Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндама , Тақырыбы: Тоғызқұмалақ ойыны арқылы баланың ой өрісін дамыту жолдары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Баяндама
Тоғызқұмалақ ойыны арқылы баланың ой өрісін дамыту жолдары
Шымкент қаласы,
М.Тынышбаев атындағы ҚазККА
Шымкент көлік колледжі
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Арисалимов Серік Арисалимович
Алғы сөз
Тоғызқұмалақтың мыңдаған жылдық тарихы бар, қазіргі уақытта әлемге әйгілі зияткерлік ойындардың ішінде ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі. Республикамыздың әр түкпірінен табылған, тасқа қашалып қалдырылған тоғызқұмалақ тақтасының бейнелері де ойынның өте ертеде пайда болғанынан хабар береді.
Өткен ғасырдың 60-жылдарында Орталық Комитетке ашық хат ұйымдастырып, тоғызқұмалақ ойынының ұрпақ үшін қажет екенін дәлелдеп, араша түскен зиялы қауым өкілдері К. Кенжетаев, Р. Абдуллин және осы өнерді серік еткен М. Әуезов пен Қ. Қуанышбаевтар ойынның қазіргі заманға аман-есен жетуіне зор еңбек сіңірді.
Қазіргі таңда республика бойынша қазақтың төл ойыны – тоғызқұмалақпен шұғылданушылар саны 200 мың адамға жақындады. Тоғызқұмалақпен тек шетелдегі қазақтар ғана емес, сонымен бірге Ұлыбритания, Швейцария, Франция, Германия, Испания, Түркия, Чехия, Ресей, Украина, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Колумбия, Антигуа және Барбуда мемлекеттерінде де жергілікті халықтардың арасында ойнаушылардың саны артуда.
Ресей ғалымдарының ішінде этнограф Н.Пантусов 1906 жылы Қазан қаласында тоғызқұмалақ туралы алғаш мақала жариялады. 1936 жылы Орта Азияда алғаш рет «Тоғызқұмалақ» кітабын жазған түркітанушы С. Аманжолов болды.
Тоғызқұмалақтан 1948 жылы Алматы қаласында өткен бірінші республикалық жарысқа 4 адам қатысып, бірінші жеңімпаз ретінде Жамбыл облысының өкілі - Ш. Өтегенов танылды.
Тоғызқұмалақ тақтасындағы отауларға сандық белгі қойылмастан бұрын әріптік белгілер қойылған, оның авторы - Ш. Ыбыраев. 1949 жылы өткен Қазақ КСР II Чемпионатында тоғызқұмалақ тақтасындағы отауларды әріптік белгілеу нотациясы қолданылды. 1974 жылы әріптік белгілеу сандық белгілеуге көшірілді. Авторы - С. Тілеубаев.
1991 жылдан бері Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты ерлер мен әйелдер арасында бөлек өткізіліп келеді. Оған дейін олар сайысқа бірге түсіп келген болатын. 1991 жылдың чемпиондары жамбылдық спортшылар - ерлер арасында Қазыбеков Ғани мен әйелдер арасында Өмірзақова Гүлнар болды.
1997 жылдан бастап ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін халықаралық жарыс өткізіліп келеді. Бұл жарысқа Моңғолия, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің спортшылары қатысуда.
1999 жылы ҚР жекелей чемпионатының үш дүркін жеңімпаздары Базарбай Әзімжанов пен Айнұр Жақапбаеваға алғаш рет «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» спорттық дәрежелері берілді.
2001 жылдан бері ҚР Туризм және спорт министрлігі ҚР ардагерлері, жасөспірімдер мен жастар арасындағы чемпионаттарды бөлек өткізіп келеді.
2006 жылы әр ойыншының жеке дәрежесін (рейтинг) есептеу тәртібі қайта енгізілді. 2007 жылы рейтинг бойынша тұңғыш рет «Спорт шебері» спорттық дәрежесін қостанайлық Динара Қасенова орындады.
Тоғызқұмалақ тарихында 2006 жылы алғаш рет Лондонда өтетін зияткерлік ойындар олимпиадасының бағдарламасына, кейін 2008 және 2009 жылы Чехияда өтетін дүниежүзілік зияткерлік ойындар олимпиадасының бағдарламасына енді.
2008 жылы Орал қаласында өткен ҚР Президентінің жүлдесі үшін жарыста Халықаралық Тоғызқұмалақ Федерациясы құрылып, Президенті - Алихан Байменов сайланды. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия, Ресей Федерациясы және Қытай елдері мүше болды.
