Материалдар / Баяндама "Ертегі терапиясы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама "Ертегі терапиясы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: «Ертегі терапия» туралы ұғым беру, маңыздылығын ашу, «Ертегі терапияның» түрлерімен таныстыру, әр бір оқиғаны, әрбір кейіпкерді, әрбір бейнеленген сюжетті түсіне отырып, шыққан қорытындыны ұғыну, тиімділерін тәжірибеде пайдалану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2022
1481
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілетін дамытуда
«ертегі терапиясы» әдісінің маңызы

Мақсаты: «Ертегі терапия» туралы ұғым беру, маңыздылығын ашу, «Ертегі терапияның» түрлерімен таныстыру, әр бір оқиғаны, әрбір кейіпкерді, әрбір бейнеленген сюжетті түсіне отырып, шыққан қорытындыны ұғыну, тиімділерін тәжірибеде пайдалану.

Міндеттері: мектепке дейінгі ұйымда «ертегі терапиясын» пайдалану арқылы балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету. Мектеп жасына дейінгі балаларға «ертегі терапиясын» қолдану арқылы креативті ойлауын дамыту. Театр арқылы бала шығармашылығын дамыту. Психокоррекциялық жұмыстың маңыздылығы.

Әдіс-тәсілдері:

  1. Ертегіні әңгімелеу. Бұл әдіс баланың елестете алу қабілетін, қиялын дамытады. Балаға бұл ертегіні қатысқан немесе қатыспаған кейіпкердің атынан баяндап беруді ұсынуға болады.

  2. Ертегіні қайта жазу немесе толықтыру. Ертегінің мазмұны немесе оқиғаның шиеленісуі, аяқталуы ұнамаған кезде қолданылатын әдіс. Ертегіні қайта жазып немесе кейіпкерлерін өзгертіп, бала өзінің бойындағы өзгерістерді көрсетіп, шешімін таппай жүрген жағдайларды шешіп, өз ішіндегі толғаныстардан босай алады.

  3. Қуыршақтар арқылы ертегіні сахналау. Бұл баланың қимыл – қозғалыстарын неғұрлым шынайы етіп, қуыршақтың мінез – құлқын да шынайы сомдай алуына көмектеседі. Қуыршақтармен жұмыс жасау арқылы бала өз бойындағы өзгерістер мен эмоцияларды жағдайларға байланысты көзрсете алмайтын жақтарын көрсетуге мүмкіндік алады.

  4. Ертегіні құрастыру. Кез–келген қиял–ғажайып ертегілерде мазмұнның даму заңдылықтары бар. Басты кейіпкер бір отбасында дүниеге келіп, қиындықтарға тап болып, ол кедергілерді жеңеді және үйіне оралады. Сонымен, ертегі барысында кейіпкердің өмірі ғана сипатталмай, жеке тұлғаның қалыптасу кезеңі айтылады.

Қазіргі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру, отбасының, балабақшаның, барша жұртшылықтың міндеті болып отыр.








Бүгінгі күн талабы жалпы білім беру жүйесіне, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың білім мазмұны мен тәрбиелеу  әдістеріне үлкен міндеттер жүктеуде.  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында толыққанды мектепке дейінгі білім беруді қалыптастыруға кірісу қажеттігі нақты көрсетілген. Осыған сәйкес мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиенің басты мақсаты – баланың өз тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін барлық жағдайды тудыру, баланың даралығын ашу, оның айқындалуына, дамуына, тұрақтануына көмек беру. Әрбір бала қайталанбайтын, ешкімге ұқсамайтын даралық ретінде қалыптасуы тиіс.

«Ертегі терапиясы» – психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын туындатады. Практикалық психологияның «ертегі терапия» бағыты – баланың жақсылық пен жамандықты айыруына, мінез-құлықтық стереотиптерді тануына көмектесіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиыншылықты ең соңында жеңе аларына деген сенімін нығайтады. «Ертегі терапиясын» адамның рухани жан дүниесіне үйлесе отырып тәрбиелейді. Көптеген адамдар «ертегі терапиясын» балалармен ғана жүргізу керек деп айтады. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалармен. Бірақта, психологиялық қызмет барысында «ертегі терапиясын» қолданғанда адамның жасы мүлдем шектелмейді.

