Материалдар / Баяндама «Онлайн сабақты ұйымдастырудағы тиімді бағдарламалар»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама «Онлайн сабақты ұйымдастырудағы тиімді бағдарламалар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы- білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың қоғам алдында тұрған ең басты міндеті. ХХІ ғасыр – техникалық озық дамыған ғасыр. Қазіргі қоғам инфокоммуникациялық әрекеттесуге негізделген білім беру жүйесін ақпараттандырудың әрекеттесу жағдайында мұғалімнің рөлі түбегейлі өзгерді, ол оқушыларды жергілікті және ғаламтор желісінен ақпаратты іздеу, талқыға бағыттайтын кеңесшіге айналды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Мамыр 2021
404
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аюпова Муслима Владимировна

Батыс - Қазақстан облысы №16 ЖОББМ

Баяндама «Онлайн сабақты ұйымдастырудағы тиімді бағдарламалар»


Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы- білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың қоғам алдында тұрған ең басты міндеті.

ХХІ ғасыр – техникалық озық дамыған ғасыр. Қазіргі қоғам инфокоммуникациялық әрекеттесуге негізделген білім беру жүйесін ақпараттандырудың әрекеттесу жағдайында мұғалімнің рөлі түбегейлі өзгерді, ол оқушыларды жергілікті және ғаламтор желісінен ақпаратты іздеу, талқыға бағыттайтын кеңесшіге айналды. Желі әлеміндегі әрекеттесудің обьективті жағдайы білім беру үрдісіне қатысатын субьектілер арасындағы қарым-қатынас пен ақпарат алмасуды жүзеге асыратын кең жолақты ғаламтор болып табылады. Интернет коммуникациялық медиум ретінде желілік түйіндер арқылы ақпараттық-білімдік ортада адамдар арасындағы ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Орта кәсіптік білім ұйымдарында инфокоммуникациялық әрекеттесу білім алудың педагогикалық тәсілі ретінде ұйымдастырылған онлайн сабақтар арқылы жүзеге асырылады. [1.70 с]

Онлайн сабақ деп оқу орынының ақпараттық-білімдік ортасы және желі көмегімен білім беру үрдісіне қатысатын субьектілердің қарым-қатынасы арқылы мақсатты ұйымдастырылған білім алу үрдісін айтады.[2.192с] Қазіргі таңда орта кәсіптік білім беру ұйымдарында онлайн сабақ ұйымдастыру жеке жолға қойылмағандықтан биылғы жылы біраз келеңсіздіктер туындады.

Осы орайда бізге бейнеоқыту сабақтары және озық сервистік бағдарламалар көмекке келеді. Әдетте оқыту видеоларының үш түрі болады:

1. Скринкаст – компьютер эктанындағы әрекеттер дыбыспен сүйемелденетін бейнесабақ. Photoshop  немесе сол сияқты бағдарламаларды қолдануды үйретуге арналған таптырмас жанр.

2. Бейнесүйемелдеу – адам камера алдында отырады және мәтінді оқиды. Бұл әдетте слайдтарға түсініктеме беру үшін PowerPoint презентациясына қосымша ретінде пайдаланады.

3. Бейне сабақ – қысқа оқыту ролигі. Формат бойынша теледидар хабарларына ұқсас. Қазіргі кезде кеңінен таралған оқыту видеолары. Бейнежазбалардың (скринкасттардың) көмегімен компьютерлік өнімді немесе қызметті неғұрлым жақсы түсіндіруге, көрсетуге болады. Сонымен қатар, бейнелер интернетте тез таралады. Бұндай бейнесабақтарды жазудың тегін әдістері де бар.

Қазіргі таңда әрбір білім мекемесінде өзіндік жеке білім порталы бар. Өте ыңғайлы оқушы мен оқытушы арасындағы тікелей желілік еркін байланыс. Оның бір артықшылығы кез-келген уақытта оқушы жасаған өз жұмысын жүктей алады.

Онлайн сабақты ұйымдастырудағы негізгі тиімді бағдарламалар.

1.Камтазия 8 программасы арқылы бейнесабақ жасау арқылы оқушыға дайын материал ұсыну.

2.MovaviVideoSuite мультимедиялық программасы арқылы бейнесабақ жасау арқылы оқушыларға материал ұсыну.

Осы екі мультимедиялық бағдарламалар қазіргі таңда озық бейнесабақ жасаудағы бағдарламалар болып табылады.

Слайд және дайын оқу материалдарын дайындауда қарапайым бағдарламаларды қолдануға болады.

Олар: Microsoft PowerPoint-қарапайым, қолжетімді слайд жасауға арналған бағдарлама.

Prezi – бұл интерактивті презентация құруға арналған бұлтқа негізделген қызметтік бағдарлама. Ол Microsoft PowerPoint программасының балама түрі болып табылады. Осындай бағдарламалардың жиынтығымен онлайн сабақты ұйымдастыру әлдеқайда ыңғайлы және ұтымды.

