Материалдар / Баяндама: "ЕЛ ТАРИХЫНДА ЕЛЕУЛІ ІЗ ҚАЛДЫРҒАН..."
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама: "ЕЛ ТАРИХЫНДА ЕЛЕУЛІ ІЗ ҚАЛДЫРҒАН..."

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаш Орда қайраткерлерінің бірі туралы мәлімет ала алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Ақпан 2020
413
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ел тарихында елеулі із қалдырған..


Демежанова Жансая Нұрзатқызы

"М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі" КМҚК

Ғылыми жетекшісі: Сулейменова Мереке Болатқызы

Математика пән оқытушысы, Семей қаласы.


Өзінің саналы қысқа ғұмырын қазақ ұлтының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы қасиетті қызметке бағыштаған үш жүзге ортақ зиялылардың бірі – Биахмет Сәрсенов 1885 жылы бұрынғы Семей облысының Зайсан уезіне қарасты Нарын болысында, қазіргі Ақсуат елді мекенінде, дәулетті отбасында дүниеге келген.

Биахметтің әкесі Шегедек екі әйелінен жеті ұл (Шарахмет, Бірахмет, Жанахмет, Биахмет (бәйбішесінен), Қалел, Дәлел, Салық (кіші әйелі – Қасиеттен) және 7 қыз көрген. Шегедек ұлдарының бәрін оқытқан.

Әкесі ауыл мұғалімінен қазақша да, орысша да оқытып, сауатын ашқан аса зерек Биахмет 1905 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясының даярлық бөліміне түсіп, 1909 жылы семинарияның толық курсын өзімен сабақтас 19 европалық шәкірттер арасында жалғыз қазақ бола отырып, ең үздік үлгеріммен бітіріп шығады.

Әсіресе математикадан ерекше үздік оқып, ұстаздардың назарына ілінеді. Оның өз қолымен 1917 жылы жазылған архив документтерінің бірінде: «Семинарияны бітіргеннен кейін 5 жыл педагогтік қызметте, 3 жыл қоғамдық қызметте болдым»,- делініпті.

Осы уақыт ішінде ұстаз ретінде жүздеген баланың сауатын ашты. Кейбіреуінің одан әрі оқуына да жетекші болады. Кейін үш жыл болыс болған кезінде де ауыл – ауылда мектептер ашып, қаражатын өзі бастап, дәулеттілерге көтертіпті.

Биахмет Сәрсенов – қазақтың ХХ ғасыр басындағы аса көрнекті қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, кейін совет үкіметінің алғашқы жылдарында халық ағарту комиссарының бірінші орынбасары.
Жастайынан өнер-білімге бейім өскен Биахмет 1905-1909 жылдары Семей қаласындағы мұғалімдер семинариясында оқып, оны үздік бағамен бітіріп шығады. Оқуын бітірген соң ол ауыл мектебінде 5 жылдай уақыт мұғалімдік қызмет атқарады. Одан кейінгі үш жыл Сәрсенов болыс болып ел басқарып, бастауыш мектептер ашқан.

1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін ақ патша тақтан түсіп, Уақытша үкімет орнаған кезде қазақ сахарасының шығысында Семей қаласы ұлт-азаттық қозғалыстың аса қуатты орталығына айналған еді. Бұл өзі Уақытша үкімет органдарымен қатар бір мезгілде жер-жерде жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары кеңестері, қазақ комитеттері, Земстволық басқармалар тәрізді тағы басқадай жаңа билік тармақтары енді-енді өмірге келе бастаған кез болатын.

1917 жылдың көктемінде елімізде жаппай облыстық, уездік және болыстық деңгейде қазақ комитеттерінің құрылуына байланысты Алаш қайраткерлерінің шақыруымен Биахмет Сәрсенов Семейге келеді. Ол алғашқы күннен бастап осы облыстық комитеттің мүшесі ретінде қызмет етеді.

1917 жылдың 7 наурызында Семей облыстық қазақ комитеті ел өмірінде қалыптасқан саяси жағдайға байланысты шұғыл түрде құрылып, жергілікті билік ісіне араласу мүмкіндігінен құр қалмас үшін өзінің ұйымдық-шаруашылық шараларын өткізгені, сондай-ақ облыстық комитеттің төрағалығына Р.Мәрсеков, төрағаның орынбасары болып Х.Ғаббасов пен И.Тарабаев, хатшылыққа Ә.Ермеков және қазынашылыққа Ә.Молдабаев бекігені, комитет басқармасына мүшелікке С.Сабатаев, Н. Құлжанов, А.Қозыбағаров, Б.Сәрсенов, С.Дүйсенбин, М.Малдыбаев, Д.Қияқов, С.Молдабаев, С.Торайғыров, Ш.Керейбаев енгені туралы деректер бар.

1917 жылы Орынборда өткен Жалпықазақ съезінде Ресей Құрылтай Жиналысына депутаттыққа ұсынылғандар тізімінде Семей облысы атынан Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков, Х.Ғаббасовтармен бірге Биахмет Сарсенов те болған. Міне, осы съезде алғаш болашақ «Алаш» партиясын құру туралы мәселе көтерілді.