«Жан тұрмысы өркендеу үшін, яғни ойы, ақылы кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін жас балаға ертегі тым қымбат нәрсе», - деп М.Жұмабаев айтып кеткендей, ертегінің бала тәрбиесінде алар орны ерекше. Болашақта логикасы, шығармашылығы дамыған, еліміздің іргесін берік қалайтын жастар тәрбиелегіміз келсе, ертегіге ерекше көңіл бөлейік.

Жалпы психологтар бала тәрбиелеу мәселесінде құрғақ ақыл айтудың, ескеру мен дауыс көтерудің жарамсыз екендігін толықтай дәлелдеді. Бұлар жаһанданулық қоғамға қадам басқан жаңа ғасыр үшін көнерген, өз күшін жоғалтқан әдістер деп танылған. Есесіне, «ертегі терапиясы» арқылы баланың санасын өздігінен кері нәрселерге қарсы тұрарлық күш беру шарт деген тәсілді ұсынады. «Сабағыңды жақсы оқы, қолыңды жумай дастарқанға отырушы болма, ата-анаңды сыйла, үлкенмен керіспе» дейтін ескертпелер баласы бар үйде күнде он рет қайталанады. Мың сан қайталанулардан соң бала санасы ести тұра мұндай ескертпелерді мүлдем қабылдамайтын күйге жетіп, тек өз білгенінше әрекет етеді. Өйткені, ол сабақты жақсы оқымаса не боларын немесе ата-анасын құрметтемеудің ақыры немен аяқталарын білмейді.

Ал, «ертегі терапия» ең бірінші оған болашақ туралы сұрақтарға жауап береді, ертегінің финалында болатын нәтижелерден ол келешек туралы ой түйеді.

Мысалы: ертегідегі үнемі жуынатын мысықтың баланы тазалыққа үндейтін әдіске жұмылдырылғанын айтады. Мұндай ерікті энергиялар баланы жалқаулықтан арашалайтын көрінеді.

Орыстың «Шалқан» деп аталатын шағын ертегісі бар. Бәрімізге белгілі, отағасы – шалдың еккен шалқаны өте үлкен боп өседі де, күз келіп, егінді жинау науқанында шалқанды жерден суырып алу айтарлықтай қиындыққа соқтырады. Шал, кемпірі, қызы келіп тартқылағанмен, жерден суырылар болмаған шалқанды иті, мысығы, ең соңында олар тұратын үйдің жертөлесін мекен ететін тышқан келіп көмектескенде ғана жұлынады. Ертегінің айтпағы – ауызбіршілік. Олардың бір-біріне көмектесу себептері – туыстығы мен бір үйді мекен еткен татулығы. Демек, бір отбасы, бір үйде тұратындар бір-біріне әрқашан да қамқор болуы керек деген ойды аңғарамыз. Орыс психологтары осы ертегіні естіген алты жасқа дейінгі көптеген қыз балалар шешесіне үй шаруасында көмектесуге талпынса, ұл балалар жөргектегі бауырын жұбатуға талпынғанын айтады.

«Ертегі терапиямен» жұмыс жасау тек мамандарға тән емес, бұл ата-ана үшін де міндетті нәрсе. Айталық, «Мақта қыз» ертегісін арнайы қойылым етіп тамашалайтын қара көздеріміз аз болса, психологтар орыс отбасыларында баланың көңілін көтеру мақсатында көптеген ертегілерді арнайы қойылым ретінде үнемі қайталап тұратынын айтады. Ертегі – отбасы үшін тек тыңдауға ғана емес, қойылым ретінде де сахналауға да ыңғайлы. Әкелерге – Ерназар, шешелерге – мыстан кемпір, ұлдары – алтын сақасын іздеген бала болып ертегі сомдаған шаңырақ қандай бақытты. Бұл отбасындағы өсіп келе жатқан бүлдіршіндер үшін «ертегі терапиясы» ғана емес, ересектер үшін де таптырмас татулықтың көрінісі болып табылады.

Әдетте, ертегіні отбасында әже немесе ана айтады. Көп жағдайда ертегіге әке араласпайды. Ал, «ертегі терапиясы» айтарлықтай әсер етуінде отбасы мүшелерінің түгел дерлік қойылымға қатысуы бүлдіршін үшін аса үлкен қуаныш. Ол ертегінің өзі үшін қойылғанын аңғарады. Және түрлі персонаждардың ойнап жүрген туыстарының өзін жақсы көретінін аңғарады. Осылайша өткен әрбір сәт баланың кеудесіне жақсылық дәнін себеді. Орыс психологтары бұл мәселені ертерек ұғынды. Балабақшада осы әдісті біраз жылдан бері қолданып келемін. Айталық, мақтаншақтығының кесірінен аузындағы ірімшігінен айрылып қалатын қарға мен қу түлкі туралы ертегіні қойылымға айналдырып түсіндіргенде, балаларды қарғаның рөлінде сомдату арқылы оны тапқырлыққа баулимыз.

