Материалдар / Баяндама Пәнаралық байланысты тиімді пайдалану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама Пәнаралық байланысты тиімді пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласы бойынша мектеп ұстаздарына өте тиімді материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2021
269
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дилдабаева Назерке Канатовна

Алматы облысы Сарқан аудан Лепсі ауылы

54 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалім

Баяндама

Жаңартылған бағдарлама бойынша пәнаралық байланысты

тиімді ұйымдастыру


Мақсаты: Білім беру мазмұнын жаңарту аясында сапалы білім беру үдерісін жетілдіруге ықпал ететін пәнаралық байланысты ғылыми-тәжірибелік жүзеге асыруда озық педагогикалық идеяларды жинақтау.


Қазіргі таңда елімізде болып жатқан өзгерістерге байланысты әлеуметтік және материалдық құндылықтарды жасауда жан-жақты үйлесімді дамыған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті тұлғаны қалыптастыру – басты мәселе болып отыр. Қазір заман мен қоғамның өзгеруіне орай бүгінгі балалар да өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін, өз ойын жетік жеткізе білетін жас ұрпақ өсіп келеді. Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтың өз пәнінің терең білгірі ғана емес, жан–жақты игерген кәсіби маман ретінде қалыптасқан маман болуы талап етілуде.

Білім беру орнының басты мақсаты - қоғамдық және әлеуметтік дамудың заманауи талаптарына жауап беретін кәсіби маман иелерін, шыңдай отырып қалыптастыру.

Педагогтың қазіргі таңда маман ретінде қалыптасуына да жаңартылған бағдарлама бойынша пәнаралық байланыстың маңызы зор.

Білім берудің дәстүрлі моделі қазіргі уақыттың жаңа талаптарын қанағаттандыра алмауда: бұл модель жеке ойлауға, механикалыққа, сызықтылыққа бағытталған, нақты өмірдің құбылыстары мен пәндер арасындағы табиғи байланыс бұзылған.

Ал оқушыларда әлемнің біртұтас ғылыми көрінісін, ол туралы толық түсінік, гумандық дүниетаным және диалектикалық ойлау қалыптастыру өзекті болып табылады. Оқушыларды өмірдің жеке, оқшауланған құбылыстарына емес, әлемді кең көлемдегі бірлікте, өзара байланысты көпқырлы етіп қарауға бейімдеу керек. Осыған байланысты пәнаралық байланыс мәселесі туындайды.

Сабақ өткізу барысында оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін, озық технологияларды кеңінен пайдаланған жөн. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, көңіл күйін көтеру, өткенді бекіту, оларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын, ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту мақсатында пәнаралық байланысты қолдану арқылы білімнің жинақтаушы, қорытындылаушы және үйлестіруші қызметін атқаруға болады.

Пәнаралық байланыс – оқу жұмысының әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру формаларына қосымша талаптарды енгізу керектігін, қоршаған орта, табиғаттағы құбылыстарды бақылауда мұқият мән беруді, сонымен бірге оқытудың аналитикалық деңгейін көтеруді, себеп-салдарлы функциональдық байланыстарды орнатуда үлкен назар аударуды, оқыту, тәрбиелеу процесінде пәнаралық байланыстың тәсілдерін кеңейтуді талап етеді және де жалпы білім сапасын көтеруде алатын орны маңызды.

Қазіргі таңда пәнаралық байланыстың теориясы мен практикасы үздіксіз дамуда, пәнаралық байланыстың негізгі дидактикалық функциялары, сабақта оларды жүзеге асыру тәсілдері, сабақтың түрлері қарастырылған.

Пәнаралық байланыс құрамындағы маңызды болып табылатын мазмұндық және шығармашылық негіздерін бөліп қарастыруға болады. Жаратылыстану ғылымдарының шығармашылық негізі –есептеу, өлшеу, графиктеу, бақылай білу, өздігінше тәжірибе жасау және құралдармен жұмыс жасау болып табылады.