1917 жылы қазан айында Томск қаласында өткен Сібір республикасы съезіне қатысып қайтқан Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов жергілікті қазақ комитеттері, мұсылман мұғалімдер одағы, «Бірлік» жастар ұйымы секілді бірнеше саяси-қоғамдық ұйымдардың көмегімен Семейде «Алаш» партиясының облыстық комитетін құрды. Ал енді жаңағы Семей облыстық «Алаш» партиясы комитеті атынан Ресей Құрылтай жиналысына ұсынылғандар арасында Биахметте бар еді.

1917 жылдын қараша айында уездік Земстволық жиынға депутат сайлау науқаны өте сәтті өтті. Семей уездік Земстволық жиынына депутаттыққа ұлт зиялылары Ш.Құдайбердиев, Ә.Ермеков, Х.Ғаббасов, Б.Сәрсенов, Ә.Молдабаев, А.Қозыбағаров, Р.Мәрсеков, Н.Құлжанова, К.Жанатаев, И.Қазанғапов, М.Малдыбаев және тағы басқалары болды. Сол кезеңдегі Семей облыстық комиссариатының органы «Дело» газетінде жарияланған С.Возмительдің «О выборах гласных в Семипалатинское уездное Земство» атты мақаладасында «…Киргизское население совершенно отнеслось иначе. Они отложили всякая домашняя обстоятельства, даже организовали транспорты для перевозки лиц, имеющих право участвовать в выборах. И в проведении Земства оказались у них самые лучшее результаты. Прошли все образованные работники и даже на славу провели одну женщину» деп жазды. Мұның өзі Әлихан Бөкейханов бастаған қазақ зиялыларының елдігіміз танылар сын кезеңде Семейде билік тізгінін басқаларға беріп қоймай, ұлттық мемлекет құру жолында осындай қыруар істер атқарғаның көрсетеді.

Б.Сәрсеновтың отандық мектеп жүйесін калыптастыруға аянбай күш-жігер жұмсағанын, өлкеде алғашқы әскери және кәсіптік оқу орындарын ашуға бастамашы болғаны туралы деректер бар. Биахмет қазақша айтқанда сегіз қырлы, бір сырлы, өнерлі жігіт болған. Алған орысша біліміне қарағанда ол шын мағынасымен педагог-тәрбиеші еді.

Осындай тарихи тұлғаның ел ал­дындағы қызметін және оның халық ағарту сала­сындағы ұлттық мектептерді ашу және оларды қаржыландыру, қазақ балаларын оқуға орналастыру, қажетті оқулықтармен қамтамасыз ету тәрізді тағы басқа жұмыстар істеудегі ерен еңбегі ұмыт болмақ емес.

Б. Сәрсенов сияқ­ты елі, жері үшін аянбай қызмет етіп ұлтжандылығын көрсете білген ұлағатты адамның іс-тәжірибесі қазіргі ХХІ ғасырдағы еркін елдің, тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпақтарына үлгі-өнеге екенін ұмытпаған жөн.





Қолданылған әдебиеттер:


1. Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Арыс, 2009. - 544 б. – Сәрсенов Биахмет: б. 282-283.

2. Тілешов, Е. Алаш қозғалысы [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Е. Тілешов, Д. Қамзабекұлы. - Алматы : Сардар, 2014. - Сәрсенұлы Биахмет: б. 354-355.

3. Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Сәрсенов Биахмет: б. 672.

4. «Қазақ» газеті [Мәтін] : Алаш азаматтарының рухына бағышталады / құраст.: Ү. Субханбердина, С. Дәуітов, Қ. Сахов. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 1998. - http://yadi.sk/d/DNIf5cxLHy9bW"560 б. (Б. Сәрсенов туралы ақпарат берілген).

5. Сыдықов, Е. Биахмет Сәрсенов [Мәтін] / Е. Сыдықов // Шәкәрім және Алашорда : ғылымижинақ. - Новосибирск : Талер-пресс, 2008. - Б. 95-101.

6. Жанболатова, Р. Р. Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов [Мәтін] / Р. Р. Жанболатова // Мәдениет жаршысы / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - 2009. - № 8. - Б. 7-10. (Б. Сәрсенов туралы ақпарат берілген).

7. Қуантайұлы, Н. Ахаңның оң қолы [Мәтін] : жерлесіміз, Алаш Орданың көрнекті қайраткері Б. Сәрсенов жайлы естелік / Н. Қуантайұлы // Дидар. - 2010. - 11 қараша. - Б. 7.

8. Смағұлова, С. Алаштың беймәлім қайраткері Биахмет [Мәтін] / С. Смағұлова // Дала мен қала. - 2011. - 30 мамыр. - Б. 10.


9. Жұртбай, Т. Алашордашылардың мақсаты біртұтас қазақ мемлекетін құру ді / Т. Жұртбай; әңг. А. Кемелбаева // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. - 2014. - № 24. - Б. 12-13

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!