Материалдар / Баяндама: "Алащ ардақтыларының көтерген ұлттық идеялары және педагогикалық шығармаларын қайта жаңғырту"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: "Алащ ардақтыларының көтерген ұлттық идеялары және педагогикалық шығармаларын қайта жаңғырту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаш ардақтыларының шығармаларын дәріптеу, жинақтау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2024
286
3 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады














Тақырыбы:«Алаш ардақтыларының көтерген ұлттық идеялары және педагогикалық шығармаларын қайта жаңғырту»



Баяндама авторы: Алдамуратова Мария Бекзатқызы


Түркістан облысы, Шардара қаласы,

М.Горький атындағы жббм

почта: aldamuratova94@bk.ru


Біз өте бақытты ұрпақпыз. Бұндай бақытты күндер бізге оңай келмегені белгілі.Кемеңгер, рухы мықты ағаларымыздың арқасында, алға қойған мақсаттарына қол жеткізгені – біздің осындай шуақты күндеріміздің дәлелі. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Алаштың басты мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Бұл жедел жаңғыру, яғни модернизация біздің бағытымызға да сай келеді. Алаш арыстары бізге мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруге табыстап кетті» - дегендей, Алаш арыстары қазақ мемлекеттігінің алғашқы және айнымас тұғырын қалады. Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек еткен жандардың атын атап, еңбегін, пікірін дәріптеу – барлық халықтың парызы деп санаймын.

Алаш арыстарының тарихта алатын орны ерекше. Олар: А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов, М.Дулатұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Тынышбайұлы,М.Шоқай, Х.Ғаббасұлы. Аты аталған зиялылар өркениетті елдердің өмірдегі тәжірибелерін ескере отырып, келешек ұрпақ, қазақ халқы білім алып, дамып, басқа өркениетті елдермен теңестіруді қалады және қол жеткізді деп айтуға болады.

Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақсат етті. Сол жолда күресті.Қазақ халқының үздік білім алған, кең ойлы патриот саңлақтарының пайда болуымен тұңғыш ұлттық Алаш үкіметі құрылып, қазақтың саяси идеясының негізі қаланды. Алаш қозғалысының лидерлері халықтың өзіндік санасын жоғары көтеріп, ұлттық бостандық идеясын ұсынды, қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғау бойынша бірізді бағыт ұстанды [1,2]. Қозғалыс көшбасшысы А.Байтұрсынов: «басқалардан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға – оқу керек!Бай болуға – кәсіп керек! Күшті болуға – бірлік керек! Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек!» деген еді.

Алаш алыптарының бірі М.Дулатов «Оян, қазақ» деп жар салса, Алаштың тағы бір қайраткері Х.Досмұхамедов «Өз тілін өзі білмеген ел – ел бола алмайды. Тілінен айрылған жұрт – жойылған жұрт» депті [3,4,5].Алаш қайраткерлерінің қай-қайсы да тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш идеясында қазақ тілі мәселесі ерекше болды. Ұлт-азаттық күрес заманы қалыптастырған зиялылардың ана тілімізге арналған еңбектері, тіл жолындағы алуан күрестері – бүгінгі өзі де азат, тілі де азат күнге жеткен қазақ баласына тағылымды мұра, өміршең өсиет. Алаш зиялыларының тіл төңірегіндегі еңбектері сан алуан. Олар: Біріншіден, тілтану ғылымының іргетасын қалады. А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы», «Тіл құралы», Т.Шонанұлының, Е.Омарұлының оқу-әдістемелік мақалалары.

Екіншіден, Алаш қаламгерлері XIX ғасырдың ортасында алғашқы белгілері байқалған ұлттық жазба әдебиетімізді жанрлық жағынан да, стильдік тұрғыдан да қалыптастырды. А.Байтұрсынұлы, Ғ.Қараш, М.Дулатов, С.Торайғыров, Б.Серкебаев шығармаларындағы жазба реалистік дәстүр, М.Жұмабаев, Б.Күлеев поэзиясындағы романтикалық жазба дәстүр мәдениетті жазба әдебиетінің қалыптасқандығын байқатса, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтердің көркем прозасы классикалық жазба әдебиетінің зор үлгілері болды. Үшіншіден, Алаш зиялылары XX ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі мәселесін көтере отырып, олар тілді сақтау, дамыту, қолданыс аясын кеңейту міндеттерін көтере келе, қазақ тілінің саяси, қоғамдық, әлеуметтік мәртебесіне ерекше мән берді. А.Байтұрсынұлы «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл»-деп ұлттық рухтың, болмыстың негізі де, арқауы да, тіл екендігін алғаш аңғартты. Төртіншіден, Алаш қозғалысы тұсында шын мәніндегі ұлттық мазмұндағы қазақ баспасөзі қалыптасты. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы,Ғ.Қараш,М.Дулатов, С.Торайғыров және тағы да басқа Алаш қаламгерлерінің XX ғасырдың алғашқы жылдарындағы публицистикалық еңбектерін тізбелемегеннің өзінде, «Қазақ» газеті сияқты ұлттың ұлы басылымының өзі публицистикалық стильдің, жалпы әдеби тілдің қалыптасуына өлшеусіз мол үлес қосты. Бесіншіден, Алаш оқымыстыларының ғылыми және ғылыми-танымдық еңбектері, әр салаларға арналған оқулықтары арқылы тіліміздің ғылыми және ғылыми-көпшілік стильдерін қалыптастырды. Алтыншыдан,Алаш қаламгерлерінің аударма саласындағы алуан еңбектерінің нәтижесінде қазақ аудармасының негізі қаланды. Бұл арада Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгерұлы және тағы басқалар жасаған көркем аудармалар, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Аймауытов, Т.Шонанұлы және тағы басқа қаламгерлер жасаған ғылыми аудармалар, сондай-ақ әлеуметтану, саясаттану, философия салаларында орындалған аудармалар, әлбетте, саны жағынан да, түрі жағынан да өзіне дейінгі кезеңдерге қарағанда әжептеуір өсу болатын. Міне алашордашылардың ең басты ұлттық идеяларын осылай жіктеп, зерделеуге болады.

