«Мектептегі технология
сабағындағы ақпараттық технологиялар»
Қазіргі заман талабына сай -
оқытудың жаңа технологиялары жылдам дамыт келеді. Оның бірі -
ақпараттық технология. Білім саласында жүрген яғни мұғалімдердің
осы заманға сай білімді, әрі білікті маман болып келе жатқаны көзді
қуантады. Қоғамымыздағы ақпараттық технологияның дамуы, жаңа
технологияларды меңгерген тұлғаға үлкен талап қойылады. Қоғамның
қажеттіліктерінің кәсіпітік білім беру деңгейі артып отыр.
2008-2012 жылдар аралығында Республикамызда техникалық және
кәсіптік білім беру деңгейі дамып, арнайы мемлекеттік бағдарламалар
әзірленді. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінің
ақпараттандырылған технологиямен жұмыс жасау. Қазіргі таңда барлық
білім беру ұйымдарында жаңартылған технология, жаңаша қарқын
дамуда. Оқушылар меңгеруге тиіс білім, білік күннен күнге артып
келеді және мазмұны өзгеруде. Қазақстан Республикасының Білім
туралы Заңында « Білім беру жүйесіндегі басты міндеттерінің бірі -
білім беру бағдарламаларын білу үшін жағдайлар жасау керек» - деп
көрсетілген. Ақпараттандыру және дидактикалық құрал ретінде
компьютер болып саналады. Сондықтан әрбір азамат жаңа ақпаратталған
технологияны білуі керек. Білім саласында интенсификация мен
модернизацияланудың қарқыны өсуде. Арнайы бағдарламалармен танысу,
жаңашылдыққа көшу, арнайы тәсілдер (кино, аудио, компьютерлер,
видеоқұралдар, телекоммуникациялық желілер) білім алушылардың
қызығушылығын одан сайын қызықтыруда. Электрондық оқулық арқылы
түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып
көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып
түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын
сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа
тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін. Осылайша
оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Осы жаңа ақпараттық
технология білімдерін шыңдауға, жан-жақты қалыптасуына қосымша деп
түсіну керек. Өзектілігі: әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру
өте қажет деп Елбасы атап кеткендей «Жас ұрпаққа білім беру жолында
ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігінің
арттыруының маңызы зор.» Ақпараттық технологияның білім алушыларға
шабытын шыңдап, қызығушылығын арттырып, ғылыми көзқарастың
қалыптасуына, қабілетті мамандарды даярлауға үлесі мол. Теория мен
практиканы қатар ала жүріп білімдерін шыңдау. Жоғарға сапаға жету
ол - технологияларды пайдалану; оқушылардың білім деңгейін арттыру.
Егерде осы жәйттарды мақсат етсек-тұжырымдамаларды зерделеу, талдау
жасау арқылы технологиялық мүмкіндіктерді айқындасақ, технология
пәніне қолданудың әдістемелік жүйесі жасақталады. Болжам бойынша -
сабақты жаңаша ұйымдастыру, мұғалімдердің рөлі мен қызметінің
артуына жағдай жасасақ, ақпараттық технологиялар мен инновациялық
оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, саналыққа,
адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелей аламыз.
Пайдалану жолдары - жаңашылдыққа апарар жол, оқушылардың қазіргі
заманға сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды
және интернет ресурстарын пайдалана отырып шығармашылық қабілетін
дамытуға мүмкіндік береміз.
ХХІ ғасырда мұғалімге
қойылатын талаптар зор. Өз көзқарасы бар, өзін қорғай білетін,
зерттеушілдік, ойшылдық қасиеті, өз ісіне шебер, өзінің оқушысын өз
бетінше білім алуға үйрете алатын болуы керек. Өмір талабы.
Мұғалімде ұйымдастырушылдық, бейімділік қабілеті болуы керек. Әр
оқушының сабақтарда интерактивтік тақталар, компьютерді жеттік
меңгеруі. Технология пәні өте қызықты да күрделі сабақтардың бірі.
