Материалдар / БАЯНДАМА "КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ"

БАЯНДАМА "КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі күні мұғалімнің тәжірибесіне оқушының білімін бағалауында «бағалау» деген ұғымға байланысты әр қилы өзіндік жаналықтыр енгізілуде. Соның бірі – критериалды бағалау. Критериалды бағалау жүйесі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру, білім сапасын арттыру, тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы, тұлғаны өзіндік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2018
553
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІБүгінгі күні мұғалімнің тәжірибесіне  оқушының білімін бағалауында  «бағалау» деген ұғымға  байланысты  әр қилы өзіндік жаналықтыр енгізілуде. Соның бірі – критериалды бағалау. Критериалды бағалау жүйесі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру, білім сапасын арттыру, тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. «Бағалау» термині «жақын отыру» латын тіліндегі мағынада-бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып,не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы. Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын жалпы ұғымдар — қалыптастырушы және жиынтық бағалау.Қалыптастырушы бағалау – оқыту үшін бағалау, жиынтық бағалау – оқытуды бағалау болып табылады. Қалыптастырушы бағалау – бұл білім алушылардың оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен мұғалімдердің қолданатын мәліметтерді іздеу мен түсіндіру үрдісі. Жалпы қалыптастырушы бағалау  сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс. Бағалаудың мәні – бақылау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау. Ол оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын  жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру. Жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы  бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында , сабақтың ортасында , сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі.Уақыт көлемі  тапсырма деңгейіне сәйкес  5-10 минут  болуы мүмкін.Осы тұрғыда айтатын болсақ, қалыптастырушы бағалау оқушыларды оқытуда  тұлғалық бағдарлық оқыту тәсілінің негізгі бөлігі. Сондықтан мұғалімнің орны да өзгереді. Тұлғалық бағдарлық технологиялар оқу үдерісін ұйымдастыруда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас негізінде іске асуына мүмкіндікашады. Бағалау үздіксіз жүріп отырады да, сапалы нәтижеге жылжу үдерісі бағаланады.  Тұлғалық бағдарлық оқытуқушыларды оқыту мақсаттары мен бағалау критериялары туралы ақпарат береді; критерияларға негізделген оқушылардың өзін-өзі бағалауы; оқушылардың әрі қарай жасайтын қадамдары мен оның іске асыруын анықтайтын кері байланыс қамтамасыз етеді.Бұл жерде бағалау үздіксіз жүріп жатады да, сапалы нәтижеге жететін процестің өзі бағаланады. Оқушылар өздерінің кемшіліктерін өздері түсініп, анықтай алады да,  мұғаліммен бірге  шешу жолдарын табады. Ең маңыздысы өз оқуын бақылауы мен бағалауы өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауына ауысады.Өзін-өзі бағалауыҚалыптастырушы бағалау  оқушының  өзін-өзі бағалауы мен сыныптастарының бағалауын қолдануын қарастырады. Бұл тәсілдер қалыптастырушы бағалаудың тиімділігін арттыруын қалыптастырады. Оқышалар   өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау дағдыларын меңгеріп жатса, онда бағаның әділ қойылғанына күмін болмайды. Бірақ баға сезім негізінде қойылмай, тек белгіленген критерийлер негізінде қойылуын оқушыларға түсіндіргені дұрыс.Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудың мәні  — оқыту үдерісінде мақсат қойылыпбағалау критерийлер түсінікті болғанда ғана оқушылар өздерін бағалай алады.Сабақ өткізу барысында тапсырманың мақсаттары мен бағалау критерийлері жөнінде ескеріп отырамын, өзін-өзі бағалауына  уақыт қалдырамын. Оқушылар мақсаттарды және критерийлерді анық көру үшін тақтаның бұрышына немесе плакатқа жазып қоямын.  Жұмыстарды тексеру алдында оқушыларға бағалау критерийлерін қайта ескертемін және соның негізінде өз жұмысын тексеріп,  аяқтап тапсырады.Мысалы төмендегі кестеде топтық жұмыстан кейін әр оқушы өзінің жұмысын анық көреді.  «Менін күн тәртібім» тақырыбы бойынша постерге сурет салып, күн тәртібін жазған.Кестеде келтірілген бағалау түрін қолдану кезінде оқушы мен мұғалінің қойған балдарының айырмашылы үлкен болмайды. Өзін-өзі бағалау оқушылардың өз жұмысын бағалауы емес, сонымен бірге туындаған проблемаларды өздігінен анықтау мен шешу жолдары.Оқушылардың өзара бағалауыӨзара бағалау барысында оқушы  басқа оқушының  жұмысын тексереді.  Оның  жақсы немесе жаман жақтарын көріп, өзінің жұмысын да талдау  жүргізе алады. Бірақ мұғалім оқушыларға тексеретін оқушының өзін емес, оның жұмысын тексеру керектігін еске түсіріп отыру тиіс. Мысалы:«Тазалықты сақта» тақырыбын өту барысында, оқушыларға «Екі жұлдыз және бір тілек»тәсілі арқылы әр оқушыға өз сыныптасының жұмысын тексеруге берілді.  Оқушылар жұмыстарын бағаламай жай ғана екі сәтті жағдайды жұлдызбен белгіледі (екі жұлдыз) және, оның ойынша, қайта қарастыратын жағдайға түсініктеме беріп, тілек білдірді. Оқушылардың кері байланысы ауызша  да  жазбаша берілді. Әр оқушы өзінің жұмысына түсініктеме алды және  мұғалім «тілекті» дұрыс  орындауына уақыт беріледі.Критериалды бағалауды енгізуде рубрикакритерийлер, дескрипторлар деген ұғымдармен танысамыз.Рубрика немесе рубрикаторлар (бағалау кезінде қолданатын нұсқаулықтар) бағалау үдерісін анық, түсінікті және кез келген критериялар бойынша  балдары не үшін қойылғанын түсіндіреді. Осы рубрикаларда оқушыңын өзі емес, оның жүмысының сипаттамасы бағалануы тиіс.Критерий – оқушының әртүрлі қызметінің тізімі.Дескрипторлароқушының кез келген критерийлер бойынша ең жақсы нәтижеге жеткізетін барлық қадамдарын ретімен көрсетеді және оларды белгілі балдар санымен бағалайды.Критерийлер  дайындау кезінде сабақтың мақсаттары мен мазмұны жөнінде ұмытпағаны жөн.Критериалды бағалау жүйесі:
  • оқушылардың оқудағы жетістіктерін объективті бағалау;
  • әр оқушының қабілетін ескере отырып даму траекториясын анықтау;
  • оқытудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін оқушылардың білік дағдыларын дамытуға ынталандыру;
  • оқыту сапасын жақсарту;
  • оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен оқу материалын сапалы меңгеруін анықтау үшін мұғалімнің, оқушы мен ата-ананың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу.
Критериалды бағалау:Мұғалімдерге:
  • Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
  • Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;
  • Білім беру сапасын арттыруға;
  • Оқытудың сапасын жақсартуға;
  • Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;
  • Бағалаудың түрлі
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