Материалдар / Баяндама «Мұхтар Әуезовтің мінез – құлық туралы фразеологизмдері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама «Мұхтар Әуезовтің мінез – құлық туралы фразеологизмдері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндамада М.Әуезовтің тіл біліміне қосқан үлесі,фразеологизмдер турасындағы ой-толғаныстары сипатталады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2018
847
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндаманың  тақырыбы :

«Мұхтар  Әуезовтің мінез – құлық  туралы  фразеологизмдері»



Халықтың  қайғысы мен қуанышы, қасіреті мен шамырқанысы, өрті мен дерті, сенімі мен серті қалай мол болса, оның тұтастық бейнесін зорайтып, ұлт, ұрпақ санасын байытар, тереңдетер тұрақты сөз тіркестері де мол.

 

Жоспар:

 

1.Кіріспе.

2.Негізгі бөлім.

2.1  М. Әуезов әңгімелеріндегі  кездесетін фразеологизмдер.

2.2  М.Әуезов әңгімелеріндегі адамдардың  жағымды мінезінеа

байланысты  фразелогизмдері.

2.3  М.Әуезовтің жағымсыз мінезіне байланысты қолданған

фразеологизмдері.

 

3.Қорытынды.

 

«Фразеология» терминінің мағынасы өте кең.

1.«Фразеология» терминін кең мағынада алғанда, белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрлерінің жиынтығы деген ұғымды білдіреді.

Тілімізде қолданылатын және сөздермен бірге көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркесі және сөйлемшелер бар. Ол сөз тіркесінің екі не одан да көп компоненттері болады, бірақ сөз тіркестері семантикалық бірлікте болып, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мысалы, көз бояу, жүрегінің түгі бар; Мұндай тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасып, ел аузында көп айтылып жалпы халыққа түсінікті болып кеткен.

Мағынасы жалпыға белгілі грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін единица болып, қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде фразеологиялық орам немесе фразеологизмдер деп атаыды (5,85)

Фразеологизмдер де өзге тілдердегідей фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек болып негізінен үш топқа бөлінеді.

Фразеологиялық тұлғалардың білдіретін жалпы ұғымымен беретін мағынасына ой жуберсек, оларды құрастырушы сөздердің бірде-бірінің лексика-семантикалық мән мағынасына ешбір қатысы болмай, мүлде басқаша мағынаны білдіреді. құрамындағы сөздердің мағыналы жігін ажыратуға болмайды. Мысалы: қырық пышақ болу ( араздасу), мұрнын көкке көтеру ( менменсу). Бұлардын құрамындағы сыңарлар болініп ажыратылмайды және мағынасымен байланыспайтын әбден бітісіп, тұтасып кеткен тамаға тұйық тіркестер. Сөйтіп, бөліп жаруға болмаытын, басқа тілдерде сөзбе-сөз аударуға келмейтін лексика-грамматикалық тұрақты сөздер түйдегін идиомдар дейміз.

Фразеологиялық бірлік. Мұнда да фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Мәселен, басын тауға да, тасқа да соғу дегеннен « әлекке түсу, дағдару» дегенді түсінеміз. Мысалы: Басымды тауға да, тасқа да соғып жүріп, ақыры бір күні бишаралық көретін адаммын (р.т) Мысалдағы бұл фразеологиялық мағынаның жасалуына ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағынасы негіз болған.

Жалпы, фразеологиялық тұтастықтар мен фразеологиялық бірліктер сөздерге жанамалық қатыста жұмсалуына орай, көбіне бір топқа бірігі береді. Бірақ өздерінің семантикалық табиғаты мен құрылымы жағынан өзгешеленеді.

Фразеологиялық тізбекте еркін мағынадағы сөз фразеологиялық қалпында, екі сөздің тіркесуінен жасалып, өзгеріссіз тізбек күйінде қолданылады. Мысалы: жанды сөз, көк етікті, қалың сор, тас бауыр, жау журек, жез таңдай т.б.

Тілдегі сөздер өздерінің лексикалық мағынасы мен тіркесу қабілеті жағынан бірнеше топқа бөлінеді. Кейбір сөздер кез келген сөзбен тіркес құрай беретін болса, қайсібір сөздердің тіркесу шеңберінде шек қойылмайды. Десек те, сүмбіл шаш, ну орман деген тұрақты тіркестердің алғашқы сыңарлары ( сүмбіл, ну) осы аталған  тіркестерде қолданылады да, басқа сөздермен тіркеспейді.

Көңілсіз құлақ- ойға олақ ( Абай), — деген тіркестерді ақындар метафорлық мағынада қолданылып тұрғанмен, фразеологиялық тізбекке жатқызуға болмайды.

Грамматика тұрғысынан қарағанда, жалпы фразеологизмдер синтаксистік тұтастығын сақтап, басқа еркін тіркестер тобынан да, қалыпты сөйлем түрлерінен де бөліктеніп тұрады.

