Материалдар / Баяндама "Балғасын кесенесі"

Баяндама "Балғасын кесенесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балғасын кесенесі жерінің табиғаты; Балғасынды зерттеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
418
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы

«№1 мектеп-гимназиясы» КММ

география пәні мұғалімі: Н.Б. Садакбаева


Жоспар:


  1. Кіріспе......................................................................................................................3

  2. Балғасынды зерттеу жалғасуда..............................................................................4

  3. Балғасын кесенесі жерінің табиғаты ....................................................................5

  4. Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................................8




Кіріспе

Орта ғасырлардан сақталған қорым. Қазіргі Ақтөбе облысы, Шалқар қаласынан солтүстікке қарай 55 км жерде, ауд.140*220м.19ғасырдың аяғы мен 20ғ-дың басында Орынбор ғылыми архив комиссиясының мүшелері А.Матов, И.Хохлов,Ж.Кастанье болған. 1979-80 жылдары Қазақстан Мәдениет министрінің экспедициясы (жетекшісі С.И.Әжіғалиев) зерттеген.

Қорым Балғасын мұнарасының қалдығынан, Оңалбек ата (шамамен 17-18ғ.ғ.)кесенесінен және шикі кірпіш пен тақтатасынан салынған көптеген бейіттерден тұрады. Көркем стела немесе құлыптас жоқ, сиректеу ғана өңделмеген дөрекі белгілер кездеседі. Олардың кейбірінде Шекті руының таңбасы ойылып салынған.

Балғасын мұнарасы аттас қорымда орналасқан сәулет өнер ескерткіші. Қазақ аңыздарында Балғасын көші-қон кезінде өлген қыздың есімі екен. Жерленгеннен кейін басына әкесі Қазтуған ханның : «Қол астымдағы әрбір отбасы бір кірпіштен қаласын!» деген нұсқауы бойынша мұнара бір күнде тұрғызылыпты делінеді. Мұнара қазірде бұзылған. Ол ұзақ уақыт бойынша Қыпшақ дәуірінің ескерткіші деп есептелініп келген. 1979-80ж.ж. Қазақстан Мәдениет министрінің экспедициясының (жетекшісі С.И.Әжіғалиев) зерттеулері нәтижесінде Б.М.15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырдың басында қазақ-өзбек-ноғай дәуірінің құрылысы екендігі анықталды. Құлағанға дейінгі (1900)мұнара сипаттамаларына, әсіресе А.Матовтың суретінде (1897), кесенесінде Әмір-Темір заманындағы сәулетшілер мектебінің белгілері айқын байқалады. Балғасын мұнарасы 9*10 м шаршыға жуық жобадағы діңкекті ғимарат деп есептеуге болады. Кіретін есік оңт-батыс қабырғаның оң жағында .Суретте көрсетілгендей , жататын тұғыр үстіндегі кеңірдек тәрізді барабанға көп қырлы күмбез салынған. Ғимараттың биіктігі 18-20 м.Түркістан қаласындағы осы тектес Рабия Сұлтан-Бегім (15ғ-дың аяғы)кесенесінің биіктігі 23м биіктігі 4,5-5 метр,11*15 см және 5,0 *22*22 см тікбұрышты және шаршы, өте жоғары сапалы күйдірілген кірпіштен тұрғызылып, күмбезі көгілдір эмаль жалатқан кірпішпен қапталған. Балғасын мұнарасы құлай бастағанда бұл кірпіштерді кейінірек салынған Оңалбек ата кесенесіне пайдаланған. Балғасын мұнарасының архитектурасы Мауераннахр және Дешті Қыпшақ мемориалдық құрылыстарымен композициялық байланысын көрсетеді. Сондай-ақ оның 19-ғасырда Ырғыз-Мұғалжар өңірінде салынған ғажайып күмбезді кесенелерге ықпалы байқалады.

С.Әжіғалиев.

