Дарибаева
Назылы
«Гуманитарлы-экономикалық
колледж» мекемесі, Семей қаласы.
Ғылыми жетекшісі –
Балыкбаева А.С.
«Химия ғылымының дамуына үлес
қосқан ғалымдар»
Химия ғылымы қазіргі
жаратылыстану ғылымдарының маңызды бір саласы ретінде материя
қозғалысының химиялық формасын, анығырақ айтсақ химиялық
процестердің заңдылықтарын зерттейді.
Осы тақырып студенттердің
білім негіздерін терең игеруіне, пәнге деген қызығушылығын
арттыруға және болашақта қандай да бір мамандықты таңдауына игі
әсерін тигізеді.
Менделеевтің периодтық заңы,
периодтық заң – атом ядросы зарядтарының артуына
байланысты химиялық
элементтер қасиеттерінің периодты өзгеретінін
тұжырымдайтын табиғаттың негізгі заңы. Бұл заңды 1869 ж. Дмитрий
Менделеев ашты. Элементтер қасиеттерінің периодтылығы атомның
сыртқы электрон қабаттарының конфигурациясының периодты
қайталануына байланысты. Менделеевтің периодтық заңы мен
элементтердің периодтық жүйесіне сүйене отырып, ғалымдар атом
құрылысы және химиялық байланыс теорияларын жасады; жер қыртысы мен ғарыштық
нысандар зерттелді. Бұл заңның барлық жаратылыстану, техника, технология саласындағы ғылымдар
үшін философиялық
мәні зор [1].
Ол «Химия негіздері» деп
аталатын тамаша оқулық жазды. Бұл оқулық нағыз химия энциклопедиясы
еді. Менделеев оны жаңа ашылған жаңалықтармен толықтырып, үнемі
жетілдіріп отырды. «Химия негіздерімен» айналыса жүріп, ол химиялық
элементтердің атақты периодты системасын да жасады
[2].
Ломоносовтың шығармашылық
қызметі өзінің қызығушылық өрісінің кеңдігімен және табиғат
сырларына терең енуімен ерекшеленеді.
Оның зерттеулері математика, физика, химия, Жер
туралы ілім, астрономия салаларына жатады
[3].
М.В.
Ломоносов химиялық
реакция кезіндегі массаның сақталу заңының (1756ж.)
жалпы негіздік сипатына назар аударды;
(1741-1750 ж.) өзінің корпускулалық
(атом-молекулалық) ілімінің негізін жариялады, ол тек 100 жылдан
кейін ғана дамыды;
(1744-1748 ж.) жылудың
кинетикалық теориясын ұсынды;
(1747-1752 ж.) химиялық құбылыстарды
ұғындыру үшін физиканың қажеттігін түсіндірді және
химияның теориялық бөлімі үшін «физикалық
химия»,
тәжірибелік бөлімі үшін «техникалық
химия»
атауларын ұсынды.
Көптеген химиялық өндірістердің (бейорганикалық
пигменттердің, глазурлердің, шынының, фарфордың) негізін қалаушы.
Форфорлық массаны ойлап тапты. Кендерді, тұздарды және басқа
өнімдерді талдаумен айналысқан. «Металлургияның алғашқы негізі
немесе кендер ісі» еңбегінде әртүрлі металдардың қасиеттерін
қарастырды, оларды бөлу және алу әдістерін сипаттады. Химия бойынша
басқа әртүрлі жұмыстармен қатар бұл еңбек орыстың химиялық тілінің
негізін қалады.
Орыс академиктерінің алғашқысы болып химия және
металлургия бойынша кітаптар («Физикалық химия
курсы»,
1754 ж.; «Металлургияның алғашқы негізі немесе кендер
ісі»,
1763 ж.) дайындады[4,5].
А.
М. Бутлеровтың органикалық химия теориялық мәселелері бойынша
бірінші қоғамдық сөз алуы 50-шы жылдардың соңына жатады: өз
баяндамасын Париж химиялық
қоғамының 1858 жылғы 17 ақпандағы отырысында оқыды. Онда былай делінген,
бұл радикалдар деп тек органикалық топтарды
ғана санауға болмайды сонымен қоса
OH,NH2үлгідегі топтауларды да санау керек, яғни әр
түрлі класс органикалық заттардың үйлесімі атомдар санынана тән,
кейіннен ол функционалдық топ атауын алды. Осы баяндамада Бутлеров
алғаш рет "құрылым" терминін қолданды, осы жолы бір типті
молекулалық құрылымға метан, хлорлы метил, хлорлы
метилен, хлороформ, төртхлорлы
көміртек, метил
спиртін жатқызды[6,7]
Химиялық құрылыс идеясының неғұрлым дамыған нысаны А. М.