Қазақ халқының жас  ұрпаққа  тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген.

Т.Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: «Ертегі - рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, қүлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі», - деп анықтама береді.

Ресейлік жазушы А.Н.Толстой «Ертегі – біз ұсақтап жинақтайтын, халықтың ұлы рухани мәдениеті, және де ертегі арқылы біздің алдымыздан халықтың мыңжылдық тарихы ашылады»,- деген екен. Көбінесе ертегілердің тәрбиелік құралы екеніне ата-аналар, яғни үлкендер сенбей жатады. Бұған К.Д.Ушинский көңіл бөліп былай деп жазды: «Халық ертегісінде балалардың ұлы және орындалған жыры бар  – халық балаларға өз армандарын айтады, асып кетсе, халықтың өзі осы арманға жартылай сенеді». А.С.Макаренко балаларға ертегілерді қолдану әдістемелері туралы былай деді: «Кішкентай балаларға ертегілерді айтуда көптеген ертегілерді қысқартуға, тілін өзгертуге, ертегіні толық түсінушілікке әкелуге болады және солай ету керек».

Әрі қарай А.С.Макаренко ата-аналарға ертегілерді таңдағанда оның идеялық көркем әдеби мағынасына көңіл бөлу керектігін айтады: «Балаларға арналған ең жақсы ертегілер, әрқашан жануарлар туралы ертегілер болып табылады. Орыс халық ертегілерінің байлығында мұндай ертегілер өте көп және олар өте жақсы ертегілер. Сол сияқты басқа халықтар да ертегілерге бай». А.С.Макаренконың бұл сөздерінің қазақ халық ертегілеріне де толық қатысы бар. Атақты педагог В.А.Сухомлинский балаларға ертегілердің үлкен эмоционалды әсері бар екенін айтып, келесідегідей жазды: «Бала фантастикалық бейнесі бар сөздерді естігенде немесе айтқанда, бала жүрегі аблығады». В.А.Сухомлинский жазған кезде оның ойына ерекше көңіл бөлу керек: «Мен мектептегі оқуды тыңдағаннан бөлек, ертегіні ойлап шығарусыз елестете алмаймын».

«Ертегі терапиясын» жүргізу – адамзат дамуындағы тәрбиелік психологияның ең бір көне әдістерінің бірі және қазіргі заманғы ғылым тәжірибиесіндегі жаңа, жас әдістердің бірі болып табылады. Ертегі терапиясы  тәрбие арқылы баланың көзқарасын бағдарлау және ішкі әлемінен хабардар болу тәсілдері. Ер Төстік ертегісінде балақайларымыз достықтың үлкен үлгісін көреді. Оған көмек қолын созған Көлтауысар мен Желаяқ секілді алыптардың еңбегі тек достықты ғана насихаттамайды, ерекше болмыстары арқылы баланың тапқырлық деңгейін де жоғарылатады. Ер Төстік бала жер бетінде көптеген патшалықтарды көрсе, жерастында да көптеген патшалықтардың қонағы болды. Бұл бала психологиясына Отан ұғымын сіңіреді, белгілі бір мемлекеттің заңнамаларына бағыну мәселесін ұғындырады.

 Е.В.Чехтың пікірі бойынша «ертегі терапиясының» бірнеше түрін белгілеуге болады: ертегіні айту, ертегіні сурет арқылы салу, ертегі терапиялық диагностика, ертегі құрау, қуыршақ жасау, ертегіні қою және тағы басқа.

«Ертегі терапиясы» тек ата-ана үшін емес, ұстаз үшін де топпен жұмыс жүргізу барысында өте тапқыр әдіс болмақ. Адам баласында нашар деп бағаланатын көптеген мінездер бар. Соның бірі – жалқаулық. Жалқаулықты қаралайтын ертегілер мол болғанымен, дені баянға құрылады. Ертегіні тыңдау бір басқа да, оны сомдаудың жөні бір басқа. Жалқаудың рөлін ойнаушы бала өзі қайталап отырған болмыстың шын мәнінде кім екенін түбегейлі ұғынады да, ондай одағай әрекеттерді қайталамауға тырысады.

