Материалдар / Баяндама «Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама «Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі.Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып үйретуде алатын орны да ерекше. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету.Сонымен қатар , сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой –өрісін жетілдіруге де баса назар аударылады.Соның нәтижесінде жас ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге негіз қаланады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Наурыз 2021
2370
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады








Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру


Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі.Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып үйретуде алатын орны да ерекше. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету.Сонымен қатар , сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой –өрісін жетілдіруге де баса назар аударылады.Соның нәтижесінде жас ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге негіз қаланады.

Демек, сауат ашу білім мен тәрбие алудың кілті іспеттес. Сауат ашудың негізгі мақсаты-болашақ ұрпаққа терең білім мен өнегелі тәрбие беру, сол арқылы оларды өмірге , өз Отанын , ел – жұртын шексіз сүйе білуге тәрбиелеу, білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын негізгі талаптардың ішіндегі аса күрделісі – алты жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі.Өйткені мектеп есігін алғаш ашқан баланы оқытудың өзіндік қиындықтары бар. Ол қиындықтар балалардың физиологиялық – психологиялық өзгешеліктеріне байланысты .Себебі сауат ашу жұмысы оқушылардың оқуға , ой еңбегіне қажет белгілі бір қабілет бейімділікті талап етеді.

Жалпы сауат ашудың нәтижелі болуы даярлық кезеңінде жүргізілетін жұмыстардың мейілінше сапалы болуына байланысты.Демек, сауат ашуға даярлық жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып, ұқыпты жүргізуге баса назар аударылады.

Сауатты жазуға үйрену жұмысы граматикаға сүйенеді.Олай болса белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын граматикалық құбылыстар сапалы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет.

Дұрыс , сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына , буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге , әріп алмастырып алмауға бір сыпыра көмектеседі.Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын балаларға ережені түсіндіргенде де , жаттығулар жүргізгенде де , олардың жазуларынағы қателерді түзеткенде де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп.

Сауат ашу кезінде оқу мен жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста болады.Жақсы оқи алатын бала таза да сауатты жаза біледі, ал , жазуды жақсы меңгерген оқушы оқуды жеңіл меңгереді.Бір сабақтың өзінде оқу қызметі мен жазу жұмысы бірін-бірі алмастырып және бірін меңгеруге екіншісінің көмегі тиіп отырады.

Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу – қай тілдің болмасын басты ұстанымы. Сауатты жазудың алғышарты бастауышта қаланады. Мектеп табалдырығын аттаған балаға бірінші сыныптан бастап дұрыс сөйлету үшін сөздердің дыбыстық жағы, дұрыс айтылуы қадағаланады.

 Оқушының орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуы – бастауыш сынып мұғалімінің маңдай терінің жемісі. Бастауыш сыныпта бағдарламаға сәйкес жоғарыда көрсетілген білім-білік дағдылары қалыптасқан оқушылар сауатты  жазуға  дағдылану  барысында  графикалық  түрде  қарым-қатынас  жасау  мүмкіндігіне  ие  болады. Осы арқылы жазуын ғана емес, сөйлеуін  және  таным  мүмкіндіктерін  жетілдіре алады. Таза жазу  дағдысының  алғашқы бастамасы  әріптің  әрбір  бөлігін   дұрыс сызып көруі  арқылы  қалыптасады. Әдетте, мұғалім тарапынан оқушыға әдемі, сауатты жаздыру ғана емес, оқушының бүкшимей, басын тым төмен салбыратпай, денесін тік ұстап, өзін дұрыс игеруіне қатты көңіл бөлінеді. Оқушылар  жазу ережесін  сақтап  отырғанда  ғана  дұрыс  жазуға  үйрене  алады. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына жазуға төмендегі  талаптар  қойылады, және бұл  талаптар  бастауыш  мектептің  барлық  сыныптарында  жазу  жұмысының  барысында  орындалып  отыруға  тиіс:

·        әріпті  дұрыс  жазу, дәптердің  көлденең  сызығынан  ауытқымау;

·        әріптердің  элементтерін  жазғанда  ұзынды-қысқалы қылмай, тегіс, бірдей  жазу;

·        әріптердің  бірін  оңға, бірін  солға  қисайтпай,  барлық  әріпті бірдей, оңға  қарай  сәл  көлбете  жазу;

·        әріптердің, сөздердің  арасындағы  қашықтықты  бір  қалыпты  сақтап  отыру,  бірте-бірте жазу  қарқынын  тездете  түсу.

