Материалдар / Баяндама: "Алаштың Абайы"

Баяндама: "Алаштың Абайы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал А.Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арнап жазылған. Материал ұстаздарға тақырып аясында баяндама жасауға көмектеседі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2020
380
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алаштың Абайы

Бекетов Мади Буркитбаевич

«Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі

Жалдама жалпы білім беретін орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары



«Рухани жаңғыру» бағдарламасы – қалай айтқанда да сәтімен қозғалған өзекті мәселе деп білемін. Өйткені әрбір жан иесі өзін іштей түлетіп жаңғыртпаса онда қоғамның да оң өзгерістерге бет бұрып бағыт алуы да мүмкін болмасқа керек. Сонымен «Рухани жаңғыру» - қалыптасқан қасаң ойлардың, жаттанды, таптаурын ұрандардың жетегінде кетпей өз қоғамын әлемдік деңгеймен салыстыра отырып оның болашағына байыппен қарай білетін ұстынды тұлғалардың тобын қалыптастырудың кілті іспетті қажетті де өзекті өміршең бағдарлама болып барша қазақстандықтардың қоғамдық даму жолында қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісіндей боларлық аса ауқымды ойластырылған кешенді іс-шаралардың жетекші құралы деп ұғынуымыз керек. Ал енді осыны қалай жүзеге асырамыз? – деген ойдың орайында жүгінеріміз ұлы ойшыл, Абай ақын болмақ. Өйткені Абай мұраларын түсініп, тұщынып оқымайынша жеңіл-желпі, жөпшенді көз жүгірткеніне бой берер қазына емес. Бұл деген сөз – Абай әлемін танып, бойға сіңіруге бұқаралық сипат беру, оны игеруді қазіргі қолданыстағы жүрген жекелей іс-шаралардың аясында қалдырмай жалпының жүрегінен орын аларлықтай дәреже – деңгейіне көтермей жемісін бермейтіні ойландырады. Таласым жоқ «Абай оқулары» республикалық деңгейдегі сайысқа негізделген іс-шараның бірегейі. Алайда ол жекеленген оқушылардың байқауы. Ал, Абайдың өз сөзімен айтқанда болашақтың кетіксіз қоғамын қалыптастырар өзге кірпіш өрендері қайда қалады?! Айтайын дегенім ұлтты түзейміз десек Абай мұрасын әр қазақтың жанына сіңіруімізге жол ашарлықтай қадам жасау қажет. Мысалы қырғыз ағайындар «Манас» эпосын жатқа білуді оқу бітірерде әр түлектен талап етеді екен. Содан ба екен олар бізге қарағанда қорлыққа көнбес бас асаулығы барын байқатып қояды. Батырды дәріптеу – ерлікке баулу.

Абайға қайта оралсам, жаңа ғана қозғаған ойымның дәлелінде Абайды адамзаттың Абайы деп атаппыз. Өз басым бұған келіспеймін. Себебі олай деп атау Абайды Айтматовтың деңгейіне түсіріп, төмендету деп білемін. Ойлаған адамға Абай қайда Айтматов қайда. Шыңғыстың олай аталуына кітаптарының бірнеше тілге аударылып алыс-жақын шет елге таралуында болса керек. Осы қисынға салсақ осы күнгі ортаң қол жазушыларды да шет тілге аударылған еңбектері үшін «Адамзаттың» деп айта беруіміз керек шығар? Жоқ!, менің Абайым адамзаттың емес Алаштың Абайы. Өйткені Абай мұраларының өн бойында қазағымды қайтсем жаман әдеттен арылтсам екен? Қайтсем қараңғылықтан жарыққа талпындырсам екен? – деген ниетпен астасқан аяулы мақсат табылады. «Улы сия долы қол, не жазып кетсе жайы сол» - деп өзі айтқандай Алашының алдағы күніне аландап, ызаға булыға отырып назаға толы назын ілдіре намысын қайрайды. Өз мінін білмеу өлермендікке, өзімшілдікке бастайды. Ал мінінді мойындау өзгемен де санасып түзу жолға түсудің кепілі. Олай десек Ұлы ойшылдың ұлт мінезін қалыптастырудағы мінеу тәсілі, әр қазаққа «өз ішіне үніліп көрші, қандайсын? Дұрысында қандай болуын керек еді?» - деген философиялық ойлардың көркем жиынтығы тәрізді тапқырлықтың тамаша тәсіл, үлгісі болып көрінеді. Былай қарасан осы күнгі «Рухани жаңғыру» деп жүргеніміздің бастау бұлағы осы Абайда жатқан сияқты. Яғни жанынды жаңғырт, ойынды түлет, өзінді өзгелермен салыстыр, әлем жамағатының алдында жеркенішті жерлерін байқалмасын, өзінді оят, адамдыққа бейімдел- деген ұлтына деген ұлы жанашырлық махаббаты өлеңдерінің өн бойында өріліп отырады.

