Материалдар / Баяндама математика
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама математика

Материал туралы қысқаша түсінік
баяндама математика пәнінен жазылған.Математика пәнінен білім сапасын арттыру.Жас мамандарға көмекгі тиеді деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2019
2440
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарыағаш аудандық білім бөлімі

28 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебі КММ

«ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылға Қазақстан халқына жолдауы аясында»: «Математика және жаратылыстану пәндерінде оқушылардың білім сапасын арттыру – адами капиталды дамыту негізі» тақырыбындағы

облыстық конференция

Shape1











Тақырыбы: «Математика пәнінен білім сапасын арттыру жолдары»





Бастауыш сынып мұғалімі: Абдибаева Роза







Ақжар ауылы

2018-2019 оқу жылы

«Математика пәнінен білім сапасын арттыру жолдары»



Жоспары :

І. Кіріспе



  1. Жас ұрпақты сапалы да, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математика пәнінің алатын орны.



ІІ. Негізгі бөлім



2.1. Математика сабақтарында оқушылардың қызығушылық қабілетін қалыптастыру.



2.2. Математика сабағында тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалану.



2.3. Оқушылардың логикалық ойлауын шығармашылық жаттығулар арқылы дамыту.



ІІІ. Қорытынды



ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.





























Кіріспе

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қарқынды жолға қоюымыз керек» деп міндеттейді. Біз осы пікірдің өзінен–ақ білім беру жүйесінің әдіс-тәсілдеріне жаңаша құрылыммен келу керектігін көреміз.

Маңызды мәселелерді шешуде, жас ұрпаққа сапалы да, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше. Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі. Ал, талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты – математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады.

«Математика» сөзінің өзі грек тілінде білім, ғылым деген мағына береді. Олай болса ежелгі замандардан-ақ математикалық білімді ғылымдықтың жоғары дәрежесі ретінде қабылдаған.

  • Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады;

  • Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және шыңдай түседі.

  • Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап түсінуге көмектеседі.

  • Математиканың болашақ тұлғаның моральдық эстетикалық және этикалық тұрғыдан да тәрбиелік мәні бар.

Математика – адамдарға ой салу арқылы толғандырады, адамдардың ойын жетілдіреді. Басқа ғылымдар да адамның ойын жетілдіреді, алайда кеңдік, тереңдік, жүйелілік тұрғысынан алғанда оларды математикамен теңестіруге келмейді. Математика адамдарды ойшыл, салмақты болуға, ақыл парасаттылыққа жетелейді. Ойлану, толғану болмаса математика да болмайды.

Оқушының математика пәнін игерудегі негізгі қызметі: математикалық формулалар мен ережелерді жатқа білу, оларды есептер шығаруда қолдана білу, күнделікті үй тапсырмаларын орындап отыруы. Оқушының үй тапсырмаларын орындап отыруы – олардың есеп шығара білу дағдысын жақсартады.

Математика сабағында мұғалім теориялық ілімдерді меңгертуді, практикалық әдіс- тәсілдермен ұштастыра отырып, тез, ұтымды есептеулерге жаттықтырады.

1

Оқушы үй тапсырмасы ретінде өткен тақырыптарды қайталамаса, үй тапсырмасын орындамаса, есеп шығармаса, белгілі нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Оқушы бұл пәнді тиімді меңгеру үшін, оқытылатын материалға қызығуы, есеп шығарудан рахаттануы тиіс. Математикалық есептердің тәрбиелік мәні зор. Есеп шығару кезінде төзімділік пен табандылық қалыптасады.
Қазіргі заман – ғылым мен техниканың өркендеген , математика ғылымның өте жан-жақты тараған кезі. Ал, әрбір ұстаздың басты міндеті – жас ұрпаққа жан-жақты білім бере отырып, оқушының бойындағы қабілетін ашу арқылы, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру.

Бастауыш сынып оқушыларын жан- жақты дамытып, қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу мектепте оқыту және тәрбиелеу арқылы жүзеге асады. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті белсенділігін қалыптастыруда олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, ізденіс, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше. Оқушылардың оқу- танымдық іс-әрекеті- күрделі процесс. Ол іс-әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын, түрлерімен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды. Оқу үдерісі оқу- танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу-танымдық әрекеті оқу- танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуі болып табылады. Танымдық белсенділік оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласынын құштарлығының ерекше көрінісі. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларда ақыл-ой қабілеттерінің мынандай элементтері дамиды; зеректік, зейіндік, байқағыштық, ойлау мен сөйлеу дербестігі, қызығушылығы т. б. Танымдық іс-әрекет оқушылардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын күрделі үдеріс бола отырып, ол оқушы міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үдерістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен т.б. сипатталады. Бұл қызыға оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Оны қалыптастырудың негізгі жағдайлары: - оқытудың мазмұны, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырынан ашылуы; оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру.

