Материалдар / БАЯНДАМА Ғылыми және тәжірбиелік білімнің бірлігі негізінде оқушыларда экологиялық көзқарас қалыптастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БАЯНДАМА Ғылыми және тәжірбиелік білімнің бірлігі негізінде оқушыларда экологиялық көзқарас қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру үшін арналып жазылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
505
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады















БАЯНДАМА



Ғылыми және тәжірбиелік білімнің бірлігі негізінде оқушыларда экологиялық көзқарас қалыптастыру













География пәні мұғалімі: Р.Ималахова











ТАМДЫ АУЫЛЫ



Тақырыбы: Ғылыми және тәжірбиелік білімнің бірлігі негізінде оқушыларда экологиялық көзқарас қалыптастыру.

Біздің дәулетіміз де, сәулетіміз де, бүгініміз бен болашағымыз да туған өлке табиғаты. Шебер ғажайып кестесі орман-тоғайы, өзен-көлі, оны мекендейтін аң мен құс, балықтар, бәрі де халық қазынасы. Сол сияқты жорғалаушы жануарлардың аңдардың пайдалы түрлері қаншама. Біз табиғаттың бұл байлықтарын қорғап, қорын молайтқанда ғана оны кәдеге жарата аламыз. Табиғат — бүкіл тіршілік атаулының ұясы және аяулы бесігі, құтты қонысы мен өніп-өсер мекені. Табиғат - бойына қуат, көңіліне шабыт, шапағат ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі.
Қоршаған ортаның ластануы-қазіргі кезде адам баласын аландатып отырған аса маңызды мәселелердің бірі. Соңғы жылдары табиғат байлықтарын пайдаланудың салдарынан адамзаттың табиғатқа тигізетін әсері, ықпалы өлшеусіз өсуде. Адам баласының табиғатпен үйлесімді байланысын қалыптастыру үшін экологиялык білімнің маңызы зор. Табиғатты қорғауда өтілетін тақырыптарға байланысты әр түрлі әдістерді қолданып, сабақты түрлендіріп отыру керек.

Оқушыларды экологиялық білім мен табиғатты қорғауға тәрбиелеу, олардың жалпы ой-өрісін арттыру үшін балаларға арналған көркем әдебиетті тек сабақ үстінде ғана пайдалану жеткіліксіз. Сыныптан тыс жүргізілген жұмыстан мүғалім оқушылардың әрқайсысының қандай қабілеті бар екенін байқайды

Сондықтан қазір адамзат алдында тұрған көкейкесті мәселенің бірі қоршаған ортаның тиімді қарым-қатынасының негізгі ұстанымдарын қайта қарау, туған табиғатты аялап, оны қорғаудың экологиялық жолдарын ұтымды шешу.

Бүгінгі таңдағы мектеп мұғалімдерінің аса жауапты міндеттерінің бірі оқушылардың санасына қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, сол арқылы туған өлке табиғатының байлығын сақтау және молайта түсуге бағытталған сезімдерін тәрбиелеу.

Міндетті іске асыру мақсатында мектептің жоғарғы сыныптарында экологияға байланысты арнаулы қолданбалы курстар,орта және төменгі буындар үшін экологиялық үйірмелер мен факультатив курстары ұйымдастырылған.

Республикалық қоғамдық экологиялық «Адамзат және қоршаған орта» атты газетке мақалалар жариялап отырамыз. Атап айтсақ «Табиғат өз -үйің» тақырыбында көлемді мақала республикалық қоғамдық –экологиялық газеттің №05 нөмірінде жарияланып, оқырмандарға ой салды( авторы: Р. Ималахова)

Жыл сайын мектебімізде экологиялық апталықтар, экологиялық бағыттағы ғылыми жоба байқаулары өтіп тұрады.Экологиялық апталықта мектеп оқушылары Маңабаева Айгүлдің басшылығымен «Қалдық заттарды іске асыру» тақырыбында көрме көрсетіп,онда түрлі қалдық заттардан жасалған бұйымдар көрермендер назарына ұсынылды. Сонымен қатар аудандық және облыстық ғылыми жоба байқауларына мектебімізден оқушылар қатысып жүлделі орындар иемденіп қайтады.Атап айтсақ, Маңабаева Айгүлдің жетекшілігімен Бабахан Мадина «Балаларда кездесетін су бүйрек ауруына бие сүтінің пайдасы» тақырыбында аудандық экологиялық ғылыми жобаға қатысып, 2 орын иемденді (2016ж)

Р. Ималахованың жетекшілігімен 8 сынып оқушысы Үмбетәлі Тоғжан «Талшықты тас сіздің үйіңізде» тақырыбында аудандық экологиялық ғылыми жобаға қатысып 2 орын иеленді.( 2017ж).