·        түрлі диктанттар жаздыру, әсіресе, сөздік диктантының маңызы зор.

·        сөздікпен жұмыс істету.

·        тақырыпқа байланысты орындау шарты әртүрлі болып келген жаттығуларды орындату;

·        сөзді, сөйлемді тақтадан, кітаптан дұрыс көшіріп жазуға мән беру

Ғалымдар зерттеуі іскерлік ойындардың оқушылардың оқу үлгеріміне жақсы әсер ететін дәлелдеп отыр.Мен өз сабақтарымда іскерлік ойындарды оқытудың тиімді, үнемді, негізгі әдістерінің бірі ретінде қолданамын. Олар оқушыны қысым жасамай оқытуға мүмкіндік береді, оқушының оқиғаны терең толғаныстармен түсінуіне себепші болатынын байқадым.

Алуан түрлі ребустар, сөзжұмбақтар, құпияхаттар, сөзтуымдар, логикалық есептер білім береді және оқушыларды ынталандырады. Математикада "Кім жылдам", "Ең үздік есепші", "Хоккей" ойындары тез санауға үйретеді. "Бағдаршам", "Дым білмес"ойындары арқылы жол жүру ережелері қайталанады. Ал "ғарышкерлер" ойыны ғылым жетістіктерімен, "Футбол", "Хоккей" ойындары еліміздің спорт шеберлерінің жетістіктерімен таныстырады. "Ағашты кім тез отырғызады" ойыны табиғатты күтіп ұстауға тәрбиелейді. Іскерлік ойындар ойнағанда бала нақты оқиғалардың куәгері болып еңбек етуге отбасылық өмірге, қоғамдық қатынастарға әзірленеді.
Идеялар банкі. Бұл әдіс ой майданы деп аталады. Топтық алдына бір міндет қойылады, осы міндетті шешу үшін топ мүмкіндігінше жаңа, тың ұсыныстар айту керек. Барлық ұсыныстарды топ жинап алып, оларға баға береді. Бұл әдіс арқылы проблемалық жағдаят жасалып, оны шешу туралы ұсыныстар айтылып, ол ұсыныстар тексеріліп, бағаланады және ең жақсы ұсыныстар таңдалып алынады.

Мұғалімнің алдында тұрған ең басты міндеті- оқушыларды сабаққа ынталандыра білу, сол арқылы тақырыпты білу, жете меңгеру.ана тілі , дүниетану сабақтарын қызықты, тартымды өткізу үшін сабақтың әртүрлі әдіс- тәсілдерін орынды қолдануға тырысамын. Жаңа технологияларды пайдалана отырып сабақта қолданылатын ойындарды мына төмендегі түрде қолданамын:
1) Оқыта үйрету ойындары. 
Бұл ойындарды сабақта да, сабақтын тыс шараларда да пайдалануға болады.
2) Тілдік ойындар: Ауызша сөйлеу және жазу машықтарын дамытуға арналған.
3) Драмалық, рөльдік ойындар. Қарым-қатынастарын жақсарту, ауызша сөйлеу, оқушы білімдерін әртүрлі жағдайларда қолдану машықтарын дамыту.
4) Психологиялық ойындар.
5) Грамматикалық ойындар т.б
Сонымен бірге ұлттық ойын түрлерін де кезектестіре, сабақ тақырыбына байланысты пайдаланамын. Жаңа материалдарды түсіндіру кезінде «Бәйге», «Көкпар», «Асық» секілді ойындарды ойнатамын.

Қорыта келе айтарым баланың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізілген жұмыстар осындай жұмыстар

  • Оқушылардың сауаттылығын қамтамасыз етуге, олардың сауаттылық деңгейін тексере отырып,білімдегі кемшіліктерді жоюға;

  • Оқушының тіл байлығын арттыра отырып , ойлау қабілетін, байқампаздығын дамытуға.

Тіл дамыту сабағында оқушының шығармашылық даму кезігдегі қалыптасатын дағдылары

  • Өз ойын-пікірін жеткізе білуге;

  • Ізденгіштікке ұмтылуға;

  • Құбылыстарды шынайы бағалай білуге;

  • Толық фантазиялық еркіндікке;

  • Орфографиялық сауаттылықты нығайту оң әсерін тигізіп, жақсы нәтиже береді

деп есптеймін.

