Тақырыбы: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын
дамытуда жеке тұлғаның әлеуметтік
бейімділігі
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын
арттыру – білім беру процесінің негізі болып
табылады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп,
өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай
тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін
міндет өте ауыр» деген болатын.
Мектептегі басты тұлға -
мүғалім десек, бала өмірінде мұғалім ерекше роль атқарады.
Оқушылардың білімді де, білікті, парасат пайымы мол, саналы да
сабырлы азамат боп жетілуі, тәлім мен тәрбие беретін мұғалімге
тікелей байланысты болмақ.
Демек, өз ісіне берілген,
жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттерімізді, шәкіртінің
бойына құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге
болады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы мектептен
басталады.
Мұғалімнің міндеті оқушының
өзі түсініп, ізденіп оқуына, пәнді терең білуге бағыттау. Қазіргі
білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше,
жас ұрпаққа заман талабына сай жан-жақты білім беру мүмкін
емес.Жалпы, сауаттылық адамның білімділігіне қатысты ұғым екені
белгілі. Яғни, сауатты деген сөздің түпкі мағынасы оқу, жазу, санау
біліктіліктері қалыптасқан, грамматикалық тұрғыда таза, қатесіз
жаза алатын, оқи алатын, сондай-ақ дұрыс есептей білетін адам
сауатты ретінде танылады.
Мектеп - үйрететін орта, оның
жүрегі - мұғалім. Оқушының бойына білім нәрін дарытуға көмек
беретін функционалдық сауаттылық мұғалім бойында да болуы тиіс. Тек
білім ғана бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыра алады.. Мұғалім
оқушыны тек қана мектептің бағдарламасымен шектеліп қоймай,
теориялық білімдерін практикалық жұмыстармен, өмірмен байланыстыра
білуге үйрету керек. Осындай әдіс - тәсілдерді түрлендірсек, өз
бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді.
Осындай мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттерге
тоқталайық.
1. Оқушының алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыра
білу.
2. Оқушылардың алған сапалы білімдерін өмірде қолдана білуге
үйрету.
3. Кез келген проблемалық ситуациялардың шешімін таба білуге
үйрету
4. Оқушыларды ізденіске баулып, өз
бетінше жұмыс істеуге
үйрету
Функционалдық сауаттылықтың
оқу процесінде түрлі әдістермен технологияларды қолдану, білім
сапасын арттыруға жетелейді. Осыған орай бастауыш сыныптарда
қолданылатын, тиімді технологияларға төменде көрсетілгендерді
жатқызуға болады
- дамыта
оқыту технологиясы
- ойын
арқылы оқыту технологиясы
-
ақпаратты оқыту технологиясы
- зерттеу
технологиясы
-
көрнекілік технологиясы
Аталған
технологиялардың ішінен,мен дамыта
оқыту
технологиясын жиі қолданамын. Себебі оның
тиімділігі зор.
Дамыта
оқытудың
тиімділігі
- оқушылар
бейтаныс, белгілі емес, мәселелерді өз беттерінше шешуге
жұмылады;
-
оқушылардың шығармашылық ойлауы дамиды, инеллектуалдық таным үрдісі
жетіледі;
-
ойлауымен бірге тілдері де дамиды.
Өз тәжірибемде
оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген
әдіс-тәсілдер
яғни оқушыларды жаңа тақырыпқа байланысты,
түрліше топқа бөліп отыруға болады. Мысалы математика сабақтарында
геометриялық пішіндер арқылы, сандармен, қазақ тілі пәнінен сөз
таптарының түрлерімен, сюжетті сурет қиындысымен, түсті қағаз
қиындыларымен, дүниетану сабақтарында жанурлардың, өсімдіктердің
түрлерімен, жыл
мезгілдерімен,
топқа бөлінуге болады. Әр сабақтағы топтық
жұмыстың тиімділігі, оқушылардың ортақ пікірге келуі оқушылардың
ой-өрісін дамытуға, пікір таластыруға септігі көп. Бұл әдісте
өтілген тақырыпқа проблемалық сұрақ қойып, топ арасында пікірталас
ұйымдастыруға. Қазақ тілі сабағында «Сәйкестендір» , «Жылдам ойлап
айт», «Кім тапқыр?» сияқты әдістерді қолдануға
болады.
Пән мұғалімі оқушының назарын
аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық,
сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс
ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен қатар, түрлі
көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау,
ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен
жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпылама
тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату. Осындай
әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдалансақ, оқушылар өз
бетімен жұмыс істеуге тез
үйренеді..
Сондықтан да мен өз
тәжіриебемде Джигсо, ,Кубизм, Венн диаграммасын пайдаланып
отырамын.Бұл әдістер оқушыларға көбірек ойланып, толғануға
мүмкіндік жасайды.Әр сабақта оқушыларымды ойларын ортаға салып,өз
пікірлерін ашық айтуға жетелеймін. Ал оқушыларымды сабақта өз-өзін
бағалау түрлерін де пайдаланып
отырамын.
Сабақ соңында міндетті түрде
кері байланыс жасау керек.Оқушыларға стикерлер таратып олар топта
,жұпта немесе дербес түрде мынадай сұрақтарға жауап бере
алады:
*мен нені
үйрендім?
*нені үйрегім
келеді?
Кері байланыстың тағы бір түрі
ол «2жұлдыз,1тілек» деп аталады.Оқушылар өз сыныптастарын бағалау
үдерісінде оқушылардан 2 жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды
сұрайды
Екі жұлдыз-жұмыс істеген кезде
оларға ерекше ұнаған зат
Бір тілек –бұл жақсартуға
болған нәрсе
Оқушыларым әр тапсырманы
қызыға орындауға құмар. Олармен бірге түрлі ойындар, , жарыстар
өткізіп отырамын. Мұндай ойындар мен жарыстарда әр түрлі
тапсырмаларды беру баланың қызығушылығын арттырып, белсенділігін,
шығармашылық қабілетін дамытып жақсы
нәтижелерге
Қорыта келе оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Осы
ретте, бастауыш сыныпта сабақты дұрыс жүргізе білудің маңызы зор.
Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті
ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе.
Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы –
өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады.
Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ
алдындағы қарыздың өтелгені. Сөзімнің соңында көнеден келе жатқан
«Қыран-түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талмайтын
талап сыйлайды»,-деген даналықсөз бар, Ұстаз қай кезде де мектептің
жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншылықты жетілдірсе,
жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан
тұлғаны қалыптастыруда Елбасының «Болашақтың іргесін бірге
қалаймыз» жолдауын басты ұрандай ұстансақ артық болмас, өйткені
болашақ тізгінін ұстайтын ұрпақтың функционалды сауатты болуын біз
назарда ұстауымыз керек.