Фразеологизмнің грамматикалық ерешеліктері қазақ тілінің жалғамалы ( аллютинатив) сипатымен астасып жатады. Яғни грамматикалық өзгерістер фразеологизмдердің синтетикалық тісілмен де, аналитикалық тәсілмен де жасалуынан келіп шығады. Мұның өзі есім+есім, есім+етістік тізбектердің қай-қайсысына да ортақ норма.

Фразеологизмдер контекстің  әуеніне қарай өзгеру  я өзгермеуі жағынан екі топқа болінеді: бір алуан фразеологизмдер контекстің аясында ешқандай өзгеріске ұшырамай, өзінің дербес формасын сақтап отырса, бірқыдыру фразеологизмдер форма жағынан өзгеріп, қосымша, сүйемел сөз тіркестіру арқылы барып қолданылады. Айталық, қолы ашық, ерні салпы, қол созым, жеті түнде т.б тізбектер барлық контекст аясында дәл сол қалпында келеді де отырады. Ал, ала аяқ су деген сөз қолданысты ала аяғы; ала аяқтың өзі, ала аяқ қуы деп те айтуға болады. Немесе әкесін танытты, жанын көзіне көрсетті деген тізбектің соңғы компонентін әкесін танытайын, жанын көзіне көрсетейін түрінде де өзгертіп қолдана береміз. Жалпы фразеологизмдерді синтаксистік қатынасына қарай мына топтарға бөлуге болар еді.

А) бастауыш пен баяндауышқа бөлінетін сипатты фразеологизмдер: үрейі ұшты, жаны ашыды. Бірінші сыңары үнемі тәуелдіктің IIIжағында тұрады да, сыңары ашық райда келеді.

Ә) анықтауыш пен анықталғыш мүшеге бөлінетін « сипатты» фразеолгизмдер еңкейген шал, сұқ көз, ақ жүрек.

Б) пысықтауыш пен пысықталғыш мүшеге бөлінетін « сипатты» фразеологизмдер: күле қарады, күле кіріп, күңірене шықты.

В) тура және жанама толықтауыш пен толықталатын « сипатты» фразеологизмдер апшысын қуырды, сазайын тартты, намысқа шапты, сабасына түсті. Т. Б.( 7, 6

Фразелогиялық  тізбектерді  турақтандыра  тусетін  белгілердің бірі – олардың  ұйқасқа құрылуы.Мысалы:ақай жоқ,тоқай жоқ:ай дер ажа, қой дер қожа жоқ: сияқтылар ұйқас негізінде жасалған.

Фразеалогизмдердің ішінде, аллитерация  тәсілі жиі ұшырасады. Бір ғана «С» дыбысынан басталатын компаненттерге мысал келтірейік: сайсуйегі сырқырады: сайда саны, құмда ізі жоқ:салы суға кетіп отыр.

Міне осы  фразеологизмдердің  жасалуында дыбысық үндестік (эвфония) анық аңғарылып тұр.

Өзге дауыссыздардың ауендестігіне құрылған фразиологизмдер де тілімізде бар шығар:Қос қабағына қарады: қырғи қабақ,  қырық пышақ, белді бикем буды:

Ассонанс жолымен келетін тізбектер де баршылық:атқан таңдай (сұлу):көзге біткенсуйелдей:көз сузді сықылдылар не біркелкі жіңішке,не біркелкі жуан сөздерден келіп тұр .

Ауыз екі тілде «өң жорғасы түсіп»деген вариация да  ұшырасады .Бұлар – фонетикалық вариациялар: е,о,ө,ә,ұ,ү дыбыстары бір-бірімен ауыса береді, бірақ сөздің мағынасы ойырамайды.

Тұрақты тіркестердің бірсыпырасы пленазм негізінде жасалады.Бұл тіркестердің мағынасы күшейіп ,бүкіл сөйлеу тұрқын экспрессивтендіреді.Бұл кезде синоним компоненттерінің бірі семантиалық жағынан салғындап ,негізгі мәні көмескіленіп кетеді.Мәселен, ас иесімен тәтті дегенндегі «ас» сөзінің орнына «тамақ» немесе «ауқат» дегенді қойып айтуға болмайды.Бірақ орнына қойып айтқаннан мағына ойсырамағанмен бұлай айту тілге жеңіл, жатық болып шықпас еді.

Әдеби тілде де,ауыз екі тілде де бір тізек кей уақыт түрлі дыбыстық вариациямен келіп отырады.Мұндай ерекшеліктер М.Әуезвтың әңгімелерінде де көрініс тапқан.

Мәселен:   Бүгін сол жақсылықтай құнсыз- бұлсыз келімсектен көрмегенді көріп отыр.Иттің ұлы- итақай тең  тусіп,қарсы сөйлеп аз күн  болса да жатқызып, жаза тартқызып отыр.

Қашанда болса  халық аузындағы форма болып есептелуі тиіс .Егер халық бір – екі түрін ғана емес,әлденеше түрін қолданатын болса,оның мағына сы дұрыс,мағынасы бұрыс демей, тек олардың бірінің жиі , бірінің сирек қолданылуын ғана көрсетуге болады.Әр беріден соң мұның өзі де даулы, өйткені бұлардың есебін ж үргізіп, санын білген ешкім жоқ.Жоғарыда келтірілген мысалда «Иттің құлы -Итақай»деген формасы кездеседі.

