Материалдар / Баяндама: Бала тәрбиесіндегі сынып жетекшінің рөлі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: Бала тәрбиесіндегі сынып жетекшінің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама: Бала тәрбиесіндегі сынып жетекшінің рөлі. Мектептегі барлық сынып жетекшілерге арналады. А. С Макаренко «Ата - аналарға арналған кітабында» «Бала тәрбиесінде сіздің іс қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады. Сіз тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп ойламаңыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2021
1117
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіріспе:

А. С Макаренко «Ата - аналарға арналған кітабында» «Бала тәрбиесінде сіздің іс қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады. Сіз тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп ойламаңыз. Тәрбие өмірдің әр сәтінде іске асады. Тәрбие сіздің қалай киінетініңіз, сөйлейтініңіз, қалай күлгеніңіз, осы іс әрекеттің барлығы бала үшін өте маңызды . Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі - ата – ананың өнегелі тәрбиесінде.

Баланы жанұяда дұрыс тәрбиелеу, оның мектепте жақсы оқуына, болашақта жақсы азамат болып шығуына үлкен ықпалын тигізеді. Бұл ретте бала біріншіден білімге құштар болса, екіншіден ол еңбекке дағдыланады. Ал еңбек пен білім егіз екенін естен шығармауымыз керек. Жас жеткіншекке жанұяда дұрыс тәрбие берілсе, болашақта одан үлкен нәтиже күтуге болады. Дұрыс тәрбие алған бала ата - анасын қуантып отырады. Балаға дұрыс тәрбие берудің өзекті бір саласы жас жеткіншекті еңбекке деген әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Бұны тек мұғалімдер ғана емес әрбір ата - ана қолға алып, өз балаларының гүл, ағаш егіп, ауланы көгалдандыру сияқты игілікті іске қатысуын қадағалап отыруы керек. Сонда ғана еңбексүйгіштік қасиет берік дағдыға айналады. Еліміздің болашағы - ертеңгі тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ екені даусыз. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру - баршаға ортақ, әрі міндет.Тәрбиенің от басынан басталатыны сөзсіз. Адам баласының шыр етіп өмірге келгенде көретіні ата - ана, ал ата - ана өмірінің жалғасы - бала. Өмірінің жалғасы баласының керемет ғалым болмаса да, тәрбиелі үлгілі, ақылды кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып өсуін ата – ана қадағалайды. «Тәрбие басы тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтылған дана сөздер текке айтылмаса керек. Баланы тәрбиелеуде ата – ананың бір – біріне деген қарым - қатынасы, қалай сөйлесетіндігі, туған – туыспен, көрші - көлеммен қалай араласатындығы, келген қонақты қалай сыйлайтыны, тіпті ұсақ-түйек болса да қалай тамақтанатыны, дастархан басындағы әдептілігі, қалай киінетіні бұның барлығы балаға әсер етеді. Бала үлкенге қарап өседі. Баланы үнемі ұрып - соғып, қателескен жерінде қатаң жазалап тәрбиелеудің қажеті жоқ.

Баланы адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы әдетке, әдемілікке, әдептілікке ұқыптылыққа, жауапкершілікке сөзбен жеткізе отырып тәрбиелеуге болады. «Жақсы сөз жан азығы» деп бекер айтылмаса керек. Қай заман, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән беріп келген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен жастарға оқу білім беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Сондықтан да Елбасымыз XXI ғасырды білім жарысы ғасыры деп атап отыр. Тәрбиенің мақсаты пәнді керемет меңгерген оқушы тәрбиелеу емес, ең бастысы Адамды тәрбиелеуШәкәрімнің: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл саналар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді»- деген сөзі бар. Адамгершілікке тәрбиелеу ісі білім берумен ғана шектелмейді. Бұл баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады.

Ана - тілінің тағдыры отбасынан басталады. Рухани байлық дүниетаным, түсінік, рух, иман отбасынан осы түсініктерді ана - тілі арқылы халықтың сарқылмас мол рухани қазынасынан сусындаса, өзіміздің дәстүрлі ұлттық дүниетанымымыздың арнасында әлемдік өркениет жетістіктерін игеріп терең меңгерсек, ешкімге есемізді жібермейтін дәрежеге жетсек, онда дербес ел ретінде нық тұрамыз. Отбасында тәрбие ісімен айналысу үшін, ең алдымен ата – ана өз өмірін, өз ісін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.

Баланың көп уақыты сәби шағынан бастап отбасында өтеді. Оның өмірін, іс - әрекетін, демалысын бірқалыпты ұйымдастырып, реттеп отыру үшін қажетті жағдай керек. Ал жағдай ұтымды күн ырғағы негізінде жасалады. Күн ырғақ – бұл өмір тәртібі. Ал бала өз міндетін қашан да орындауға тырысады. Отбасында бала әр нәрсені естиді, көреді, қалай өмір сүру керек, өзін - өзі қалай ұстай білу керек, жағымды, жағымсыз мінез – құлықтарды байқайды. Сондықтан ата – ана балаға үңіле қарап, үнемі бақылап бала жан дүниесіне оң әсер ететін іс - әрекеттерді дағдыға айналдыру керек.

Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез - құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл - қыздармен үй шаруасында жүріп - ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа.

Баланы мектепке апарып алып қайтар жолда сырласып әңгімелесуге болатынын естен шығармаған жөн. Бала мектепте болған жайды әңгімелеп, достары жайлы ой пікірімен бөліскісі келеді. Балаға уақытым жоқ деп тиып тастамай, сұрақтарына жауап беріп өз пікіріңізді ортаға салсаңыз ол баланың ойында дұрыс пікір қалыптастырады. «Бала тәрбиесіндегі сынып жетекшінің рөлі» баяндама сынып жетекшінің тәрбие жұмысы жөнінде баяндама оқу барысында сынып жетекші оқушылармен қалай жұмыс жасау керек екендігі айтылған.. Балаға білім, тәрбие беруде ең бастысы ұстаз екендігі сонан соң ата-ана мен қоғам екендігі нақты айтылған. Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге адалдықпен, асқан жауапкершілікпен қараған жөн. Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Баланы жанұяда дұрыс тәрбиелеу оның болашақта жақсы азамат болуына ықпалын тигізеді.

Тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі сынып жетекшінің рөлі

Мақсаты:

  1. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам;

  2. Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге адалдықпен, асқан  жауаптылықпен   атсалысу - ата – аналар  мен  ұстаздардың, әсіресе, сынып жетекшісінің  басты  парызы екенін айту;

  3. Сынып жетекшісі өз оқушыларын ұжымдық әрекетте ауызбіршілікте болуға, сыныпта дәріс беретін мұғалімдер мен тіл табыса білуге, оқушылардың ата-аналары мен байланыста бола отырып жұртшылықпен бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіре білетін ұйымдастырушы.

Бала - басты байлығымыз, ал ең асылымыз – оның тәрбиесі. Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізге жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық. Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.  Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам.Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін нәтижелі бере бастайды. Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ал сол жастар «рухани» байлықпен қылаптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата-аналар да, қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп атсалысуы қажет.

Бала тәрбиесі – мәңгілік мәселе. Өнегесі  мол  отбасы  тәрбиесіне  ештеңе  тең  келмейді. Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге адалдықпен, асқан  жауаптылықпен   атсалысу - ата – аналар  мен  ұстаздардың, әсіресе, сынып жетекшісінің  басты  парызы. Мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өскінді алғашқы қоңырау сыңғырымен бірге күлімдеп алғашқы ұстазы қарсы алады. Алғашқы ұстаздың мейірімді немесе қатқылдау жүзі бала қиялында өмір бойы сақталып қалады. Нақ осы тұңғыш ұстаз шәкірттің ең бірінші сынып жетекшісі.Бұдан әрі жас баланың мінез-құлқының дұрыс қалыптасып , таным-түсінігінің кенеюі осы алғашқы сынып жетекшісіне тікелей қатысты.Жас шыбықты қисық отырғызсаң-қисық,түзу отырғызсаң-түзу өсетіні сияқты,сынып жетекшісінің қызметі де бау өсіретін бағбанның еңбегімен пара-пар. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», «Шәкірттіне қарап –ұстазын таны» деген асыл сөздер тап осы сынып жетекшісіне арналып айтылған десек қателеспеймін . Яғни, бала тәрбиесіндегі ,әсіресе әрбір сынып оқушысын жан-жақты білмділікке дағдыландырудағы басты тұлға –сынып жетекшісі. Сонымен ,сынып жетекшесін бала тәрбиесіндегі рухани сәулеткер, бағбан ретінде бағаласақ ,оны отбасы,ошақ қасынан кейінгі екінші ата-ана деуге де болады.Өйткені әрбір сыныптағы әр оқушы сынып жетекшісі үшін өзінше ашылмаған құпия. Өз сыныбындағы әр оқушының мінез –құлқындағы ерекшілікті,жан –дүниесін,жанұядағы тәрбиені зерттеп,білмейтін сынып жетекшісі-ол құпияның кілтін таба алмайды. Әр шәкірттінің тілін тауып ,оның ішкі балалық жан-дүниесін ұғынбаған сынып жетекшісін оқушы тез ұмытады.Бастауышта білім негізі дұрыс қаланса, онда оқушының сынып жетекшісінің жақсы болғаны. Бала жоғары сыныптарға өткен кезде өте жақсы оқып келген оқушының мінез-құлқы да, сабаққа зейіні өзгереді . Өйтені сынып жетекшісі ,сабақ беретін ұстазы да өзгеріп,оқушы мен мұғалім арасындағы жаңа қарым-қатынас қалыптасады.Жаңа сынып жетекшісі өз оқушысының қыр-сырын нақ осы кезеңде жетік білуі керек .Өкінішке орай кейбір сынып жетекшілерінің немқұрайдылығынан, яғни өз шәкіртінің мінез –құлқындағы ерекшіліктер мен оның зейін қабілетін зерттеуге мән бермеуінен бала тәрбиесінде үлкен олқылықтар орын алады.Оған әрбір пән мұғалімдерінің салғырттығы қосылып ,оқушының сабаққа ынтасы мен зейінін нашарлатады да, «тәрбиесі қиын оқушылар» қатары көбейеді. Ал «қиын» оқушының тәрбиесіне ең алдымен «сынып жетекшісі» жауапты. Себебі әрбір сыныптағы жоспарлы тәрбие жұмысын жүргізетін тек сынып жетекшісі.Сонымен ,сынып жетекшісі пән мұғалімдері және ата-аналармен , оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарымен тығыз байланыста істейді.Оқушылардың сабақ үлгерімін,тәртібін мінез құлқындағы өзгерістерді үнемі зерттеп,біліп шәкірті қиналып жүрген сәтте оның жанынан табылып ,көмектесіп ,үнемі ақыл-кеңес беріп,оған ізгілікті қасиеттерді үйретуден жалықпаған сынып жетекшісін ғана нағыз бала жанының бағбаны деуге болады.