Бутлеровтың үш жылдан соң "Заттардың химиялық құрылымы туралы"
баяндамасында баяндалды, ол сөзді неміс жаратылыс сынаушыларының
және дәрігерлерінің Шпейерде (19 қыркүйек 1861) съезіеде химия
секциясы оқыған лекциясында сөйледі және сол жылы неміс келесі — орыс тілдерінде жарияланған. Бұл
баяндамада бәрінен бұрын айтылғандай, химияның теориялық жағы нақты
дамуына жауап бермейді, атап айтқанда, типтердің біліксіздік
теориясы айтылды[8].
Қазақстандық химик
ғалымдар - Қазақстанда химия ғылымының дамуына аянбай еңбек
сіңіріп, аттары әйгілі болған ғалымдар көп.
Солардың ішінен Е. Н. Әзірбаев, Ә. Б. Бектұров, Б.
А. Бірімжанов, М. А. Горяев, М. Т. Козловский, С. Р. Рафиков, Д. В.
Сокольский, О. А. Сонгина, М. И. Усанович, Т. К. Шомбалов, Ш. Б.
Батталова, Б. А. Жұбанов, Е. Е. Ерғожин, Г. Д. Закүнбаева, А. Ш.
Шәріпқанов,
т. б. химия ғылымы докторларының осы ғылым саласына қосқан үлесі
зор[9].
Михаил Ильич Усанович,
Қазақстан Ғылым
академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы болған,
дүние жүзіне белгілі ғалым. 1938жылы М. И. Усановичтің ұсынысы
қабылданып, «Қышқылдар мен негіздердің
теориясы» ғылымға енді. Оның негізгі ғылыми жұмыстары
ерітінділер теориясына арналды.
Батырбек Ахметұлы
Бірімжанов - тұз түзілу теориясының авторы. Б. А.
Бірімжанов - Қазақстан
Республикасы Ғылым
академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым
қайраткері, химия ғылымдарының докторы болған, табиғи тұздар мен тыңайтқыштардың физикалық химиясы
және технологиясын зерттеген ғалым.«Жалпы химия» окулығының авторы.
Михаил Тихонович
Козловский -
аналитикалық химия саласында еңбек еткен әйгілі ғалым, ол аса таза
металдар алуда үлкен үлес қоскан химия ғылымдарының
докторы, «Амальгама
химиясы мен амальгамды
металлургия»бойынша ғылыми жаңа бағытта зерттеулер
жасап, оның негізін қалады.
Әбікен Бектұрұлы Бектұров,
Қазақстанда химия ғылымының негізін салушы, Республика
Ғылым академиясын алғаш ұйымдастырушылардың бірі,техника ғылымдарының докторы, Қазақстан
Ғылым академиясының академигі, профессор, минералдытыңайткыштар ендіру
жөніндегі әйгілі ғалым Әбікен Бектұрұлы Бектұров
болды.
Закүнбаева Гауһар Дәуленқызы
қазір Қазақстан
Республикасына еңбегі сіңген ғылым қайраткері, органикалық
катализ және электрохимия
институтын басқарған. Д. И.
Менделеевтің периодтық
жүйесіндегі VIII топ элементтерінің адсорбциялық қасиеттерін толық зерттеп,
соның нәтижесінде ацетилен және оның туындыларын гидролиздеу үшін жоғары белсенді жөне
талғамды ершіткілер алды.
Ерден Нығыметұлы Әзірбаев
- Қазақстан Ғылым академиясының
корреспондент-мүшесі, химия ғылымдарының докторы, органикалық химия
саласында - ацетилен және көміртек
оксидінің химиясы, азот, фосфор, күкірт,
селен,қалайы және қорғасын қатысатын органикалық
қосылыстар синтездеу
саласында еңбек еткен ғалым. Ол 500-ге жуық жаңа
қосылыстар синтездеген болатын.