Қазақ  ұғымында «Итақай ттің ең нашары,ең жаманы » «Ит» сөзіне қосылып тұрған – а +қай көне жұрнақ.Бұл жұрнақтың қосылатын сөздерітымсирек «Итақай»сөзінің «нашар ит»мағынасында ғана болмай о баста «иттің баласы,иттің күшігі»мағынасында болуы да мүмкін.Мұндағы «ұлы»сөзі бұл тізбекті метафоралық мағынаға ие болып тұр. «Иттің ұлы — итақай»дегендегі «ұлы» бастапқы тұлға болу керек.Бірақ бұан «құлы»вариант емес деуге болмайды.

Жалпы,қазақ халқы малдың түрлі қасиеттерін, бойында бар өзгешеліктерін ала бөтен бөліп алып, бірде сөзі түйеден түскендей немесе түйе үстінен сирақ үйтіп  деп,кісінің о ңтайсыздығын түйенің сөлекет епсіздігімен салыстарады.Сол с ияқты,кісіге тән қылық- мінезді жылқы малымен, не жылқыға жуық нәрсемен үйлестіреді.

Үзенгі жолдас, өрен жүйрік, кежегесі кері тартып, ерін бауырына алып, жауырды жаба тоқыды сияқтылар да жылқы малымен байланысты шыққан тізбектер жазушы М.Әуезов әңгімелерінде бұл тізбектер орынды қолданылған.Мысалы;

Тілмаш пен шолақ төрені тұлпар санап, жауырды жаба тоқығандай боп,исі оқыған қазақтың бәрін бірден керегіне жаратпақ олғаны бұл төңкеріс Ғайшаны да аспандатып көтергендей болды.

Жазушы фразеологизмдерді өз шығармаларыда асқан шеберлікпен қолдана білген.Оған жоғарыда келтірген мысал дәлел бола алады .Бір сөйлемнің ішінде авторлық өңдеумен екі фразеологизмдерді өз шығармаларында асқан шеберлікпен қолдана білген.Оған жоғарыда келтірген мысал дәлел бола алады.Бір сөйлемнің ішінде авторлық өңдеумен екі фразеологизмдерді пайдаланған.

Мысал соңындағы аспандатып көтерді фразеологизмдік иізбегі- «асыра мақтады»деген мағына білдіреді.

Қазақ тілінде фразеологизмдер ассонанс жолымен де жасалады.Мұндай тізбектер тілімізде баршылық: қырық пышақ,мал құлағы саңырау,белді бекем буды,көзге біткен сүйелдей бойына ас та батпайды..

Ассонс жолымен жасалатын фразеологизмдік тізбектерді М.Әуезов әңгімелерінен тыс қалдырған емес.Мысалы:

«Е, үйтпесе араласып та керек емес.Қасымханның қатынының мінезі мәлім ғой.Бұлдыратып жүріп бірдеңені артық қағыстырып алмаса , оның бойына ас та батпайды»:- деп қала берді.Бұл жердегі «бойына ас та батпайды»дегеніміз көңілі көншімейді,көңілі тынбайды, тағат таппайды деген мағынаны білдіреді.

Қазақ ұлтының мәдени өмірінде ежелден қолыптасқан әдет-ғұрып түрлері көп.

Солардың бірі-садақа.

Қазақ менталитетінде сөз магиясы өте күшті рөл атқарады. Қазақ ұлтындағы бата беру, тілег айту дәстүрлеріндегі қолданылатын тұрақты тіркестер-халықтын ғасырлар бойы ауызша таратқан көркем сөз үлгілері.

Сонымен қатар, діни фразиологизмдер әр батаның ішінде жиі оралады.

Тілек-бата құрамындағы діни фразеологизмдер-амантикасы жағынан да, грамматикалық құрама жағынан да әлденеше қырынан танылатын, мағыналық өрісі кең, стильдін қызметі айырықша тілдік тұлғалар.

Садақа ұғымы да мұсылман елінеортақ. Садақаның астарында да жалбарыну, тілек тілеу жатыр. Жеті нан құдайы,- жеті тиын садака деген тіркестермен қоса қорасанға қой айту. Құдайға Ақ сарбас айту сияқты қалыптасқан тіркестер тіреп сөзінің мәніне орай айтылады.

Жалпы мұндай ссөз тіркестері М.Әуезов әңгімелерін де тыс қалған емес. Мысалы; Кемпір күннің түрін көріп, назалы дауыспен: Құдай тағы төбелінен ұрайын деген екенсің ғой ! Қарағым адасты ғой. Ұшып өлді ғой ! Аруақтарым, қолдай гөр! Ақсарбас- деп баласын шақырып айғайлай бастады. (1,21)

М.Әуезов шығармаларында адамның мінезқұлқына, тұрмыстық жағдайына байланысты фразеологизмдік тіркестер жиі кездеседі. Әсіресе ашулануға байланысты туған фразеологизмдер. Ашулану психологиялық процесс ретінде алдымен адамдық бет- пішінінің өзгеруімен басталады. Заманың мұндай сәттігі жай-күйі оның бірден бет-жүзінен аңғарылды.

