Материалдар / Баяндама. Педагогикалық кеңес.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама. Педагогикалық кеңес.

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық мұғалімдер үшін қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2018
2982
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Рухани құндылық – адам жанының азығы.

Жунисбаева А.Ж.

(Бейне көрініспен бастаймын)


Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген міндеттердің бірі адам бойында рухани байлықты молайтып, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру болып табылады.

«Жаһандану дәуірінде өзінің тарихының, мәдениеті мен тілінің қадіріне жететін халық қана табысты өркендей алады. Барлық ұлттардың өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, қазақ тілін, мә­дениет пен дәстүрді дамыту біздің стратегиялық басым­дығымыз болып табылады», делінген маңызды құжатта. Яғни, мәдениет, руханият және дәстүр – қоғамдық құн­ды­лықтарымыздың негізі. Сондықтан бүгінгі қоғам бұлар­ға айрықша назар аударып отыр. Халқымызда «Ердің артында мол байлық қалғанша, жақсы аты қалғаны игі» деген аталы сөз бар. Бірақ, бүгінгі қоғам рухани байлықтан гөрі материалдық байлықты үстем орынға қоятын жалаң көзқарастың жетегінде жүр. Себебі, олар адам жанының алтын арқауы – рухани құндылық екенін ұмыта бастаған сыңайлы.

Болашағынан үлкен үміт күттіріп, халқына жарамды адам болуды көздеген әрбір азамат мұндай тұманды ойдан аулақ болуы керек. Қазіргі адамзат діні – жоғары атақ - мансап пен ақшаны өмірінің алтын діңгегі санап, «ақша болса, бәрі де болады» дейтін пасық идеядан әлі күнге арыла алмай келе жатқаны ащы болса да шындық. Әрине, сананы тұрмыс билеген заманда салауатты өмір салтына ілесіп тірлік жасау үшін ақша қажет екені белгілі. Дегенмен, «Бар байлықты жинауға тырысқан адам – бақытсыз» боларын, бақ пен дәулеттің көшпелілігін, байлықтың бейне қолға ұстаған мұз сияқты еріп кететін мезеттік нәрсе екенін неге ойламаймыз? Асылы, адамзаттың шынайы байлығы – қанағат пен еңбекте жатыр.

Адамның дүниеқоңыздықпен жинаған мал-мүлкін бөгде біреулердің ұрлап әкетуі де, тіпті, қара ниет қаскүнемдердің әдейі өртеп жіберуі де мүмкін ғой. Ал санасында, ішкі әлемінде жатқан рухани қазынасын ешкімнің де тартып ала алмасы анық. Ел ішінде «Жақсылардың кеудесі алтын сандық» деген бағалы сөз осыдан қалса керек.

Педагогикалық сөздікте «құндылық - адамның ішкі құқы, ізгілігі, адамдармен қарым - қатынасы, іс - әрекет кезіндегі көрсетілетін тұрақтылығы, қайырымдылығы, мейірімділік тәрбиесі»,- делінген. Сондықтан біз «құндылық» ұғымын адамды тәрбиелеу үшін оның өмір сүруіне ең керекті, маңызды, қажетті, бағалы дүниелердің жиынтығын құрайтын педагогикалық категория ретінде қарастырамыз. Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелге грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Ал Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез - құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданды. Құбылысты, затты жағымды бағалау адам үшін құнды игілікті түсінуге негізделген.


Әрбір адам өмір бойы даму үстінде болады және оның денесімен бірге рухани ішкі жан дүниесі де дамуға тиіс, мәдениетке үйретуі тиіс. Сонда ғана ол адам деген ардақты атқа лайықты, жан-жақты жетілген, жеке тұлға болып қалыптасады. Адамзат қоғамының өзі жеке адамдардан тұрады, олай болса қоғамның дамуы, оның әрбір мүшесінің дамып жетілу сапасына байланысты екен. Ендеше біз жеке адамдардың өмір салтының рухани жан-жақты дамуына жете көңіл бөлуіміз керек. Адамдар қоғамда материалдық және рухани құндылықтарды жасаумен айналысады және олардың жануарлардан бір айырмашылығы сол, ол адамдарға рухани жан азығы керек, онсыз адам адамгершілік қасиеттерден айрылып, жабайы аңдарға ұқсап кетеді. Егер де табиғатта адам ақылы жетіп болмайтын бес құпия сыр болса (сана, жан, материя, кеңістік, уақыт) соның үшеуі адам бойына шоғырланған. Сондықтан да адамның ішкі жан дүниесін түгел біліп болу мүмкін емес. Оны тек адам бойындағы рухани болмысынан көріп, тануға болады. Олай болса, күнделікті өмірде көп қолданылатын жанымыздың азығы 1.Рухани құндылық, 2.Рухани мәдениет, 3.Рухани байлық сөз тіркестерінің мәні бүгінде анықталып іс –жүзінде жолға қойылған.

