Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндама: "Білім беру мазмұнын жаңартуда психологиялық қызметті ұйымдастыруда инновацияны қолдану"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Білім беру мазмұнын жаңартуда психологиялық қызметті ұйымдастыруда инновацияны қолдану
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,Талдыбұлақ ауылы
Ы.Алтынсарин атындағы ОММДШО
Педагог-психолог және өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Жексембинова Замзагул Нуртайқызы
Білім ордасы теңіз – сол теңіздің ескегін есуші әр баланың жүрегінен жол тауып, кеменің бағытын тура жолға салып, ұжымда психологиялық ахуал қалыптастырып, рухани демеу беретін, білім нәрімен сусындататын алтын ұя мектеп десек, сол мектепте еңбек ететін мына біздер. Қазіргі заман ағымына қарай білім беру мазмұнының жанарып, жаңа бетбұрыстарға бағыт алуы мектеп ұжымына, мектеп оқушыларына да, олардың жұмыс істеп үйренген үйреншікті білім алып жүрген әдеттеріне әсерін тигізбей қоймайды. Қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын, функционалды сауатты балаларды талап етуде.
«Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енудің негізгі міндеті жоғары мамандырылған білікті де білімді азамат, ғылыми технологияны оңай меңгеріп, нарықтық экономикада өзін – өзі басқара алатын және алған білімін өмірде қолдана білетін болса, тек сол уақытта жүзеге асыру мүмкін деп, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.
Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Психология ғылымымен жақсы таныс адам өзінің жан дүниесінің қыры мен сырын, яғни жеке басының қайталанбас ішкі болмысын танып білуге зор мүмкіндік алады. Психология-психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым. Қазіргі білім беру жүйесінде мектептің психологиялық қызмет жаңа дамып келе жатқан саланың бірі. Осыған байланысты шешуді талап ететін көптеген мәселелер бар. біріншіден ол психологтың мектептегі статусы, оның құқықтары мен міндеттері, жауапкершілігі мен этикасы, жұмыс бағыттары мен құжаттары. Психологиялық қызметтің басты мақсаты–даму мен оқу – тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.
Өзіңді–өзің тани біл деген Сократ тұжырымының өзектілігі де артып барады. «Баланы жан–жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан–жақты білу керек» деген белгілі педагог К.Д.Ушинскийдің көрегендігі педагогикалық іс – әрекеттің психологиялық қызметпен тығыз қарым–қатынаста екендігін дәлелдегендей. Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға тартатын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Ал сол білім деңгейі сапалы болу үшін жас қрпақты оқыту, тәрбиелеу, үйретуді одан әрі қарай ұлттық негізде жалғастыру керек. ұлттың болашағы – ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында. Ал ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Толыққанды азамат тәрбиелеу үшін жеке адамды толығымен танып білу керек, сонымен қатар, ақыл – ой тәрбиесі, имандылық, еңбек, эстетикалық, тілдік қатынас, дене тәрбиесі, экономикалық, экологиялық, жыныстық, патриоттық тәрбие берілуі тиіс. Олар адамның рухани бейнесін қалыптастырып, жан – жақты мәдениетті болуына бағыттайды. Өкінішке орай, оқушылардың жас ерекшеліктерін, әлеуметтік жағдайын, психологиялық ерекшеліктерін (мінез – құлқы, темпераменті, таным процестерінің даму деңгейі, сол кездегі көңіл – күйі, қызығушылығы, қабілеті) ескермеудің нәтижесінде педагогикалық процесске қатынасушылардың арасында кикілжің жағдайлардың туындауы, оқушылардың қызығушылықтарының төмендеуі, қарым – қатынастың тиімсіз жағдайлары кездесуде. Сондықтан ұстаздар қауымына баланың ойлауы, есі, зейіні, қабылдау заңдылықтары туралы мағлұматтармен