Материалдар / Баяндама «Информатика сабағында инновациялық әдіс –тәсілдерді тиімді пайдалану»

Баяндама «Информатика сабағында инновациялық әдіс –тәсілдерді тиімді пайдалану»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұрпақ тәрбиесіне ат салысып жүрген әрбір педагогтың қоғам алдындағы міндеті, шәкіртке білім беру жолында нәтиже беретін жаңа технологияның тиімді әдіс – тәсілдерін меңгеру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
800
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы

Көкпекті ауданы, Шұғылбай ауылы

«І.Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ

Информатика пәнінің мұғалімі: Танибаева Айнур Алтаевна

Баяндама

«Информатика сабағында инновациялық

әдіс –тәсілдерді тиімді пайдалану»

Қазіргі таңда әрбір ұстаздың алдына қойған басты міндеті заман талабына сай білімді, жан – жақты дамыған шәкірттер дайындау. Ұрпақ тәрбиесіне ат салысып жүрген әрбір педагогтың қоғам алдындағы міндеті, шәкіртке білім беру жолында нәтиже беретін жаңа технологияның тиімді әдіс – тәсілдерін меңгеру.

Ізденпаз, жаңашыл мұғалімнің шығармашылығындағы ерекшелігі-оның сабақты түрлендіре өткізіп, оқушының жүрегіне жол таба білуінде. Егер біз іс-тәжірибемізде «Информатика сабағында оқушылардың білімін» тиімді пайдалана отырып, күнделікті сабақты ыңғайына қарай түрлендіріп өткізсек, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы арта түседі деген ойдамын.

Сабақ мазмұнының теориялық-практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Ұстаздың әрбір сабағы оқушы сезіміне, ынта-ықыласына әсер ету тиіс. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен, ұстаздың дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Өз іс-тәжірибемде сабақ үрдісінде мынадай факторларға сүйінемін:

  1. оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

  2. оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру.

  3. оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

  4. компьютер арқылы, оқушының жеке тұлғасын дамыту.

Сонымен қатар сабағымды әр түрлі, жан-жақтыбір-біріне ұқсатпайсайыс, конференция, өзін-өзі бақылау, жаңалық ашу, өнер табушылық, реферат қорғау,«Б-Б-Б» КЕСТЕСІ («БІЛЕМІН – БІЛГІМ КЕЛЕДІ – БІЛДІМ»). әдісін қолданамын.

1 қадам: Мәтінмен таныспай тұрып, оқушылар өздері немесе топта бірінші және екінші «Білемін», «Білгім келеді» бағандарын толтырады.

2 қадам: Мәтінмен танысу барысында немесе оқығанды талдау үрдісінде оқушылар «Білдім» бағанын толтырады.

3 қадам: Қорытынды жасау, бағандардың мазмұнын салыстырады.

ребустар, суреттермен жұмыс, сөзжұмбақтар және сабақ басында оқушылардың көңіл –күйлерін сұрап видеолар көрсету, сабақ ортасында сергіту сабақтарын қарастырамын. Мысалы: Көзбен көбелек салу.Қол саусақтарына жатығулар жасау түрлерін көрсетемін.

Ақпараттық технологияны қолдану мақсатында электрондық оқулықтарды тиімді пайдаланып жүрмін. Информатика сабақтарында электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға , өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды.


5-сыныпқа арналған қайталау саяхат сабағымды ұсынып отырмын.Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын элементі арқылы өткіздім.



Сабақ барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Өткен тақырыптар бойынша қайталау жұмыстары.

Қайталау саяхат сабағының шарты мынандай Алтай тауына саяхатқа шығуымыз керек .Алтай тауына саяхатқа шықпас бұрын біз 10 аялдамаларға тоқтаймыз да , 10 аялдаманың тапсырмаларын орындап фишкалар жинау.


1-ші аялдама«Ғажайып ұяшық» деп аталады.Мұнда үй тапсырмасы сұралады яғни, әр оқушы кезекпен кезек ұяшықтарды таңдайды 5,10,15,20 ұпайларын.

2-ші аялдама «Жұбынды тап»

3-ші аялдама«Аңшылар» бұл кезеңде оқушылар тест тапсырмасын орындайды яғни, оқушылар аңшы болады да, сұрақтар қояндар болады. Қай оқушы немесе аңшы 10 сұрақтың 10-на дұрыс жауап берсе 10 қоянды атып алса «5» деген баға алады.Ал егер 8-9 қоян(сұрақ) атып алса «4», 5-7 қоян атып алса «3», 1-4 қоян аттып алса «2» деген бағалар қойылады.

4-ші аялдама «Ауыстырмақ»


ІІІ. Практикалық жұмыстар.

5-ші аялдама«Қызықты диктант» тапсырманы оқып, оқушыларға орындату «Paint» графикалық редакторында.

6-ші аялдама Сергіту сәті

7-ші аялдама«Кім епті?» Оқушылардың әріптерді теру жылдамдығын арттыру мақсатында оларға теруге шағын мәтін беріледі.

8-ші аялдама«Жұмбақтар әлемі». Оқушылар жұмбақтардың дұрыс жауабын береді және ағылшын, орыс тілі, қазақ тілінде айтып берулері керек.

ІҮ.Бекіту


9-ші аялдама«Диаграма толтыру». Paint , MS Word редакторларының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін көрсету .

Ү. Қорытындылау.


10-ші аялдама : Оқушылардың алған фишкаларын өздеріне санатқызып,бағалау. Егер оқушы 8-10 фишка жинаса «5» деген баға қойылады, ал 5-8 «4» деген баға қойылады,1-5 «3» деген баға қойылып үй тапсырмасы беріледі.

Бұл сабақта жалпыға бірдей тапсырмалар берілді.Тарауға немесе тақырыпқа аз сағат берілсе осы тәсілдерді қолданған өте тиімді.Осындай танымдық қабілетін арттыратын ойындар оқушыларды шығармашылыққа жетелеуге көп жәрдем береді, оқушылардың ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылығын арттырады.

Осы жұмыстардың нәтижесінде оқу – тәрбие жұмысындағы іс-әрекет, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық ізденістерін дамыту жұмыстары өз жемісін беріп келеді. Оған оқушыларымның мектепішілік, аймақтық , аудандық олимпиадаларға және ғылыми жобаларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр.

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