Әрине дайын материалды оқушыларға жеткізуге онлайн бейнеконференциялар қолданамыз.

Zoom – нақты уақыттағы хабарламалармен және мазмұнды тасымалдаумен ерекшеленетін бейнеконференция сервисі.

Google Meet-бастапқы кезде бейнеконференциялық сервис болып, кейіннен онлайн сабақ ұйымдастыруда жаңа қолданысқа ие. Енді осы бейнесабақты жасаудың қадамдарын қарастырайық.

1. Видеосабақты немес скринкастты жазудағы ойыңыз бен мақсатты аудиторияңызды анықтап алу. Бұл сізге тақырыбыңызды жалпыламай өз бағытыңызды кеңінен қамтуға көмек береді. Мысалы, ағылшын тілін бәрі үйрене алады, бірақ сіздің сабақтарыңыз барлық адамға түсінікті болуы мүмкін емес: бірінің деңгейі сәйкес келмесе, бірінің көзқарасы өзгеше болуы мүмкін. Сондықтан әрбір істе бірінші өз мақсатыңызбен оның кімге арналғанын айқындап алғаныңыз дұрыс.

2. Алдын ала сценарий дайындап алу. Бұл барлық видеосабақтарға қатысты. Бұл қадам сізге түсірілім кезінде уақыт үнемдеуге, қателіктер жасамауға, қажетсіз тоқтауларды болдырмауға көмек береді. Әрине, сіз өзіңіздің не айтатыныңызды жоспарлап алсаңыз видеоны жазу кезінде өзіңізге сенімді боласыз.

3. Сапалы дүние жасау үшін сапалы камера мен микрофон қажет. Адам ең бірінші көзбен қабылдайтын болғандықтан камераңыз соңғы үлгідегі болмаса да білім алушыға сапалы дүние ұсына алатындай болуы керек.

4. Түсірілім алаңын таңдау,жарықтандыру. Видеоңыздың танымалдығы көбінесе суретке байланысты тақырыбына 100% сәйкес келуі керек. Ал жарықтандыру үшін міндетті түрде арнайы жабдықтың болуы шарт емес: үйдегі шамдарды, күннің жарығын тиімді пайдалануға болады.

5. Жүргізушінің образын реттеу. Жүргізушінің образын реттеу видеоларда оның образы сабақ пен тақырыпқа сай болуы керек. Стиль және түс таңдауда абай болыңыз.

6. Видеоны бөлшектеп түсіру. Бұл қадам сізді шаршап қалудан, видеосабақтың монотонды болуынан сақтайды. Және бөлшектеп түсірілген материал монтаж жасағанға да қолайлы.

7. Оқу роликтерін жасау үшін бағдарламаны таңдап, видеоны монтаждау. Маңызды сәттердің бірі, көптеген арнайы бағдарламалар болғанымен әрқайсысының өздерінің ерекшеліктері, қосымша функциялары бар. Видеосабақтар жасау үшін сарапшылар осы екі танымал бағдарламаны пайдаланады: Sony Vegas және Adobe Premiere. Скринкаст жасауға арналған бағдарламалар: «Экранная Камера», Camtasia Studio және Movavi Screen Capture.

Жоғарыдағыларға қосымша: видеоның ұзақтығы 7-10 минутты құрауы керек. Себебі, зерттеулерге сүйенсек, адам бейнематериалдың алғашқы 10 минутындағы ақпаратты толық қабылдайды екен. Ал сағаттарға созылатын видеоларды тек 20 % көрермен ғана соңына дейін қарайды. [3.280с]

Сонымен, биылғы 2020 жылы білім жүйесінде үлкен өзгеріс болды. Дегенмен қашықтықтан оқыту онлайн оқуға ұқсамайды, онлайн оқу бұрыннан қалыптасқан оқу формасы. Дегенмен, Қазақстандағы оқу форматы жаңартылған форматта жұмыс істеуде өз тарапынан белсенділік танытты, сондай-ақ инновациялық IT бағдарламаларды қолдануда жетістіктерін айта кеткен жөн. Осыған дейін бейнеконференциялар мен озық бағдарламаларды Үкімет тарапынан ғана танып білсек, қазіргі таңда ұстаздар қауымы толық меңгеріп өз сабақтарында тиімді қолданады.


Әдебиеттер тізімі

1.Ахметова Г.Б. Методология и технология формирование сетевой готовности будущих специалистов. – Алматы, 2009. – 270 с.

2.Полат Е.С. Дистанционное обучения. - М.: Владос, 1998.- 192 с.

3.Тажигулова А.И. Педагогическая методология и технология информотизации среднего образования. – Алматы, 2009. – 280 с.

4. Қазақстан және ТМД елдеріндегі   білім беруді ақпараттандырудың IV Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы.38-39 бет.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!