Психолог Егоров Тихон Георгиевич айтуынша «іштей», саналы, мәнерлі және жүрдек оқу, оқыту процесінің соңғы этаптарында ғана ұстаз ойлаған деңгейге жетеді. Сондықтан бастауыш мектеп сыныптарында балалардың оқу іскерлігі аяқталмайды, ол ұзақ дамудың тек қана алғашқы бөлімі болып табылады. Оқушы үлгеріміне әр түрлі жағдайлар әсер етеді. Соның ішінде ең күшті орын алатыны - баланың оқу жылдамдығы болып шыққан. Егер оқушы нашар оқыса, оның оқуға ынтасы өзінен - өзі төмендейді, үлгермейді. Әдетте кім тез оқыса, сол көп оқиды, көп оқыса, көп біледі. Оқу техникасы артқан сайын, есте сақтау қабілеті де, ақыл - ой еңбегіне ынталығы да арта түседі. Мәтінді әрі жылдам, әрі дұрыс, әрі мазмұнды түсіне оқи білу - үлкен еңбектің жемісі. Оқушы үлгерімінің негізгі факторы - оқу жылдамдығы болғандықтан мен бұл мәселені өзекті тақырып етіп алдым


Бастауыш сыныптарында ана тілі пәні – балалардың негізгі құралы. Оқуға үйрету сауат ашу кезеңінен басталады.
Жеке оқушылардың дыбыс, буын сөз, сөйлемдерді саналы дұрыс, анық, дауыстап оқуы талап етіледі. Сондай-ақ мәтінді оқу кезінде сөз мәніне, мағынасына назар аудару, сөйлемдер арасындағы байланысты түсіну, сол арқылы мәтін мағынысын түсініп, айтып беруге үйрену, сөйтіп түсініктерін біртіндеп күрделену бағытында мәнерлеп оқуды жетілдіру мақсаты көзделеді.
Оқуға үйретуге қойылатын негізгі талап – дауыстап, мәнерлеп және іштен оқуды меңгерту.
Педагогика ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағартушы ұзтаз Ж. Аймауытовтың ана тіл пәнінің алдына мақсаты оқушының оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру керектігін алға тартады.
Дәстүрлі түрмен мұғалімдермен тексерілетін оқушылардың оқу жылдамдылықтары оқушылардың бойында берілген мәтінді 1 минут ішінде неғұрлым көп оқып шығу деген ұғым қалыптасып қалған. Ал мұғалімнің сен «жақсы оқисың» немесе «жаман оқисың» деген сөзі оқу деңгейін білдіретін ұғыммен сай келеді.
Сөйтіп оқушылар жақсы оқу үшін өздерінің алдына мәтінді белгілі бір уақыттың ішінде тез суылдатып оқып шығу мақсатын қойып, мәтіннің не тіліне, не мазмұнына, не кейіпкерлер бейнесі мен шығарманың идеясына мән бермейді. Сөтіп оқылған шығарманың мазмұны ашылмай оқушыларда түсініксіздік тудырады.
Көркем шығармаларды ерекше дауыс ырғағына, екпініне қарай мәнерлеп оқып, негізгі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, көңіл-күйін дәл бейнелейтін сөздер мен сөз тізбектерін даралап оқу өкінішке орай жүзеге аспайды.
Оқу машығын қалыптастырудың мақсаты – баланың өзі оқыған сөйлемін, мәтінін толық түсінуі және сонда қолданылған сөздердің мағынасын меңгеруіне қол жеткізу. Мұны орындау үшін оқытушы баланың әрбір сөзі дұрыс анық оқуын үнемі қадағалап отыруы шарт. Әрбір сөзді дұрыс анық етіп оқыған бала сөзді түсінеді. Шапшаң оқудың алғы шарты орындалады. Осыдан шапшаң оқудың дұрыс оқумен, түсініп оқумен өте тығыз байланыстылығы көрініп тұрады. Оның үстіне сөзді дұрыс және тусініп оқу үшін мәтінді белгілі бір қарқынмен оқу қажет. Олай етпеген жағдайда мәтінді оқушы да, оны тыңдаушы да ештеңе түсінбейді.
