Материалдар / Баяндама. Бастауыш сынып оқушыларының жаңартылған білім беру бағдарламасына бейімделуі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама. Бастауыш сынып оқушыларының жаңартылған білім беру бағдарламасына бейімделуі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2020
1296
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып оқушыларының жаңартылған білім беру

бағдарламасына бейімделуі.



                           «Бұған дейін жасалғандардың бәрін одан да   жақсырақ етіп жасауға болады».

                                                                                   Генри Форд


Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру  бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қазақстан  2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. 2016-2017 оқу жылында 1-ші сыныпқа қабылданған балалар үшін ерекше оқу жылы болды. Себебі, Қазақстан Республикасының білім саласы жаңа оқыту жүйесіне ауысты. Жаңа бағдарламалар мен жаңа бақылау жүйесі еңгізілді. Жаңа оқулықтар шықты. Оқулықтар пән бойыншаи бір-бірімен тығыз байланыста жасалды. Оқулықта барлық пәнде ортақ тақырыптар мен бөлім, бөлмешелер көрсетіліп отырылды. Бастауыш білім беру мазмұнына ортақ тақырыптарды енгізу әр түрлі пәндік салалардан білімдерді кіріктіруге және сол арқылы фильм, мультфильм, ертегі, әңгіме құрастыру және оны рөлдерде сомдау, логикалық тапсырмаларды шешу қарастырылып отыр. 1-«А» сыныбының сауат ашу пәнінде оқушылар ертегі кейіпкерлерін сомдап, рөлдік ойындар шығарып жатыр. Сауат ашу сабағында «Бауырсақ» «Мақтақыз» ертегілеріне қойылым жасалды. Сауат ашу пәнінің негізгі мақсаты айтылым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыру үдерісі арқылы оқушылардың функционалды сауаттылық негізін қалап, білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау болатын. Ал математика пәнінен берілген тапсырмалар сыни ойлауды дамытуға, бастапқы зерттеу және қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, математикалық білімін өмірде қолдануға үйренуге жәрдемдесіп отыр. Бағдарлама кіші мектеп жасындағы оқушылардың логикалық және абстрактылы ойлауын қалыптастыруға, оларға математикаға қызығушылықты дарытуға, математиканы әлемдік бейнелеумен тану тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталып отыр.

1-«А» сыныбында математика пәнінен логикалық ойлау, математикалық әлемді суреттеу, модельдеу және түсіну тәсілі ретінде қабылдау, топпен жұмыс жасау және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерін көрсету жұмыстары жүзеге асырылуда. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолданады. Осыған 1-«Б» сыныпта өтілген Lesson Study сабағынан мысал келтірсек: сабақта оқушылар топпен, жеке, жұппен жұмыс жасады. Оқушылар сабақта жылдам әрекет жасауға, өз ойын ортада еркін жеткізуге, өз бетінше ізденуге, жұптық жұмыста бір-бірінің қателіктерін дұрыстауға, бір-біріне көмек көрсетуге қабілетті екендігі байқалды. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерилердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Ең жоғары балл 60 ұпай, орташа балл 48 ұпай деп белгіленеді. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Кеңестік заманнан қалған бес балдық бағалау жүйесі жойылады. Осыған 1-«Ә» сыныпта өтілген сабақты мысал келтірсек, Бұл сабақтың ерекшелігі сабақта Блум таксономиясының 6 деңгейі бойынша критерий құрылып, әр критериге дискриптор жасалған. Балалар әр критериді орындап болған соң, өзін-өзі бағалау парақшасына жинаған ұпайларын смайлик арқылы жабыстырып отырды. Оқушылар термин сөздерді үш тілде жатқа айта алады. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды түстермен шатаспай көрсете алады. Сабақта жеке, топтық, деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар берілді. Оқушылар қай тапсырманы орындаса да қызығып, бар ынтасымен орындап отырды. Әсіресе логикалық тапсырма, сөзжұмбақ құрастыру, геометрик фигуралардан қайықтың суретін модельдеу, буындардан сөздер құрастырып жазу, адасқан әріптер ойыны оқушыларға қызық болды. Сабақ соңында кері байланыс жасалып, оқушылар өздері жинаған ұпайларын санап, смайликпен бағаланды. Ең қызықты пән бүгінгі таңда «Жаратылыстану» пәні болып отыр. Оқушылар осы сабаққа ерекше қызығушылықпен қатысады. Бұл пәннің оқытылуы негізгі мектепте биология, география, химия, физика тәрізді пәндерді оқу үшін негіз қалыптастыруға алынған білімдерді күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат әлемінде) байқалатын табиғи құбылыстармен үдерістерді түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану ептілігін дамытуға арналып отыр. Мәселен, 1- Г сыныпта сабақ барысында көзбе-көз өсімдік бөліктерін атап, зерттеп шықты. Бұл оқушылардың өз қолымен жасалған дүниелері болғандықтан, есте сақтау мен сабақты жеңіл меңгеруіне мүмкіндік туғызды. «Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек?» тақырыбында сыныптағы гүлдерге күтім жасауды үйренді. Сол сияқты дүниетану пәнінде өз отбасын жан-жақты тану, қоғамдық ортаға бейімделу, мінез-құлық ерекшелігін саралау, табиғи және әлеуметтік шындықты тану, көпшілік ортада өзін-өзі ұстау ережесі, мәдениетті танып біліп отыр. Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы мектептің ерекшелігі –оқудағы жетістіктер нәтижелі сипатқа ие, ал оқу процесі оқушылардың әрбір сабақта білімді «табудағы» белсенді қызметімен сипатталады. Бұл жағдайларда оқушы – таным субъектісі, ал мұғалім оқушылардың танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы қызметін атқарады. Әрбір оқушыны жасына да, мүмкіндігіне да қарамастан тұлға ретінде қабылдауға қол жеткізуге ұмтылу қажет. Оқыту мақсаты оқушы және мұғалім үшін ортақ болады, міне, білім мазмұнын жаңартудың педагогикалық аспектісінің мәні осында. Бұған қол жеткізуде әрбір мұғалім өзінен бастайды, ол жаңарту процесінің әлеуметтік аспектілерін көрсетеді. Мұғалім педагогикалық ойлау немқұрайлығын жеңуі және оқушымен бірге өзі де оқуы тиіс. Білім алушылардың қолайлы дамуы үшін достық қарым-қатынастағы ортаны құру өте маңызды болып табылады.

Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп, Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.



Баяндаушы: Шымкент қаласы № 85 жалпы орта мектебінің бастауыш сыныптар бойынша оқу-ісі бойынша орынбасары

Ташмухамедова Ташай Балтабековна.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!