Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: "Білім беру мазмұнындағы жаңартулар туралы түйгенім..."

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда заман талабына сай ұстаздан күтілетін нәтиженің үстемі артып тұр. Өйткені, озық экономика білім беру мақсатындағы «білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлайтын, әркет ететін, өзін-өзі дамытатын адамға» ауыстыруды талап етеді
Материалдың қысқаша нұсқасы






Кузембаева Бахыт Ниязбековна

Информатика пәні мұғалімі

II санатты,Ш.Қ.О,Көкпекті ауданы,Теректі ауылы

«Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі»КММ

kuzembaeva-1980@mail.ru


Білім беру мазмұнындағы жаңартулар туралы түйгенім...

«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!»жолдау: «Біз білім беруді жаңғыртуының одан әрі жалғастыруға тиіспіз...Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс»

Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына жолдауы

Қазіргі таңда заман талабына сай ұстаздан күтілетін нәтиженің үстемі артып тұр. Өйткені, озық экономика білім беру мақсатындағы «білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлайтын, әркет ететін, өзін-өзі дамытатын адамға» ауыстыруды талап етеді. Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басты. Мұндай түбегейлі бетбұрыс Оқушыларды болашақ табыстарға, жұмысқа қалай дайындаймыз? Оқушылардың белсенділігін қалай дамыта аламыз? деген сұрақтар мазалайды. Мұндай жағдайда білім алушының өмір сүруге дайындау үшін алған білімі, жеке тұлғалық қарым-қатынас, функционалдық дағдылар жеткіліксіз. Сондықтан заман талабына сай жаңа сапа – метабілімділік, метақұрылымдылық қажет. Бұл жаңа сапаны біз – ұстаздар күнделікті сабақ барысында оқушының уәжін арттыру мақсатында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушыны тиімді жолмен бағаласақ, метабілімділік, метақұрылымдылықты дамытудың алғы қадамдарын жүзеге асыра аламыз деген сөз. Бірақ білімді бағалау жүйесінде кездесетін қиындық – сыныпта әр түрлі деңгейлі білім алушылардың отыруы. Одан туындайтын сұрақ: Сыныпта ерекше оқушылар бар болса, оларға қандай білім бағалау жүйесі көмектеседі? Бұл сұрақтың жауабы жаңартылған білім беру жүйесіндегі критериалды бағалауды жүйелі жүзеге асыру болып табылады.

Ендігі кезек ұстаздардың шеберлігінде болып отыр. Оқушылардың сабақта белсенділігін арттыру үшін жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқытылған төрт дағды (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым), графикалық органайзерлер, тиімді әдіс- тәсілдер: мәтін тақырыбына қарай топқа бөлу, сергіту сәтін ұйымдастыру, интерактивті тақтадан бейнематериал көрсету,тапсырмаларға критерий мен дискриптор құру, сабақ соғында кері байланыс жасауды қолдану. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырудың тағы бір белгісі – жас ерекшелігіне қарай бағалау болып табылады. Критериалды бағалауды тиімді жүргізіп, оқушының ішкі және сыртқы уәжін арттыруға болады. Бірақ, бағалауда оқушыны емес, оқушының жұмысын бағалау керектігін әрдайым жадыда сақтау керек. Ал сыныптағы ерекше оқушыларға тақырып аясында жекелей тапсырма дайындап, қосымша жұмыс істеу керек. Сонда сыныптағы барлық оқушылар қамтылып, сабақ та қызықты өтіп, оқушылардың белсенділігі артады. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең бір ұтымды- тұсы жоғарыда айтылған әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, оқушыларды табыстарға, жұмысқа дайындау. Жүсіпбек Аймауытовтың «... бала әуелі тәжірибеге талпынып, нәрсемен танысып, сонан кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, тыңдасын,жазсын,оқысын, тілге үйренсін» деген сөзін еріксіз еске түсіреді.

Қазіргі таңда Қазақстанның мектептік білім беруі жаңа бастау алу сатысында. Қазіргі уақытта инфрақұрылымдық дамыту мен жаңартылған мазмұнға көшу басты басымдықтар болып тұр. Баланы шығармашылық ойдауға, өз бетінше шешім қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.01.2019
389
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12