Оқу жылдамдығын қалыптастыру бастауыш сыныптан басталады. Осы кезеңде баланың дұрыс оқуы, әрі жылдам, әрі мазмұнды түсіне оқи білу – үлкен еңбектің жемісі. Сондықтан жылдам оқу – оқушы үлгерімінің негізгі фокторы. Әдетте кімдер тез оқыса, сол көп оқиды, көп оқыса, көп біледі. Оқу жылдамдығы артқан сайын, есте сақтау қабіліті де, ақыл ой еңбегіне ынталығы да арта түседі.
Кітап оқудың бастысы қанша кітап оқығаныңда емес, керісінше, оқыған кітаптарыңның қаншасын түсінгеніңде.
Оқу жылдамдығы дегеніміз – белгілі бір уақыт ішінде оқылған мәтіннің көлемі. Мәтін көлемі – бет, сөз, буын түрінде анықталады.
Халықаралық салыстырмалы (PISA) зерттеуінің негізгі мақсаты да оқушалардың мәтінді қандай жылдымдықпен оқитыны және түсінетіндігін тексеру болып табылады.
Мектебіміздің бастауыш саныптарында оқу жылдамдықтарын тексеру кезіндегі оқып шыққан мәтін бөлігінің мазмұнын қабылдаулары төмен болғандықтан, мектебімізде оқышылардың оқу машықтарын жетілдіру және оқу дұрыстығын қалыптастыру үшін оқушылардың оқу машықтарын тексеру мен бақылауды жаңа үлгіде қарастыру қажет болды.
Сондықтан мұғалімдермен бірігіп әдістемелік бірлестік отырысында «Оқушылардың оқу машықтарын тексеру бойынша әдістемелік нұсқаулық» әзірленді.
Мәтін оқуды бағалау
Мектепте оқу әрекетіне байланысты оқушылардың төменгідей білімі мен білігі терсеріледі:
• Оқу кезінде (дауыстап немесе іштей) оқығанды қабылдау дағдысы;
• Мәнерлеп оқу, мәтінді мазмұндап беру, прозалық және поэзалық шығармаларды жатқа айта алуы.
Әдебиеттік оқу бойынша бағаларды қорытқанда келесілерді ескерту қажет:
• Оқылған мәтін бойынша оқушының түсінігі;
• Оқу тәсілі, оқу дұрыстығы, оқу мәнерлілігі;
• Сөйлеу дағдылары және мәтінмен жұмыс істей алуы.
Оқушылардың оқу жылдамдығын тексеру үдерісінің тәртібі
1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу машығының қалыптасуын тексеру бірнеше күн өткізілуі мүмкін.
2. Оқушылардың оқу машығын тексеру үдерісі өтетін аудиторияда бастауыш сыныптың екі мұғалімі болуы керек. Оның бірі – ұйымдастыру міндетін атқаратын, сол сыныптың мұғалімі, екіншісі – сол сыныпта сабақ бермейтін, экзаменатор роліндегі басқа мұғалім.
3. Ұйымдастырушы мұғалім оқу машығын тексеру үдерісі өтетін аудиторияға оқушылардың бір-бірден қатысымын ұйымдастырады.
4. Тексеруге қатысатын оқушыларға тексерісте оқылатын мәтінді алдын ала оқытуға рұқсат етілмейді.
5. Оқуға берілген мәтінді оқушы соңына дейін оқиды.
6. Экзаменатор-мұғалім оқуды бастауға дейін уақыты белгілеп оқушыға бастауды рұқсат етеді. Мәтін оқылу кезінде мұғалім тексеру парағына сәйкес өзіне белгілер қойып отырады. 1 минут уақыт шыққан кейін экзаменатор-мұғалім өзіне соңғы оқылған сөзді белгілеп алады.
7. Оқушымен мәтін толық оқылғаннан кейін экзаменатор-мұғалім оқылған мәтіннің түсінік деңгейін тексеру үшін мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қояды.
8. Тексеру үдерісі аяқталғаннан кейін, оқушы аудиториядан шығарылады. Мұғалім 1 минутта оқылған сөздерді санап, жіберілген қателерді жүйелеп, қорытынды бағасын шығарады.
9. Мәтін оқу үстінде оқушыларға ескерту жасауға, 1 минут уақыт аяқталған соң тоқтатуға, басқа оқушылардың алдында оқушының оқу деңгейіне ауызша баға беруіне және оқу аяқталғаннан кейін баға шығаруға (ауызша немесе журналға) болмайды.