Сарыбаева Заринаның басшылығымен Бабахан «Қара шәйді тұтынуда кездесетін органикалық заттың адам ағзасына әсері» тақырыбында аудандық ғылыми жобаға қатысып 2 орын иеленді.(2017ж).

Экологиялық бағыттағы жұмыстар болашақта да өз жалғасын табуды.Атап айтсақ экологиялық бағыттағы шағын зерттеулер 8 сынып оқушылары арасында топтық зерттеу түрінде және жекелей оқушылардың зерттеулері түрінде жасалынып жатыр.Сонымен қатар қалың жұртшылыққа экологиялық тәрбие мен білім беруде мектеп оқушылары ықпал жасауда. Атап айсақ 8 сынып оқушысы Үмбетәлі Тоғжан экологиялық ғылыми жоба жазу барысында ауыл халқымен экологиялық сауалнама алып сұхбаттасты. Зерттеу тақырыбы: «Талшықты тас -сіздің үйіңізде»

Зерттеудің мақсаты – табиғаттажәне тұрмыста асбестің пайдасы мен зиянын зерттей келе олардың сан алуан түрде кездесуін,  адамзат өмірінде алатын орнын айқындау, қорытындысын шығару.Бұл сиқырлы тастан жасалынатын барлық бұйымдардың күнделікті тұрмыста біз жиі қолданатынымыз және оның қаншалықты зиян екенін біле бермейтіндігіміз жайлы айтылды.  Асбест талшықтарын жұту асбестоз, өкпенің қатерлі ісігі,өкпе талшықтарының бүлінуі ,мезотеолима сияқты ауруларға әкеп соғады.. Мезотелиома дауасыз дерт және көп жағдайда ол анықталған күннен бастап 12-18 айда науқас қайтыс болады.

Осындай шағын зерттеулер жүргізу барысында ауыл халқында аз да болса экологиялық сана қалыптасты, халықтың көпшілігі шыныда да мән бермей келген тұрмыс заттарының зиянды жақтарын біліп,оларды қолдануда экологиялық мәселелерді ескеретінін айтты.

Халықтың мақтанышы Ш.Уәлиханов ғалым туған халқының табиғатпен қарым-қатынастары, әдет-ғұрып, дәстүрін зерттей отырып, өз ұрпағын табиғатпен қарым – қатынас жасауда ізгілікке баулитын халық педагогикасының тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды. Ол: “Табиғат! Өзіңіз айтыңызшы тіршілікте одан ғажап, одан құпия не бар екен” - дей келе, қазақтар киеліге үлкен мән берді. Табиғаттағы... кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы алағандарды құрметтеу, ырым жасап тұру адам баласына бақыт пен байлық, құт әкеледі деп көрсетті.

Ш.Уәлихановтың табиғат жайында қалдырған бай мұрасы қазіргі уақытта жас ұрпақты, табиғат қорғауға тәрбиелеуде бірден-бір таптырмайтын көмекші қатынастары әдет-ғұрпын, дәстүрін, этикасын, зерттеп, қазақтар арасындағы жақсылық, сенім олардың “Табиғаттағы шексіз қадірлеуінен туған” деген ой түйіндейді. Ұлы ғұлама ойшылдардың қоршаған ортаға, табиғат болмысына деген ой-пікірлері мен көзқарастарының көкейкестілігі бұрынғыдан артпаса кеміген жоқ.

Экологиялық білім беруде барлық жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар білімдері байланыстыра меңгерілуі тиіс. Мұндай білім тіршілік ету стратегиясына ғана емес, сонымен бірге арнайы ортада адам тіршіліктің сапасының жақсаруына да үлес қосу керек. Яғни, мұндай білім қоршаған ортаның сақталуына, оның табиғи және қоғамдық компоненттерінің жақсаруына, адамдардың шығармашылық еркін және құнды тірі организм ретінде тіршілік жағдайларын жасауына мүмкіндік тудыруы қажет. Адам қызметтерінің қажетті шарты ретінде табиғат пен қоғам адамдарының мәдени болмысының көрінісі болып табылады, өйткені, тек табиғи және қоғамдық ортада ғана адам өзінің күрделі адамдық қасиетін білдіре алады.

