Оқушыларды ҰБТ-ке және мемлекеттік емтиханға
дайындау жолдары
Ахметова Роза
Сауранбекқызы
Қызылорда облысы Шиелі
ауданы
№181 орта мектептің қазақ тілі
мен
әдебиеті пәні мұғалімі
ҰБТ- бұл оқушының орта мектеп
курсы бойынша алған білімдерін сараптайтын бағалау түрі. ҰБТ-ке
дайындыққа мектеп директоры басшылық жасап, оның жұмысын
директордың бағдарлы жұмыстар жөніндегі орынбасары
жүргізеді.
Мектептің ҰБТ жөніндегі
орынбасары Г.Нұрымбетова әдістемелік кеңесте
оқушыларды ҰБТ-ке жаңа форматта дайындау бағдарламасын
жасап және бекіттіріп,оқушылар,мұғалімдер және ата- аналарға
арналған кеңестер даярлап,әкімшілік тестілеу мен ағымдағы бақылауын
ұйымдастыру жұмыстарымен айналысуда. Сондай-ақ, оқушының тестік
қорытындысының мониторингін жасап, пән мұғалімдерімен талдау
жұмыстарын жүргізуде. Осы жұмыстар нәтижесі : білім стандартын 100
пайыз меңгеру, мектеп бойынша ҰБТ-тің орташа балы және білім сапасы
көрсеткіші болып табылады.
ҰБТ-ке дайындық кезінде оқушы
мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушісі, жауапты орынбасар,
ата-ана, психолог, кітапхана, пән мұғалімдері, қосымша сабақтар,
сынып жетекшімен тығыз байланыс жасайды. Сондықтан да бала
дайындығына барлығы да жауапты.
ҰБТ нәтижесіне күнделікті жүйелі жұмыс
ұйымдастыру; интерактивті технологияларды пайдалану;жеке тұлғаның
даралығын дамыту;
оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру әсер
етеді.
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін және білім
сапасын көтеру жұмыстарының кезеңдері үш кезеңнен
тұрады.
1-кезең.Диагностикалық:
ü бақылау жұмыстарын өткізу
арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау
ü өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен
байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудыратын
мәселелерді анықтау;
ü ҰБТ-ны өткізу ережелерімен
және ұсыныстарымен танысу.
2-кезең.Практикалық:
ü тест жинақтарымен
жұмыс,
ü күрделі тақырыптар бойынша
деңгейлік тапсырмалар;
ü топтық және жеке
дайындық;
ü жұмыс істеуде тиімді
тәсілдерді қолдану.
3-кезең.Синтетикалық
(анықтаушылық):
ü тақырыптар бойынша бақылау
тестілері;
ü мониторинг;
ü қатемен жұмыс парағын
жүргізу;
ü психологиялық тренинг
ұйымдастыру және өткізу.
Мектепте осы кезеңдер бойынша жұмыстар өз
дәрежесінде жүріп жатыр деп айтуға да болады.
Жауапты орынбасар үшін ҰБТ
–дің жоспары:
Тест өткізудің кестесін
құру;
Мектеп
бітірушілерге арналған бұрыш шығару ; Пән бойынша мұғалімдердің
алдына меже қою ;
Байқау
тест жүргізу; Тест
нәтижелерін
жинақтау;
Мектеп
бітірушілердің құжаттарын дайындау.
Пән мұғалімдері үшін ҰБТ –дің
жоспары:
Оқушының ҰБТ- ке дайындығын
сараптау барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
жұмыстары қолға алынды. функционалдық сауаттылықты
дамыту нәтижесі білім алушылардың алған білімдерін практикалық
жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті
пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін
меңгеруі болып табылады. Негізгі құзыреттілік - бұл мемлекеттің
орта мектепті бітіруші тұлғаның сапасына мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандартында ( МЖБС) және оқу бағдарламаларында
көрсетілген білім беру нәтижелері түрінде қоятын
талаптары.Бұл дегеніміз мектептің
бағдарламасын меңгеру ғана емес, жеке тұлғаның дамуындағы білімін,
танымын шыңдау, әртүрлі өмірлік жағдайларда шешім
қабылдай алатын қабілеттерін дамытуға бағыттау болып
табылады.
Бұл жиынтық сұрақтар арқылы оқу-тәрбие үрдісін
ұйымдастырудан бастап, отбасында баланың дамуына
қажетті жағдай жасауға кешенді баға беру болып
табылады
Бұл үшін ғаламтор желілерінен оқу сауаттылығына байланысты
пиза тапсырмаларын жинақтап, оны елеп, екшеп оқушыларға ұсынып, сол
бойынша жұмыс жасап жатырмын. Бұндағы мақсат оқушылардың оқу
сауаттылығы туралы білімдерін кеңейтіп, сол бойынша жұмыстана алуға
үйрету. Нәтиже де жаман емес. Бұған дейін алған үш сынақ жұмысы өз
нәтижесін берді. Жалпы орта балы- 15 пайызды
көрсетті.