Оқу жылдамдығы

Оқу жылдамдығының нормасы
Баға І тоқсан ІІ тоқсан ІІІ тоқсан IV тоқсан
1-сынып
“5” 25 сөзден артық 35 сөзден артық
“4” 20-25 сөз 26-35 сөз
“3” 10-15 сөз 20-25 сөз
“2” 10 сөзден аз 20 сөзден аз
2-сынып
“5” 45 сөзден артық 50 сөзден артық 55 сөзден артық 65 сөзден артық
“4” 35-40 сөз 45-50 сөз 50-55 сөз 60-65 сөз
“3” 35-34 сөз 40-45 сөз 25-39 сөз 45-50 сөз
“2” 25 сөзден аз 30 сөзден аз 35 сөзден аз 40 сөзден аз
3-сынып
“5” 60 сөзден артық 65 сөзден артық 70 сөзден артық 75 сөзден артық
“4” 40-55 сөз5 55-60 сөз 60-65 сөз 65-70 сөз
“3” 25-39 сөз 35-49 сөз 40-54 сөз 45-59 сөз
“2” 30 сөзден аз 35 сөзден аз 40 сөзден аз 45 сөзден аз
4-сынып
“5” 75 сөзден артық 85 сөзден артық 90 сөзден артық 100 сөзден артық
“4” 65-70 сөз 75-80 сөз 85-90 сөз 95-100 сөз
“3” 45-59 сөз 55-69 сөз 65-74 сөз 70-84 сөз
“2” 45 сөзден аз 55 сөзден аз 65 сөзден

Оқушылардың оқу шапшаңдығын арттыру жолдары

Тез оқу әдістемесі немесе техникасы дегеніміз не және не үшін қажет? Жалпы оқу сапасын арттыру үшін жай оқу керек па, әлде шапшаң оқу керек па? Жеделтетіп тез оқу әдісі неге маңызды және қай жерде пайдалы? Қарапайым өмірде адамдар  тақырыпты жай асықпай оқу  пайдалы әлі түсініктірек деп қате пайым жасайды. Расында тез оқу дегеніміз тез игеру, тез түсіну, тез ұғыну ұғымдарымен тығыз байланысты.Оқымысты, жан-жақты адам дегеніміздің өзі – жеделдете тез оқи алатын, әртүрлі ақпараттарды тез игере алатын адам деген сөз.

   Бұрынғы өткен ұлы данышпан адамдардың көбісі тез оқу әдісін терең меңгерген, өз заманының озығы болған. Жай асықпай оқитын адамдарға қарағанда, әр түрлі зерттеулердің қорытындысына байланысты, тез оқи білетін адамдардың жүйке жұмысының өте белсенді күшті дамығанын және де қарапайым өмірде  де осы белсенділігінің арқасында көп жетістіктерге жететіндігі дәлелденген.

Шапшаң оқуға балаларды 1сыныптан бастап баулу керек. Себебі, оқу жылдамдығы төмен бала өз сыныптастарына қарағанда үй тапсырмаларын орындау барысында оқып-түсіну үшін көп уақыт жұмсайды, шаршайды, оқуға деген ықыласы төмендеп, өзіне сенуден қалады. Нәтиежесінде  баланың оқу көрсеткіштері нашарлап, эмоциональдық күйзеліске ұшырап, оқуға мүлдем құлқы болмайды.

  Сондықтан баланы алғашқы сабақтардан бастап әр түрлі әдістемелері арқылы тез оқу әдісіне машықтандырып, көп еңбек етіп, қызығушылығын тудыру керек.

  Тез оқу әдісіне қандай факторлар кедергі келтіруі мүмкін:

1) тақырыпты оқып шықаннан кейін, не туралы оқығанын түсінбеуі

2) сөздің астарын, мағынасын тусінбеуі

 3) регрессия – көздің оқу кезінде қозғалу жылдамдығы, 1 сыныпта

4) көру аймағының аздығы, бұл дегеніміз бала көзінің қозғалтпай отырған кездегі, көзге жақын көрініп тұрған аумақ немесе кітап бөлігі

5) артикуляция, яғни жай ежіктеп оқу барысында, дауысын шығарып, оқу процесіне есту аппаратының (құлағының) қосарланып қатысып отыруы.

