400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

баяндама, CLIL пәнтілділік интеграцияланған оқытуды жүзеге асыру : әдістемелік ресурстарды құру

Материал туралы қысқаша түсінік
үштілде сабақ беретін жаратылыстану пәні мұғалімдеріне, оқу ісі меңгерушілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

CLIL пәнтілділік интеграцияланған оқытуды жүзеге асыру : әдістемелік ресурстарды құру


CLIL дегеніміз не?

CLIL (Content and Language Integrated Learning)-пәндік-тілдік кіріктіріле оқыту, басқа сөзбен айтқанда- ағылшын тілін басқа пән арқылы немесе басқа пәнді ағылшын тілінде оқыту арқылы үйрету. Бұл термин 1994 жылы Дэвид Марш ойлап тапқан. «CLIL дегеніміз пәнді немесе оның бір бөлігін шетел тілінде оқыту және оның екі мақсаты бар: шет тілін оқи отырып пәнді оқу».

Д.Марш бірнеше жылдар боы зерттеулер жүргізе отырып, 2001 жылға қарай пәндік-тілдік кіріктірудің әдістемесін жасап оны төмендегідей сипаттаған: CLIL басқа пәндерді оқытудағы құрал ретінде шетел тілін оқыту ретінде көрсеткен. CLIL мағынасы екінші шетел тілін басқа пән арқылы оқыту.

Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей кіріктірілген сабақтар (мысалы биология пәнін ағылшын тілінде жүргізу) оқушылардың шетел тілін үйренудегі уәждерінің артатындығына әсер етеді. Бала және жасөспірім шақтарда шетел тілін үйренудің маңызын түсіне бермейді, олар тек шетел тілінің болашақта қажет екендігін ғана біледі, бірақ мұндай уәж баланың шетел тілін үйренуіне көмектесе алмайды. CLIL қолданылатын сабақтарда тілді үйрену мақсат емес жаңа қызықты мәліметтер арқылы пәнді үйренудегі құрал болып табылады. Осылай CLIL арқылы пәндегі және шетел тілін үйренудегі жетістікке жетуге болады. Бұл шетел тілін жай оқып үйренуге қарағанда жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда тиімдірек .

CLIL-ді практика жүзінде іске асыру

Пәнді ағылшын тілінде жүргізбес бұрын пән мұғалімі білуі керек:

  1. Сыныптағы сөйлесу (Classroom expressions) лексикасын білу. Оқушылардың ынтасын тудыру үшін сәлемдесу, тапсырма беру, өтініш жасауды ағылшын тілінде жүргізу керек. Сыныптағы сөйлеу лексикасын қолдану оқушылардың тілдік дағдысын қалыптастыруда тиімді.

  2. Академиялық\ғылыми лексика ( Academic language). Қажетті терминдерді қолдау.


Терминологиямен жұмыс

Әрбір сабақтың басында сабққа қажетті тенминдерді екі тілде үйрету( ана тілі, ағылшын тілі). Жаңа сөздердің саны жоғары сыныптарда 10, төменгі сыныптарда 7-8 сөзден аспау керек. Термин сөздерді бекіту үшін әртүрлі тапсырмалар берілуі қажет (қажетті әріптерді қою, мәтінменн жұмыс, кестемен, диаграммамен жұмыс, суреттермен жұмыс т.б.). Мұғалім алынатын жаңа сөзерді оқушылардың дұрыс айта алатындықтарына көңіл бөлуі тиіс. Сабақтың басында жаңа сөздер тақтаға ілініп ия болмаса жызылып, электронды түрде тыңдалу керек.

Мәтінмен жұмыс

Берілген мәтін жас ерекшелігіне сәйкес таңдалған, түсінуге жеңіл мәтін болуы керек және оны жеңіл түсіну үшін көмекші суреттер, сызбалар және термин сөздер басқа сөздерден ерекшеленетін курсивте жазылған болуы қажет.Мәтінмен жұмыс кезінде және болғаннан соң Блум таксономиясына сәйкес сұрақтар қойылуы қажет. Таңдап алынған мәтіндердің көрнекі құралдармен болуымен көңіл аудару қажет.

Видео материалдармен жұмыс

Видео материал тақырыпқа сәйкес ағылшын тілінде болуы қажет. Видео көргенге дейінгі тапсырма дайындалып, видео көріп отырғанда мұқият тыңдап сұрақтарға жауап табуы керек, болмаса мәтін бойынша термин сөздер алынып тасталып сол сөздерді табулары қажет. Видео көріп болғаннан кейін орындалатын тапсырма дайындалу керек

Білімді бағалау.

Тақырыпты меңгергендігі мен термин сөздерді қолдануларына қарап оқушыларға қалыптастырушы бағалау ауызша және жазбаша түрде беріледі.

CLIL әдістемесіне сәйкес құрылған сабақ жоспарын оқушылардың пәнді ағылшын тілінде оқуға декген қызығушылықтарын арттырады. Тапсырмаларды жеңілден қиынға қарай дайындаған дұрыс.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19.01.2019
679
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12