Қазіргі педагогикалық теорияда экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми негізін, мақсаттары мен міндеттерін, принциптерін толық, әрі тұтас анықтауға зерттеушілер ұмтылады. Педагогикалық теорияда экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұнын айқындауға және оны орта білім беру мектептерінде қай сыныптан бастап және оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруге болашақ мұғалімдерді даярлауға экологиялық материалдарды басымырақ беру керектігі жайлы ғылыми нұсқаулар мен озат тәжірибелер әлі де болса дәлелдене қойған жоқ.

Зерттеу барысында мектеп оқушыларының экологиялық білім мазмұнын тұжырымдауда педагогикалық теориялар басшылыққа алынып, соның негізінде жасалынды.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттермен таныса және талдай отырып, экологиялық білім берудің мақсаты жастарды айналадағы табиғи ортаға жауапкершілікпен қарауға үйрету екенін анықтадық.









Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. К.Салпынова Экологиялық тәрбие берудің қазіргі жағдайы //География Казахстана и экология №3 2004 – 8б.

  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (баптары бойынша түсіндірмелері) және оны жүзеге асыру жөніндегі құжаттар. – Астана, 2000.

  3. А.Е.Манкеш. Бүлдіршіндерге экологиялық тәрбие беру. –Алматы: РБК, 1998ж.


































Сонымен, экологиялық білім және тәрбие берудің әдіснамалық және теориялық жағынан зертелу жайын қарастырудан туындайтын тұжырым экологиялық білім мен тәрбие беруде мынадай басты ұстанымдарды ескеру қажет.

Олар: 


Экологиялық оқу материалдарын оқытуды бір жүйелілікпен үздіксіз жүргізу.

Оқу үрдісінде экологиялық білім мен тәрбие беруде пәнаралық байланыстың болуы.

Экологиялық оқу материалдары әлемдік, ұлттың және өлкелік өзіндік мәселелерін айқындап, оны ұғындырып түсіндіруге өзара байланыстығын ашу.

Жастардың қоршаған ортаны танып білуде және оны қорғауда, аялауда, көркейтуде интеллектуалдық және ерекшелік – эволюциялық тұрғыдан, жасайтын іс-әрекеттері мен қызметтері біртұтастықпен бір-бірімен ұштасуы тиіс.

Қазіргі кездегі экологиялық дағдылардың пайда болуы адамдардың экологиялық сауатсыздықтарының нәтижесі деп есептеу орынды. Экологиялық білім мен тәрбиелеу мәселелрі жалпы білім берудің элементі ретінде оқушыларға айналадағы орта мен табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасты қалыптастырумен және қоғам арасындағы өзара байланысты ғылыми негізде меңгерумен сабақтас қаралады. Күннен күнге шиеленісіп келе жатқан экологиялық дағдарыстың қауіптілігі баршаға мәлім. Экологиялық білім берудің өмір талабынан туындайтын негізгі жеке экологиялық тәрбие беру істерімен ғана шектеліп қоймай, табиғатты үздіксіз қорғау, іс-әрекеттерін бір тізбекке біріктіру. Мұндай тәрбие жұмыстарының бір бөлігі, экологиялық оқу-ағарту қажетті білім, тұжырым түсінік, сенімдер қалыптастыруға бағытталады.

Қазақстан Республикасының академиясының академигі, профессор А.С.Бейсенова өзінің оқушыларға экологиялық білім беру тұжырымдамасында: “Экологиялық тәрбие ананың сүтімен берілуі тиіс...” деген философиялық көзқарастарын білдіреді. Одан әрі Қазақстанда көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің құрылымын, әдістемелік-педагогикалық негіздерін, оқу тәсілдерін ұсынып келеді. Экологиялық білімнің негізгі мақсаты экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады, ал экологиялық, тәрбиенің мақсаты, ғылыми, білім, көзқарас және сенім жүйелерін қалыптастыру болып есептеледі. Экологиялық білім берудің қазіргі заман педагогикасының теориясы мен практикасында үш үлгісі қалыптасып келеді.

