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да мұғалімдердің де сыни тұрғысынан ойлауды дамытады, саналы және оймен қабылдауын көздейді.

Сыни ойлау - өзіндік ойлану. Сыни ойлау - сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. Сыни ойлау - әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы үш кезеңнен тұрады: қызығушылықты ояту, мағынаны таныту, ой -толғаныс.

Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады. Ендеше, бұрын дәстүрлі сабақта оқушы мұғалімнің көмегімен білім алса;

Оқушы Мұғалім Білім

сыни тұрғыдан ойлау сабағында оқушы білімге өзі жетеді, мұғалім тек бағыт беруші.

Мұғалім Оқушы Білім.

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында, яғни, стратегияларында.

Стратегия дегеніміз - философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады.

Сыни тұpғыдaн oйлaу – білім беpуді дaмыту үшін мaңызды бoлып тaбылaтын қaзіpгі кездегі ең бaсты педaгoгикaлық түсінік десе де бoлaды. Cебебі, бұл мoдуль oқушылapдың дa, мұғaлімдеpдің де сыни тұpғыдaн oйлaуды дaмытуды сaнaлы және oймен қaбылдaуына көзделеді. Негізгі мaқсaты: мәселені aлдымен құптaп, сoсын ұжымдa тaлқылaу болды. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.

Еліміз бәсекеге қабілетті дамыған елдер қатарына қосылу үшін, оқушыларымыздың білім деңгейіне немқұрайлы қарамауымыз керек. Бұл технологияның ұстаздар қауымы үшін берері көп. Болашақтың үкілі үмітіне дақ түсірмей, жетейлейтін мұғалімнің қызметі құнды. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрие беріп,Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашығына өзіндік үлес қосу қажет. Барлық ұстаздар асқан шеберлікпен жұмыс жасаса, ұстаздар қауымының еңбегі нәтижелі болып, шығармашылықтың шыңынан көрінері сөзсіз.

Мен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Еліміздің болашағы жастардың қолында,ал жастардың тағдыры ұстаздардың қолында» деген қанатты сөзін ұстана отырып, болашақта да осы әдіспен жұмыс жасап, тәуелсіз және ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптастыруға өз үлесімді қосамын.

Қорыта айтқанда, СТО бағдарламасының әдістері арқылы оқушылардың ой - пікірі, көзқарасы, дүниетанымы қалыптасады. Оқушылардың белсенділігі артады, келесі сабақты асыға күтеді.Олардың тарихи әдебиеті оқуға деген қызығушылығы мен қажеттілігі қалыптасады. Өз пікірін айта алатын, өз көзқарасын қалыптастыра алатын, ұлтын сүйетін оқушы ертеңгі өмірдің ағымына да төтеп бере алатын азамат болатынына мен кәміл сенемін


































Пайдаланылған әдебиетер




  1. Г. Төлеубаев. Тарихты оқытудағы әдістемелік технологиялары.

Қазақ тарихы, № 5,2009 ж.

  1. Б.Жолдасов. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану.

Білім, №5,2007 ж.

  1. Қ.Көнеев, А.Қалыкова. Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану. Білім,№ 3, 2006 ж.

  2. Г.Ақпанбетова. Сабақта жаңа технологияны қолдану.

Қазақ тарихы,№3,2010ж.

5. М.Оңғарбай. Тарих сабақтарында сын тұрғысынан ойлау стратегиясын

қолдану. Алматы 2011 ж.



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!