  Міне осы факторлардың бәрін ескере отырып ең бірінші баланың көруі арқылы есте сақтау қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөлу керек

  Ол үшін сабақтарда:

1) түрлі суреттер топтамасын пайдаланып, көрсетіп, балалардан 1секунд ішінде жаттап алған нәрселерін сұрау

2) екі бағанға сөздер жазып, балаларға көрсетіп, оқытып қайталап сұрау

3) мағынасы қарама-қарсы сөздерді айтқызып жарыстыру

4) өткен тақырыптарды қайталап сұрап тұру

 5) тақырыптың кез келген сұрақ қойып, жауабын тез тауып айтуға жаттықтыру

6) жаңылтпаштар оқыту

7) оқу жылдамдығын салыстырып, жиі жарыстыру, көрсеткіштерін күнделікке жазу

8) таныс тақырыпты оқытып, тез басқа таныс емес тақырыпқа көшу

9) тіркес немесе біріккен сөздерді жазғызып олардың қандай сөздерден құралғанын сұрау

10) берілген әріптерден сөз құрастыру; кім көп сөз, әрі кім тез?

Осындай әр түрлі жаттығулардан кейін, баланың оқуға деген құлшынысы артып оқуға белсене қатысып, өзінің оқуға тез бейімделе бастағанын байқамай қалады.

Баланы тез оқи білуге үйрету, бұл бүкіл білім беру ісінің негізгі фундаменті болып табылады. Өйткені бала әрі қарай осы оқу әдісін меңгеруіне байланысты әр түрлі пәндерді тез оқып, үйреніп, игеріп кетеді.

Қазіргі кезде 2-сынып мұғалімі ретінде осы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, нәтижелі жетістіктерге жетіп отырғанымды айтқым келеді.

Оқу шапшаңдығын арттыру

Жаңа ғасыр қоғамды қайта құру жағдайында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттерінің бірі- ұлттық ерекшеліктерді еске салып, жастарға білім мен тәрбие беру ісін дамыту және жетілдіруді басты мақсат етіп отыр. Білім мен тәрбие берудің негізі жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту кезек күттірмейтін мәселе десек, бастауыш мектеп- соның бастауы. Педагогика ғылым ретінде өте күрделі. Оның күрделілігі-жүз мыңдаған компоненттерден бас қатырарлықтай шиеленісе байланысып жатуында. Ал, оның жауапкершілік өлшемі – Адам!

Мұны біз ұстаздық өмірімізде күн сайын, әрбір минут сайын ұмытпайық. Ұстаз еңбегі- оқушы білімімен өлшенеді. Ұстаз еңбегінің күрделілігі- әрбір оқушының жүрегіне жол табуында, әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді тануға, қоғам алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір-қасиетін сезіндіру. Бүгінгі ұстаз, ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып қастерлейтін, оны өзгеге танытып, сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық деңгейі жоғары, білімді, білікті болуы керек.

Ұстаздық оқу-тәрбие ісі оқушының жүрегін тебірентіп, ой-сезіміне әсер ету үшін:

1) Ұстаз сауатты, жан-жақты болуы;

2) өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін, шеберлікпен жеткізе білетіндей әдіскерлік икемділігі;

3) оқушының психологиялық ой-өрісін бақылай алатын сезімтал психолог, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілігі қажет;

Міне, бойында осындай қасиеттері бар ұстаз-кішкентай бүлдіршіндермен тіл табысып, сауатын ашып, олардың оқуға деген ынтасын, оқу шапшаңдығын арттыра алады.

Бастауыш сыныптарда оқушылардың оқу шапшаңдығын арттырудың маңызы өте зор. Оқу дағдысын жетік меңгерудің алғашқы сатысы 1-сыныпта әліппе кезеңінен басталады. Оқушы 2 немесе 3 дыбысты үйренгеннен кейін-ақ, жеке-жеке әріптеп оқытпай, неғұрлым буындап оқуға дағдыландыру қажет. Ол үшін созып оқу тәсілін пайдалану тиімді болады.

1-сынып оқушылары буындап оқуды меңгергеннен кейін-ақ шапшаң оқудың алғашқы сатысы қаланды деуге болады.

Оқушылар 1-сыныпты бітіргенде 35 сөз оқуы тиіс. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес 2-сыныпта жыл аяғында 55-60 сөз оқуы, 3 сыныпта жыл аяғында минутына 75-80 сөз, 4 - сынып оқушылары минутына 95-100 сөз оқуы қажет. Барлық сынып оқушыларының мұндай дәрежеге жетуі үшін шапшаң оқуға дағдыландыру қажет. Шапшаң оқуға дағдыланғанда ғана оқушы төмендегідей жетістіктерге жете алады:



1) Мәнерлеп оқуды меңгереді. Сөйлем түрлеріне және мәтін мазмұнына қарай оқу мәнерін сақтай отырып оқуды біледі.

