Материалдар / Баяндама "Өз мәдениетін, үздік дәстүрлерін сақтау Қазақстан халқының өткенін бүгінгісін және болашағын қосатын тұғырнама"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама "Өз мәдениетін, үздік дәстүрлерін сақтау Қазақстан халқының өткенін бүгінгісін және болашағын қосатын тұғырнама"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлт жұтамсын десек, ұлттық өнерді дәріптей білген дұрыс. Ғаламтор жайлаған заманда төл тарихтың таңбасын ұмытпаған жөн.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Тамыз 2018
383
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Өз мәдениетін, үздік дәстүрлерін сақтау Қазақстан халқының өткенін бүгінгісін және болашағын қосатын тұғырнама Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.Оның екі қыры бар.Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қосқан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап бағаланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейді.Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отырғандағы мақсатым – бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын.Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Қазақ халқы өнерлі халық болғандықтан, өнерін жоғалтпай өзінің ісін, өмірін жалғастыратын шеберлі өнерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірген. Ал қазіргі күнде жастарды өнерге, шеберлікке үйрету, ұлттық тәрбие беру технология пән мұғалімдеріне жүктелген.Халқымыздың сарқылмас бай қазынасы, рухани мұрасы болып табылатын қазақ қолданбалы өнеріне деген алғашқы негізі, ұлттық мәдени құндылықтарға баулу ісі мектептегі бейнелеу өнері пәнінен басталатыны белгілі.Осы тұрғыдан бейнелеу өнері пәнін мектепте оқытудың негізгі мақсаты қоршаған орта әсемдігін көру, сезіну, қабылдау қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілетін жетілдіру, көркемдік қаракеттерді өз бетімен орындауға үйрету болып табылады.Қазіргі таңда мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиесіне баулу арқылы өз ұлтымыздың ұлттық қолөнеріне үйрету – оқу тәрбие үрдісінің өзекті мәселелерінің бірі болып келеді. Қолөнерге оқушыларды баулу өз елін, жерін, халқын сүю, салт-дәстүрін бағалай білуге үйретеді. Қай халықтың болмасын қолөнері, оның тарихынан, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен қатар өркендеп, дамиды. Сондықтан жас жеткіншектерді халқымыздың мазмұнға бай тәрбиесі негізінде өсіруге, ой-өрісін, жоғары эстетикалық тағлымын, биік адамгершілік тұлғасын қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.Қолөнерді жасап байыту арқылы адамның жан дүниесі, ақыл-ойы, қиялы, іскерлігі, шеберлігі, тапқырлығы, талаптылығы, ұқыптылығы және байқағыштығы артып, дағдыландырады.Қолөнерді оқыту әдісі дегеніміз — мұғалімнің технология сабақтарында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетіне басшылық ету тәсілдерінің жүйесі.Қазақ халқының ұлттық өнерін, тарихын көптеген ғалымдарымыз Ә.Марғұлан, Ө.Жәнібеков, Х.Арғынбаев, С.Қасиманов, Ғ.Иляев, А.Ғалымбаева, А.Мұқанов және т.б. зерттеп көптеген еңбектерін жарыққа шығарған.Еңбек сабақтарында оқушыларды қолөнеріне баулу және сәндік қолданбалы өнер негіздері бойынша М.Қозыбақов, Ш.Әбдуалиева, С.Жолдасбекова, Б.Ортаев, т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізген.Технология сабақтарында халқымыздың қолөнерін үйрету арқылы оқушыларға ұлттық дәстүрге тәрбие берудің артықшылығы көп. Қолөнерге баулу, шығармашылықпен ұштастырып білім беру, еңбек етуге баулумен қатар ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрге тәрбиелеу қазіргі заманның талабы. Қолөнерге қызықтыру үшін кез келген бұйымның, туындының жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсетсек, қосымша әдебиеттерден мағлұматтар берсек қайталанбас ерекшеліктерге толы жасалу технологиясымен таныстырсақ оқушы шығармашылықпен іске кіріседі.Қазақ қолөнер көркем мәдениеттің бір бөлігі болып табылады.Бұл өнер ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін тұрмыста қолданып келеді.Қазақтың ұлттық өнерімен таныстыру негізінде бала айналадағы дүниенің қимыл-қозғалыстарының алуан түрлі реңін түсінеді.Балалардың өнер туындыларымен бірге үнемі байланыста болуы рухани-өнегелік,эмоционалдық-сезімдік дамуының және шығармашылық мүмкіндіктерінің қалыптасуының негізгі тірегі болып келеді. Оқушылар бейнелеу өнері,ән-күй; құрастыру және қол еңбегі,көркем әдебиет сабағында және ертеңгілік-тер мен ойын-сауықтар барысында халқымыздың ұлттық өнерімен танысып,көркем талғамын,өзіндік дүниетанымын қалыптастырады.Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл – ой деңгейі дамып, жетіледі, еңбектің мәні және құндылығы арта түседі. Балалар мен жастардың еңбек тәрбиесі ежелден – ақ ата – ана парызы, бүкіл халық міндеті болды.Қайсыбір қолөнер шеберін алсақта олар өздерінің жасаған бұйымдарын түрлі ою-өрнектерімен әшекелейді.Әдемілік пен әсемдікке құштарлық адамзатқа тән. Көркем бұйымдар мен зәулім ғимараттар — көз қуанышы. Ол жанды сергітеді. Ежелгі адамдар жын – шайтаннан қорғану және өзін — өзі сәндеу үшін тәндерін нақыштап, киімдерін әшекейлеп, үйлеріне тұмар іліп қоятын. Осының нәтижесінде ою — өрнек пайда болды. Ою — өрнек латынның «оrnamentum» сөзімен мәндес. Оның аудармасы әшекей, өрнек, бедер деген мағынаны білдіреді.Көшпелі қазақтар табиғаттың әдемілігіне сүйсіне отырып, өз айналасының сұлулығына аса мән берген. Сондай –ақ ағаш өңдеу өнерінің іскерлікпен қатар қыруар еңбекті, шынайы талғамды аса қажет ететін түрі-кйіз күй сүйегін жасайтын үйшілер ісі. Киіз үй сүйегі, яғни керегесі мен уықтары көбінесе өзен жағасында өсетін ір түрлі талдардан жасалған.Ежелден көшіп-қонып мал баққан қазақ халқы үшін көліктің негізгі түрі-салт ат болды. Соған орай ер-тұрман жабдықтарының алатын орны да ерекше. Қазақ өз бетімен ата мінуге жараған барлық балаларына арап ер турман дайндыған. Қазақ шеберлері ішінде ел арасында тұрып, тері илуді кәсіп еткендері де аз болмаған. Осындай ісмерлер Семей, Өскемен, Омбы, Орынбол, Верный, Тараз, Ақмешіт (Қызылорда) қалаларында тері илеп, былғары жасауды үйреніп, кейінірек ел арасына шығып, осы кәсіппен айналысқан, Жетісу өнер шеберлері күнделікті тұрмыс мүмкіндіктеріне қарай киім-кешек ті гуде ат абзелдерін сәндеп, әшекейлеуде аянбаған.Олай болса, төл мәдениеттің дамуы жас ұрпақтың қолында десек, оны тәрбиелейтін біздер яғни ұлағатты ұстаздар! Еңбектеріңізге табыс тілеймін!



Абай атындағы мектеп гимназияның технология пәнінің мұғалімі Джилкибаев Б.С.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!