Көркем әдебиет мысалдарына үңілсек «ашулану» ұғымына катсты қолданылған тұрақты тіркестер автордың баяндап отырған оқиғасын өте бейнелі етіп суреттейді. Әрекет иелерінің іс-қимылы қосымша басқа мағыналы тұрақты тіркестермен нақтыланы түседі.

Жәмиме өз өзіне сөйлеген бойы тулан тутып жүрді (I.155) Жазушы бұл жерде кейіпкерді тек қана бұрқап-талқап болып ашуланды демей, астарлап тулан тутып жүрді деп суреттейді. Бұл да бір жазушының сөз қолдану шеберлігінің бір қырын көрсетеді.

Сөйлем тиінде тұрақты тіркеспер қолданыс ынғайында ойды жеткізуге, құбылысты сипаттауда, жағдайды (ситуацияны баяндауды мәтінге ерекше бейнелімен мәнерлімен әкеледі. Бұл тұста амплифинациялық амалмен фразеологизмдердің ) бір сөйлем ішінде бірнеше тіркес түрлерімен кездесу ойдың ішіні қутының артуына, экспрессияның ерекше әсерлі болуына ықтал етеді.

Кейде сойлем ішінде фразеологизмдердің алдында бір-екі синоним сөз колданылып, фразеологизмнің мағынасын ашуға нақтылуға етістіктін есімше, көсемше категориялары сүйемел сөз ретінде жумсалады№

Жас күнінен бір үйдің түгелімен еркелетіп, алақанына салған баласы. Ешуақытта канаттыға қақтырып, тұмсықтыға шоқытқан емес (3,86)

Авторлар кейде фразеологизмдерді қолдағанда образды ашу, ситуацияны анықтау үшін бүтіндей бір ойды жеткізерде сөйлем ішінде ел ойды алдын-ала түсіндіреді

Әдетте фразеологиялық мағынаны пайда болуына дәстүрлі тіршілік пен мәдени өмірдің әсері мол. Образға негізделген көрініс тіл арқылы жарыққа шыққанда ондағы ұлттық қабыдау, қазақ дүниетаным, ойлау ерішеліктері бірден аңғарылады. Фразеологиялық мағынаңа тірек, негіз болатын нәрсе- (денотат) арамдардың күнделікті керібен тіршілігіндегі корт жүрген түрлі заттар, құбылыстар, көріністер ықпалы.

Мысалы мына турақты тіркестердің мағыналады;

бас шұлғу- мақұлдау, құптау. (ҚТФС, 104); қамшы салдырмау- 1. Тапсырылған істі тез тыңғылықты орындау.

  1. Шаршамау. (ҚТФС, 312) дегенді білдіреді

Ал, осы фразеологизмдердің о бастағы тура мағынада қолданылып, бір кездегі көріністердің балама оймен ұштасуы арқылы (ассоциациялануы) ауыспалы мағынаға көшуі, тұрақты тіркестің тілдің қолданыста қалыптасуына әсер етеді.

Сеніздіктен еріккен жарау қызғандай бастарын мен тыныштығына қызғандай.

Бастарын шұлгып, қалшы салдырмай ығысады. (3,195)

Соңғы сөйлемдердегі «бастарын шұлғып, қамшы салдырмау» деген дағдылы (стереотип) қимыл қозғалыс – қазақтардың күн көріс тіршілігінде ұдайы қайталанатын, күнде көріп жүрген ситуация . Аттың үнемі басын шұлғып тұруы,жорғаның   жиі  қамшы  салдырмауы  санаға сіңе  береді.   Адамның    көз   алдында  жиі  қайталанатын  қимыл-қозғалыс,құбылыс,зат  көріністер тұрақты  бейнеге  айналады.                                                                              Уақыт,кеністі  ұғымдары  қазақ   мәдениетінде  ежелден  өзіндік  ұлттық    қабылдау  ерекшеліктерінін   түсіндіріліп келген.

Бағалы,  тапшы , аз зат  туралы  қасқалдақтың   қанындай,  ат  тобеліндей   деген  тіркестермен  айтады .

Әдетте  санын,мөлшерін  анықтауға   келмейтін  жағдайда (шымшым  түз,бір  қазан сүт  емес ) қазақ  теңеулері  көмекке  келеді. Құмырсқадай  қаптау  қара  құрымдай (бұлттай) қаптау-әдетте   қозғалыстағы  нәрсеге(мәселен жерге)

қатысты айтылса, ине шан-шар  жер жоқ , тастаған  тақия жерге түспеу— адамның  көптігі туралы . Сонымен  жалпы  ұғыма  қатысты  біріктірілген  фразеологизмдер  қатары  ең  алдымен  айтушының , баға  берушінің өз  көзқарасы,  қабылдау  түсінігі  бойынша  ситуацияға  қарай  таңдалып  алынады. Мұндай  фразеологизмдер  М . Әуезов әңгімелерінде  де  жиі  кездеседі .