Балғасынды зерттеу жалғасуда

Жоғарыда аталған мұнара жайлы 2003ж.Қ.Р.Мемлекеттік хатшысы «Мәдени мұраларды» қорғау жөніндегі комиссия төрағасы И.Н.Тасмағанбетов мырзаға хат жолдап құлыптастардағы жазулардың қай тілде екенін сұраған болатынбыз. Көп кешікпей хатымызға ғылым департаменті директорының орынбасары Ә.Зейнуллин мырзадан жауап келді, онда Балғасын мұнарасы 2004-2005 ж.ж. «Мәдени мұра» бағдарламасына енгендігі, зерттеу жұмысына Республикалық бюджеттен 3,5 млн. теңге бөлінгендігі айтылған.

3 мамыр 2005ж Шалқарға Ақтөбе, Алматы, Түркістан қалаларынан бір топ ғалымдар келді. Комиссия мүшелері 3-8 мамыр аралығында Балғасын бойында болды; лазерлік құралдармен жұмыс жасап, түрлі топографиялық өлшемдер алынды, бейне таспаға түсіру жұмыстары жасалынды. Енді ғалымдардың ұйғарымы бойынша Балғасын мұнарасына археологиялық қазба жұмысы жасалыну керек деп табылды да белгіленген уақыттан сәл кейінірек, қыркүйек айының 8-20 аралығында қазба жұмыстары жүргізілді. Оның негізгі мақсаты Балғасын мұнарасының іргетасының периметрін анықтау болды. Қазба жұмыстары кезінде керамикалық бұйымдар, қазан сынықтары, моншақ, таспихтар, жебе ұштары және 1859жыл белгіленген 5 тиындық орыс ақшасы табылды. Қазба жұмыстарының нәтижесінде мұнарада көпшіліктің түнегені анықталды. Сонымен қатар мұнарадан 400-500 метрдей жерде кірпіш күйдіретін пештің орны табылды. Оның маңайында шала күйдірілген, дұрыс піспей қалған кірпіштер және оттың күлі әлі күнге дейін анық байқалады. Аңызы мен ақиқаты қатар жүрген мұнараның құпиясының ашылуы алдағы уақыт еншісінде. Зерттеу жұмысы жалғасуда.

Н.С.Пұсырманов.»Ақтөбе» газеті, №23,30 наурыз,20

Балғасын – қазақтар мен қыпшақтар сағысқан жер. Осында байдың қызы Балғасын жауға қарсы аттанып қаза табады. Оған арнап ХІІ ғасырда сәулетті күмбез тұрғызған. Жиһанкездердің назарын өзіне қаратқан күмбезді тамашалаған саяхатшы жоқ деуге болады. Бірнеше қатарланып көрсетілген сан қырлы төбесі, көк шатырлы теңдесі жоқ құрылыс талайдың таңдайын қақтырған.

1901 жылы И. Хохлов Балғасынның сипаттамасын жазған. Одан кейін бірнеше ғалымдар бұл зиратқа соқпай кете алмаған. Бұл жерде бұрын қала болған. 1907жылы И. Костанье Балғасынның қатты қараған күйі мен алғашқы көрушілердің сипаттамасын жазады. Бұл ескерткіш иесі мен оның салынуы және халықтың оған әулие деп табынуы туралы неше түрлі аңыз бен әңгімелер бар.

Д.І. Төлебаева «Шалқар географиясы», 2002ж

Балғасын атауы кейіннен аталған. Ол негізі Балғазия деген Ноғайдың қызы. Ол әулие адам болған. Ноғайлар сол жерге қала салған. Біз сол жерге егін еккенде қырдың басынан қызыл кірпіштің қаланың ізін көргенбіз. Қабын қазған деген жерде қойға топалаң тиіп, қойдың басын бұрғанда, топалаң тиылған. Соны келіп Балғасынның басына түнетіп қайтқан. Оны үлкен ақсақалдар айтып отыратын еді. Қасындағы тұрған Оңалбек деген Тілеудің бір адамы.









Балғасынның тамының сырын құлаған кірпішін Ақтөбеге жан-жаққа алып кетті. Үлкен ғалымдар зерттеп жатыр, кірпіштің қалай сырланғанын әлі ешкім таба алмады.

