Материалдар / Баяндама "Абай дара - қазақта"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Абай дара - қазақта"

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбаев туралы мәлімет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2020
399
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлы Абай – өшпес мұра қазаққа

«Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз.»

Абай Құнанбаев.

Жас жеткіншектің адамдық болмысы жайлы ой толғап, адамгершілік бағытты басты идея етіп ұстанатын данышпан Абай мұрасынан зор тағылым алуға болады. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез»,- деп айтқандай білімді үйрену үшін қызығушылық емес ең бастысы адамның талабы болуы шарт.Талап ол жүрекпен сезіну, жаныңмен қалап, жақсы көре ұмтылуың. «Білім- өмір шырағы»,- деген нақыл сөз дұрыс айтылған. Білім –бұл қолдағы шырақ. Шырағын жарқырай жанса сен өмірде өз жолыңды адаспай тауып, тура жолдан таймай мәнді де, сәнді ғұмыр кешесін. Білімді болу бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады.Адамның  санасы -түбі жоқ теңіз, ал білім теңіз түбіндегі, гауһар тас. Білім адамға оңайлықпен   түспейді, оны меңгеру үшін  көл-көсір өлшеусіз   әрекет ету керек. Ғылым-білімге түбегейлі берілген адам  ғана ойлаған  мақсатына  жете алады.

«Білім – инемен құдық қазғандай»,- деп халқымыз бекер айтпағанына бүгінгі күні мен  куә болып отырмын. Білім білектің күшімен емес, сананың беріктігі мен есте сақтау қабілетіңнің жоғары болуынан болады.Алда екі жылда менде мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, үлкен өмірге қадам басқалы отырмын. Сол бір сәтте  алдымда жаңа ғасыр талабына сай мамандық иесі болу  мақсаты тұр. Осы мақсатқа жету үшін ең бастысы –  білім жолында ерінбей,маңдай терді төгу міндеті тұр. Мен өзімнің барлық керегімді, ой-арманымды, талап- тілегімді тек  білім арқылы ғана қанағаттандыра  аламын. Білімсіз өткен күн ертеңгі болашақ кепілі бола алмайды. Білімнің құнарымен сусындап, тереңінен сүңгіп, тұнығынан шөліңді қандырсаң ғана қоғамнан лайықты орныңды табасың. Білімді болу ол тек менің жеке басымның ғана мәселесі болмауы керек.Өйткені қазіргі кезде елдердің даму деңгейі біліммен  өлшеніп отыр. Білімсіз дамыған, қуатты мемлекет болу мүмкін емес.Сан  мың ұрпақтың ортақ мұратын ту етіп,  болашаққа  қадам басқан  біздің еліміз дәл сондай дамыған, білімді, қуатты ел болу керек.Сондықтан да мен сияқты әрбір жас «мемлекет маған не береді»,- демей, «мен елім үшін не істей аламын»,- деп ойлауы керек деп есептеймін. Мен де алдыма үлкен мақсат қойып, ағыстың жетегінде кетпей, толқынға қарсы тұра алатын елімнің шаңырағын бекіткен уықтай берік болуым қажет. Сонда ғана егеменді елімнің болашағы жарқын болуына өз үлесімді қаса аламын. Елдің бүгінін ойласаң, кешегі даналардың айтқан сөздеріненде сөз асылы мен баға жетпес тәрбие құралын алуға да болады. Атап айтқан мен үшін қазақтың ойшыл ғұламасы, ойшыл атамыздың философиясы Абай мұрасынан зор тағылым алуға болады.
«Сенде бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан», - деген үндеуінен сол сүрлеуі жоқ заманның өзінде ұрпақтың жолын ашып, бетін түзеп, адамдық көшіне бастап тұрғаны байқалады. Болашақтың ірге тасын қалау жолында, әр жеке тұлға өз орнын тапса ғана кемелді болашағымызға, адал қызмет ете алатынын айтып өткен.
Абай халықты бірлікке, еңбек етуге, өнер-білім үйренуге шақырған.
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан», - деп ұрпаққа өмір жолын таңдауда, өзіңді таны, өнерпаздыққа ұмтыл деген ұлағат айтады. Әр нәрсеге тек қызығушылық ғана танытпай, оған жету жолында еңбек етуге, сол еңбегіңді ортаға салып, қоғамға пайдаң тисін деген нұсқауды да байқауға болады.
Ұлы Абайдың өлеңдері, қарасөздерінің құндылық мәніне көңіл бөлген сайын баға жетпес байлыққа тереңінен үңіле түсеміз. «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі»,- бірақ сол білім өлеңдегі мақсат, мәнсап, мақтан үшін емес, халық кәдесіне, көптің керегіне жарағаны игі және «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез нәрселерімен озады» ,- деп түйіндейді.
Абай ілімі - рухани-адамгершілік әлем қоймасының кілті тәрізді. Сол кілтпен рухани дүниенің қақпасын ашып, рухани әлемнің байлығын молынан көруге болады.
«Өздеріңде ойлаңдар,
Неше түрлі жан барсың.
Ғылым да жоқ, ми да жоқ,
Даладағы аңдарсың», -

дей келе Абай адамның жетілуін үш сатыға бөліп берді. Адам бірінші сатыда надандық қасиеттің ықпалында болып, екінші сатыда құмарлық қасиетіне ие болып, оның жоғары деңгейінде даналық қасиетке жетеді. Ал үшінші сатыда материалдық үш қасиеттен (надандық, құмарлық, даналық) жоғары рухани даналық қасиетіне ие болады. Ойымды қорытындылай келе мына төмендегі өз ойымды жарып шыққан туындым арқылы «білім өмірдің - шырағы» екенін дәлелдегім келеді.

Балаға біріншіден білім керек,

Білім шырақ, өмірде орны бөлек.

Абайша ойымды айтып өтсем,

Айламен емес ақылмен жүру керек.

Білімдінің әрқашан жолы ашық,

Жүреді әркезде ол асып- тасып.

Білімің мен ақылың екі жақтап,

Биіктерде жүрерсің таудан асып.

Біліміңнің шырағың жарқырасын,

Биіктерге бас ұрып ұмтыласың.

Білім қуған жастардың талабына,

Абай кені әрқашан сарқылмасын!

Абай атамша ойымды өрнектей келе білімді жастардың алға қойған мақсаттары,

талап тілектеріне жету жолында алар асулары мен бағындырар белестеріне еш

кедергісіз жетіп, белсенді қызмет атқарып, білікті маман боларына алған білімнің

негіз боларын сенімді түрде айта аламын!



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!