Материалдар / Баяндама: Білім берудегі ақпараттық технологиялар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: Білім берудегі ақпараттық технологиялар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпараттық технологиялардың білім беру саласында қолданылуы маңызды обьективтік себептермен дәйектелген. ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Компьютер студент үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2324
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











Shape1







Тақырыбы:

Білім берудегі ақпараттық технологиялар







Өткізген: Рысбай Гүлшат Асқарқызы

























2016 жыл







Білім берудегі ақпараттық технологиялар

ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді.
Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады.
Электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады.
Заман ағымына қарай күнделікті сабақта видео, аудио қондырғылары мен интерактивті тақтаны, компьютерлік желіні қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне электронды оқулықтарды енгізу. Өйткені, бүгінгі таңдағы білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын орындау немесе оқулықты пайдалану заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану студенттердің танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылық пен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай ауыстыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі - оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады. 
Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.
Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды.
Осылайша жаңа технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.
Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа  технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.
Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық – коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.
Қоғам талабы мен әлеуметтік сұраныстарға сәйкес жаңа технологиялар  көбеюде. Мақсат - өзін-өзі дамыта алатын, өз бетімен білім алатын, өз бағыт-бағдарын айқындай білетін, өзін-өзі үнемі  жетілдіре алатын қоғамның белсенді азаматын қалыптастыру. Білім беруді ақпараттандыру қоғамды ақпараттандыру процесінің басым бағыттарының бірі ретінде  оқытушылардың тек кәсіби сапасы мен дайындық деңгейіне ғана емес, сонымен қатар, оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың ұйымдастырушылық және әдістемелік аспектілеріне де жаңа талаптар қояды.

Бүгінгі күні білім беру саласындағы ақпараттық технологияларды  пайдалану бұл оқытушының білімі мен іскерлігінің және кәсіптік педагогикалық  шеберлігінің элементі ретінде қарастыру  қажет. Қоғамдық мәні бар барлық адамзат  қызметінің түрлерінде шынайы қазіргі  білімді толық пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған адамзат өркениетінің ортақ, кезек күттірмейтін ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап, ХХІ ғасырдың басына дейінгі даму аралығын қоғамды ақпараттандыру деп атайды. Білім беру үдерісін ақпараттандыру бұл жаңа ақпараттық  технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлға    бағыттап  оқыту мақсаттарынжүзеге асыра отырып,   оқу тәрбие  үдерісінің  барлық  деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздесе, білім беруді ақпараттандыру бұл танымдық іс-әрекетті қайта құру үшін және білімгерлердің интеллектуалдық мүмкіндіктерін күшейтуге арналған жағдайды құру мақсатында микропроцессорлық техника мен ақпараттарды тарату құралдарының, сондай-ақ осы құралдарға негізделген педагогикалық технологияның базасында ақпаратты жинау, өңдеу, тарату және сақтау әдістері мен құралдарын педагогикалық практикаға жаппай енгізу болып табылады. Білім берудегі қазіргі ақпараттық технологиялар – адамзаттың интеллектуалдық жетістіктерін өзіне жинақтаған және адамзаттың интеллектуалдық қызметін, оның ішінде, білім беруді шынайы күшейтуге қабілетті құрал. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек»- деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Қазіргі таңда, әрбір жеке тұлға үшін компьютерді және ақпараттық технологияларды игеру оқу мен жазу қабілеті сияқты әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар білім беру үдерісінде ең тиімді оқыту құралдарының бірі болып табылады. Олай болса, ақпараттық технологияларды және олардың негізінде оқыту технологияларының қалай қалыптасатынын бақылайық. Сонымен қатар, оқыту технологиялары мен ақпараттық технологиялар арасындағы байланысты да анықтау маңызды. Технология ұғымы ақпараттық технологиялар саласынан келіп шыққан. Нақ осы сала техникалық тұрғыдан едәуір көбірек зерттелген сала болып табылады. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың жоғары деңгейде дамуы оларды білім беру саласында да қолдануға мүмкіндік берді. Ақпараттық технологиялардың білім беру саласында қолданылуы маңызды обьективтік себептермен дәйектелген.