Жүргіншілер жер  астынан шыққандай болып, самсаған  сары көл  қаптап  қол бермеген  соң , есі  шығып кетті.(3,128)

Бұл  жердегі  «самсаған  сары көл»   деген  фразеологизмдік  тіркестің   мағынасы   «көп  жер»   дегенді  білдіреді .

І. Кеңесбаевтің  “ Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі ’’  еңбегінде адамның жағымды және жағымсыз мінез – құлық ерекшеліктеріне байланысты фразеологизмдердің жалпы саны – 179. Оның 120 түрі адамның жағымсыз мінез – құлық ерекшеліктеріне байланысты фразеологизмдер болса, 59 түрі адамның жағымды мінез – құлықтарына қатысты болып келеді.

Халық тілінің тұрақты сөз тіркестерінің бәрін авторшығармасындағы көркемдік  ббейнелеу мақсатына  ұштастырып барып керегіне жаратады. Фразеологизмді суреткер туындыларында белгілі бір көркемдік нақыш беру қызметінде жұмсайды. Жазушы кейіпкерлердің сыртқы портретімен  қатар ішкі жан дүниесін, мінезін, құлқын, нанымсенімін,  дүние көз қарасын суреттейді.

Адам образын жасауда мінездеудің ерекше екені мәлім. Бұл тілдік құрал арқылы іске асады.  Көздеген нысанаға дәл тигізетін эмоциалы болуы күшті, айрықша мәні сипаттама беретін тілдік тәсілдер арқылы жазушы адам мінезінің толып жатқан қыр – сырын, оның ішкі жан дүниесін, портретін, жағымды және жағымсыз әрекетін бейнелейді. Енді М. Әуезов әнгімелеріндегі адамның жағымды  мінез – құлық ерекшеліктерің фразеологизмдеріне тоқталып өтсем.

Ақ жүрек ’’ деген сөзді бұрыннан Қасен жайынан ауылдың жағынғыш атқамінерлерінен естіп алып, Жәмила әрқашан бұлдап сөйлейтін.   ( I, 169)

     Ақ жүрек – ақ, адал көңіл деген мағынаны білдіреді. Бұл жердегі фразеологизм автордың  сөзінде қолданылып тұр Ал

-Сіздің жаныңыз  ашиды да отырады. Бірақ баяғыдан ақ жүрек бола – бола не таптың? Енбегіңді  білген бірде – бірі бар ма? ( I, 169)

Ақ жүрек ’’ … Иә, “ақ жүрек ’’ … жақсылықты істе – істе, бірақ ешкімнен алғыс алма, игілігін көрме!  Жақсылығынды пайдалана отырып өзіңді  “әй, кәпір’’ атандырсын! – деп , әбден киініп ап, — біздің бұл хал солай болды ғой, Жәлима! – деді (I, 170)

Осы сөйлемдегі фразеологизмдік тіркестерді бір кейіпкердің екінші бір кейіпкердін мінез құлқын ашуда М.Әуезов шебер қолдана білген.

Фразеологизмдерді сырт сиқына қарап, яғни белгім бір қосымшыларды бойына дарыту қалпына қарап, синтаксизтін қызметі мен фразеологизмнің мағынасынан бойды аулақ  сала талдасақ формаль тұрғыдан еркін тіркесте болатын барлық белгілерді табуға болады. Фразеологиялық тіркестердің басым көпшілігі лексикалық мағынасы жағынан еркін тіркес табиғатына жуық келеді. Екі –үш компонентті тіркестің бірі қалайда негізгі мағынасын  сақтап отырады. Соның ішінде жоғарыда берілген мысалдағы “ақ жүрек ’’ фразеологизмдік тіркесі анықтауыш және анықталғыш мүшеге бөлінетін “Сипаты’’ фразеологизмге жатады.

Фразеологизмдердің ішіндегі  кейбір сөздер семантикалық жағынан ерек байқалып, түп қазақ есебі қызмет атқарады. Ондай сөздерәлденеше фразеологизмдерге қайталанып отырады. Оны “ұйытқы сөз’’ деп атаған мақұл. Мәселен, “ақ жүрек ’’ фразеологизмдегі негізгі ұйытқы сөз  “жүрек ’’ болыптабылды.