*Ал, рухани құндылық мәселесіне келетін болсақ, өмірдің даму заңы бойынша әрбір адам қоғамда өсіп-жетіліп, тәлім-тәрбие алып, өзінің ақыл-парасаты, рухани-жігері, талап-қабілеті жеткенінше қоғамға қызмет етіп, кейінгілерге азды-көпті рухани мұрасын қалдыруы.Кейбір талантты ақын-жазушыларды, өнер адамдарын, үлкен ғалымдарды халқына көп қызмет етті, артына мол рухани мұра қалдырды деп дәріптеп, әркез еске алып, марапаттап отырамыз және күнделікті өмірде мүмкіндігінше пайдаланамыз.

*Біз рухани мәдениет дегенде ең алдымен тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді айтамыз. Тіл қазақ болуымыз үшін, дін адам болуымыз үшін, салт-дәстүр ұлт болуымыз үшін қажет.

.*Адамдар толыққанды өмір сүріп, тіршілік жасау үшін оларға материалдық және рухани байлық керек. Рухани байлық еңбек етіп, тер төгу арқылы пайда болады. Сондықтан да әркім өзінің қабілетіне, біліміне, талғамына қарай әртүрлі салада еңбек етіп, біреулер материалдық байлықты жасаса, екіншілері рухани байлықты жасайды. Бұл байлықтар адамның жан құмарлығы мен тән құмарлығы қажетін қанағаттандыру үшін жасалынады бұлда біздің жан азығымыз.Тән құмарлығы дегеніміз – адамның ішіп- жесем, дүние жисам, рахат-шаттықта өмір сүрсем деген мақсатта пайда болған оның құлқыны. Көбіне адамдарды қылмыс жасауға апаратын да оның осы тойымсыз нәпсісі. Ал, жан құмарлығы дегеніміз – білімге, ғылымға, өнерге деген адамның махаббат сезімі. Бұл адамдарды болсам екен, көрсем екен, білсем екен деген жақсы арман-қиялға жетелейді. Әрине, мұның екеуі де қажет қасиеттер, егер де адам бай болса -оған өзінің қажеттілігін қанағаттандыру жеңіл болады, ал жарлы болса- ондай мүмкіншілігі болмайды. Сондықтан да адал еңбек етіп, тер төгіп, өзінің қабілетімен байыған адамды ешкім де жазғырмайды. Бірақ та адал еңбегімен байығанның өзінде, оның рахаты өз басынан ауыспаса, мүгедек, кедей- кепшіктерге қамқорлығы болмаса, ондай адамдар дүниеге бай болғанмен, рухани кедей адамдар, ондайлардан халыққа еш қайырым болмайды. Сондықтан да әрбір ата-ананың, қоғамымыздың басты міндеті әрбір жеке адамды – рухани мәдениеті бай, жан-жақты дамыған, имандылық қасиеті жетілген азамат етіп тәрбиелеу.

Ең бастысы – өмірімізге сара жол нұсқайтын, бізге өмірлік азық болатын ізгі ниеттің нұрын құяр ғұламалардың сөзін көңілімізге ұялатсақ, өміршең ойға берілеріміз шүбәсіз.

 

Рухани - адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт. Бұл көзқарас Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрініс тапқан, бұл көзқарастың практикалық шешімі  - «Өзін – өзі тану» пәнінің енгізілуі себеп болып отыр, оның авторы

С.А. Назарбаева.

Слайд көрсету14 бет

Рухани құндылықтың ең негізгі бір түрі кітап құндылығы. Кітап – нәзік те, тұнық әлем! «Әлем кітап беттеріне жазылу үшін жаратылған» — деп, ұлы ғұлама айтқандай, адамзат тарихының өзі – кітап. Кітап құндылығын, адам жанының азығы екендігін соңғы кезеңдерде естен шығарып алып жүргенімізде жасырын емес. Осыған байланысты біздің мектептің жылдық бағдарламада жоспарланған іс-шара бес кітап, бес ән конкурсы жарияланған болатын, осы іс-шараға жүйелі түрде шәкірттерімізбен бірге қатысып өз рухани құндылығымызды дамытып, әрбір ата-ананың, қоғамымыздың әрбір жеке адамды – рухани мәдениеті бай, жан-жақты дамыған, имандылық қасиеті жетілген азамат етіп тәрбиелеуге ат салысайық.



Біз жаңа даналардан шыққан сөзді өмірлік азық ретінде қабылдап ой-санамызға түйіндедік, ал енді біздің оқушыларымыз рухани құндылық дегенімізді қалай түсінеді екен соған назар аударайық. 2-3 оқушының пікірін тыңдау (рахмет)


Адамның жаны тыныш болса , отбасында татулық орнайды

Отбасында тыныштық болса, қоғамда татулық орнайды,

Қоғамда тыныштық болса,мемлекетте татулық орнайды

Мемлекетте тыныштық болса, бүкіл әлемде татулық орнайды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!