Барлығымызға белгілі мектеп бітірушілер мемлекеттік бітіру
емтиханына 100 пайыз қатысса, соның ішінде
қалыптасқан жазылым
дағдыларына сүйене отырып, ана тілінен эссе жазу
жоспарланған.
Жазылым - тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне
негізделген; лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық,
әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен
формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі
қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи
әрекет
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша мектеп
оқушылары 7-сыныптың екінші жарты жылдығынан бастап шығарма жазуға
машықтана бастайды. Сөйтіп, бағдарлама бойынша 11- сыныпқа дейін әр
тоқсан сайын сайын екі шығармадан барлығы 36 шығарма жұмысын
орындайды. Яғни, оқушылар шығарма жазуға әбден төселген деп айтуға
болады. Мен шығарма мен эссенің өзіндік айырмашылықтарын т
кестесіне салып , оқушыларға ұсындым. Соны сіздердің де
назарларыңызға ұсынып отырмын.
|
Шығарма
|
Эссе
|
Мақсаты
|
Бала біліміне бақылау, білім деңгейін
тексеру
|
Өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен
шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту.
|
Талаптары
|
Тақырыптың мазмұнын нақты
ашу
Артық баяндау, дәлдемелерге
жол бермеу
Аз сөзге көп мағына
сыйғызу
Міндетті түрде жоспар болуы
және мазмұнның жоспарға сай болуы
Шығармада қолданылған
деректер бойынша қателіктер жіберілмеуі керек
Оқушының жұмысы стильдік біртектілігі мен тіл
шеберлігіне қарай бағаланады.
|
Жеке көзқарастың
көрінісі;
Фактілі дәлелдер
(аргументтер);
Цитаталарды
келтіру;
Әртүрлі көзқарастарды
мысалға алу;
Логикалық заңдылықтың
сақталынуы;
Салыстыру және қорытындылау
әдістерін қолдану;
Сауаттылық (пунктуация., орфография.);
|
Көлемі
|
6-8 бет
|
250-300 сөз
|
Құрылымы
|
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды бөлім
|
-
- кіріспе
-
-т езистер,
аргументтер
-
- тезистер,
аргументтер
-
- тезистер,
аргументтер
-
- қорытынды
|
Әлі мемлекеттік емтиханға ұсынылатын эссе тақырыптары
келген жоқ. Сондықтан да мен эссе тақырыптары мына жобада келеді
–ау деп жоспарлап, осы бойынша жұмыс жасап жатырмын . Олар: мектеп
бағдарламасы деңгейінде, салт-дәстүр бағытында, ғылым мен техника
жетістіктері барысында. Бүгінгі күнге дейін мектеп бағдарламасы
тақырыптары аясында жұмыс жасап жатырмын. Бұл тақырыптарды
11-сыныптың қазақ тілі мен әдебиеті оқулығынан алдым. 11-сыныптың
қазақ тілі мен әдебиеті оқулығында өтілген тақырыпқа сай 7 эссе, ал
әдебиет оқулығында 8 тақырыптық эссе жазу берілген. Сол
тақырыптарды негізге ала отырып, оқушыларды эссе жазуға үйретіп
жатырмын. Эссе жазуға мектеп бітіруші 16 оқушының 6-ы толық
машықтанды деп айта аламын. Осы алты оқушы да ҰБТ-ке қатысуға тілек
біілдіруде. Енді бұл оқушылармен оқу сауаттылығы бойынша жұмысты
жетілдіру керек деп жоспарлап отырмын.
Эссе жазуда ұстанатын
қадамдар:
1 қадам. Контексті анықтаңыз.
2 қадам. Тақырыпты таңдаңыз.
3 қадам. Ақпаратты жинаңыз.
4 қадам. Эссені жоспарлаңыз.
5 қадам. Алдымен негізгі бөлімді
жазыңыз.
6 қадам. Қорытынды жазыңыз.
7 қадам. Кіріспені жазыңыз.
8 қадам. Жазғаныңызды оқыңыз.
9 қадам. Қателерді тексеріңіз.
Эссе балл қою жүйесімен төмендегі көрсеткіштер
бойынша бағаланады:
-
жұмыстың академиялық стильде жазылуы – 10
балл;
-
өзіндік тұжырымдардың берілуі – 20
балл;
-
мағыналық тұтастық, ой байланыстылығы,
мазмұндаудың жүйелілігі – 10 балл;
-
ұсынылған тезистердің сауатты дәлелдемелермен
дәйектелуі, түрлі көзқарастардың берілуі, мәселеге қатысты жеке
бағалау – 20 балл;
-
ұғымдар мен құбылыстарды талдау кезінде салыстыру
мен жинақтау тәсілдерін қолдана алу қабілеті – 10 балл;
-
жұмыс цитаталарды қолдану мен рәсімдеудің
талаптарына жауап береді, мәтінде қазақ тілінің лексикалық,
фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық нормалары,
орфография мен пунктуация ережелері сақталған – 10 балл.
-
Жалпы осы балдық жүйе бойынша оқушылар 100 балл
жинау керек.