қоса, баланың дамуындағы жас және жеке ерекшеліктері, мінез – құлық бітістері, темпераменті, шығармашылық ынтасы мен оны жан – жақты дамыту мүмкіншілігі туралы мағлұматтар қажет. Ал ең бастысы мұғалім оқытудың белсенді, дамыта отырып оқыту, оқыта отырып дамыту әдісін меңгере білуі қажет. Ал психологиялық қызмет шаралары балалар мен жасөспірімдердің, жеткіншектердің психикалық және психологиялық тұрғыда толыққанды жеке адам болып қалыптасуына, олардың қабілеттік деңгейлерін, бейімділігін, шығармашылығын, таным үрдістерінің даму деңгейін, жас ерекшеліктеріне байланысты даму кезеңдеріңдегі кездесетін қиындықтардың алдын – алуға, мұғалім қолына жеке тұлғаның мүмкіндігі туралы құнды деректер береді. Адамды байқағыштық пен байсалдылыққа, зейінділік пен зеректікке, тапқырлық пен алғырлыққа, ойлампаздылыққа баулып, тәрбиелеп, бағыттайтын да осы психологиялық қызметтің негізгі мінедеті болып табылады. Сонымен бірге педагогикалық үрдіске қатынасушылар арасындаға өзара қарым – қатынас стильдерін реттеуге мүмкіндік бере алады. Мысалы: мұғалім – оқушы, оқушы – оқушы, оқушы – басшы, басшы – мұғалім арасындағы іс – әрекеттер мен байланыстар, бірлескен іс – шараларды реттеп, тиімді қарым – қатынас жасауына бағыттай алады. Ұстаздар қауымына, ата – аналарына білім берудің бала танымына лайық жолдарын сұрыптап, оқушылардың белсенділігін арттыруына көмектеседі, оқытудың белсенді, дамыта отырып оқыту әдісін меңгере білу қажеттілігін айқындауға көмектеседі. Оқытылып жатқан білімді саналықпен миға тоқудың түрлі айла – тәсілдерін білуге ұмтылдырумен қатар ерік – жігер мен қажыр – қайратын шыңдай түсуге бейімдейді.
Егеменді еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіру керек делінсе, оқушы бойындағы қабілетін көру, оны жетілдіру, ізденгіштік қасиетін дамыту мұғалімнің сабақ берудегі ізденушілік, шеберлік қабілеттеріне байланысты. Ол шеберліктерге қатысты нәтижелерді көру оқушыдан. Егер оқушылар жоғарыда аталған функционалды сауатты болып қалыптаса бастаса, жұмысымыздың нәтижесі болмақ. Ал, бала кез – келген жерде ашық бүкпесіз ойын айтатын, айтып тұрғанын қоғамдық өмірде қолданып тұрса, білім саласына жаңадан енгізіліп жатқан технологиялардың тиімділігін көрсетері сөзсіз. Ж.Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» - деген, яғни оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет. Міне, осы кезде де психологтың көмегі ауадай қажет. Психолог өз тарапынан оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіп, жеке кеңестер беріп әр баланы жігерлендіріп отырады. Себебі, қолынан іс келмейтін адам болмайды, тек істегісі келмейтін еріншектер болады. Біз психолог ретінде оларды ашып, дамыта бағыттаймыз. Яғни, тәрбиелеу – оқушыны тәрбиелеу емес, оқушы өзі тәрбиеленетіндей етіп жұмысты ұйымдастырамыз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойғаны мәлім. Ендігі жерде жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Оны да психологиялық тренингтерден үйренуге болады. Оқушыларға жағдаяттық тапсырмаларды беріп, оның шешуін табуыды сұрасаңыз болды түрлі пікірлер ала аласыз. Әр сөзіңізге дәлел ретінде өмірден алынған роликтер көрсету арқылы да нәтиже көріп, оқушылардың ойын білуге болады.
Мұғалім үшін баланың қызығушылығы, бейімі, қабілеті және басқа да психологиялық ерекшеліктері басым орында болуы тиіс. Осы ерекшелікті ескеру мен дамыту оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады. Осы міндеттерді мұғалімнің біліктілігі мен психологиялық мәдениетін көтеру арқылы ғана тиімді жүзеге асыра аламыз. Яғни, бүгінгі ұстаздар қауымының алдында тұрған маңызды істің бірі – оқушылардың оқуға ынта–жігерін күшейтіп, ақыл–ой әрекетіндегі белсенділіктерін арттыру болып отыр.
