Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Кәсіби желілік қауымдастық - мұғалім жұмысында әдістемелік көмек ретіндегі нысана"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа ғасырдағы жаңа талаптар педагог қызметінде жаңа бағыттарды, жаңа мақсаттар мен міндеттерді белгілейді.Оларға қол жеткізу жалғыз мұғалімге оңайға соқпауы мүмкін, бірақ білім процесіне жаңа тұрғыларды енгізіп жүрген тәжірибесі бар және сол тәжірибесімен бөлісуге даяр мұғалімнің көмегімен бұл жағдайдан шығуға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баяндама

ТShape1


Аты-жөні: Өскенбаева Гулжан Центрханқызы

Педөтілі: 11 лет

Жұмыс орны: «Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназия» МКМ Қызметі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Деңгейі: 1 (ілгері) деңгей


ақырыбы: Кәсіби желілік қауымдастық - мұғалім жұмысында әдістемелік көмек ретіндегі нысана



Жаңа ғасырдағы жаңа талаптар педагог қызметінде жаңа бағыттарды, жаңа мақсаттар мен міндеттерді белгілейді.Оларға қол жеткізу жалғыз мұғалімге оңайға соқпауы мүмкін, бірақ білім процесіне жаңа тұрғыларды енгізіп жүрген тәжірибесі бар және сол тәжірибесімен бөлісуге даяр мұғалімнің көмегімен бұл жағдайдан шығуға болады. Мұғалім тәжірибесіне компьютерлік технологиялардың енгені соншалық, педагогтер оларды күн сайын пайдаланып қана қоймайды, сонымен бірге оларда озат тәжірибені тарату және жинақтауға, пәндерді оқытудың өзекті мәселелерін талқылауға, педагогикалық идеялармен алмасуға, тез дамитын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әлеуетін қолдануда болатын жаңа мәселелерді талқылап, шешуге қажеттілік пайда болады.Педагогтердің желілік қоғамдастықтары, интерактивті әдістемелік кабинеттер - кәсіби ортаны қалыптастыратын бірден-бір нәрселер.

Бүгінгі күні педагогтер мен білім беру процесіне қатысушылардың желілік белсенділігі оқу жүйесін ақпараттандыру процесімен байланысты өзекті тақырыптардың бірі. Педагогтердің желілік қоғамдастығы – бұл желідегі кәсіби әрекетті ұйымдастырудың жаңа формасы, бұл желідегі бір пән саласы немесе ортақ проблемамен айналысатын кәсіби қызмет аясында жұмыс жасайтын мамандар тобы. Кәсіби желілік қоғамдастық жұмысына қатысу бір елдің түкпір-түкпірінде және шет елде тұратын мұғалімдерге өзара қарым-қатынас жасауға, кәсіби мәселелерді шешуге, өзін іске асыруға және кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. 


Желілік қоғамдастықтың мақсаттары әртүрлі:

  • бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру;

  • тәжірибемен алмасу, қолдау көрсету және ынтымақтастық;

  • нәтижелі педагогикалық практиканы тарату;

  • кәсіби тақырыптарда формальды және формальды емес қарым-қатынасты ұйымдастыру;

  • виртуальды өзара әрекеттесуге ынталандыру, одан кейінгі Интернеттен тыс өзара әрекеттесуге белсендендіру;

  • кәсіби деңгейін арттыру;

  • жаңа педагогикалық бастамаларға қолдау көрсету.

Желілік қоғамдастық мынадай мүмкіндіктерді береді:

  • жеке файлдарын орналастыру және қоғамдастық кітапханасындағы файлдарды пайдалану мүмкіндігі;

  • қарым-қатынас жасау мүмкіндігі (форум, чат, комментарий);

  • қашықтықтан оқыту;

  • байқауларға, акцияларға, жобаларға, талқылауларға қатысу;

  • жеке электрондық парақтарын (портфолио) жасау.


