Материалдар / Баяндама : Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы Қазақстандағы астрономия ғылымының дамуы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама : Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы Қазақстандағы астрономия ғылымының дамуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Астрономия – мыңжылдықтар өмір сүрген ежелгі ғылым. Бірінші астрономиялық бақылаулар туралы қолжазбалар б. э. д. VIII ғасырға қатысты. Ал Ежелгі Қытай астрономдары б. э. д. 2 мың жыл бұрын Ай мен Күн қозғалысын зерттеп толық Күн және Ай тұтылуларын жоғары дәлдікпен есептей білген. Азияның көшпенді тайпалары, оның ішінде қазақ халқы, күндіз Күннің, түнде Ай мен жұлдыздардың орналасуымен, өздерінің көшіп-қону бағытын дұрыс ұстап отырған. Уақыт пен жылдарды санақ жүргізу қажеттілігі астрономияның дамуына әкелді. Мысалы Ежелгі Грецияда астрономия біршама дамыған ғылымдар қатарында болды. Планеталардың көрінетін қозғалысын түсіндіру үшін, грек астрономдары геометриялық эпициклдердің теориясын құрды. Бұл теория кейіннен Птоломейдің әлемнің геоцентрлік жүйесінің негізі болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2022
316
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы

103 жалпы орта мектебі






Shape1

баяндама










Тақырыбы: Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы Қазақстандағы астрономия ғылымының дамуы









Бағыты: жаратылыстану


Секциясы: Астрономия


Авторы: №103 жалпы орта

мектебінің 8 «а» сынып оқушысы

Тұрсынбай Алтынай









2022 – 2023 оқу жылы

Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы Қазақстандағы астрономия ғылымының дамуы.

Астрономия – мыңжылдықтар өмір сүрген ежелгі ғылым. Бірінші астрономиялық бақылаулар туралы қолжазбалар б. э. д. VIII ғасырға қатысты. Ал Ежелгі Қытай астрономдары б. э. д. 2 мың жыл бұрын Ай мен Күн қозғалысын зерттеп толық Күн және Ай тұтылуларын жоғары дәлдікпен есептей білген. Азияның көшпенді тайпалары, оның ішінде қазақ халқы, күндіз Күннің, түнде Ай мен жұлдыздардың орналасуымен, өздерінің көшіп-қону бағытын дұрыс ұстап отырған. Уақыт пен жылдарды санақ жүргізу қажеттілігі астрономияның дамуына әкелді. Мысалы Ежелгі Грецияда астрономия біршама дамыған ғылымдар қатарында болды. Планеталардың көрінетін қозғалысын түсіндіру үшін, грек астрономдары геометриялық эпициклдердің теориясын құрды. Бұл теория кейіннен Птоломейдің әлемнің геоцентрлік жүйесінің негізі болады.

Азия мен Кавказда астрономияның дамуы әйгілі Аль-Баттани (850-929жж.), Бируни (973-1048 жж.), Ұлықбек (1394-1449 жж.) сияқты астрономдардың еңбектерімен байланысты.

Астрономия ХХ ғасырдың бірінші онжылдықтарында астрономиялық инструменттерінің дамуымен байланысты алға басты. Астрономияның күрт дамуы, ХХ ғасыр ортасында космостық техника жетістіктері, астрономиялық инструменттерді Жер атмосферасынан тыс жоғары көтеруге мүмкіндік беруімен сипатталады. Бұл кезде астрономия ғылым салаларының алдыңғы қатарында болды, ол жерде болмайтын ғаламдағы процесстерді зерттеуге мүмкіндік туғызды.

Қазіргі кезде астрономиялық зерттеулер кең ауқымды, көптеген мекемелер қатысатын халықаралық бағдарламалар арқылы жүргізіледі.

Астрономияның қазіргі жағдайын бағалай отырып, оның әдістерінің бірнеше онжылдықтар бұрын ғана ашылғаны таңғаларлықтай. В.К. Цераский, А.П. Ганский, А.А. Белопольский, Г.А. Тихов, Х. А. Әбішев, С.Н. Блажко, А.Р. Орбинский жұмыстарымен астрономиялық зерттеулер басталды. Астрономияның бастапқы қадамдарында В.Г. Фесенков жұмыс істей бастады, ал ғылым тарихына ХХ ғ. бірінші жартысының алып астрофизигі ретінде енді.

Қазақстан өз алдына ғарыш саласында жан-жақты дамып, алып ғарыш державалар қатарына ену мақсатында атқарылып жатқан шаралар аясында Қазақстанда Астрономияның даму тарихын бір жүйеге келтіру – маңызды мәселелердің бірі болып есептеледі. Біз осы бағытта жұмыстар қалай жүргізілгенін түсінбей, ары қарай ілгерілеу мүмкін емес екенін түсінеміз.