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту  үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің  тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде тәрбиешінің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық  және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін — өзі дамытып, оқу — тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже беріп жүр. Бір технологияларының өзі әр түрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазақстан  Республикасының Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі №6345 өкімімен бекітілген «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы» мектептегі білім беруді ақпараттандыру процесіне негіз қалады. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстан білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Индустриалды ақпаратты өркениетке көшудің қазіргі кезеңінде қоғам дамуының негізгі фокторы мемлекеттің қызметін құрайтын саяси –экономикалық, әлеуметтік салаға белсенді әсер ететін ақпараттық – коммуникациялық сала болып табылады және экономиканы ғаламдастыру мен қоғамдық қатынастар процестерін айқындайды. Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызыметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Ақпараттық мәдениет дегеніміз тек компьютерде жұмыс істей білу кез – келген ақпарат көзін — анықтамаларды, сөздіктерді, энциклопедиаларды, көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын т.с.с дұрыс пайдалана білу деген сөз. Жаңа ақпараттық технологияның келесі бағыттары бар: проблемалық оқыту, апталық, пікір сайыс, дебат, дөңгелек үстел, іскер ойындар. Проблемалық оқыту дәріс тапсырмаларды орындау, сұрақтар қою әдістері арқылы жүзеге асады. Оқушылардың өз беттерінше тың ақпараттар іздеулеріне талпындырады.

Әлемдік өркениетке қадам басқан Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени да­мудағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім деңгейін, оқыту әдіснамасын же­тілдіруде тың ізденістер жа­сауға мүмкіншілік туғызып отыр­ғандықтан  алдыма мынадай мақсаттар қойдым.

жаңа  технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
– жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
– жаңа  технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;
– бiздiң елiмiздегi  жинақталған ақпарат­тық ресурстарға жедел ену;
– мультимедиялық электрон­дық оқулықтарды пайдалану.
– отандық бiлiм беру жүйе­лерiн бiртұтас әлемдiк ақпарат­тық бiлiмдiк кеңiстiкке ену ар­қылы сабақтастыру және т.б.
Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар – өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар.
Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.
Қазіргі оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялар кеңінен енуде.Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы ойлауға тәрбиелейтін, қоғамдық көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар, қоғамдағы болып жатқан түрлі қарама-қайшылықтарды түсіне білетін, еркін  сөйлеп, өз пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде сабақтың  маңызы зор. Мұғалім шеберлігі – ізденіс нәтижесі. Сондықтан, орыстың  ұлы педагог-ғалымы К.Д.Ушинскийдің “Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз  көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” – деген.  

Жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз дүниежүзілік бәсекеге төтеп бере алатын, өндіріс өнімдерін өндіре алатыналдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы айтқандай білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде тиімділігін арттырудың маңызы зор. 
Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне жоғары оқу орындарын көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесіне ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іскер азаматтарды тарту қажеттілігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті, электронды поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттігін қанағаттандыру үшін білім саласында төмендегідей міндеттерді шеші көзделіп отыр. 
Ақпараттық мәдениет дегеніміз тек компьютермен жұмыс істей білу емес, кез-келген ақпарат көзін – анықтамаларды, сөздіктерді, энциклопедияларды, теледидар бағдарламаларын, т.б. дұрыс пайдалана білу деген сөз. 
Еліміздегі саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында біздің колледжіміздің оқытушылары осы бағытта курстарға қатысып біліктіліктерін арттыруда. Колледжіміз мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған және материалдық-техникалық базасы үнемі жаңа технологиялармен толықтырылып, оқу-әдістемелік жұмыстары, оқу бағдарламалары жаңаша сипатта өзгертіліп отырады. 
Соңында, қорыта айтатын болсақ, үшінші мыңжылдық адамын қалыптастыру – дүниежүзілік, соның ішінде қазақстандық білім беру жүйесі алдындағы жауапты міндет. Оқытудың жаңа технологиясын, ең алдымен, білім сапасын жақсартатын, жалпы бұқараға білім беруді қамтитын жаңа бағыттарды дұрыс анықтасақ және оны жүзеге асыру барысында көргендік танытсақ отандық білім беру жүйесі өз алдына қойылған тарихи тапсырысты абыроймен орындап шығады деп сенеміз. 

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы студенттің ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!