2008 жылы наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ
2009 жылы Халықаралық Тоғызқұмалақ Федерациясының қолдауымен тұңғыш Азия чемпионаты Шымкент қаласында ұйымдастырылып, өткізілді. Оның жеңімпаздары болып ерлер арасында Айдос Сейтжан (Қазақстан), жаттықтырушысы - Мейрам Ноғайбаев, әйелдер арасында Диана Кенина (Қазақстан), жаттықтырушысы - Дастан Капаев танылды.
2010 жылы тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Серік Ақтаев пен Диана Кенина және бағдарламашы Ернар Шамбаев бірігіп тоғызқұмалақтан тұңғыш компьютер бағдарламасын жасады.
2010 жылғы 1-7 қараша аралығында Астана қаласында тоғызқұмалақтан I Әлем чемпионаты өтті. Алғашқы Әлем чемпионатына барлығы 19 мемлекеттен: Антигуа және Барбуда - 2 адам, Әзірбайжан - 1 адам, Германия - 1 адам, АҚШ - 1 адам, Испания - 1 адам, Қазақстан - 6 адам, Қырғызстан - 6 адам, Қытай - 2 адам, Өзбекстан - 4 адам, Грузия 1 адам, Монғолия - 6 адам, Түркия - 2 адам, Түркменстан - 2 адам, Ресей (Алтай, Башқұртстан, Қарашай-Шеркесия, Татарстан, Тыва) - 6 адам, Чехия - 1 адам, Швейцария - 1 адам, яғни 43 спортшы, оның ішінде 25 ер, 18 әйел адам қатысты. Классикадан ерлер арасында тұңғыш Әлем чемпионы Ғалымжан Темірбаев (Қазақстан), жаттықтырушысы - Жақсыбек Абдықасымов. Классикадан қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы Әсел Далиева (Қазақстан), жаттықтырушысы - Еркетай Иманбаев. Блицтен ерлер арасында тұңғыш Әлем чемпионы Ғалымжан Темірбаев (Қазақстан). Блицтен қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы Әсел Далиева (Қазақстан).
2012 жылғы 13-20 шілде аралығында Пардубице (Чехия) қаласында Тоғызқұмалақтан II Әлем чемпионаты өтті. II Әлем чемпионатына 10 мемлекеттен (Германия, АҚШ, Ресей, Швейцария, Түркия, Украина, Латвия, Қырғызстан, Чехия және Қазақстан) 47 спортшы қатысты.
Бұл чемпионаттың ерекшелігі, жарыс тоғызқұмалақтың үш түрі бойынша өткізілді. Рапидтен ерлер арасында тұңғыш Әлем чемпионы Серік Ақтаев (Қазақстан), жаттықтырушысы – Дастан Капаев. Рапидтен қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы Диана Кенина (Қазақстан), жаттықтырушысы – Дастан Капаев.
2013 жылғы 6-12 қазан аралығында Прага (Чехия) қаласында тоғызқұмалақтан компьютер бағдарламалары арасында І Әлем чемпионаты өтті. Компьютер бағдарламалары арасындағы тұңғыш Әлем чемпионы ретінде қазақстандық авторлар танылды. Олар Ернар Шамбаев, Диана Кенина, Серік Ақтаев. ІІ орынды қырғызстандық бағдарламашылары Кубат Қартанбаев пен Леонид Улицкий, ал ІІІ орынды чехиялық бағдарламашы Хана Котина иеленді.
2013 жылғы 17-22 қараша аралығында Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан ІІ Ашық Азия чемпионаты өтті. Чемпионатқа 9 елден (Ресей, Қытай, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркменстан, Түркия, Өзбекстан, Монғолия және Қазақстан) 94 спортшы қатысты. Чемпионат ересектер, жастар (19 жасқа дейін) және жасөспірімдер (14 жасқа дейін) арасында классика, рапид және блиц түрлері бойынша өтті.
2015 жылғы 12-18 сәуір аралығында Алматы қаласында тоғызқұмалақтан ІІІ Әлем чемпионаты өтті. Чемпионатқа 23 елдің: Қырғыстан, Монғолия, Германия, Чехия, Қытай, Түркменстан, Молдова, Гана, Өзбекстан, Азербайджан, Ресей, Колумбия, АҚШ, Антигуа мен Барбуда, Ауғанстан, Швейцария, Тәжікстан, Ұлыбритания, Түркия, Грузия, Италия, Үндістан және Қазақстанның (классика – 28 ер, 18 әйел; рапид – 26 ер, 15 әйел; блиц – 24 ер, 15 әйел) спортшылары қатысты.
Тоғызқұмалақ ойынының қағидасы, заңдылықтары
Ережеде тақтада ойналатын зияткерлік ойынға қатысты, әрі ойын барысында кездесетін барлық жағыдайды ескере бермейді және ұйымдастыру мәселелерінің барлығын қамти алмайды. Ереженің бабымен толық реттелмейтін жағыдайлардың шешімі, ережеде қаралатын ұқсас жағыдайлардың негізінде жарыстың Бас төрешілер алқасының жиналысында қабылданады. Ереже төрешілердің қажетті құзыретке ие, ой-білімі жеткілікті және үнемі нақты болатына сүйенеді.
