«ЖАС ҰСТАЗДАРДЫҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІСІ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ»
Үміт
Рахманбергенова
М.Горький атындағы №16
орта мектебі
Информатика пәнінің
мұғалімі
Елбасы
Н.Ә.Назарбаев өзінің бір сөзінде: «Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, өзіне
сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға
ерік-жігері бар жас-тар уақыты»
деген. Ал сондай адам болу үшін балаға саналы
тәрбие, сапалы білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім
мазмұны тәрбиелеу мен сезімді дамытудың
барлық өрісін ескере
отырып, оқытудағы негізгі салмақты оқушылардың шығармашылық ойлауы
мен еңбектенуі мақсатына аудармақ.
Шығармашылық сөзінің төркіні -
«шығару»,«іздену», «ойлап табу» дегенге көп саяды. Демек, бұрын
тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу, жетістікке қол жеткізу
деген сөз.
Үлкен энциклопедиялық
сөздікте «Шығармашылық деген қайталанбайтын тарихи қоғамдық мәні
бар, жоғары саладағы жаңалық ашатын іс-әрекет», -деп
тұжырымдалады.Л.С.Выготский «Шығармашылық» деп жаналық ойлап
табатын іс – әрекетті атаған. Ал
шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я.Н. Понамарев оны «даму»
ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық , әсіресе,
интеллектуалдық тұрғыдан, баланы жақсы техникалық санаға
көтереді.
Психологтардың зерттеуі
бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа, тіл мәдениетіне баулуға өзек
болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар
екен. Ізденімпаздық –
шығармашылыққа апаратын бірден–бір жол. Шығармашылық тұлға
қалыптастыру үшін оқушының өзін–өзі тануына өзіндік «менін»
қалыптастыруға, сол «меннен» шығармашылық тұлғаға жетуіне ықпал
жасау әр мұғалімнің міндеті.
Шығармашылық дегеніміз – қайшылықтарды шешуге
бағытталған, ол үшін жекелік қасиеттердің болуын талап ететін адам
әрекеті болып табылады. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір әлемдегі
білім, білім дағдыларын меңгерте отырып, шығармашылық
бағытта жан - жақты тәрбиелеу - бүгінгі күннің талабы. Халықтық
тәлім – тәрбиенің шығармашылық жолдары
тиімді пайдаланудың маңызы зор.
Сонымен оқушылардың қабілеті екі түрлі
әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу
барысында адамзат баласының осы
кезге дейін жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез келген
бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі
мүмкіндіктерін дамытады. Шығармашылығы
дамыған тұлғаның ерекшелігі – жалпы зерделілігі, өзіндік ой түюі,
мақсат қоя білгендігі.
Оқушылардың
қабілеті:
-
Оқу барысында алған
білімі арқылы дамиды.
-
Шығармашылық әрекеттер арқылы
ішкі мүмкіндігі дамиды
-
Әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік
– оянып келе жатқан жаңа қабілеттің алғашқы белгісі. Оқушының
шығармашылық қабілетін дамытуға мектеп қана мақсатты түрде әсер ете
алады.
Сабағымда тек білім беруді
ойластырып қана қоймай, балалардың жеке бастарының қасиеттерін,
шығармашылық қабілеттерін дамытудың жайларын ойластырамын.
Шәкірттерімнің шығармашылық ойлау қабілетін дамытуда алдымен көңіл
– күйінің көтеріңкі болуына көңіл бөлемін.
Оқушымен түсінушілік жағын
есте ұстаймын. Менің балаға деген ыстық ықыласым, оқушының өз ісіне
деген сенімін ояту. Әр сабағымды баланың жас ерекшектеріне сай
оқушының шығармашылық қабілетін дамытатындай етіп
ұйымдастырамын.
Ойлау –
баланың таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ойлау - сөйлеу әрекеті
арқылы іске асады, шығармашылық қабілет нақты сұрақтарға жауап
беруді іздеуден басталады.
Шығармашылық қабілетті
дамыту үшін:
-
Тиімді әдіс-тәсілдер тұжырымдар
жүргізу;
-
Арнайы жұмыстар жүргізу тапсырма беру;
-
Оқушылардың өздеріне сол жұмысты талдату,
салыстыру;
-
Жалпылау жасау.