2)Оқығанда көз алдына еслестете отырып оқу қабілеті артады. Әртүрлі сезімдерге беріледі. Қиялдау қабілеті дамиды.

3) Тақырып соңындағы тапсырмалармен емін-еркін жұмыс істейді.

4) Үй тапсырмасын оқып дайындалғанда уақыт үнемдейді.

Тез оқитындардың көру көкжиегі кең. Шапшаң оқып, көру көкжиегін кеңейтудің құпиясын меңгерту бастауыш сыныпта-ақ басталады. Оның әдістері төмендегідей:

Бірінші: Артикуляциямен, яғни дауыстап оқу. Бұл әдіс 1,2,3- сыныпта үнемі пайдаланылады. Менің қазіргі сабақ беріп жүрген сыныбымда орташа оқитын оқушыларға осы әдісті пайдаланып жүрмін.

Екінші: Артикуляциясыз, яғни үнсіз көзбен оқу. Бұл әдісті 4-сыныпта пайдаланған тиімді. Дауыстап оқуға төселген оқушылар 4-сыныпқа көшкенде үнсіз оқуды меңгеріп кетеді.

Үшінші: Алгоритм бойынша оқу. Алгоритм дегеніміз- тақырыпты жүйелі, рет-ретімен орындау әрекеті ( машығы).

а) кітаптың немесе мәтіннің тақырыбына назар аудару;

ә) авторын есте сақтау;

б) оны өмірде пайдалану мүмкіндігіне назар аудару.

Бұл әдіс 1-сыныптан бастап-ақ жүзеге асу нәтижесін береді. Оқушы өзінің оқып отырған немесе жаттаған өлеңінің тақырыбын білуі тиіс. Және авторына назар аударуды әдетке айналдырған жөн. Өзі оқыған мәтіннің мазмұнын ұғып, өзінің өмірінде пайдалануға бола ма, болмай ма соны білуге дағдыландыру.

Төртінші: Хормен оқыту. Хормен оқыту көп жағдайда өлең шумақтарын оқуда пайдаланамыз.

Бесінші: Бәрімізге белгілі байырғы Шульте таблицасын бастауыш сыныптарда пайдалану әдісі. Бұл әдісті 3,4-сыныпта пайдаланады. Оқушы алдымен сандарды рет-ретімен көзбен көріп жаттығады. Таблицаны оқып жаттығуға алғашында көп минут кеткенімен, ал үйрене келе жаттығады. Бұл көру көкжиегін кеңейтудің бір әдісі. Шульте таблицасын еңбек сабағында әр оқушы өзі жасап алуына болады.

Алтыншы: қосымша газет, журнал оқу.Ертегі кітап оқуға да болады. Немесе аптасына 1 рет 10 минуттық хабарлама оқуға дағдыландыру тиімді. Бұл әдісті мұғалім оқушы қабілетіне қарай жұмыс түрлерін түрлендіруге болады:

1) хабарландыру

2) мінездеме жазу ( бір-біріне, кейіпкерге)

3) тақырыпқа сай жоспар құру

4) шығарма, мазмұндама, диктант жазу

5) монолог, диалог, тест құру және т.б

6) Ойын түрлерін ұйымдастыру

Осы әдістердің барлығына сыныпта көп уақыт жұмсамай-ақ, 5-10 минут бөліп, үйге қосымша тапсырмалар беріп жіберсең, оқушының оқуға деген қызықғушылығы мен бірге оқу шапшаңдығы, ой-өрісі, танымы, қиялы артады. Оны өз сыныбымнан нашар оқушылармен жұмыс жүргізгенде өз жұмысыма риза болған сәттерімде кездестірдім.

Бастауыш мектеп- оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше, құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын және жауапты жұмыс. Біздің мақсатымыз- баланы оқыта отырып жан-жақты тәрбиелеу. Оқушылардың оқу шапшаңдығын арттыру үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта жоғарыда келтірілгендей әртүрлі әдіс-тәсәлдерді қолдануға болады. Ұстаз әрбір сабағында шәкіртін таң қалдыруды ұмытпаған жөн. Қорыта айтқанда, « Дарындылыққа ұмтылу таң қалудан басталады» демекпін. Сонымен бірге, ұлы ғұлама Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамз

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!