« Балғасын» туралы дерек іздеушілер: Шалқар ауданы «№1 мектеп-гимназиясы» КММ география пәні мұғалімдері: Садакбаева Нургул, Шонкина Алмагул, Досниязова Жанар

Балғасын кесенесінің орны мен Оңалбек кесенесі қатар тұр


Балғасын кесенесі жерінің табиғаты

Өлке табиғаты шөл-шөлейтті зонада орналасуына байланысты өсімдіктер мен жануарлар дүниесі шөле бейім келеді. Топырақта қарашіріктің құнарлылығы 1-1,5 %- тен аспайды. Балғасын жерінің топырағының түсі ақшыл сары, құмды, сазды . Бұл топырақтың құрамында қара аз және жауын-шашын жеткіліксіз жауады. Бұндай жерді көбіне мал жайылымына пайдаланады.

Бұл жерде өсімдіктер өз бетінше өсіп өнеді. Мұндай өсімдіктерді жабайы өсімдік деп атайды. Әртүрлі ортада өсетін өсімдіктердің сыртқы құрылысы да түрліше болады. Яғни өсімдік өсіп тұрған топырағы мен өсімдік құрылысының арасында байланыс бар. Балғасын жерінде боз, жусан, изен, тікенді шығыр тікен, бәйшешек, түйетабан, жабайы жуа, т.б. өседі





«Балғасын»жерінің бұрынғы тұрғыны Сембаев Жақсыберген Сембайұлының

әңгімесінен:

1987 жылы бөет салынды. 1988 жылдан бастап ол жерге бақша егілді. Каристердің төрт жанұясы келіп, бақша егуді бастады. Қауын, қарбыз, қызанақ т.б. 1989 жылы Шалқар қаласынан Шудабай деген ақсақал төрт адам болып бақша екті. Оларда қауын, қарбыз екті, өнімдерді жақсы алды. Содан 1991-1992 жылдары Халиков Болат бақша екті. Ол тұқымын Мәскеуден әкеліп, малға азық болатын шөп екті. Атауы есімде жоқ. 1995 жылы Жомарт совхозы мен Шалқар совхозы бөгетке талас болып, бөгетті бұзды. Бөгет бұзылғаннан кейін барлығы қысқарыпқалды.

Балғасын бойының қалың сайды жағалап жатқан жыңғыл өседі. Жыңғылдың ішінде түлкі, қасқыр, қарсақ, қоян болды. Бөгет бұзылып, төменгі жағындағы сорға ағып кетті. Сордағы судың ешқандай пайдасы болмады, айналасы батпақ болды. Құстардан көбіне қасқалдақтар көп болды. Қамысқа ұя салатын. Үйрек, қаз, қоңыр қаз, аққулар және үкі болды. Үкінің ерекшелігі жұма күні ұшпайды, қолдан берген тамақты жемейді. Тірілей аулап жейді. Бөгет бұзылғасын бәрі жойылды.






Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Ақтөбе энциклопедиясы. Бас редакторы: М.Қ. Бәжібаев. Ақтөбе-2001ж

  2. Шалқар энциклопедиясы. Шалқар, 2009.

  3. Ақтөбе облыстық географиялық даму мәселелері: Ақтөбе,2001ж

  4. Шалқар аудан Уикипедия ашық энциклопедиясы (ғаламтордан)

  5. Шалқар газеті

  6. Ақтөбе газеті

  7. Төлебаева Дәмеш «Шалқар географиясы» оқушыларға арналған оқу-құралы.2002ж

  8. Шалқар аудан Уикипедия ашық энциклопедиясы (ғаламтордан)

  9. Ж.Оралмағанбетов, М.Есмағанбетов Аңыздар мен ақиқаттар өлкесі.Алматы, 2001

  10. Ақтөбе облысының топонимикалық кеңістігі. Ақтөбе, 2007.

  11. Шалқар ауданына 80 жыл. Ғасырларға пара-пар жылдар. Шалқар, 2012.

  12. Ауа райы Шалқар қ. (ғаламтордан бақылау жасау)

  13. Төлебаева Дәмеш «Шалқар географиясы» оқушыларға арналған оқу-құралы.2002ж

  14. Шалқар аудан Уикипедия ашық инциклопедиясы (ғаламтордан)

  15. Сембаев Жақсыберген Сембайұлы Балғасын жерінің бұрынғы тұрғынының әңгімесі











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!