Біріншісі көп пәнді үлгі. Мұнда дәстүрлі пәндердің мазмұнына жеке бөлім, тақырып енгізіледі және бұрыннан бар тақырыптардың мазмұны экологиялық мәліметтермен байытылады.

Екіншісі бір пәнді үлгі, орта мектептердің оқу жоспарына арнайы экология курсын енгізу арқылы жүзеге асады.

Үшіншісі аралас үлгі. Мұнда экологиялық білімнің жеке мәселелері дәстүрлі пәндерде қарастырылып, соңынан сол пәндерді біріктіріп, қорытатын арнайы пән бойынша оқытылады. 

Сурет.2. Оқушыларға үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің құрылымдық жүйесі


Shape1

Экологиялық білім беру оқушыларға педагогикалық тұтастық тұрғыда әсер етеді. Осылайша сабақ беру барысында олар экологиялық мәселелерінің тұтастығын ғылыми негізде қабылдайды, табиғатпен қайта түлеген ортаға тиімді ықпал ету жөніндегі нақты білім мен сарамандық тәжірибені, дағдыны меңгереді.

Табиғат пен қоғамның өзара жан-жақты байланыстығын бірте-бірте аша түсу әлеуметтік шындықтың тұтастығы мен дамуына оқушылардың көзқарсымен сенімін тұжырымдап бекітеді. Біртұтас байланыстың себеп-салдары туралы экологиялық білім, құрылымдық талдаудың жүйесі мен түсініктерді қорыту оқушылардың ақыл-ойын дамытуға бағыттылығын міндеттерді шешуші түбегейлі жақсарта түседі. Оқушылардың сезімі мен сенімін дамытып, оларды парасаттылыққа тәрбиелеуге экологиялық-психологиялық тұрғыдан келудің де маңызы зор. Балалардың мейірімділік, қайырымдылық аяушылық және басқа гуманистік ерекшеліктерін дамыту барысында табиғатпен сырласуы жеткіліксіздеу болса, олар парасаттылық тәрбие алуда белгілі бір мөлшерде қысым көру мен шектеушілікке душар болуы. Психологиялық тұрғыдан экологиялық білім мен тәрбие беру дегеніміз мынаған саяды:

а) қазіргі кездегі қоғам мен табиғат арасындағы тәуелсіздіктің бүгінін терең түсініп, келешегін болжай білетін экологиялық сауатты адам тәрбиелеу. Ол үшін оқушыларды экологиялық ұғымдар жүйесін қамтитын біліммен қаруландырумыз керек;

ә) қалыптасқан білім деңгейіне сәйкес табиғи орта туралы жауапкершілік сезім, туған табиғатқа жалпы халықтық қазына деп қарайтын көзқарас пен табиғатты сақтау талаптарын ескере отырып, оқушылардың табиғаттағы жеке мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру;

б) экологиялық мәселелердің тұтастығын ғылыми негізде қабылдап, қоршаған ортаға тиімді ықпал ету жөніндегі іс-әрекетті, дағдыны меңгеруі қажет. Л.С. Высотскиидің ойынша, тәрбие процесі негізінде оқушының жеке қызметі алынуы тиіс, ал тәрбиешінің барлық өнері сол аталған қызметті реттеп, бағыттап отыруда ғана... Психологиялық тұрғыдан мұғалім тәрбиелеуші ортада тәрбиеленушімен өзара әрекет кезінде оның ұйымдастырушысы, реттеушісі және бақтаушысы. Әлеуметтік орта – тәрбие процесінің шынайы тетігі. Мұғалімнің қызметі сол тетікті меңгеру болып табылады. Айтылған ойдан шығатын психологиялық қорытынды: баланы қандай да бір қызметке, үйрету үшін оны қызықтыра біліп, осы қызметке дайындай білу қажет. Сол кезде оқушы өздігінен бар жан-тәнімен беріле орындайды да, қажет болған жағдайда ғана мұғалімнен керегін сұрап алады. Сонымен, экологиялық білім мен тәрбие берудің басты міндеті-әдейі және мақсатқа сәйкес балалардың мінез-құлық іс-әрекеттердің жаңа формаларын қолдана білу, яғни олардың экологиялық санасының дамуын жоспарлы түрде дамыту б.т.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!