Мұғалім өзінің ғана іс–әрекетін ұйымдастырып, тек соның орындалуымен қанағаттанбай, сонымен қатар оқушылардың танымдық әрекеті мен белсенділігін дамытуға ерекше көңіл аударуы тиіс. Мұның өзі оқыту мен дамуының заңдылықтары туралы өте күрделі психологиялық және педагогикалық мәселе. Мұғалімдер сабақтың мақсатын белгілеуде:
-
Ойлау белсенділігін дамыту.
-
Сөздік қорын дамыту.
-
Қабілетін дамыту.
-
Талдау қабілетін дамыту.
-
Талқылай алу қабілетін дамыту.
-
Идеяларды практикада қолдануын дамыту.
-
Өз ойын сынай алуды дамыту.
-
Эстетикалық талғамын дамыту сынды талаптарды есте сақтаулары қажет.
Қорыта айтқанда, баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарастарының қалыптасуы, ой – өрісінің кеңеюіне психологиялық диагностиканың қосар үлесі мол. Адамды байқағыштық пен байсалдылыққа, зейінділік пен зеректілікке, тапқырлық пен ойшылдылыққа баулып, тәрбиеленейтін – ғылым.
Мектептегі психология ғылымының зерттеу салалары санаулы. Психология ғылымының алға қойған мақсаты – халыққа, болашақ ұрпаққа адамның өзін – өзі танып – білуінде психологиялық қызметтің қаншалықты маңызды екендігін жете түсіндіру.
Білім беруді жетілдіруде мектептегі психологтардың алдына қоятын мақсат – міндеттері мыналар:
А. Оқушыға оқу мен тәлім – тәрбие үрдісінде психологиялық және педагогикалық тұрғыдан үздіксіз зерттеу жүргізу;
Ә. Шәкірттерді бойындағы қызығушылықтары мен танымдық әрекеттерін және бейімділіктерін анықтау;
Б. Оқуды үлгеру мен кешеуілдеп даму себептерін дер кезінде ашып көрсету;
В. Кейбір оқушылардың мінез – құлығындағы жағымсыз қылықтары мен кемшіліктерін анықтап, оларды болдырмау мен жеңудің тиімді әдіс – тәсілдерін қолдану.
Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің тәжірибесінде мектеп жасындағы балалардың психологиялық саулығы өзекті мәселе. Сондықтан да бала тәрбиесінде оның психологиялық жеке басы ерекшеліктерін ескеріп отыру қажет.
Мектептегі психологиялық қызметті жетілдіруде жаңашылдық мақсаты есебінде: оқушылардың біліктілік дағдыларын, ақылы мен ой–өрісін дамытуды, өнегелік, эстетикалық ортасын және практикалық әрекет ортасын қалыптастыруды танимыз.
1-4 сыныптар.
-
Эмоциялық коммуникативті дағдыларды дамыту;
-
Баланың өзіндік санасын дамыту және еркіндікті қалыптастыру;
-
Өзінің денсаулығына және салауатты өмір салтына жауапкершілікті қатынасты қалыптастыру;
-
Мектеп мазасыздығы мен қорқынышына профилактика мен коррекция жасау;
-
Әлеуметтік – педагогикалық қараусыз қалған балаларды ерте анықтау, коррекциялық, бейімдеу. Мотивациялық өрісін қалыптастыру.
5-8 сыныптар.
-
Мотивациялық қажеттілік өрісін дамыту;
-
Психосоматикалық бұзылыстарының алдын – алу және адекватты мінез – құлықты жеткіншектермен жұмыс;
-
Жеке тұлға экологизация және социолизация негіздері;
-
Тартысты жағдайларды конструктивті қарым – қатынасты үйрету.
9-11 сыныптар.
-
Жеке тұлғаның денсаулық факторларын, өзіндік бағалауын анықтау.
-
Жеке тұлғалық өсу.
-
Ішкі жанұялық қатынас.
-
Тартысты жағдайларда конструктивті қарым-қатынасты үйрету.
-
Индивидуалдылық пен жағдай жасауды анықтау.
-
Жанұя қарым-қатынасының этикасы мен психологиясы.
Пайдаланылған әдебиеттер.
-
ҚР Білім туралы заңы 2007 ж.
-
«Психологиялық түзету – дамыту жұмысы» Ф.Бизақова 2013 ж.
-
Назарбаев зияткерлік жинағы.
-
Мектептегі психология, қаңтар, ақпан 1.2008 ж.
-
Л.К.Көмекбаева «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру» А.2003 ж.