Сондықтан
баланың шығармашылық қабілетін дамыту үшін тиімді тәсілдер қолдану
арқылы арнайы жұмыстар жүргізіп, оқушылардың
оқушылардың өздеріне талдау, салыстыру,
жалпылау, қорытынды
жасатамын. Түрлі әдістемелік
тәсілдер пайдалану арқылы қабілетті әр түрлі балалардың ортасынан
қабілетті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасауды ойладым.
Оқушылардың шығармашылық деңгейін
бақылаймын.
Оқушыға өз болмысын тануға
көмектесіп қабілетін дамыту, жаңа
рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып
табылады.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу,
олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін
шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта
дамытуда мен мынадай әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады.
Сабақта әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс –
пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген
сенімдерін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әдіс – тәсілдер
арқылы өткізілген сабақ оқушылардың ойлауына және қиялына
негізделіп келеді, сондықтан да оқушыларға білім беруде «Оқу мен
жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясын
пайдаланамын.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында
ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің
моделі. Білімнің болақта пайдаға асуы, қажетке жарауын
қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен
қажеттісін алуға үйретеді. Енді осы кезеңдердің мақсат –
міндеттеріне тоқталып өтейін.
Қызығушылықты
ояту. Үйрену процесі – бұрынғы
білетініммен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Үйренуші жаңа
ұғымдарды, түсніктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен
толықтырады, кеңейте түседі.Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми
қыртысына тітіргенгіш арқылы әсер ету жүзеге
асады.
Мағынаны тани
білу. Сабақтың бұл кезеңінде
мұғалім оқушыларға білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынып, олардың
өздігімен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игеруге
мүдделлі.Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысып,
ол туралы өзіндік пікір
қалыптастырады.
Ой толғаныс.
Бұл кезеңде мұғалім оқушылардың
жаңа мағлұмат бойынша ойланып, ол жөнінде өзара
пікір мен талқылауды ұйымдастырады.
Мен өзімнің сабағымда, осы «Сын тұрғысында
ойлауды дамыту» бағдарлмасының стратегияларын тиімді пайдалана
отырып, «Санау жүйесі» сабағымда даму деңгейіне сәйкес ойларды
шыңдап, белгілі бір жетістіктерге жеткенімді назарға
ұсынамын.
Оқушыларды топқа бөлу.Топбасшыларын
таңдау.
І топ – Позициялық тобы, ал ІІ топ –
позициялық емес тобы болады.
Жаңа сабақты
бекіту.Деңгейлік тапсырмалардың сұрақтарына жауап беру.
1-деңгей. «Лайықты
деңгей»
І – топ
тапсырмалары
1.Римдік жазылуын арабтық
жазылуға аударыңдар:
LX=50+10=60;
XL=50-10=40;
CXL=100+10+1=111;
MDCCCXII=1812;
CDXXIV=424; LXIV=64; DXXII=552
II – топ тапсырмалары:
1.Арабтық жазылуын римдік
жазылуға аударыңдар:
45=50-5=VL;
153=CLIII;
679=DCLXXIX;
55=50+5=LV;
900=1000+50+5-1=CLIV;
2-деңгей. «Міндетті
деңгей»
І – топ
тапсырмалары
1.Екілік сану жүйесінен
ондық санау жүйесіне аудару:
А)101000112=16310 2) 110110012=21710
ІІ-топ
тапсырмалары
2.Сегіздік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне
аударыңдар:
А)
4468=29410 Ә)
6368=117410
3-деңгей. «Жоғары
деңгей»
І – топ
тапсырмалары
1.Ондық сандарды және ондық
бөлшектерді екілік санау жүйесіне аудару:
62510=10011100012;
74310=10111001112;
32210=1010000102;
0,38610=110000010;
ІІ-топ
тапсырмалары
1. Ондық
сандарды ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне
аудару:
57610=10010000002;
16010=101000002;
15310=100100012;
8,8310=10002;
Өзін -
өзі тексеру. 2 және 3-ші деңгей
тапсырмаларын компьютердегі калькулятор бағдарламасында орындап,
тексеру
V.Сабақты қорытындылау. Жаңа сабақты бекіту
кезінде «Білемін, білгім келеді, білдім» «Топтастыру»,
«Семантикалық карта» стратегиялары арқылы бүкіл сабақты жинап
қорытындылауға болады.