Мағжан-ұлтын тереңнен сүйген ақын. М.Жұмабаев:

«Не көрсем де алаш үшін көргенім,

Маған атақ ұлтым үшін өлгенім!

Мен өлсем де, алаш өлмес, көркейер,

Істей берсін қолдарынан келгенін!» – деп [6,М.Ж. 1.Т.88-б.] келетін өз позициясын адам жанының, психологиялық әлемінің құпия құбылыстарын суреттеу арқылы жеке адам мен ұлт тағдырын бірлікте қарастырып, түсіндіреді. Ендеше сол кезеңдегі ұлты үшін жан қиған ақынның ұраны халқын жетелеп, күш беріп, арманы, тілегі бүгінгі күнмен сабақтастықта жүзеге асып, ұлттық тұлғасы, оның тілдік шығармалары арқылы сомдалып, ұлттық тілдік тұлғаға айналды деп айтуға болады. Өзінің «Мен жастарға сенемін» деп аталатын өлеңінде ол жас жеткіншектерге үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қыранның қанатындай күштілікті, таза жүрек пен сүйкімді мінезді, туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. Соған мақтанды.Шабыттана жырлайды.Мен жастарға сенемін! деп асқақтай сөйледі.Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы- сөз,заманымыздың белгілі ақыны Олжас Сүлейменов айтқандай жастарды тәрбиелеуде сөздің құдіретті күшін пайдаланудың маңызы зор екендігін сезінген ақын өнегелі, өрелі асыл сөздерін кейінгі ұрпаққа сыйлайды.

АННОТАЦИЯ. Қорыта айтқанда, Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығының дәлелі - Мәңгілік Ел. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де.

Кешегі Алаш идеясы-бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуына сол кезеңдердегі Алаш зиялыларының да еңбегі зор .

Сонымен қатар, Алаш ардақтыларын ұмытпас үшін , ең алдымен мектеп оқулықтарында жеткілікті көлем берілуі керек. Шығармалары әлі оқырмандарына толықтай жетпеген: Отыншы Әлжанов, Ғұмар Қарашұлы, Қошке Кемеңгерұлы  т.б алаш ардақтыларының еңбектерін зерделеу қажет, Кітаптар мен фильмдер көптеп шығарылып, мектептерді қамтамасыз етуі керек.

АННОТАЦИЯ. Одним словом, «Вечная страна» является доказательством того, что национальные идеи, поднятые алашской знатью, сегодня реализованы. Поэтому для нас, говорящих: «Наша потребность – лес, наш лозунг – Алаш», это всегда было и будет железной опорой казахской идеологии.

Вчерашняя идея Алаша – сегодняшний Независимый Казахстан! Алашская интеллигенция того времени также внесла большой вклад в то, что сегодня Казахстан признан во всем мире как суверенная страна.

Кроме того, чтобы не забыть честь Алашских героев, прежде всего, в школьных учебниках следует давать материалы. Необходимо изучить труды алашоведов, труды которых еще не дошли до читателей: Отынского Альжанова, Гумара Карашулы, Кошке Кеменгерулы и др. Необходимо массово издавать книги и фильмы, обеспечивать все школы.

Аnnotation . In a word, “The Eternal Country” is proof that the national ideas raised by the Alash nobility have been realized today. Therefore, for us, who say: “Our need is forest, our slogan is Alash,” this has always been and will be the iron support of the Kazakh ideology.

Yesterday's idea of ​​Alash is today's Independent Kazakhstan! The Alash intelligentsia of that time also made a great contribution to the fact that today Kazakhstan is recognized throughout the world as a sovereign country.

In addition, in order not to forget the honor of Alash, first of all, sufficient volume should be given in school textbooks. It is necessary to study the works of Alash scholars, whose works have not yet reached readers: Otynsky Alzhanov, Gumar Karashuly, Koshke Kemengeruly, etc. It is necessary to publish books and films en masse, to provide schools.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Сен білесің бе? Энциклопедиясы, «Аруна ltd.» ЖШС, [75-79 беттер].

2.Тарихи тұлғалар, Алматыкітап 2006, [59-84 беттер].

3.З.Қабдолов. Қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелері (ғылыми мақалалар жинағы). Алматы, 1993.[144]

4.Ә.Әбдиманұлы. Әдебиетімізге мысал жанрын әкелген//Абай журналы,2001. №3. [31-36]

5.С.Сейфуллин. Бес арыс:естеліктер, эсселер және зерттеу мақалалар.Алматы, 1992.[544 б ]

6.М.Жұмабаев Үш том. шығ. жин. Алматы: «Білім», 1996, 1 том,[ 88 б]. 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!