Т.Д.Зинкевич-Евстигнеева «ертегі терапиясын» төмендегідей түсіндіреді:

- емдеу (психотерапиялық болып табылатын баланың ішкі білімін ашу);

- мағына іздеу үдерісі (әлем туралы білімнің мағынасын ашу);

- шынайы өмірдегі және ертегідегі оқиғалар мен тәртіптердің арасындағы байланыстың білімі;

- мәселелік оқиғаларды объективтілеу;

- баланы тәрбиелеу және оған білім беру.

«Ертегі терапияның» бір ұтымдылығы – бала тілімен жеткізілуінде, баланың ой ауқымына тән оқиғалар дәрежесінде ситуация құруында. Бала ертегі тыңдау арқылы өзін-өзі емдеп, түрлі шығармашылық қабілетінің ашылуына мүмкіндік алады. Барлық ертегілерде басты кейіпкердің еркін өмірге қол жеткізуі, Отанының тәуелсіз дамуы басты мұрат ретінде бағаланса, ертегі арқылы балақайлар өздік кеңістік пен еркіндік ұғымын түйсінеді.

«Ертегі терапиясының» жетекші идеялары болып:

  • өміріндегі мүмкіндіктері мен өмірінің құндылығын, өзіндік потенциалдарын сезіну;

  • оқиға мен амалдардың себеп-салдарын түсіну;

  • қоршаған ортаны түйсінудің әртүрлі стильдерін танып-білу;

  • қоршаған ортамен өзара жасанды әрекет ету;

  • үндестік пен күшті сезіну.

Әрбір жағдайда, әрбір кеңес беру кезіне сәйкес келетін ертегілер таңдалып алынады немесе арнайы құрастырылады. Бұл «ертегі терапияның» оқыту тақырыбы болады. Әртүрлі образдағы ертегілер клиентке әртүрде ұсынылады: ертегіні талдау, ертегіні айтып беру, шығарма, қуыршақ дайындау, драматизация, сурет салу, ойындар, медитация және т.б. 

Ертегі терапиясымен әсер ету ертегінің бес түрінің көмегімен жүзеге асады:

  • Дидактикалық.

  • Психотерапиялық.

  • Медиативті.

  • Көркемдік.

  • Психокоррекциялық.

«Ертегі терапиясы» арқылы балаға мынадай қасиеттерді сіңіруге болады:

  • Баланың шығармашылығы дамиды.

  • Ойлау қабілеті дамиды.

  • Баланың бойында тапқырлық дамиды.

  • Өз ойын жеткізе білу.

  • Рөлге ене білу.

  • Сөйлеу мәдениеті және т.б. қасиеттері дамиды.

Қазіргі таңдағы көптеген зерттеулердің нәтижелеріне сүйенер болсақ, «ертегі терапиясы» емдік мақсаттағы терапия екенін түсіндіріп, дәлелдеп отыр. Оларға қысқаша тоқталып кетер болсақ:

  • Әлеуметтік ортада туындап отыратын көңіл-күйдегі агрессивті сезімдерден босаңсу. Сурет салу, живопись, түрлі-түсті бояулар мен глинаны пайдалана отырып, мүсіндер жасау – адам бойындағы психикалық қысымдардан босаңсуына пайдасын тигізетін ең бір зиянсыз әдіс.

  • Психотерапияны жүргізудің вербальды түріне қарағанда, көптеген бейнелердің көмегімен ішкі уайымдаулар мен санасыз түрде кикілжіңге түсу себептерін сыртқа шығару оңайырақ болады. Яғни, терапияның тиімді әрі пайдалы жақтары осыдан байқалады. Сонымен қатар терапия барысын алға, жағымды жағынан ілгерілеуін тездетеді.

  • Терапия жүргізу процесінде диагностикалық жұмыстармен интерпретация жасаудың негізгі мүмкіндіктерін нақты беріп отырады. Баланың жасап шығарған шығармашылық туындыларының шындықтағы бар нәрсе екенін ол өзі жоққа шығара алмайды. Баланың шығармашылық жұмысының стилі мен мазмұны ол жөнінде көптеген ақпарат беріп отырады.

  • Көптеген арыла алмай жүрген ойлар мен қиын ауыр сезімдермен жұмыс жүргізуге болады. Кейбір уақыттарда үдемелі сезімдер мен қандай да бір наным-сенімдердің себептерін  анықтаудың, оны түсіндіре алудың бірден-бір жолы – осы вербальды емес әдіс арқылы қарым-қатынас жасау болып табылады.

