Материалдар / Баяндама: Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының түрлері, және оның мәні мен мазмұны
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама: Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының түрлері, және оның мәні мен мазмұны

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының түрлері, және оның мәні мен мазмұны. Аннотация. Қазіргі кездегі қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінгі білімді жаңалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында мектеп мұғалімдері өз үлестерін қосып отыр. Мұндай мектептердің жұмысы бүгінгі таңда заман сұранысын болашақ талаптарымен ұштастыра отырып, қазіргі жаһандану жағдайында жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған. Қазрігі кезде мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстардың орны ерекше. Мектептен тыс жұмыстардың мазмұны – оқушының теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2021
728
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ

























Баяндама тақырыбы: «Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының түрлері, және оның мәні мен мазмұны»













Баяндамашы: Ақанов Әли





2021-2022 оқу жылы

Мазмұны

Кіріспе.........................................................................................................................

Негізгі бөлім..............................................................................................................

I Мектептен тыс жүргізілетін дене тәрбиесі жұмыстары.....................................

II Спорттық үйірмелер арқылы оқушыларды жарыстарға дайындау..................

III Денсаулық топтарын ұйымдастыру...................................................................

Қорытынды................................................................................................................

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.................................................................................





































Кіріспе

Аннотация. Қазіргі кездегі қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінгі білімді жаңалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында мектеп мұғалімдері өз үлестерін қосып отыр. Мұндай мектептердің жұмысы бүгінгі таңда заман сұранысын болашақ талаптарымен ұштастыра отырып, қазіргі жаһандану жағдайында жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған.

Қазрігі кезде мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстардың орны ерекше.

Мектептен тыс жұмыстардың мазмұны – оқушының теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.

Оқушылардың мектептен тыс әрекеттерінің кірігуі қоршаған орта туралы біртұтас түсінік қалыптастыруға, теория мен практика арасындағы байланысты қамтамасыз етуге, оқу-тәрбие үрдісін құруда және оқушы тұлғасын қалыптастыруда үйлесімдікке жету, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіру, мұғалімдер мен оқушылар арасында ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.

Қазіргі мектептердегі оқу мен тәрбиенің кіріктірілуі мына төмендегі жұмыстар арқылы жүзеге асады:

- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;

- оқушыларды дамыта оқыту үшін түрлі жастағы дарынды балалар топтарын құру;

- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;

- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;

- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу.




















I Мектептен тыс жүргізілетін дене тәрбиесі жұмыстары.

Қазіргі таңда мектептен тыс жүргізілетін дене тәрбиесінен жұмыстар оқу үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Өйткені, сыныпта және сыныптан тыс уақыттарда дене тәрбиесімен шұғылдану және мектептен тыс уақыттарда оқушыларды дене тәрбиесі шараларына қатыстыру дене тәрбиесінің міндеттерінің бірі болып табылады.

Дене мәдениетінің де экономика, әдебиет, өнер және де басқа қоғамдық құбылыстар тәрізді даму сатысында өзінің ерекшеліктері мен заңдылықтары бар. Оның мағынасы, ұйымдастыру түрлері, әдістемелік тәсілдері ғылыми-техникалық прогресс жолында, мәдени талаптарға байланысты, қоғам мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әрдайым өзгеріп отырады. Дене тәрбиелеу мәдениеті мен спорттың үнемі дамуы жаңа түсініктердің пайда болуы және ұғымдарды анықтауды талап етеді.

Қазақстан Республикасында әр азаматтың білім алуына мүмкіндігі бар, сонымен қатар денсаулықты нығайтуға, дене мәдениеті мен спортты жетілдіруге бағытталған қызметтер кепілді түрде өз қолдауын табады.

Дене тәрбиесі мәдениеті және спорттың бүгінгі қызметкерлерінің «Дене тәрбиесі мәдениеті және спорт ілімі мен әдістемесі» түсініктерін толық меңгермей еңбегінің жемісті болуы қиын.

II Спорттық үйірмелер арқылы оқушыларды жарыстарға дайындау.

Жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру бір-бірімен тығыз байланысқан екі бағытта: көпшілік спортты дамыту және спортшылардың спорттық шеберліктерін жетілдіру бағытында жүргізіледі. Осы екі бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру төмендегідей топтарға бөлініп жүргізіледі.

Спорт түрлерінен спорт секцияларын ұйымдастыру жұмыстары.

- спорт түрлерінен икемі бар оқушыларды шақыру, іріктеу, секцияда жаттығушылар құрамын, жаттықтыру кестесін бекіту;

- спорт секцияларында спорт түрлерінен спортшыларды даярлау жоспарын жасау;

- секцияларда, командаларда, топтарда жиналыстар өткізу, жалпы жоспармен, жаттығу кестесімен таныстыру, староста, команда капитанын сайлау.

Спорттық жарыстарға дайындалу, өткізу.

