№119 орта
мектеп
Баяндама
Тақырыбы: «Ердің ерлігі – еліне
мұра»
Оқушыларға патриоттық тәрбие
беру.
Пәні: Алғашқы әскери
дайындық
Пән
мұғалімі: Қ.Әбжамилов
2015-2016 оқу
жылы
Ердің ерлігі – еліне
мұра
Патриотизм – біздің бойымызда
ғасырлар бойы жинақталған ең терең сезімдердің бірі. Отанға , жерге
деген сезімдер болмаса, патриот болу мүмкін емес. Біздің
бабаларымыз осындай ұланғайыр жерімізді ақ найзаның ұшымен, ақ
білектің күшімен жан-жақтан анталаған жаулардан қорғап, бүгінгі
ұрпаққа сый ретінде тастап кетті. Елге , жерге деген патриоттық
тәрбие дәл кәзіргі уақытта ғана пайда болған жоқ, ол сонау ғұн мен
сақтан бастау алған бабалар жолында сайрап жатыр. Бұл тәрбие
құралы, ұлттық тәрбиемен бірге, қазіргі асыл дінімізде де айрықша
атап көрсетілген.
Егер де кез –келген мұсылман
шаңырағында дүниеге ер бала келетін болса, ол әке баласына білім
алуды, садақ атуды үйретуге міндетті болғандығы атап көрсетілген.
Сондықтан да біздің бойымызда Отанның гүлденуіне және оны қорғауға
деген патриоттық сезім біздің жүрегімізде өмір сүре бермек. Ол ерте
жастан адамға әсер ететін , ұзақ, мақсатты түрде жүргізілген
тәрбиенің нәтижесі деп білемін.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев жастарға арнаған бір сөзінде: «Еліңнің ұлы
болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық
жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында барыңды салып жүріп
еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екендігіңді ұмытпа!» -деген
еді. Бұл сөздерді қайталап оқыған сайын біздің жас ұрпақтың бойында
Отан сүйгіштік қасиет тереңдей береді деп
ойлаймын.
Ғылым мен техниканың қарыштап
дамыған мына заманда патриоттық тәрбиемен тек мектептегі әскери
жетекшілер ғана айналыспай, мектептегі барлық маман қызметкерлер
жұмыла жұмыс жасауымыз керек деген
ойдамын.
Менің айтып отырған патриоттық
тәрбие арқылы Отан, ел, атамекен, мемлекет, мемлекеттік рәміздерді
құрметтеу, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтаумен ана тілін қадірлеу
сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылады.
Бұл жердегі ұлттық салт- дәстүр, тәрбие, дегеніміз ол басқалардан
оқшаулану емес, ол ұлттық тәрбие үлгілерін сақтай отырып, әлемдік
идеялардың озығын алып, тозығынан уақытылы теріс айналу дер
едім.Осы ұлттық тәрбиенің құрамдас бөлігінің бірі ретінде
ұлтымыздан шыққан небір батыр- оғландардың ерлігін насихаттап
батырлар рухында тәрбиелеуіміз қажет. Халық батыры Б.Момышұлының
мынадай сөзі әлі құнын жойған жоқ, «Біздің тарихымыз батырға бай
тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің
үлгісі санаған. Батырлық деген , ерлік деген, ұрпақтан- ұрпаққа ата
дәстүр боп қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие ғибрат
алмаған ұрпақ –тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің халық – батыр халық»
деген болатын. Мінекей осы бағытта мектебімізде қазақ батырлары
стендісі жасалынса, ауданымыздың ауған соғысына қатысқан ардагер
азаматтарына арналып қабырғастендісі жасалынған, ақпан айында
«Жастығын жалын шарпыған» атты еске алу шаралары жыл бойы уақытылы
өткізіліп келеді. Ал мамыр айында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы
Жеңіс күні құрметіне арнайы жоспар жасалынып, апталық өткізу
дәстүрге айналған. Бұл шаралар кезінде тыл және еңбек
ардагерлерімен және сол уақыттарда балалық шақтары өткен
ауылдастармен кездесулер, тағзым алаңында соғыстан оралмай кеткен
боздақтарды еске алып, оларға гүл шоқтарын қою, түрлі деректі
фильмдер көрсету, мәдени және әскери-спорттық шаралар
ұйымдастырылады. Атап айтсақ «Жігітке жеті өнерде аз...» ер балалар
арасындағы сайыс, «Ер- елдің қорғаны» әскери-спорттық сайысы,
«Армия-айбынымыз, Әскер -әліміз» тақырыбында пікірталас және
спорттық жарыстар өткізілді. Бұл шараларда бабалар ерліктері мен
жасаған елге деген қызметтері оқушыларымызға жеткізе айтылады,
сынып жетекшілері мен тәлімгер қызметкерлер белсене қатысады.Нағыз
азамат- Отан алдындағы борышын сезінуі керек. Осы мақсатта Отан
қорғау жолында және қазіргі бейбіт уақытта кез-келген еліміздің
азаматтарының жасап жатқан ерліктерін оқушыларға тәрбие беру
барысында айтып отырсақ дұрыс болар еді деп ойлаймын. Өйткені әрбір
азамат тек еліргесіне жау шапқанда ғана емес, кез-келген уақытта
отандастарына төнген қауіп-қатерлерге қарсы тұрып , көмек қолымызды
дер кезінде бір-бірімізге ұсына білсек,беріп жатқан
тәрбиелеріміздің текке кетпегені деп білемін. Сондықтан-да мұндай
патриоттар даярлауда біздерге артылар жүк қашанда саламақты болары
хақ.