  • Терапиялық өзара қарым-қатынасты нығайтуға көмегін тигізеді. Топ мүшелерінің шығармашылық жұмыстарындағы кейбір элементтерінің ұқсас келуі өзара жағымды сезімдер мен бір-біріне деген эмпатияның қалыптасуын тездетеді.

  • Іштей өзін-өзі реттей алушылық пен өзін-өзі бақылай алу сезімінің пайда болуына әсерін тигізеді.

  • Өз сезімдеріне зейін қоя отырып, көңіл бөлуін дамытады және нығайтады.

Балалар ертегіге ене отырып, нақты жағдайда шығармашылық конструктивті өзгерістің жаңа мүмкіндіктерін ашады және өзіне күш жинап, өздеріне жаңа ресурс аша отырып, өз өміріндегі оқиғаларға ауысады, басқаша ойлай бастайды, басқа қырынан қарай бастайды және оның конструктивті әлеуметтік моделіне  кіріседі.

«Ертегі терапиясының» когнитивті және шығармашылық аспектілері ерекше маңызды. Ертегіге талдау жасау (когнитивті талдау) рухани құндылықтарға жанасуды, күнделікті жағдайларға қатысты  көзқарасты өзгертеді немесе едәуір байытады. Қиялдың шығармашылық энергиясын – шығарма, сурет салу, қуыршақтар дайындау, ертегіні драматизациялау (шығармашылық аспектілер) арқылы шығаруға мүмкіндік береді. Барлық осы күштер өз өмірін конструктивті өзгертуге көмегін тигізеді.

Көптеген зерттеу жұмыстары көрсеткендей - ертегідегі теңестірулер, яғни, баланың күйіне тікелей әсерін тигізеді. Ғажайып әсерлер жеке тұлғаның өзіндік, жекелік ресурстарын белсендіре түседі. Көптеген образдар, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас орнатудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, адам санасын оятып, белсендіреді.

Мектеп жасына дейінгі  баланың даралығын ашу үшін «ертегі терапиясын» қолдана отырып, оның танымдық ойлауын дамытудың маңызы зор. Атақты педагог А.Сухомлинский: «Бала кезде 3 жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қасиетті нәрсенің бәрінде ертегіден алады» - деген.

Ертегі – баланы тәрбиелеуге арналса, «ертегі терапиясы» сол тәрбие арқылы баланы жөнге салу, онын көзқарасын бағдарлау және ішкі әлемінен хабардар болу тәсілдері.

«Ертегі терапиясы» арқылы сенімсіз, агресивті, қорқынышы басым балалармен жұмыс істеуге болады, олармен: ұят, өтірік, кінәні сезіну және т.б. қиындықтарда қолданылады. Сонымен қатар, «ертегі терапия» үдерісі балаға өз қиындықтарын түсінуге, талқылауға және де сол қиындықтарды шешудің түрлі жолдарын көруге мүмкіндік береді.

«Ертегі терапиясын» мектеп жасына дейінгі балаларға қолдану  барлық уақытта оларға мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Егер де ертегіні өте жоғары деңгейде ұйымдастыра білсе, кейбір қиын мәселелерге қатысты жүргізілетін терапиялық жұмыстар да өзінің көмегін тигізеді.

«Ертегі терапиясын» қолдану  арқылы баланың креативті ойлауын дамытудың маңызы зор. Креативтік ойлау балалардың ертегідегі проблемаларды шешу дағдыларына ықпал ете отырып, нұсқаларды зерделеп, ертегі мазмұнын сындарлы, әрі креативті етіп құрастыруына мүмкіндік береді. Креативтілік ағылшынның «Creativity» сөзінен аударғанда шығармашылық деген мағынаны береді. Креативтілік – жаңаны құрумен байланысты әрекет нәтижесі, шығармашылық өнім.

Бүгінгі таңда  тұлғаның креативтілігі - бұл өте маңызды және сапалы қасиет. Тұлғаның креативтілігі кез келген деңгейде, кез келген сатыда өріс алып келеді. Егер адам басқа адамдардан ерекше болып көрініп, жаңа түсініктермен ойлауға тырысқысы келсе, онда ол адамға  креативтілігін дамыту қажет. Бірақ бұл жағдайға қол жеткізу күрделі үрдіс және оған адамның қалауы мен ниеті болуы маңызды.