Түйынді бір топ міндет тарихи фразеологияға ұштасады. Көптеген тіркестер теориясын тарихқа байланыстыра тексергенде ғана фразеологизмдердің туу жолдарын толық біле аламыз. Ол түсінікті де Тіркес этимологиясын ашу үстінде өзге тілдерге де бөлек қатысты ортақ құбылыстардың басы ашылмақ. Құрлымы бір немесе құрлымы бөлек тілдердің ортақ және айырма қасиеттеріне ұлыстра, жүйелі талдау  фразиологизм үшін де мейлінше қажет. Басқасын былай қойғанда, бірнеше тілге ортақ нақтылы бір фразеологизмның өзі бірде тұлғалық ортақ, мағынасы бөлек, енді бірде керісінше болып келетін реттерін ескере отырған  мақұл. Фразиология саласында ашылмаған, тіпті  күн тәртібіне қайылысының өзі принциптік тұрғыдан  шешілмеген  мәселе антонимия жеке соз, лексика  көлемінде айдан анық көрінетін осы құбылыс  тиянақты сөз тіркесі  аясында  көмейкіленіп айқын  аңғарылымайды. Әйтсе де фразиологизмдер табиғатында сырт тұрпаты жағынан да, «ішкі»  ұғымы жағынан да қарсы мағына (поляризация) сипатындағы тіркетердің бары анық. Яғни, « ақ жүрек» фразиологизмдік тіркесінен қарсы мағынасы «қара жірек» тіркесі болып табылады. Адамшылықты бағалай білетін еркекке адал дос болатын , жүрегі жылы, махаббаты адам бағандай (ІІ,84)

Мұндағы «жүрегі жылы» деген тіркестің қарсы мағынасы (поляризация), « жүрегі қара» тіркесі болып келеді: «жүрегә жылы» — ақ көңіл, мейірімді деген мағынаны білдіреді:ұйқытсы «жүрек»сөзі.

М. Әуезовтың әңгімелерінде адамның жағымсыз- м3нез құлқына байланысты фразеологизмдер көптеп  ұшырасады. Мәселен.

Менің қайнымның мылжың Дүйсен деген баласы бар ғой. Қатынша жыбырлағаннан басқа істейтін адам сияқты бір мінезі бір ісі жоқ. Жаннан асқан дүниеқоңыз(1,14)

Дүниеқоңыз- дүниеқор, пасық, малқор деген мағынаны білдіреді.

«Оқыған азамат», «жаңа адам» дегені тек оқыған бай, арсызырақ дүниеқоңыз екенін жаңа ұққан Мейірхан қатты ширығып…….

Бұл жерде М.Әуезов фразеологиялық тіркесті өзгертусіз, даяр қалпында қолданған.

«Дүниеқоңыз» фразеологиялық тіркесі біріккен сөзге айналып кеткен. Осының салдарынан кейбір сөздер бастапқы тұрқынан айырылып қалады. Бастапқы кезде әр түрлі мағына берген екі сөздердің бірігуі нәтижесінде бір фразеологизм пайда болады. Жалпы, М. Әуезовтың әңгімелерінде бір фразеологизм бірнеше рет қайталанып отырады. Бірақ бұл фразеологизмдер кейіпкерді жан жағынан көрсетіп суреттеуде әр түрлі мағынада қолданыс тапқан. Жазушы кейіпкердің мінез-құлқын ашуда, портретін жасауда, әртүрлі психалогиялық күйін білдіруде өз шеберлігіне сай өзгертулер енгізіп пайдаланған.

Көркем туындыдағы сезім қылын шертерліктей әсер туғызатын айшықты сөздердің қай-қайсысы да көркем шығарманың жалпы экспрессивтік үндестігін күшейтеді, эмоциялық баяуын әрлендіреді, күшті сезім әсерін туғызады. Ұғымды дәлме-дәл, жан-жақты бейнелеп жеткізуде фразеологизмдердің тап басып, дәл түсетін ұқымдылығы басым.

жаутаңдаған көзімен жылы шырай іздеп келе жатқанда алдында бұрынғыдай  зәрленіп тұрган Исаны көрді(2,313)

Осы келтірілген фразеологизимдерді кейіпкерлерді  алуан турлі мінез-құлқын,психиологиялық жай күйін:кейік,реніш, ыза, кек тәріздес тебіреністерді суреттеуде әсері кушті, болуы қанық шыққан.

Көркем  образдар әр турлі әдеби құрал, амал- тәсілдер арқылы жасалады.Бұл амал-тәсілдердің бәрі де тілдін материал арқылы жүзеге  асады.Тілдік мінездеме беруде  фразеологизмдерді жұмсау дәрежесі  жазушының әр түрлі идеялық, эстетикалықталғамынан  байқалады.

Көркем шығармада кейіпкерлер образын жасаудағы суреткердің негізгі бір тәсілі- кейіпкер тілі.Шынайы нанымды образ жасау үшін кейіпкердің мінезі-құлқын, өз ортасына тән іс-әрекеттерін, ой-өрістерін, басқаларға  деген көзқарасын көрсетумен бірге, кейіпкерді әрқайсына лайық тіл де таба білудің мәні өте зор.

Көркем туындыда кейіпкер тілі оның мінезі мен психологиясына, өмір тәжірибесіне,мәдени дәрежесіне, өскен ортасына, істейтін кәсібіне, оқиға болып жатқан жағдайға сай беріледі. Әрбір кейіпкердің сөйлеу мәнеріне тән лексикалық , грамматикалық, интонациялық мұқият сақталады.