Тоғызқұмалақ ойынының мәні – адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру, кез-келген жанның ақыл-ойын шыңдау, ми қызметін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілікті арттыру.
Тоғызқұмалақ-бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес сыйы, рухани құндылығы, аманаты. Бұл ойын ең жетілген спорт түрлерінің бірі ретінде адамзатты жаңа шыңдарға жетелейтін ойы кең, рухы биік, саналы тұлғаларды тәрбиелеудің қуатты құралы бола алады.
Заңдылықтары:
- тоғызқұмалақ ережелерін қолданудың бір ізділігін қамтамасыз ету, жарыс өткізу
жүйесін бір қалыпқа келтіру;
- спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті арттыру;
- ұлттық ойынды халық арасында кеңінен насихаттау және ары қарай дамыту.
Ойыншы ұстанымы
Ар-ұждан – бұл ойыншының басты ішкі адамгершілік қасиеті, оның айбыны, ізгі жаны және таза ары.
1. Өз отанының адал азаматы болу.
2. Шығармашыл, өз ойлары мен істерінде дербес, іс-әрекеттері мен ниеттерінде игілікті де парасатты болу.
3. Қандай жағыдай болмасын сыпайылық пен кішіпейілділік танытып, өзін-өзі ұстай білу, белгіленген қоғамдық тәртіп ережелері мен жеке адамдар қарым-қатынастарының қағидаларын сақтау.
Тоғызқұмалақ сөздігі
- «Тоғызқұмалақ тақтасы» - тең екі бөлікке бөлінген 18 тік отаудан және 2 көлденең қазаннан тұратын арнаулы тақта.
- «Құмалақ» - ойында пайдаланылатын шар пішінді эат.
- «Отау» - тоғызқұмалақ тақтасындағы құмалақтар орналасатын арнайы ұяшық.
- «Қазан» - ұтып алынған құмалақтар салынатын көлденең отау.
- «Бастаушы» - ойында алғашқы жүріс жасайтын ойыншы.
- «Қостаушы» - бастаушыдан кейін жауап жүріс жасайтын ойыншы.
- «Арт» - бірінші отаудың атауы.
- «Тектұрмас» - екінші отаудың атауы.
- «Ат өтпес» - үшінші отаудың атауы.
- «Атсыратар» - төртінші отаудың атауы.
- «Бел» - бесінші отаудың атауы.
- «Белбасар» - алтыншы отаудың атауы.
- «Қандықақпан» - жетінші отаудың атауы.
- «Көкмойын» - сегізінші отаудың атауы.
- «Маңдай» - тоғызыншы отаудың атауы.
- «Тұздық» - қарсыластың жағынан ұтып алынған отау.
- «Атсырау» - ойын соңына қарай жүрістің таусылуы.
- «Тақ сандар» - екі санына қалдықпен бөлінетін сандар.
- «Жұп сандар» - екі санына қалдықсыз бөлінетін сандар.
- «Ашық отау» – тақ санды құмалақтар жатқан отау.
- «Жабық отау» – жұп санды құмалақтар жатқан отау.
- «Табысты жүріс»-ұтысқа ие болған жүріс.
- «Табыссыз немесе кезекті жүріс» - ұтысқа ие болмаған жүріс.
- «Диаграмма» - тоғызқұмалақ тақтасының қағазға немесе тақтаға түскен сұлбасы.
- «Тур» - ойынның реттілігі.
- «Бланк» - жазу қағазы.
- «Блиц» - шапшаң ойын.
- «Прогресс коэффициенті» - даму немесе өрлеу коэффициенті.
Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелері
Жеңіл атлетика сабағында бастыкөңіл аударатын мәселе – жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім де, оқушылар да барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет.
Жеңіл атлетика сабақтарында мынандай қауіпсіздік ережелері сақталуы керек:
-
Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резеңке аяқкиім кию керек.
-
Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып , кілт тоқтауға болмайды.
-
Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешек, т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.
-
Жүгіру секіру, лақтыру алаңдарын (секторларын) көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
-
Тырма мен күректі сабақ өтілетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі, т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) төмен қаратып қою керек.
-
Спорт құралдарын лақтырғанда (гранат, диск, найза), серпігенде (ядро), лақтыру, серпу бағытында адамның болмауын қадағалап, бақылап алу қажет.
-
Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды қопсытып алу керек.
-
Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
-
Серпіген ядроны қағып алуға болмайды және серпіген кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
10.Жауын-шашынды күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану қажет.