Бастапқы кезеңдерде креативтілікті тек қана дарынды балаларда ғана дамытуға болады деген пікірлер қалыптасып, кейін шығармашылық ойлауды кез-келген  балада дамытуға болатыны дәлелденген. Бұл баланың креативті ойлауын дамытуға байланысты тапсырмалар мен  жаттығулардың жауаптарында қате жауаптың болмауымен түсіндіріледі. Баланың жеке тәжірибесі және оның негізгі әрекет ету формалары дамытудың негізгі факторы болып табылады. Креативтілікті дамытуға қолайлы, яғни  сенситивті кезең 3-5 жас болып келеді. Бұл жас ерекшелікте жалпы шығармашылық қабілет ретінде креативтіліктің алғашқы көріністері қалыптаса бастайды.

«Ертегі терапиясының» бір ұтымдылығы – бала тілімен жеткізілуінде, баланың ой ауқымына тән оқиғалар дәрежесінде ситуация құруында. Бала ертегі тыңдау арқылы өзін-өзі емдеп, түрлі шығармашылық қабілетінің ашылуына мүмкіндік алады. Барлық ертегілерде басты кейіпкердің еркін өмірге қол жеткізуі, Отанының тәуелсіз дамуы басты мұрат ретінде бағаланса, ертегі арқылы балақайлар өздік кеңістік пен еркіндік ұғымын түйсінеді.

Театр әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Қазақ халқының өнер жұлдыздарының бірі Ш.Айманов «Театр - адамдарды туыс қылатын шығармашылық отбасы, сахна өнері - тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес» - деген болатын.

Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын уақытта жоймақ емес. Осы орайда мектеп жасына дейінгі балалардың ертегі терапиясы арқылы креативті ойлауын дамыту жұмыстарының мазмұндық-құрылымдық моделі жасалды. 

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста креативті ойлауын дамытуға төмендегідей бұрыннан таныс емес, яғни ойдан шығарылған ертегілерді  ұйымдастыруға болады.

Қазір балабақшаларда балалармен ертегілер мен әдеби шығармаларды рөлмен ойнау, қойылымдар қою жұмыстары жақсы жүргізілуде.

Мектепке дейінгі ұйымда ертегі терапиясын пайдалану арқылы балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету.

Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық»,-деп атап көрсеткен. Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу маңызды болып табылады.

Театрландырылған ойындар сюжеттік- рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіндігі іс-тәжірибемізден белгілі.

Театрландырылған ойындар - «ойын – қойылымдары» болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Эмоционалдық-психикалық күйінің жағымды болуына жағдай жасау, мимикалық қабілеттің дамуы мен эмоцияны жеткізе білуі, ішкі «Мені» мен сыртқы жеке адамдық қасиетінің үйлесімділігін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді.

Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді. Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таң қалдырып,өз сезімін мимика,ым-ишара,тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді.

Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.

Ф.А.Сохина: «Байланыстырып сөйлеу дегеніміз – белгілі бір ойды жүйелі, анық, грамматикалық тұрғыдан алғанда дұрыс және бейнелі түрде жеткізу болып табылады» деп қарастырады. Сонымен байланыстырып сөйлеу – отбасында және балабақшада іске асатын бала тілінің дамуының тиімділігінің көрсеткіші. Баланың сөйлеу әрекетін дамыту, ең алдымен оқыту үрдісінде тілдің лексикалық, грамматикалық білім нормаларын игертуге байланысты болса, екіншіден, сөйлеу икемділігі пен дағдылары сөйлеу әрекетінің оқу, тыңдау, айту жазумен байланысты болады. Сондықтанда қатысымдық икемділік пен дағды сөйлеу қарым- қатынастың түрткісіне мақсат-міндеттеріне орай жүргізіліп, екінші жағынан әлеуметтік нормалар, яғн тіл мәдениетінің негізінде ұйымдастыру болып табылады.

Баланың тілін дамытуда мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады:

  • Айналадағы бар, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды (киім - кешек, ыдыс-аяқ, тағам, үй жиһаздарын) көрсетіп, атын сұрап айтқызу.

  • Осы заттардың қайдан, неден (ағаштан, шыныдан, жүннен, темірден жасалғандығын) түсіндіру.

  • Ойыншықтары жайында, жақсы көретін ертегісі туралы әңгімелесу.


«Ертегі арқылы бала шығармашылығын дамыту»

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!