-Самат бұл араға келгенде алғаш рет осы әңгіме бойындашындап ашу шақырып:

-Қасен жабылмайды, өйткені бас бұзалыққа жол берілмейді, жолдас….-дегенде, қатпа  асқлып алғандай жауап беріп, бағаныдайғы басым.Фразеологизмнің осындай мүмкіншіліктері М.Әуезов өз  шығармасында кейіпкерлердің психологиялық күйінгі- сүйініштерін, ой әсерін,рухани жан дүниесін нақты да нәзік бейнелеугн таңдап, талдап жұмсап.Мәселен:

Мұны естіген соң-ақ Құрман естін сыртына теуіп, зәрін шашып, жақсылықты жер- көкке сыйғызбайтын болып, әке- бабасынан бері қарай боқтай бастады(2,200)

Бұл сөйлемдегі берілген фразеологизмдер кейіпкерлердің психологиялық  талғанысын әсері де мәнерлі жеткізе отырып, олардың мінезіндегі қат- қабат қырларың аша түседі.

Автор кейбір ситуацияға қарайкейіпкерлердің көңіл күйін, психологиялық моментін, эмоциялы, бояуы күшті  фразеологизмдерді жұмсай отырып, не бір нәзік жайттарды нақышты, нақты етіп жеткізеді. Мысалы:

-Құдай сүйер қылығың жоқ.Қазанбұзар  үй тентексің.(1,14)

Қазанбұзар үй тентек- көптің ішіндегі бір тентек деген мағынада қалданалып тұр.

«Жақсылықты қыбыр еткен қабағын сіңдып жүрген Әбіш   бұл жайды ішінен түсіне жүрді. Сонымен іштей  күрең қабақтау болып жүргенде биыл бір старшын Қоңырдың  арасында шалық партия болып, жақсылық Ақөзектің өзге елімен бірге  Әбіштің  қарсысына  шығып   қалды.(2,200)

-Тізу, бүгін түгіңді сыртыңа теуіп келген екенсің жұрттың бәріне де зәрленіп. Бырақ ашуыңмен ешкімнің де зәресін  ұшырмассың, кішкене бала жоқ қой көз айналдырғанға қорқатын!- деді (2.297)

Көмейіне кеп тұрған сөз тіптіке ірікпей соғып;

Бас бұзаршылық, ендеше тамам байды «откочевник» деп жиып ап, бәрінің билығын бүркеп, осы күнге дейін сыр юермей, тап жауының қайыртағын  қостап отырған өзінсің.(3,406)

Затты немесе заттық ұғымды әдеттегіше атаумен қатар, сол аталған заттың сын сипат жағынан қандай екендігін қоса қабат білдіре атайтын, олардың кейбір өзіндік сипатын нақтылай түсіп, әсерлеу не бейнелеу жолмен сезім түрде эмоциялы-экспрессивті рең беретін тіркестер бар. Олар заттық мағынада жұмсалатын фразеологиялық тіркестер заттық мағынадағы фразеологиялық тізбектердің семантикасында сындық мағынада ұшыраса береді. Сондықтан оларды сөйлемдегі атқаратын қызметіне қарай анықтау керек.

Мәселен, сын есімінің семантикалық мағынасы оның морфологиялық ерекшеліктерінен де, синтаксистік қызметтерінен де сараланып отырады. Сондықтан мағыналы фразеологизмдер мағына жағынан заттың сынын, белгісін білдіретін сөздер болғандықтан, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше боп қызмет атқарады. Мұндай ерекшелік М.Әуезов әңгімелерінде де кездеседі. Мәселен;

Түнде ел жатқанда жетім қозыдай тас бауыр болып қалған Қасым жат ұяда ұйықтай алмай, көрпенін астында түндемей жылап жатқанда Иса мен Қадишаның әңгімесін естіген еді. (3,311)

«Тас бауыр» тіркесі негізінен фразеологиялық тізбек қатарына жатады.

Фразеологизмдер сөзді жандандырып, тілімізге өткірлік сипат, ұлттық ажар беретін стильдік мәні айрықша құрал болып саналады.

Тұрақты сөз тіркестері аз сөзбен көп мағынаны білдіреді, тілдің стильдік сапасын арттырады.

Фразеологизмдер- сөйлеу тілінде де, жазу тілінде де көп қолданылатын қасиетті құрылыс материалы. Ал оның бейнелегіш- мәнерлегіштік сипаты әсіресе көркем және публистикалық шығармаларда айқын көрінеді.

Фразеологизмдер- сөз шеберлері  мен суреткерлердің көркем образ жасау үшін қолданатын эмоцианалды- экспрессивті құралы. Оған мысалдар келтірейік;

Көркем шығармада; «Қалбағай отыз жастардың шамасына келген кең жауырынды дөңгелек денелі, өзгеден ерекше біткен қайраты мен жүрегі бар, шоқша сақалды қара жігіт еді….. Қапысы жоқ. Жалығары, қажу жоқ ерекше біткен жан еді….. Қар төсеніп, мұз жастанып дамыл алмай жүріп жылқыға шүйгін болатын жерді ерте бастан есептеп білетін.

Публицистикада жазу тілінің ғылыми стилінде терминдік сипаттағы тұрақты сөз тіркестері қолданылады. Тірі клетка- тері, сүйек, бұлшық еттер тұрақты орнынан ауыстырылып, сол организмнің басқа жеріне қойылады.