Оқушыларға алаңды сағат тіліне қарама-қарсы айналып, бір бағытта жүгіруге рұқсат етіледі; ұзындыққа секіргенде, алдыңғы секіруші секіретін шұңқырдан кеткеннен кейін ғана келесі бала секіре алады; екпін алып биіктікке секіргенде, сол және оң жақтан екпін алып жүгіру кезегін сақтау қажет; допты және гранатты лақтырар уақытта, жаттығушыларды екі топқа бөліп, қарама-қарсы тұрғызуға тіпті де болмайды, доптар мен гранаттарды жинау пәрмен арқылы ғана жүзеге асырылады.
Салқындау ауа райы жағдайында (+150-тан төмен болса) жеңілдеу жаттығу костюмін кию қажет болады. Кроссовка немесе кеды – жеңіл атлетика үшін ең ыңғайлы аяқкиімдер.
Дала жарысы (кросс)
Кроспен айналысу төзімділікті қалыптастырады, шыдамдылыққа тәрбиелейді, күнделікті тіршілік үшін, оқу үшін, спорт үшін болашақта әскер қатарында қызмет ету үшін өте маңызды ерік-күшті дамытады.
Әрбір оқушы жүгіру барысында, әсіресе күз бен қыста өзінің жүгіру күйіне назар аударуы қажет. Тіпті салқын тиіп , жеңіл сырқаттанғанның өзі организмнің науқасқа қарсылығын төмендетеді, жағдайдың қиындау себебіне айналады
Дала жарысы дегеніміз – табиғи ойлы-қырлы жерлермен жүгіру. Жүгіргенде мыналар есте болу керек: шөбі жоқ тегіс жерлермен (соқпақтармен, жолдармен) жүгіргенде, өткен сыныптарда айтылғандай тәсілдермен жүгіру қажет. Қатты жерде, мысалы, асфальт жолда жүгірумен көп айналысқанда, сирақ еттерінің ауырғаны білінеді. Қатты жолда жүгіру жалпақ табанды балалар үшін қиын. Сол себепті, жүгірудің көп бөлігін онша қатты емес жерде өткізу керек. Бұлшық еттер мен буындарға артық күш түссе, мұның өзі елеулі ауруға себепші болады. Қашықтықта кездесетін түрлі табиғи кедергілерден өтерде ерекше мұқияттылық қажет. Аяқ жерге сәтсіз тисе, тізе буындарының, тобықтың зақымдануы немесе өзге де жарақаттар алып қалуы мүмкін.
Қалың шөп өскен жермен жүгіргенде, аяқты шұңқырға, тесікке тығып алмас үшін алға мұқият қарау керек. Дененің тұрақты қалпын сақтау үшін аяқты өкшеден басып ұшына қарай аудару қажет. Қалай болғанда да аяқты жерге «тырпылдатып» баспай, жұмсақ басу керек.
Қыратқа, дөңнің баурайына көтерілерде, аяқтың ұшымен жүгіреді, кеудені ілгері еңкейтеді. Қол қозғалысқа белсенді түрде көмек беруі керек, қозғалыс кезінде оны ілгері жоғары ұмсындырады. Тік беткейге жүгіріп шығу қиын, сондықтан да жүрісе ауысып және тік немесе қиғаш жүрген дұрыс. Қыраттан түсерде шапшаңдық жылдам артады, алайда оны азайту қажет, өйткені күшті екпін алғанда, аяқ тепе-теңдікті сақтай алмай, жүгіруші құлауы мүмкін. Кеудені кейін шалқайтқан дұрыс. Тіп-тік қырдан түскен жақсы. Жайпауыт немесе шамалы ғана тіктеу қырдан шапщаңдықты азайтпай-ақ түсуге болады, бірақ адым қысқа болсын. Баурайдағы тегістеу жерден жүгіріп түсуді екпін алу үшін пайдалануға болады. Қыраттан түсерде аяқты өкшемен басу қажет. Биік өскен шөптің бетімен жүгіргенде, аяқты жоғары көтереді, терең емес судан өткенде де осылай, тек адымның арасын шағын етіп жүгіру керек. Тереңдеу сулардан адымдап, жай жүріп өту керек.
Гимнастика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
-
денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайды;
-
гимнастикалық құрал-жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек;
-
жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды;
-
секіріп түсетін орынға гимнастикалық төсеніш (маты) төсеу қажет;
-
спорт жабдықтарынан (ат бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек;
-
бірінің артынан бірі жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау барысында арақашықтық қатаң сақталсын;
-
гимнастикалық құрал-жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттігін ұмытуға болмайды. Құрал-жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтардың бекітілуі мұқият тексерілсін;
-
арқын бойымен жоғарыдан төмен түскенде, екі қолмен ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек;
-
гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды;
-
гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.