- сыныптарда, сыныптардың құрама командаларын спорт түрлерінен өтетін жарыстарға дайындау,

- спорттық жарыстарға алдын ала дайындалу: мәлімдеме - өтініш құрастыру, бекіту, тарту, спорт төрешілерін тағайындау, сұраныстар дайындау;

- спорттық жарыс алдындағы дайындық: спорт залды дайындау, әнұран, ту, дыбыс-жабдықтарын, жеңімпаздар шығатын баспалдақ, марапаттау қағаздарын т.б. дайындау;

- мектеп басшыларын, қонақтарды қатыстырып, жарысты жоғары деңгейде өткізу;

- аудандық, қалалық жарыстарға, мектеп құрама командасының мүшелерін іріктеу, дайындау, қатысу.

Президенттік сынама сынақтарына дайындық және тапсыру:

- оқу сыныптарын Президенттік сынама нормаларымен таныстыру, дайындау;

- Президенттік сынама жарыстарына дайындау, дәрігерлік қамтамасыз ету, өткізу;

- жарыс құжаттарын толықтыру, есеп беру.

Ұйымдастыру және есепке алу жұмыстары:

Спорт түрлерінен жаттықтыру құжаттарын толтыру;

- спортшылар орындаған разряд пен атақтарының құжаттарын толтыру, жоғары тұрған мекемелерге ұсыну, бұйрық шығару;

- оқу-жаттықтыру жұмыстарының барлық бақылау және есепке алу құжаттарын, жұмыстарын жүргізу;

- жоғарғы көрсеткіштер мен разрядтар, Президенттік сынама тапсырушылар кітабын жүргізу.

III Денсаулық топтарын ұйымдастыру.

Мұғалімдер арасында денсаулық топтарын ұйымдастыру:

- спорт ойындарымен айналысатын топтар: волейбол, баскетбол, футбол т.с.с. Спорт ойындарымен айналысатын топтардағы жаттығуларды дене тәрбиесі мұғалімі немесе мұғалімдер арасынан разряды бар адамдар жүргізеді;

- жүгіруді жақсы көрушілер тобы. Бұл топ жаттықтыру уақытында мектеп спорт залында жиналып, мектеп стадионында немесе мектеп маңындағы орман, тау, жазық жерлердің соқпақтарымен жүгіреді. Жүгіру әдістемесін, жүктеме мөлшерін мектептің дене тәрбиесі мұғалімдері белгілеп береді;

- жалпы дене қуатын дамыту топтары. Бұл топ дене қыздыру жаттығуларынан кейін мектеп спортзалдарындағы стандартты емес снарядтарда, штанга, гир, батпандармен жаттығады. Дене жаттығулары кешенін мектептің дене тәрбиесі мұғалімі құрастырады;

- әйелдердің жаттығуына арналған: аэробика, шейпинг, у-шу, әр түрлі гимнастикалық топтар. Жаттығуларды дене тәрбиесі мұғалімі немесе осы спорт түрлерінде тәжірибесі бар басқа пәннің мұғалімдері жүргізеді;

- мұғалімдер арасындағы аудан, қала, облыстық жарыстарға команда дайындау, қатысу.

Көп адам қатысатын көпшілік спортты насихаттау түрлері:

  • туристік жорықтарға дайындалу, бару;

  • спорт мерекелерін өткізу;

  • көп адамдар қатысатын кростық жарыстарды, шаңғы жарыстарын өткізу.











Қорытынды

Сонымен, спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.

Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.

Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық - адамның еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі.

Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады.
































Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Антропова М.В. Оқушылар күн тәртібі, денсаулық және еңбек қаблеттілігі.-М.: Педагогика, 1984, 135-138 бет

2. Гужаловский А.А. Основы теории и методики физической культуры. – М .: ФиС., 1986.

3. Дүйсембин Қ., Алиакберова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. – Алматы, 2003.

4.Дарманбеков М. Гимнастика // Мектептегі дене шынықтыру.-2009.-№2.-17.

5. Жолымбетов Ө.Ш., Құлназаров А.К. Спорт терминдерінің түсіндірме сөздігі: Қазақша-орысша. – Алматы: 1991.-480.

6.Жексембеков Т. Мектептегі гимнастиканың оқытылуы // Мектептегі дене шынықтыру.-2010.-№1.-28.

7. Мамытов А. Теория спорта. – Бишкек: ЫГУ им. Тыныстанова, 2005. – 234.

8. Республиканская учебная программа по физической культуре профессиональных технических учебных заведений. – Алматы, 1993. – 70 с.

9. Рекламент о порядке организации учебно-тренировочного процесса в спортивных школах. – Астана, 2003.

10. Уманов Г.А. Біз және біздің балалар.- Жалын. Алматы, 1979ж-380бет

11. Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі. - Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2006. – 270 б.

12. Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын жоспарлау, бақылау және есепке алу. - Өскемен: БАЙ баспасы, 2006. – 225 б.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!