Болат Ахметұлы Жұбанов
- Қазақстан Ғылым академиясының
академигі, Нью-Йорк Ғылым
академиясының мүшесі, химия ғылымдарының докторы,
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстандағы тұңғыш
үлкен молекулалыхимия кафедрасын ұйымдастырушы, сол
салада жаңа полимерлер синтездеген дүние жүзіне
әйгілі ғалым. Оның алған жаңа заттары медицинада дәрі-дәрмек ретінде өр түрлі
ауруларды (туберкулез, жүрек
ауруы, ісік, т. б.) емдеуге
қолданылуда.
Надир Каримұлы
Надировтың
сіңірген еңбегі зор. Н. К. Надиров - Қазақстан Ғылым
академиясының академигі, химия ғылымдарының
докторы, Қазақ ССР-іМемлекеттік сыйлығының иегері.
Батыс Қазақстанда мұнай фракцияларын өзгертіп, мұнай әнімдерін
жаңарту, крекингіні кешенді зерттеу Н. К. Надиров еңбектерінің
негізгі бағыты болып саналады.
Фитохимия институтының
ғалымдары (А. Әдекенов, т. б.) қазіргі кезде табиғи өсімдіктерден
дәрі жасау, олардың экологиялық тиімділігі мен
сіңімділігінің жоғары екенін ескеріп, көптеген зерттеу жұмыстарын
жүргізді. Соның нәтижесінде 20 түрлі фитопрепараттар дайындалды,
оның ішінде ісікке карсы - «Арглабин», жараға - «Биалм»,«Алхидин», «Глидеринин», кабынуға - «Аллапинин», т. б. ауыл шаруашылығы зиянкестеріне
қарсы - пестицидтер шығарып, өнімін фармакология, медицина, ауыл
шаруашылықтарына ұсынды[10].
Михаил Семенович
Панин өзінің педагогикалық жолын
Н.К. Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының
кафедрасында аға оқытушы лауазымынан бастады. Химиялық
технологиядан курс оқып, көп ұзамай кандидаттық диссертациясын
қорғады. Диссертация тақырыбы: «Қоршаған
ортадағы
ауыр
металдар
мен
радионуклидтер».
1971-1988 жылдары арасында
химия кафедрасын Панин М.С. басқарды.
1980 – 1990 жылдары М.С.
Паниннің басқаруымен химия кафедрасында бүкіл Қазақстанға және шет
елдерге танымал ғылыми мектеп құрылады
[11].
Қорыта келгенде, химия
ғылымына үлес қосқан ғалымдар туралы мен талай мәлімет
білдім.
Осы мәлеметтерді пайдалана
отырып, сабақтан тыс іс шараларда
«Білгір химик», «Жүзден
жүйрік», «Химия әлеміне саяхат» сияқты танымдық ойындарда
студенттер осы аталған ғалымдардың еңбектерін және ғылыми
көзқарастарын өмірімен тығыз
байланыстарады.
Әдебиеттер
тізімі:
1.
https://kk.wikipedia.org/wiki/Периодтық_заң
2. Қазақ энциклопедиясы
3. Химия: Жалпы білім беретін мектептің 8 сыныбына
арналған оқулық. Усманова М.Б., Сақариянова Қ.Н. /Алматы: Атамұра, 2009. - 216
бет.
4.
https://kk.wikipedia.org/wiki/Михаил_Васильевич_Ломоносов
5.Грэхэм, Лорен. "Кеңес
Одағындағы жаратылыстану, философия және адам мінез құлқы туралы
ғылымдар, IX Тарау. "Химия
6. В. Г. Бутлеров, Александр Михайлович // Орыс
биографиялық сөздік : 25 томдық. — СПб., 1908. — Т. 3: Бетанкур —
Бякстер. — С. 528-533.
7. Бутлеров құрылыстар теориясында // Леннаучфильм,
1975.
8. Химия: Жалпы білім беретін мектептің
9-сыныбына арналған оқулық. Өңделген, толықтырған 2-бас. / Н.
Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина, т.б. - Алматы: "Мектеп"
баспасы, 2009. — 208 бет: суретті.
9.
https://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақстандық_химик_ғалымдар
10. Химия: Усманова М. Б., Сақариянова Қ. Н. Жалпы
білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы,
өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2009. - 288
бет.
11.
http://semgu.kz/fakultetter/fakultet-zhoninde-zhalpy-malimetter/ximiya-zhane-geografiya-kafedrasy/