С.А.Суровикина пәнаралық байланысты жүзеге асыруда мұғалім шығармашылығының маңызды ұстанымдарын келесі түрде көрсетеді:

Оқу пәндерінің координациясы, яғни оларды оқыту кезінде бір пән басқа пәндерді оқытуда көмекші құрал болатындай уақыт бойынша сәйкестелуі керек.

Жалпы түсініктерді қалыптастыруда, заңдар және теорияларды оқытудағы қабылдағыштық.

Түсініктер, заңдар, теориялар интерпретациясындағы бірлік және оларды меңгеру міндеттері.

Оқудағы білім, білік, дағды қалыптастырудың жалпы тәсілдері.

Жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін тереңдету және жан-жақты қолдану үшін қолайлы жағдай тудыру.

Әр түрлі ғылымдар қарастыратын түрлі табиғат құбылыстарының арасындағы өзара байланыстарын ашу.

Әр түрлі ғылымдарда пайдаланылатын зерттеу әдістерінің жалпылығын көрсету.

Әр түрлі пәндерден алған білімдерін кешенді түрде қолданатын жаттығулар жүйесін шығару және олардың орындалуын ұйымдастыру.

Пәнаралық байланыстың басқа да құраушыларын және маңыздылығын былайша көрсетуге болады:


Пәнаралық байланыс негізінде оқушыларға бірнеше пән бойынша өз білімін көрсетуді талап ететін сабақтарды, яғни бірнеше әртүрлі пәндерді біріктіретін біріктірілген сабақтарды өткізу қажеттілігі арта түсуде.

Біріктірілген сабақтар, әсіресе бастауыш сынып пәндерінде біріктірілген болса, білім берудің қазіргі деңгейлері мен технологияларына толықтай сәйкес келеді. Осындай сабақтарда ғана оқушылардың түрлі пәндерден ақпарат алу арқылы құбылыстар мен оқиғаларды жаңаша түсіне отырып, терең әрі берік білім алуға мүмкіндігі болады. Пәнаралық байланыс арқылы сабақта білімді синтездеу, дағдыны қалыптастыру және пайдалану үшін үлкен мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде оқушыны ынталандырады, таным объектісіне жүйелік түрде қажеттілікті дамытады, объективті шындықтың күрделі процестері мен құбылыстарын салыстыру, талдау дағдыларын қалыптастырады. Пәнаралық байланысты жүргізгенде оқытушы оның мақсатын, материал мазмұнын, сабақтың әдістерін, оқытудың құралдары мен формаларын анықтап, қандай мақсатта іске асыратындығын болжауы керек. Түрлі технологияларды біріктірілген сабақтарда қолдана отырып, оқытушы процесті әлдеқайда қызықты етеді.

Пәнаралық байланысты пайдаланып сабақ өткізу оқушылардың табиғат құбылыстарын түсінуде көзқарасын қалыптастырады және де әртүрлі пәндердің арасында нақты шекара жоқ екендігін көрсетеді, әр ғылым өз әдістерімен материалдық әлемді зерттейді де олардың нәтижелерінің жиынтығы оқушыларға әлем туралы жалпы көзқарас береді. Осыдан, қазіргі заманғы ғылыми әлем бейнесін қалыптастырады.

Жаңартылған бағдарлама бойынша пәнаралық байланысты сабақта тиімді ұштастыру заман талабы. Оған көшу бір күнде басталмайды, біз сол күнге жұмыс жасауымыз қажет. Еліміздің болашағы - жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізе білейік!







Қолданылған әдебиеттер:

| «Интерактивті оқыту әдісін қолданып, сабақты жоспарлау және басқару»,

Ж.А.Жартынова,В.Н.Ким ,Н.О.Қойлық,А.Ш.Орақова,2009жыл,

«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша

педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру инститтуты».|

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!