Жеке файлдарын орналастыру және қоғамдастық кітапханасындағы файлдарды пайдалану мұғалімге өз тәжірибесін таратуға және басқа педагогтер орналастырған материалдар көмегімен педагогикалық шеберлік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Желілік қоғамдастықтар коммуникацияның жаңа формаларын ұсынады. Бұл жаңа ақпарат кеңістігінде тәжірибемен алмасуды, қашықтыққа қарамастан сұрақтар қойып, оларға комментарий беруді, басқа педагогтердің озат тәжірибесін виртуальды шеберлік-сыныптарында бақылауды, өзінің біліктілік деңгейін және ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін арттыруды ұсынады.

Желілік қоғамдастық қашықтықтан оқыту, кәсіби конкурстарға қатысу, педагогтердің біліктілігін арттырудың ыңғайлы формаларын пайдалану мүмкіндіктерін де ұсынады.


Желілік қоғамдастық оның мүшесіне электрондық портфолио жасақтау, әдістемелік қоржын да болып табылады.Желілік қоғамдастық іс-әрекеттің мына формаларын ұйымдастыру мүмкіндігін беріп отыр:оқыту семинары, байқау, жоба, акция, «шеберхана», немесе шебер-сынып, чаттағы талқылау, жобалар фестивалі, телеконференция. Бұл формаларды ұйымдастыру біршама жеңіл және желілік қоғамдастық мүшелері тарапынан белсенді түрде қолдау тауып отыр.

Қазақстанда педагогтерге арналған виртуальды қоғамдастықтың бірқатары жұмыс жасап отыр.Солардың ішінде Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған деңгейлік біліктілікті арттыру курстарынан өткен сертификатталған мұғалімдерге арналған http://cpm.kz сайтының алатын орны ерекше. Бұл сайт көп мұғалімдер үшін кәсіби дамудың қуатты құралына айналып отыр.

Кәсіби желілік қоғамдастықтың тиімділігін бағалау критерийлеріне мыналарды жатқызуға болады:белсенді қатысушылар тізімі, қоғамдастықтың өмір сүру ұзақтығы, қоғамдастықтың белсенділігі: талқыланатын тақырыптардың саны мен олардың ауысып отыруы, талқылауға қатысушылардың саны; аксиологиялық бағытталуы (тұжырымдамалық сипаты, мақсат-міндеттері); қоғамдастық парағының рәсімделуі; өзара әрекеттесудің әлеуметтік-мәдени сипаты; ынтымақтастық аясын кеңейтуге бағытталуы; іс-әрекеттің алуан түрлілігі: ақпараттық, әдістемелік, сараптау-талдау, кеңес беру, оқу, жобалау.

Осылайша, желілік қоғамдастық б3здің Некрасов мектебімізде орнығуда.Дамыту жұмыстары жүргізіліп жатырғанымен әлі де проблемалар бар. Бұл, ең алдымен, енжарлық, ақпарат алуға дайын, бірақ өз тәжірибесімен бөлісуге дайын емес мұғалімдердің болуы. Сертификатталған мұғалімдер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, кейбір педагогтер қоғамдастықта жұмыс жасауды біле бермейді, олардың АКТ құзыреттілігі әлі де дамытуды қажет етеді, кейбіреуі интернеттің жағымсыз әсерін атайды, көптеген педагогтерде уақыттың жетіспеушілігі мен тапшылығы, бос уақыттың болмауы орын алып отыр.

Желілік қоғамдастық мұғалімге не береді? Педагогикалық интернет-қоғамдастықтар жұмысына қатыса отырып, мұғалімдер мынадай мүмкіндікке ие болды: қазіргі адамға қажетті білім, іскерлік және сапаларға үйреніп, меңгереді; қызықтырған тақырыбы бойынша ең өзекті ақпаратты ала алады; сарапшы, тренерлерден кәсіби кеңес пен көмек алады; өңдеулердің әдістемелік қоржынына қол жеткізе алады; өз материалдарын жариялайды; кәсіби конкурстарға қатыса алады.

Қандай да мұғалім кәсіби әрекетінің қандай кезеңінде болмасын өз білімін оқып тауыстым деп айта алмайды, ал кәсіби тұжырымдамасын қалыптастырдым деп айта алмайды. Желілік қоғамдастық жұмысына қатысу – бұл тек уақыт талабы ғана емес, оқу процесіне жаңа стандартты енгізетін кез-келген пән мұғалімінің өнімді еңбек етуі үшін қажеттілік болып табылады.



 





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1317
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12