Материалдар / Баяндама: БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамның жеке басының мінез-құлқын қалыптастыру, оның бойына жойылып бара жатқан адамгершілік қасиеттерді сіңіру, иманжүзді етіп тәрбиелеу ата-ананың тікелей әсерімен отбасынан басталып, мектепте жүзеге асатындығын ескерген жөн.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2021
499
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Г.Х. Наурызбаева қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

9 ЖББМ, Сәтбаев қ.

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ



Әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби бабамыз: “Ізгі және қажетті жұмыс істеген адам басқалардан жоғары тұруы керек”,-деген екен. Шынында да, туған елі үшін көзсіз ерлікпен барабар қызмет етіп, дараланған алып тұлға-Ыбырай Алтинсариннің Ұлы дала елі тарихындағы шоқтығы тым биік екені шұбасыз. Мәңгілік еліміз үшін мәңгілік ортақ тұлғалар қатарындағы Ыбырай бабамыз жайында жазуға әркімнің-ақ бар таласы, тек өзгелерден айнытпай көшірмесе, өзіндік айтары болса ғана дейсің. Қазақ көгіндегі жарық жұлдыздардың бірі саналатын тұлға есімі уақыт озған сайын даралана, айқындала түсіп, кім-кімге де ерекше жақын, ыстық естіледі.

Әлеуметтік-саяси, мәдени тұрғыдан мешеу қалған қазақ даласына жаңа леп, тың серпін әкелген, сол жолда бар білімін, күш-жігерін сарқа жұмсаған ұлы ағартушының өмірі мен қызметі-кейінгі ұрпақтарға асыл мұра, өшпес өнеге. Аяулы азамат, халқымыздың біртуар перзенті Ы.Алтинсариннің аузынан шыққан “Туған елге пайдалы іске қолдан келгенінше үлес қосу-әрқайсысымыздың борышымыз” деген ұлағатты сөздері бүгінде әркім үшін де өмірлік қағидаға айналды.

Педагог-жазушының ізденіске, күреске толы өмірінің баршамыз үшін, әсіресе өмір босағасынан енді аттаған жастар үшін ғұмырын халыққа арнаудың өшпес өнегесіндей танылуы, солай қабылданылуы заңды. Өйткені ол өзіне дейін толғағы әбден жеткен, бірақ шешімін таппаған бірсыпыра әлеуметтік мәселелерді бірінші болып қолға алып, алғаш іске асырды.

Қазақ даласында бірінші болып мектеп ашып, білім шырағын жағу, ана тілінде оқыту секілді халық өмірінде бұрын-соңды болмаған зор әлеуметтік мақсаттарды орындау Ыбырай Алтынсаринге әрине, ол кезде оңайға түскен жоқ. Оның алдында жалпы өнер-білімге, жаңалыққа, орысша оқуға барынша қарсы ғасырлар бойы қалыптасқан ескі салт-сана, надандық ұғым тұрды. Әйтсе де, халқын сүйген,сүйген де оның жарқын болашағына шексіз сенген патриот, жігерлі Ыбырай Алтынсарин: “Ал енді құдай басыма не салса да, мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабымнан еш уақытта да қайтпаймын”,-деп Н.И. Ильминскийге сеніммен жазғанындай, сан-сала қиындықтармен табанды күресе жүріп әрі орыс достарының, әріптестерінің көмегін, ақыл-кеңесін де пайдалана отырып, алдына қойған негізгі мақсатын орындады. Ыбырайдың осындай қажырлы еңбегі, күресі арқасында 1864 жылы қазақ сахарасының төрінде бұрын құлаққа шалынбаған жаңа әуен-балаларды білімге, өнерге шақырған қоңырау үні тұңғыш рет естілді.Бұл ұлы мақсатқа ғұмырын арнаған жас ағартушының осы жолдағы алғашқы жеңісі, ал қазақ халқының өміріндегі әлеуметтік маңызды тарихи оқиға болды.

Қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы Ыбырай Алтынсарин өзінің ардақты борышы-балаларды оқыту деп түсінді. Борышын атқару барысында ұлы ұстаз дүние жүзі педагогика классиктерінің Я.А.Каменский, К.Д.Ушинский, Л.Н. Толстойдың және т.б. ағартушы қауымның гуманистік идеяларын басшылыққа алды. Қазақ жастарының бойындағы өзіндік қабілеттерін ел мүддесі үшін қолдана білуін, танымдық жаңашылдыққа бет алуын арман етті. Ыбырай арман еткен жаңашылдық мәселелері бүгінгі күні де өзекті сипатқа ие болып отыр. Қазақстан білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-әлеуметтік-экономикалық өзгермелі жағдайларда жаңа үрдістерге оңай бейімделуге қабілетті және ол жағдайларды жақсартуға игі ықпал ете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар-шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.

Өмірі өшпес өнеге деуге әбден тұрарлық тау тұлғаның өз ісіне шын берілгендігін, оны құлай сүйетіндігін: “Мені оқу-ағарту ісі тартады да тұрады, оны жан-тәніммен сүйемін” немесе “Мен халық ағарту ісіне қойға шапқан қасқырдай кірістім” деген сөздерінен-ақ аңғаруға болады.

Бізге Абай қандай қадірлі болса, Ыбырайда өз орны, өз арналы мұрасымен аса ыстық, аса бағалы болды. Ол кейде баяғыдан бері өткен шол ғасырлардың соңғы дәуіріндегі зор мұнарадай көрінсе, кейде еңбегі, бағыты бірлікпен айқасып аққан өрімдей, шөл өлкені суарып, дән бітіріп айқасып ағып келе жатқан өзендей танылды.Баршамызға бастауыш сыныптан етене таныс, әрі ыстық “Кел, балалалар оқылық!”-“Қазақ хрестоматиясының” беташар өлеңі. Жазылғанына бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, жас жеткіншектерді білімге, өнерге шақырған бұл өлеңнің маңызы, бір кезде Ыбырай армандаған “өнер-білімі бар жұртқа”-терезесі тең, шаңырағы биік, мәдениеті озық елге айналып отырған бүгінгі заманда да еш төмендемек емес.

Ы.Алтынсарин өзінің төл туындыларында тәрбиелік, нақыл-насихаттық мәніне ерекше көңіл аударып отырды. Сол арқылы жас буынды адамгершілік пен ізгілікке, еңбек пен зейінділікке, өнер-білімге баулуды көздейді. Ол ел жұртқа қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы тұрақты мектептер арқылы жүзеге асады деп санады. Ы.Алтынсарин қызметінде балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысы ерекше орын алады. Мектептегі оқыту мен тәрбие процесін жүргізуші мұғалім деп таниды.

Адамның жеке басының мінез-құлқын қалыптастыру, оның бойына жойылып бара жатқан адамгершілік қасиеттерді сіңіру, иманжүзді етіп тәрбиелеу ата-ананың тікелей әсерімен отбасынан басталып, мектепте жүзеге асатындығын ескерген жөн.







Әдебиет:

1. Гуманитиарлық ғылымдар сериясы. 2007. №4. 162б.

2.Қоңыратбай Т.Ә. “Рухтылық” және “рухтандыру” ұғымдары туралы. //Білім-Образование. 2007ж. №4. 162б.

3.Гуманитарлық ғылымдар сериясы. 2007, №4. 153-162б.

4.Ы.Алтынсарин. 2 том. Ресми құжаттары мен хаттары. Астана-2009.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!