Бұған жататындар сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, пәнаралық байланыстарды тудыру, білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.

2

Қазіргі күн тәртібіндегі өзекті болып табылатын мәселелердің негізгісі - оқушылардың әрқайсысының өзіндік қабілетін, мінез танып, жетілдіріп, сол бағытта жеке тұлғаларды тәрбиелеу. Математика сабағында оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын арттыру, алдына қойылған есеп шешімін өз бетінше табуын жетілдіру, ойлау деңгейін, қабілетін шыңдау ұстаздың басты міндеті.

Математика сабағын жүргізгенде әр түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді пайдалана білу керек.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша оқушылар оқу ақпараттарын сабақтың қай кезеңінде қабылдау мүмкіндіктері жоғары болатынын дәлелдеді. Сабақтың алғашқы 1-4 минуттарында 60 пайыз, одан кейін 5- 23 минуттарында 80 пайыз, ал сабақтың 23-34 минуттарында 45-60 пайыз, және 35-45 минуттарында 6 пайыз болатынын атап көрсетеді. Сондықтан оқушылардың назарын сабақта өтіліп жатқан материалдарға аудару үшін әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануға кеңес береді.

Сабақ нәтжелі болу үшін:

  • Әдіс-тәсілдердің тиімді таңдалуы;

  • Сабақтан алған әсері оқуға қызығушылығын және білімге деген сұранысты арттыруы;

  • Сабақ қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы жұмыстарының нәтижелілігі;

  • Жұмыс барысында мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс орнату, әр оқушыға сенім білдіру;

  • Мұғалімнің белсенді шығармашылық жұмысты тиімді ұйымдастыруы;

Білім беруді ізгілендіру, оқыту әдістерін жетілдіруді, дамыта оқыту әдістері мен тәсілдерінің тиімді пайдалануын талап етеді. Білім меңгерту, біліктілікті қалыптастыру үрдісінде бақылаудың алатын орны ерекше.

Бақылау- білім, біліктерін айқындау, есепке алу, бағалау, тексеру.

Егер берілетін білім мен оны меңгертудің арасында үйлесімділік болмаса, тиісті нәтижеге қол жету мүмкін емес. Білім берудегі шамаға лайықтылық тиісті кедергілер мен қиындықты жеңе отырып, меңгерілсе, ұғым-түсінік тиянақты болады.

3

Жүйелі түрдегі әрекет мақсат еткен нәтижеге жеткізеді және одан шәкірт рухани қуат алып, ақыл-ой еңбегінің дағдысын қалыптастырады. Берілетін білімнің беріктігі шәкірттің шамасына лайықтылығы мен жүйелілігіне байланысты, оқушының көңілін әр нәрсеге алаңдата бермей, олардың зейінін нақты бір мәселеге тиянақты бағдарласа, математиканы игерту нәтижелі болмақ. Оқушыларды математиканы оқытуға қызықтырып тарту үшін қолайлы жағдайлар туғызу қажеттілігі оқуға қызықтырудың басты шараларының бірі – нәтижеге жетуге ынталандыру.

Ғалымдардың айтуынша «Ойын – балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойын кезінде нашар оқитын оқушылар сабаққа деген қызығушылығы артып, сұраққа жауап іздеп ойлана бастайды. Оқушы сабақта ойнап қана қоймайды, алған білімдерін қаншалықты есте сақтағандарын көрсете біледі.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады.

Shape2



4

Ойынға қойылатын талаптар:
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.


Дидактикалық ойындар – оқушының ой - өрісін дамытып, есте сақтаумен қатар, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге өте әсер етеді. Математика сабағында дидактикалық ойын түрлерін пайдаланудың маңызы зор. Оқушылардың ой - өрісін, тілін, сөздік қорын дамытуға әсер етеді.


Shape3

Дидактикалық ойын

Shape4

Оқушының ой - өрісін дамытады

Shape5

Сөздік қорын молайтады

Shape6

Есте сақтау қабілетін арттырады

Shape7 Shape8 Shape9









Математика сабақтарында дидактикалық ойын элементтерін қолданып сабақ өткізу өте пайдалы. Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзіне қоршаған дүние туралы түсінік алады.
Математикалық ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл - ой жетекшісі. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой - өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Мектеп оқушыларының көпшілігі
математика пәнін меңгеруде көптеген қиыншылықтарға ұшырайды.
Бастауыш сынып мұғалімдері тәжірибесінде шығармашылыққа баулитын дидактикалық ойындар көп мөлшерде жинақталған. Олар «Ақ сүйек», «Поезд құру» , «Теңге ілу», «Гүл сыйлау», «Бейнені құрастыру», «Артығын табу», «Не жетіспейді» т.б. түрлері кеңінен қолданып келеді. Шығармашылық тапсырмалардың, ішінде заттардың формасын, түрін, түсін, кеңістікте орналуын дұрыс қабылдауға арналғандарының ролі өте үлкен.