Мен өзімнің дәріс беретін
«алғашқы әскери дайындық» пәнінен әр тарауды өткен кезде, осы
тарауларға қатысты қазақ батырларының жүрген жолдары, елі үшін осы
жолда көрсеткен ерліктері мен бастан кешкен небір қилы оқиғаларды
оқушыларға тәрбие беру мақсатында айтып отырамын. Оның ішінде
өзіміздің жергілікті жерден шыққан батыр-бағландардың ерліктері
жөнінде де уақытылы айтып дәріптеп
отырамын.
Сонымен бірге оқушылардың
шығармшылығын ерлік тақырыбында шыңдау үшін тарих пәні
мұғалімдерімен бірлесе отырып ғылыми жоба қорғату, осы ерлік
тақырыбында дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, пікікталастарға
қатыстыру арқылы жетілдіріп, жалпы адами құндылықтарды бойына
жиған, кез-келген іс-әрекетке қабілетті, дербес тұлға
қалыптастыруға жұмыстар жасап келемін.
Қазақта «Ердің ерлігі- еліне
мұра» деген даналық сөзі бар.Ұлт батырларының ерлігі ұрпаққа өнеге.
Сондықтан да батыр бабаларымыздың ерлік қасиеттерін қастерлеп,
олардың әрбір ісін ұмытпай дер кезінде ұлықтап отыру баршамыздың
міндетіміз.
Алайда жүріп өткен қайсібір
замандардардың қасаң саясатының салдарынан қазақтың қаншама батыр
ұлдарының ерліктері еленбей қалғаны да жасырын емес. Әйтсе де ,
тәуелсіз ел ретінде, кезіндегі солақай саясат ұмыттырған
батырларымыздың есімдерін жаңғырту бәріміздің борышымыз және дәл
қазіргідей алмағайып уақытта еліміз болашақ ұрпағының тәрбиесін
қолымызға сеніп тапсырған біздер мен сіздердің парызымыз деп
білемін. Осы тұрғыда АӘД пәнінің оқу-тәрбие үрдісінде қазақ
батырларының оның ішінде жергілікті өзімізден шыққан батыр
бабаларымыздың ерлігін дәріптей отырып оқушыларды жаңа қазақстандық
патриотизмге тәрбиелеу ісі өзекті де маңызды екендігі тағы бір
дәлелдене түсті деп айта аламын.
Мектебімізде осы айтып отырған
патриоттық тәрбие түріне байланысты 7 мамыр күні 27 оқушыдан
құралған топ туған жеріміздің табиғатын, тарихын білу және
өздерінің денсаулығын нығайту мақсатында жаяу, туристік саяхат
ұйымдастырылды. Аталған топ құрамында мектебіміздің тарихшысы
Ахатай.Д тарихымыздан сыр шертсе, жер бедерінен мағұлмат беру үшін
геогроф маман Әбжаппаров.Ғ, өсімдік түрлері мен оның қасиеттерінен
мағұлмат беру үшін жоғары санатты мұғалім Рахметов.А т.б. құралған
топ осы саяхатты жасап қайтты. Осы саяхат барысында оқушылар
өзіміздің туған жеріміздің бай тарихымен сусындап, жер атауларының
шығу себептерімен, тарихи қыстау мен жайлау, қорымдардың
орындарымен танысты және өз туған табиғатымызда кездесетін жүздеген
емдік қасиеті бар өсімдік түрлерімен танысып және оларды бұрынғы
ата-бабаларымыз қалай қажеттеріне жаратқандықтарын, онан соң сирек
те болса кездесетін түрлі улы т.б шөп түрлерімен танысып өздерінің
бұған деген таңданыстарын жасыра алмады. Біздің ұйымдастырған бұл
шарамыз көздеген мақсатына жетті деп ойлаймын. Өйткені осы топ
құрамында болған оқушылардың алған әсерлері мен айтқан оқиғаларының
әсері болуы керек,енді мектебіміздің басқа сынып оқушыларынан да
осындай шараның тағы ұйымдастырылғанын қалаған ұсыныстар көптеп
түсуде.
Елбасымыз: «Біз білім-ғылым
саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете
алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен
басаталады» деген болатын.
Әдетте жер көлемі жағынан
әлемде тоғызыншы орын алатын, табиғи ресурстарға бай, халқы аз және
көпұлтты Қазақстан Республикасының әрбір азаматының Отаны туралы
патриоттық санасын ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай отырып,
өркениетті елдер қатарына жеткізуге ықпал ету біздің басты
міндетіміз.
Осыған орай оқушыларымызды ,
еліміздің болашақ саналы азаматтарын бабалар жолымен, жаңа
қазақстандық патритизм рухында тәрбиелеу менің – басты міндетім
болып қала бермек.