Материалдар / Баяндама "М,Монтессори педогогикасы: "Мұны өзім жасауға көмектес"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "М,Монтессори педогогикасы: "Мұны өзім жасауға көмектес"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектекпке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Маусым 2018
769
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Монтессори педогогикасы: «Мұны өзім жасауға көмектес»



Ақырын жүріп анық бас

Еңбегін кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

Абай.

XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды, инновациялық-технологиялық бағытты дпмыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің нышаны болып табылады. Жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру-бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. Баланың жеке тұлға ретінде дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталары сөзсіз. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Бала табиғатынан білуге құмар, тумысынан-ақ өсуге, жетілуге ұмтылысы басым, сондықтан да мынадай өркениетті заманда балабақшада педогогтардың ұлттық қалпымыз бен мінезімізді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жаңартып отыруымыз тиіс.

Білім беру-балабақшадан басталады. Қазіргі заман жоғары техниканың дамыған уақыты болғандықтан, менің негізгі міндеттерімнің бірі-мектепке дейінгі баланың келешек заманына лайық қылып шығару.

Мектепке дейінгі ұйымдарда педогогикалық заманауи үрдістердің ұйымдастырылуын жетілдіру қазіргі таңдағы өзекті мәселе болғандықтан, метепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары» талаптарына сәйкес, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақтарда, ойын барысында түрлі әдістерді ұйымдастырып қолданамын. «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» білім бағдарламаларының (енгізілген күні 28.11.2008ж) негізгі мазмұнына сәйкес, балабақшада күнделікті өмір барысындағы білім беру жаңа инновациялық технологияларды ұйымдастыру өзгешеліктерін қарастырамын.

Тәрбиешінің еңбегі баланың жан-жақты дамуымен өлшенеді. Тәрбиеші еңбегінің күрделілігі-әрбір баланың жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін өмірді, әлемді тануға, қоғам алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қасиетті сезіндіру.

Мен «Балбөбек» 1кіші тобында тәрбиеші болып жұмыс жасаймын. Кішкентай балаларды оқыту және тәрбилеуде белгілі философ, психиатор және психолог, адамгершіл-педогог Мария Монтессоридің тамаша жүйесі Монтессори педагогикасын қолданамын. Монтессори педагогикасының негізі бала табиғатына деген шексіз сеніммен өсіп келе жатқан адамға қандай да бір қысым көрсетуге жол бермеуге бағытталады. Педагогикалық принциптерін ұстана отырып, балаға іс-әрекетті өз беттерімен таңдауға мүмкіндік беремін. Бұндай жағдайда көрсетілетін нәтиже: бала таңдау жасауды үйренеді, бала өзін тыңдауға үйренеді, өзінің тілегін, сезімін жақсы түсіне біледі.

Бала жас шыбық секілді, қалай исең, солай қисаяды. Жақсылап үйретсең, тез қабылдайды. Бұл әдіс «өзімнің жасауыма мүмкіндік бер» дейді. Бұл әдісте балаларға дауыстап сөйлеу мүлдем жоқ.

Еркін ойнау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеу –ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қабілеттерін дамытады. Пайдаланылған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала ойын аяғында тап солай жинап қояды.

«Жұмыс істедің бе, жина» ережесі баланың өзі таңдау жасауында жауапкершілігін қалыптастырады.

Монтессори ортасындағы ережелер:

-артыңды жина

-кілем үстіндегі жұмыс

-топта тыныш ауысу

Ережені сақтаудың нәтижесі: жұмыс орнын ұйымдастыра білу, кеңістікті пайдалана білу, өз таңдауында жауапкершілікте бола білу, іс әрекетті аяқтауға деген құлшынысты көрсетеді.

Монтессори әдістемесінде әр материал дәл, анық көрінуі керек/баланың көрсете білуіне лайық.



Топтағы балаларды бөліп жармаймын, бәріне бірдей қарағанды дұрыс көремін. Бала өз бетімен жасай алатынның бәрін өзі жасағандары дұрыс, үлкеннің көмегі аз болу керек. Өйткені балада өз күшіне деген сенімі арта түседі, өз бетімен әрекет жасауды үйренеді, шешімді қабылдай алады, қайсар болады, есею қажеттігін қанағаттандырады.

Балалардың жасағандарын көбірек бағалаймын. Осы бағалау арқылы балаға мен деген бейнені қалыптастыру, өз жұмысын, әрекетін бағалай білу, бала бұл жұмыспен біреуден қорыққаннан емес, өзіне ұнағандықтан айналысып отырғанын ұғынады. Бұл Монтессори әдістемесінің маңызы: балаға өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге жағдай жасау.