Ұстаздардың  өмірі  мектептегі  еңбек  майданында  оқушымен  тығыз  байланыста  болады.Бір  сыныпта  әр  түрлі  бала  болады, яғни, әр түрлі  психология. Ендеше сол оқушылармен тіл  табысып, жұмыс жасай білген ұстаз – психолог. Кейде келіспеушіліктер  де, қиындықтарда  туындап  жатады. Сол кезде ата – ананың көмегі, ықпалы көп қажет  болады. Мұғалім өзіне  бағынбаған баланың  қылығы  үшін ата – анасын  шақыруға  тура келеді. Сондай  жағдайда кей  ата – ана  мектепке  келуден бас  тартады, ал  кейбірі келіп  алып, мұғалімді  жазғырады.

Қорытынды:

Ұлттың болашағы –ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі –ұстаз қолында. Ал, ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Тәрбие беру – өзгермелі өмір талабына жауап беруі тиіс. Бұған қоғамдық өмірге дербес шешім қабылдап, ойды саналы түрде түсінуге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелемейінше қол жеткізу мүмкін емес. Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты. Үшінші мыңжылдықта жастар қандай болуы керек?– деген жанды сұрақ әрбір саналы адамды ойландыратыны сөзсіз. Сондықтан да Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың алдында: “XXI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан –жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек”– деп жауапты міндет қойып отыр. Бұл бүкіл адамзатты ойландыратыны анық жағдай.. Адамның адам болып қалыптасуында ата – аналармен қатар сынып жетекшілердің ықпалы зор. Яғни тәрбие жүйесіне жүктелер жүк те жеңіл емес. Қандай істі болсын бастау, оны өмірге ендіру оңай шаруа емес. Ұрпақ тәрбиесі– бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. Тәрбие жолы қиын жол. Өмірді өрнектейтін адам ұстаз шәкірт алдындағы парызын ешуақытта ұмытпайды. Мүлт кетсе-үлкен қателік жіберіп алатынын біледі. Ал тәрбиеде кеткен қателікті түзеу оңай іс емес. Сондықтан әр ұстаз жалықпай ізденеді, білім беруді, тәрбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндеті, айбынды мақсаты деп біледі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысының мақсатын саналы түсініп, оны жан-жақты талдап отыруға міндетті. Сынып жетекшінің тәрбие қызметіндегі мақсаты: білім алушы тұлғасының өзін-өзі дамыту мен іс жүзінде көрсетуі үшін жағдай жасау.Балалардың тума нышандары мен қабілеттерін дер кезінде айқындау,қауіпсіздік, эмоциялық жайлылығы үшін психологиялық жағдайлар жасау. Сынып жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшінің рөлі өте жоғары екендігін ескере отырып төмендегі сынып жетекші қызметіне қажетті мақсат−міндет ережелерін ұсынамын.

Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері :

  • Сынып ұжымын қалыптастыру және дамыту 

  • Тұлғаны дамытып, әрбір білім алушының өзін танытуы әрі қайталанбас ерекшелігін сақтай отырып психолгиялық педагогикалық жағдай тудыру 

  • Оқушылардың шығармашылық іс- әрекетін қалыптастыру 

  • Сыныптағы жүйелік Жұмысты ұйымдастыру 

  • Білім алушылардың бойында адамгершілік құндыықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру 

  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру 

  • Білім алушылардың құқықтары мен мүделлерін қорғау 

Сынып жетекшісінің негізгі қызметіне мыналар жатады :

  • Сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру 

  • Сынып ұжымының оқу ісін ұйымдастыру 

  • Сыныптың сабақтан тыс уақыттағы өмірін ұйымдастыру 

  • Оқушылардың жеке басын зерделей түсіну 

  • Оқушыларды әлеуметтік қорғау 

  • Ата- аналармен жұмыс 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!