Материалдар / БАЯНДАМА "Жаңа технология – сапалы білім кепілі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БАЯНДАМА "Жаңа технология – сапалы білім кепілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
• Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады; • Тынымдық қабілетін қалыптастырады; • Этнопедагогикалық тәрбие береді; • Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды; • Оқытушының уақытын үнемдейді; • Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Шілде 2018
601
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңа технология – сапалы білім кепілі


Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттыө және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемедегі ұжымының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Осы жайыттарды ескере отырып қазңргідей жаһандану дәуірінде сабақ үдірісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңестігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Білім беруді дамыту негізінде жалпы оқыту үрдісіне жүктеліп отырған жаңаша талап, міндеттер жоғарғы оқу орны оқытушыларына да қойылуда. Сондықтан оқытушы іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы.

Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану – сапалы білім негізі. «Адам ұрпағымен мың жасайды»-дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат балаы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз- оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман», - М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мұғалімдердің алдында тұрған басты міндет

  • Оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау тенологиясының элементтерін қолдану. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

  • 1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

  • 2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

  • 3) Деңгейлеп – саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей, бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

Оқытуда мультимедиялық құралдарды пайдалану тиімділігі орасан зор. Сондықтан мүмкіндігіне қарай сабақта ақпараттық құралдар мен электронды оқулықты жиі қолданылады.

Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультемедиялық құралдарда сабақ кезеңдерінде пайдалану кезіндегі бұл құралдардың тиімді тұстарын атап көрсетсек, олар:

  • Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;

  • Тынымдық қабілетін қалыптастырады;

  • Этнопедагогикалық тәрбие береді;

  • Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

  • Оқытушының уақытын үнемдейді;

  • Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді;

Білім беру үдірісіндегі соңғы уақыттарда көп қолданылып, оң нәтижесін көрсеткен модульдік оқыту технологиясы туралы айтуға болады. Модульдік технологиялардың ерекшелігі: тек білімді меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру. Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым А.Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу», - деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдері түрлі әдістері орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және қабілет деңгейлерін дамыту. М. Жанпейісованың «Модельдік оқыту технологиясының» маңызы ерекше екені мәлім. Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға,жүйелі білім алуға жетелейді, өзін – өзі өзгені де бағалай білуге үйретеді. Оқушыларды кәсіптік білім алуымен қатар шешендік шеберлігі менбаяндау жүйелілігі қалыптасқан, өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ етіп тәрбиелеу керек.



3 арнайы жалпы білім беру мектебі










Жаңа технология – сапалы білім кепілі

(Баяндама)




Оқыған: Утеева Ж.К.

















2016-2017 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!