5

Shape10

Дидактикалық ойын түрлері

Shape11

«Артығын табу»

Shape12

«Бейнені құрастыру»

Shape13

«Теңге ілу»

Shape14

«Поезд құру»

Shape15

«Не жетіспейді»

Shape16

«Гүл сыйлау»

















    Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса оқып—үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетілдіріледі.
          Көңілді жаттығулар, викториналар, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді.
Өйткені, бастауыш сатыдағы кезең-оқушы іс-әрекетінің қалыптасуының өте ыңғайлы кезеңі.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар мен жаттығулар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар мен жаттығулар арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:

  1. Қызығушылығын арттыру.

  2. Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту.

  3. Шығармашылық ізденісін дамыту.







6

Өз іс -тәжірибемде:

Математика сабақтарында қолданылған ойындар:

Сандарды ондықтан аттап азайту тақырыбында Жұптасып ойнаңдар.

  1. Бірінші ойыншы 1 үшбұрышты ашады және екінші ойыншыдан екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайтуды сұрайды.

  2. Ойыншы дұрыс жауабы үшін ұпай алады.

  3. Содан кейін рөлдерімен ауысады. Кім көп ұпай жинаса, сол ойыншы жеңеді.



Екі таңбалы сандарды қосу және азайту тақырыбында

Жұптық ойын.







Екі таңбалы сандарды жазбаша қосу мен азайту тақырыбында

Домино ойынын ойнау

  1. Бірінші ойыншы екі доминотасын алып, екі таңбалы сандардан азайтуға арналған мысал құрастырады.

  2. Екінші ойыншы оны бағанмен жазып шығарады.

  3. Ойыншылар жауапты бірге тексереді. Егер жауап дұрыс болса, ойыншы ұпай алады.

  4. Ойыншылар рөлдерімен ауысады. Ойын бес рет қайталанады. Көп ұпай жинаған ойыншы жеңіске жетеді.







7



«Тікелей радиоэфир» әдісі

Радио жүргізуші- мұғалім

Төрт қонақты оқушылар, қалған оқушы тыңдаушылар қарсы алады.

Төрт оқушыға карточка беріліп, олар сол карточкадағы тапсырмаларды орындайды. Жауаптарын интервью беру арқылы түсіндіреді. Тыңдаушылар баға береді, сұрақ қою үшін қоңырау шалады.

«Шетелдік» әдісі

Бір ойыншы ойлаған санның разрядтық құрамын екінші ойыншыға шартты белгілердің көмегімен көрсетеді, егер алақанның қырын үстелдің үстіне тигізсе- бұл қимылдың бірлікті, алақанының ішкі жағын тигізсе- ондықты білдіретінін ескертеді.

«Музыкамен қозғал» әдісі

Көбейту мен бөлу тақырыбында қолдандым.

5*6 30 Аяқпен топырлатамыз

21:3 7 Қолдарымызбен шапалақтаймыз.

3*6 18 Басымызды изейміз.

16 :4 4 Қолдаымызды көтереміз

15: 5 3 Айналамыз

5*7 35 Артқа қарай жүреміз

18 : 3 6 Қолдарымызды екі жанымызға қоямыз.

Логикалық ойлау жолымен жылдам шешілетін мынадай тапсырмалар ұсынуға болады:

Picture 1 Picture 7

8



Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше перзенті бар?

Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 -ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады?

Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?

Бөлмеде 12 балапан, 3 қоян, 5 күшік, 2 мысық, 1 әтеш және 2 тауық бар еді. Осында тағы ит және оның қожайыны кірді. Бөлмеде қанша аяқ болды?

Қорыта келгенде осы жаңа технологиядан  жеткен жетістігім оқушылар өздігінен білім алуға, шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамытуға бағыт ала – алады. Сөздік қорларын молайтуға ойын, сөзін тиянақты жеткізуге, жинақы, дұрыс сөйлеуге, берілген сұрақтарға нақты, толық жауап беруге дағдыланады. Мұғалім сабаққа дейін жұмыс жасаса, ал сабақ кезінде оқушыларға тек бағыт- бағдар беруші ғана бола алады.

         Жаңа технологияның тиімділігі осында деп түсінемін. Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де  осылар деп ойлаймын.









































9

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.​ Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы // ресми мәтін. Астана: Әділет, 2012. – 14 б.

2.​ Назарбаев, Н. Ә.: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2012. – 10 шілде.

 3. Назарбаев, Н. Ә. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2018. – 10 қаңтар.

4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы / Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығы // ресми мәтін. – Астана, 2012.

5. А.Қ.Әлімов. Оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану. Алматы, 2012ж
6. Интернет қоры. bilimdiler.kz.

7. Кенеш Ә.С. Әбілқасымова. Математиканы оқытудың теориясы. Алматы 1998 
Журнал «Математика Қазақстан мектебінде» Алматы 2014.
















10




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!