Зерделеп оқи алғанға Абай мұрасы мәңгілік мәні бар, адамзат қауымымен алғы күндерде де жасай беретіндей өміршең жәдігер. Өміршеңдігі сол, осыдан ғасыр жарым бұрынғы философиялық толғамдарының қазіргі күнменде кірігіп, жанынды жаңғыртар жасампаздығына қайраң қалмасқа амалын жоқтай. Әсіресе Абайдың қара сөздеріне арқау болған алуан тақырып соншалық тереңдік, соншалық биіктік пен астасып, қаламгердің хас шеберлігін байқатар байыпты дүниеге айналғаны еріксіз бай шайқатады. Айта кетсек Абайдың шығармашылығы да алуан түрлі. Өлеңдеріндегі махаббат лирикасы, табиғат тылсымдарын бейнелеудегі ғажайып суреткерлігі қазақтың қанатты пырағы ат болмысындағы барша қасиеттеді тап басып өлеңмен өруі оның қаншалықты қарымды қаламгер екенін айғақтайды. Оқи отырып қазаққа осыншалықты ұлы ойшылды, дарабоз дананы, ақылман ақынды қия салған тәңірдің берген тағдырына ризалық пен сүйсінесін!

Бірде кино өнерінің хас шебері, сахна саңлағы Елубай Өмірзақовтың Абай кітабын оқып отырған сәтінің үстіне келген Ғабит Мүсірепов – «Е, Елаға, Абайды енді оқиын дедін бе?» – дегеніне алымды актер, «үндеме, әулиемен қауышып отырмын» – деген екен. Сүйсінгені болар сірә! Ахмет Байтұрсынов атқандай Алаштың бас ақыны атанып айбынына айналған Ұлы Абайдың төрткүл дүниенің түкпір-түкпіріне сөзі жеткен жамподы әулие десек те жарасатын сияқты. Бір білімдар Абайды сынамақ болып: - Алланың мекені қайда? – дегенде ұлы ойшыл – «Алла менің жүрегімде» деген екен. Өзі айтқандай Абай сөзі, Абай нақылы, махаббат жайлы орамды ойлары әр қазақтың жүрегінен орын алса қанеки?! Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында үкімет болып кешенді бағдарлама жасаса дұрыс болар еді.

Ойымды қорыта келе айтарым Абайды әр жасөспірімнің жадында қалардай етіп жаңғырту қажет. әл-Фараби "Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы" дегендей осы тәмсілге бой ұсынсан Абайдың әр сөзін тәрбие құралына айналдыру қажет. Оқушыларды Абайды оқуға, оны сүюге, әр сөзінің парқына ой жібере білуге, ауық-ауық жадында жаңғыртып отыруды әдетіне айналдыруға ықпал етуіміз қажет. Абай нақылдарының, Абай мұраларының жарқын болашақ негізін қалаудағы манызды ұстын екенін тек әдебиет маманы ғана емес, барша ұстаздар қауымы ұғынуы қажет. Әсіресе Абайды танудың, дәріптеудің бұқаралық сипат алуына жол ашылса дейміз. Өйткені Абайды таныған, оған жүгініп, бас иген саналы ұрпақтың болашақ иесі болары анық. Жалпы қорытындылағанда Абай сөзінің сәулесі нұрландырған болашағымыз жарқын болсын! – дегім келеді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