1.
«Білемін, білгім келеді, үйрендім»
стратегиясы
«Білемін,
білгім келеді, үйрендім» стратегиясын информатика пәнінде жаңа
сабақты қорытындылау кезінде пайдалану өте қолайлы.Бұл әдіс бойынша
мұғалімнің сұрақтары арқылы оқушылар осы жаңа сабаққа дейінгі
мағлұматтарын және осы сабақ үстінде не үйренгендерін қорытындылап
айта алады, өздерін тағы не мәселе қызықтыратыны туралы, ойларын
толғайды.
2. «Топтастыру»
стратегиясы
«Семантикалық карта»
стратегиясы бойынша қойылған сұрақтарға жауап бергенде оқушылар
жаңа ұғымның өзіне тән ерекшеленген қасиеттерін, қызметін, маңызын
танып, анықтайды, зерттейді.
-
Санау жүйелері
Цифр алфавиті
|
Ондық
|
Екілік
|
Сегіздік
|
Он алтылық
|
Римдік
|
0, 1,
2, 3, 4, 5, 6, 7
|
|
|
|
|
|
0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7,
F, B, C, D, E, F
|
|
|
|
|
|
XXVII, XI, LCD6,
VMI
|
|
|
|
|
|
0, 1
|
|
|
|
|
|
0, 1, 2, 3, 4, 5, 6,
7, 8, 9
|
|
|
|
|
|
Венн диаграммасы бойынша екі
жаңа ұғымды салыстырып, екі ұғымның ортақ қасиеттерін таба
алады.
VІ.Үйге тапсырма
1.Кестені толтыру
|
Екілік санау жүйесі
|
Сегіздік санау жүйесі
|
Он алтылық санау жүйесі
|
10810
|
|
|
|
4708410
|
|
|
|
67,9410
|
|
|
|
965,210
|
|
|
|
2.Шығармашылық
тапсырмалар орындау
А)Қай
жылдан бастап екінші буындағы электронды есептеуіш машиналары пайда
болады?Жауапты римдік санау жүйесінде
көрсетіңдер.
А)MLMLXXXVIII,
B)MCMLV,
C)MCMLXIX
Жауабы:
B)MCMLV-1995ж
Ә)Егер ойланған санға 716
қосып, қосындыны 316-ке көбейтіп, 2Ғ16-ті шегерсек, онда ойлаған
сан шығады, ол сан қандай сан?
Жауабы:13=D16
VII.Бағалау.Бағалау парағын топ басшыларға
таратып беру.Ұпаймен беру.Әр деңгейде толық емес – 2 ұпай, мүлдем
орындалмаса – 1үпай. 8–9 ұпай - бағасы «5», 5-7 ұпай – бағасы «4»,
3-4 ұпай – бағасы «3»
Сын тұрғысынан ойлау
технологиясының маңыздылығы:
-
Оқушы барлық тақырыпты меңгереді, дамиды,
ізденеді;
-
Білімнің теориялық, жариялық, әділдік
қағидаларысақталады;
-
Мұғалім мен оқушы қарым – қатынасы
өзгереді,
-
Оқушылардың танымдық, интелектуалдық қабілеттері
дамиды;
-
Өзіндік көзқарасы қалыптасып, тыңдай, сыйлай білу
мәдениеті артады.
-
Оқушылардың өз пікірін мемлекеттік тілде еркін
жеткізе білуге машықтанып, шығармашылықпен жұмыс істеуге қабілеті
артады.
Жаңалыққа жаны құмар жан
тәрбиелеу мектептен басталады.Сондықтан оқушының компьютерлік
сауаттылығымен қатар шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі
соңғы кезде қолға алынды деуге болады.Қазіргі үлкен жетістік – оқу
мазмұнына шығармашылық тапсырмалардың енуі.Бұған біз күнделікті
ісіміздегі жаңашылдығымызбен қол жеткізе аламыз.
Болашақта оқушыларым
Қазақстанның білімді азаматтары болады деп сенемін.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Инфоматика журналы» ғылыми әдістемелік журнал 2013ж, № 6
2. «Инфоматика журналы» ғылыми әдістемелік журнал 2010ж, № 2
3. «Инфоматика журналы» ғылыми әдістемелік журнал 2012ж, №
4.7