Ғылыми стилде тұрақты сөз тіркестері образдылық- мәнерлегіштік қызмет атқармайды, олар көбінесе белгілі бір заттың, ұғымның, аты ретінде жұмсалады. Ал көркем шығармада, публистикада фразеологизмдер белгілі стильдік мақсатта қолданылады. Тұрақты сөз тіркестері стильдік мақсатта, жалпы халықтық формада және авторлық өндеумен қолданылады.

Тұрақты сөз тіркестерін жалпы халықтық формада қолдану-жалпыға танылған белгілі тәсіл. Бұл тәсіл айтылып не жазылып  жеткізіле- ойға көркемдік сипат беру мақсатын көздейді. Жалпы халықтық формада фразеологизмдер көркем шығармада  кейіпкер тілін ерекшелендіріп, даралық сипат беру мақсатымен де қолданылады. …Ер қарасы ,(Бақтығұл) мен де біреудің соңына еріп, сойылын соққан шыгармын (М.Әуезов),

Бұл мысалдагы сойылын соғу деген фразеологизм оздерінін бұрынғы белгілі қалпы мен магынасында қолданылган.

Фразеологизмдердің магынасы кунгірт, түсініксіз болып келетіндері де бар. Мәселен, «өкіл күйеу» дегеннің мағынасын қазір кез келген адам біле бермейді. Сондықтан бұл сөз ұғынықты бөлу үшін М.Әуезов оны былай түсіндірді;өкіл күйеу тамырлық құрбылас кісінің арасында болады. Ал жасы үлкен кісімен жас жігіт тамырласам десе, кейде осылайша өкіл күйеу боп аталады.(3,152).

Фразеологизмдер- ойды сығымдап, коркем бейнені жасайтын ерекше стильдік мәні бар құрал екені анық. Авторлық өңдеу мен қолдануға фразеологизмдер әр турлі өзгеріске  ұшырап, жаңа көркемдік сапаға ие болады. Мысалы;Қар төсеніп, мұз жастанып, дамыл алмай жүріп, жылқыға шүйгін болатын жерді ерте бастан есептеп білетін.(М.Әуезов).

«Мұздан төсек, қардан жамылғы қылып жата қалсам, жылылығына бұйығып, өлген адамдай ұйықтап қалыппын»(Қырық өтірік)

Яғыни, осы екі мысалдағы берілген  фразеологизмдер контекстің мазмұнына сай ұтымды қолданылған.

Фразеологизмдердің авторлық өңдеумен қолданылуының томендегідей жолдары бар.

а) Тұрақты сөз тіркесі өзгертілмей, сол қалыпында қолданылып қосымша мағынаға ие болады.

ә) Тұрақты сөз тіркесінің бір компоненті өзгертіліп, жаңа мазмұнда қолданылады.

б) Тұрақты сөз тіркесінің бір компоненті өзгертіліп, мағынасында жұмсалады.

Кірлеген жүрек оз ішін.

Тұра алмас әсте жуынбай.(Абай).

Мұнда көңіл сөзі журек сөзімен ауыстырылған. Бұл мысалда бір кампоненті өзгертілген, бірақ өз мағынасында жұмсалып тұр.

Тұрақты сөз тіркесінің бұлай өзгертіліп, толықтырылып қолдану-көркем әдебиеттегі бір өнімді тәсіл. Мұндай тәсіл М.Әуезовте жиі кездеседі. Бірақ мұнбай тіркестерді М.Әуезовтің өңдеп, толықтырып қолдану тәсілі өзгешерек. М.Әуезовтың «Қаракөзіндегі» мына бір шумақта ой дамытылып, өте күрделі, шешендік сөздің үлгісінде берілген.

Сұлу қыз бен келіншек – елдің сәні,

Сұлу кеткен елдің де болмас сәні.

Сұлу қыз тоғайлы өзен бұлбұлындай,

Бұлбұл кетсе, тоғайдың жоғалар әні.

Мұнда «Гүл өссе-жердің коркі, қыз өссе-елдің көркі» деген мақалдың құрамы пайдаланылған.

Фразеологизмдер әр түрлі жолмен жұмсалып, пайдаланылады. Олар кейде жалпы халықтық форма авторлық өндеумен өзгеріп қолданылады. Фразеологизмдерді қолданудағы бұл тәсілдер әр түрлі стиьдік мақсатты көздейді. Сонымен қатар әр ақын-жазушы тұрақты сөз тіркесінің жаңа үлгісін жасап, фразеологиялық қорды байытуда өздерінің үлесін қосты.

Суреткердің өз қалам тартысына, эстетикалық талғамына қарай фразеологизмдер, көркем сөз стилінің аясында өзінің бүкіл реңі мен функциясын аша отырып, бар байлығымен көрсететінің байқаймыз.

Өзінің образдылығымен көзге түсетін фразеологизмдер көркем шығармада мол қолданудың өзі ұлттық характер жасаудын белгісі болып табылады. Сондықтан фразеологизмдердің маңызы өте зор.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!