Бірақ көбісі осы пәнге немқұрайлы қарайды. Осы пәнге қызықтыру
арқылы әр оқушының фантазиясын ояту, жұмыс барысында қызығушылығын
арттыру және көптеген заттарды өз қолымен жасап көру. Сапалы білім
беру мұғалімнен үлкен шеберлікті қоса ғылым мен техника
жаңалықтарын яғни жаңа педагогикалық технологияларды әр сабақта
тиімді қолдануды талап етеді. Сабақ беру барысында ауылдық
мектептерде АКТ – на қалай пайдалану мұғалім үшін қиындықтар
жеткілікті. Мысалы: байланыс жүйесінің болмауы, мектептегі
материалдық базасының нашар болуы. Мектептерде тек информатика
кабинетінде интербелсенді тақта бар, интернет жүйесі толығымен
қосылмаған. Дегенмен қолда бар қосымша байланыс құралдарын қолдану
арқылы мүмкіндігіміз келгенше оқушыларға жаңа технологияларды
қолданып жұмыс жасауға тырысамыз. Өзекті мәселелердің бірі болып
отырған, қолда мультимедиялық электрондық оқу құралдардың оқытуға
жоқтын қасы болып отыр. Электрондық оқулықтар – оқыту, бағалау,
тестілеу т.б. бағдарламалардың жиынтығы. Қосымша мүмкіндіктер
береді. Кері байланыс жасау кезінде тез арада қарым қатынас
жасайды. Сабақтарда электрондық оқулықтар, оқушылардың
белсенділігін, логикалық ойлау қабілетін арттырады. Әрбір оқушы өз
бетінше жұмыс жасау, аз уақытта көп білім алып, уақытын үнемдейді,
қашықтықтан білім алу мүмкіндігі туады, керекті ақпараттарды жеден
түрде ала алады. Оқушылардың зерделеу мақсаттарына бейнероликтер,
картиналар мен проблемаларды көрсететін ресурстар болып табылады.
Әрине анимацияларды, тұсаукесерлер мен проблемаларды көрсететін
басқа ресурстарды пайдалана алады. Ең бірінші кезекте сабақты
түрлендіру және оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырады.
Көмпьютердің көмегімен бүгінгі таңда түрліше тақырыптарды өздері
аша алады. Мысалы: қарапайым сурет салу кезіндегі экрандағы
пернетақта арқылы жұмыс жасау. Текстильдік суреттерді көрсетуге.
Көрсетілген суреттердің немесе кестелердің масштабтарын үлкейту
немесе кішірейту арқылы тапсырмаларды орындайды. Тақырыптарға сай
өю-өрнектердің безендірілуі, диаграммалар, видео және дыбыстық
мәліметтер, қызықты лекциялар, карталар сызу, сызба нұсқаларды
көрсету, т.б. Әр оқушыларға берілген тапсырмаларды «Paint»
графикалық редакторлы бағдарламаны қолдана отырып, суреттер мен
пландарды көрсетеді. Сол арқылы өз ара байланыс жасап, сұрақ –
жауаптар арқылы тақырыптарды аша
түседі.
Қортындылай келе сабақта АКТ
пайдалану-бұл оқушылардың шығармашылық қабілетін және зерттеу
дағдысын дамыту; ақпартпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
білуге деген құмарлығын дамыту; ақпараттық мәдениет элементтерін
тәрбиелеу; сабақты жаңа технология арқылы жеткізу; қолданылатын оқу
тапсырмаларын кеңейту; компьютерлік білімін шыңдау; жетістіктерін
бағалау, қызығушылығын арттыру. Әйтсе де елімізде шалғайдағы білім
үйымдарында электронды құралдардың уақытылы жетпеуінде,
педагогтардың мұндай құралдардың қолдануға дайын болмауы, оқу
материалдарының жоқтығы және т.б. Заманауи талаптарда оқушы мен
мұғалім бірге АКТ ресурстарын пайдалана отырып қызықты әлемге
енуіне мүмкіндік туады. Білімге деген жақсы жаңа көзқараспен қарау
арқылы қосымша ақпараттарды ала алады. Азамат өркениетінің дамуы
ақпараттық ғылыми технологиялық прогреспен тығыз байланысты.
Өркениетті заманда болашағымызды ақпараттық құралдармен елестету
мүмкін емес, біз болашақтың балаларын тәрбиелеп, білім берудеміз.
Өз ұсыныстарыма тоқтала кетсем: білім беретін үйымдарда қазіргі
заманға сай жаңа ақпараттық құрал-жабдықтармен жабдықталса;
интерактивті тақталар мен мультимедиалық кабинеттермен және арнаулы
пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамассыз етілсе; білім
саласындағы оқытудың жаңы ақпараттық технологияларын пайдалану
бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастырса. Бір орында
тоқтамай алға жылжу керекпіз. Олай болса ХХІ ғасыр ақпараттық
технология ғасыры десек бұл технология пәніде сол ғылымға да
қатысты.