Тәрбиешінің, яғни бұл әдістемеде менің мақсатым: балаға өз әрекетін ұйымдастыра білуге, өз табиғатын бір жолмен шығара білуге көмектесу. Баланың бойындағы жақсы қасиеттерді дамытуға талпынамын, нәтижесінде баланың бойындағы жаман қасиеттер азаяды. Ортаны дайындауда белсенді болып және оған тұрақты қамқорлық жасап отыру керек. Әр дамыту материалдың орнын және онымен жұмыс істеудің жолын көрсетемін.

Менің, яғни тәрбиешінің қажеттілігіне мұқтаж баланың үндеуіне дайын болып, оны әрқашан тыңдауға тырысамын. Қателескен баланы сыйлау керек, өйткені ол өз қатесін қазір немесе артынан түзей алады, бірақ материалды қолданудағы дөрекілікті және өзі мен басқалардың қауіпсіздігіне, дамуына түскен қатерді сол мезетте тоқтату керек. Баламен қарым-қатынаста әдепті мінез-құлық үлгісін қолданып және балаға өзімнің бойымдағы барлық жақсы қасиеттерді ұсынамын.

Монтессори педагогикасының ерекшеліктері-балалар оқуға, әрекеттесуге және бір-біріне көмектесуге үйренеді. Ішкі тәртіпті дамытуға орта және әдіс үйретеді. Менің міндетім-баланың өз бетімен жұмыс жасауына бақылау жүргізу және керек уақытында оған көмектесу. Білім беру үрдісінде ата-аналар тең құқықты серіктестер.

Монтессори жүйесінің негізгі принцптерін ұстана отырып, жететін жетістіктеріміз: бала таңдау жасауды үйренеді, өзін тыңдауға үйренеді, өзінің тілегін, сезімін жақсы түсіне біледі

Балалардың сенсомоторикасын, қол ұсақ моторикасын дамытуда баумен ойынның маңызы зор. Кейінгі кезде балаларда, әсіресе қалалық жер балаларының қол моторикасының дамуы артта қалған.

Неге, өйткені қазіргі кезде балалар киімдері түйменің орнына кнопка, ал аяқ киімдеріне баудың орнына жапсырмалар салынған. Бұрын балалар аяқ киім бауларын өздері байлап, түймелерін өздері салып саусақ қимылдарын дамытатын.

Мантессори баумен ойындары:

-саусақ қимылдарын дамытады;

-маңайын бағдарлау түсініктерін «жоғары», «төмен», «оң», «сол» жетілдіреді;

-тілдерін дамытады;

-сонымен қатар қолдарын жазу жазуға жаттықтырады.

Бауды байлау кезінде көзбен көрулері, зейіндері, саусақ және қолдың ұсақ моторикасын дамытады. Көп ата-аналар бала қолының ұсақ моторикасын даму керек екенін біледі. Ұсақ моториканың дамуына ұсақ бөлшектер: мозаика, моншақтар қолдануға болады.

Моншақ: көкөніс, жемістерден моншақтар, сақинадан моншақтар, моншақ макорондар. Монтессори ойындарына осыларды қолдануға болады. Моншақтар жасау үшін керексіз заттарды қолдануға болады мысалы: фломастер қалпақтарын, пластик бөтелкелердің қалпақтарын сақина тәрізді қиып, соны қолдануға болады. Сонымен қатар кіші көлемді сушки сатып алып, оны да моншақтар жасауға болады.

Қазіргі жаңа оқу жылының негізгі міндеттері пәндік дамытушы ортаны дамыту. Бұл дегеніміз мектепке дейінгі ұйымдағы баланың жан-жақты дамуына, психологиялық, физиологиялық дамуына тікелей тәрбиешінің іс-әрекеті ықпал ету керек.

Балалардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып осы Монтессори ойындарымен балалардың көру, есту, дене(жанасу) түйсіктерін дамыту міндетіміз.

Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып дамытса, оның нәтижесі де жемісті болмақ. М.Монтессори технологиясы бойынша «оқы,оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу қажет. Монтессори әдістемесінің балабақшаларымызға енгізіле бастауы жақсы бастама деп ойлаймын. Бала жан дүниесіне үңіліп, оны түсінуге барынша тырысуымыз қажет. Бала өсіп келе жатқан жас өскін, оның бойындағы жақсы қасиеттерді ашып оның қабілетін шыңдай түсу үшін, тек дұрыс ұйымдастырылған тәрбие мен білім беру қажет екенін естен шығармағанымыз абзал.

Қолданылған әдебиеттер:

М. Монтессори. Ғылыми педогогика әдісі.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!