Еліміздегі Астрономия саласын көтеруге бірден-бір себепкер, ірі тұлғалардың өмірі мен ғылыми зерттеулерінің де маңызы зор. Қазақстанда қазір жасалып жатқан және жасалатын актуалды жұмыстар, зерттеулер мен мәселелер өте көп. Қазақстандағы Астрономияның кешегісі мен бүгінгісі, үлкен септігін тигізген ғалымдар мен осы саланың болашаққа бағдары кең салалы.

Ұ лы Отан Соғысы кезінде көптеген астрономдар мемлекеттің шығыс региондарында тұрып, қызмет етті. Соғыстан кейін осы региондарда жаңа бағыттар мен обсерваториялар ашқан ғалымдардың көбісі қайта оралмады. Соғыс болмаған күнде де жаңа обсерваториялар соғылар еді, бірақ олар басқаша болатын еді – уақыты да, орналасқан жері де. Бұл ғалымдарға Гавриил Адрианович Тихов (1875-1960) жатады. Ол ескі Пулков астрономы КСРО ҒА корреспондент- мүшесі (1927 ж. бастап), 1941 ж. бастап Алматыда тұрды.

Г. А. Тихов соғыс басталмай тұрып, планеталарды бақылау үшін арнайы телескоп құрастыруды ойластырды. Бірақ алдымен телескоп орналастыратын орын керек болды. Оның ойынша, планетаның ең тыныш көрінісін құмда көруге болады. Соғыстан кейін Тиховтың басшылығымен бірінші экспедиция ұйымдастырылды. Мемлекеттің азиаттық бөлігіне, Түркістанға, арнайы планеталық обсерватория үшін орын табу мақсатымен барды. Жақсы бақылау пунктері табылды. Көп жылдардан кейін азиаттық регионға пулковскийлар мен ташкенттіктер жүргізген экспедиция нәтижесінде, соңғы жылдары Сібір астрономдары жүргізгенде, тек планеталарды ғана емес, жұлдыздар мен Күнді бақылау үшін жақсы жерлер табылды. 1939 ж. мамырында комиссия 1941 ж. 21 қыркүйектегі күн тұтылуды бақылау тематикалық жоспары құрастырылды.

1941ж. 21 қыркүйекте Қазақ ССР территориясында Күн тұтылу Каспий теңізінен бастап, Қызылорда мен Алматыдан өтіп, Нарынқолғға дейін жерді қамтыды. Оны бақылауға академик В.Г.Фесенков басқарған арнайы комиссия КСРО ҒА президиумы қарамағында болған обсерваториялар дайындалды. Күн тұтылудың бақылау жұмысы жақсы өтті, барлық бақылау орындарында ауа райы тұрақты болды.

1941жылы 21 қыркүйектегі Күн тұтылуы Қазақстандағы алғаш обсерваториялар






Ж аңа астрономияның Қазақстанда пайда болуы мен даму тарихы В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтпен байланысты. (1989 ж. институттың 100 жылдығына орай В.Г. Фесенков аты берілген).


Қорытынды

Астрономияның Қазақстанда даму жолын зерттеуде, осы саланың тарихы бір ретке келтірілген. Ғылыми астрономияның Ұлы Отан Соғыс жылдарындағы КСРО ның батыс Еуропадағы қалаларының, ірі институттардың эвакуациялануынан бастау алғанын көрдік. 1941 жылы 21 қыркүйекте Алматыда болған Күн тұтылуы да осы алғашқы қадамға өз септігін тигізді. В. Фесенков, Г. Тихов сияқты алып ғалымдар Қазақстандағы Астрономияның негізін қалай отырып, тек Қазақстан емес жалпы астрономияға қосқан үлестері зор.

Қазақстанның тоқсаныншы жылдардағы реформалар нәтижесіндегі, экономиканың әлсіреп, ғылымға деген назардың төмендеуі және жастардың ғылымға деген қызығушылығының жоғалуы ғылымға әсер етті. Бірақ қазіргі таңда ел экономикасы тұрақталған сәтте, ғарыш саласының болашағы айқындалып отыр. Қазақстан алдынғы уақытта алып ғарыш мемлекетіне айналу мақсатында, алдымыздағы атқарылған ғылыми жұмыстардың нәтижелерін қолданып, жасалып жатқан зерттеулерге дұрыс баға беріп, атқарылатын жұмыстардың қажеттілігі талқылап, мемлекет тарапынан осы салаға үлкен көмек көрсетіліп отыр.

Әдебиеттер:

1 «Википедиа» сайтынан мәліметтер

2 Астрономия журналы. 1997ж. № 5. – Б. 45-46.

3 7-9 сыныптар оқулық кітаптары






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!