Материалдар / Баяндама: Қашықтан оқытуды әдістемелік ету мәселелері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: Қашықтан оқытуды әдістемелік ету мәселелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2020
235
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қашықтан оқытуды әдістемелік ету мәселелері


Сәлеметсіздерме! Алматы облысы Балқаш ауданы Бақбақты ауылы №1 Жамбыл атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Кашкынбаева Нургуль Тургановна және математика пәнінің мұғалімі Алимбаева Алия Каржаубаевна сіздермен «Қашықтан оқытуды әдістемелік ету мәселелері» тақырыбындағы баяндамамызды сіздермен бөліскіміз келеді.

Қазақстан Республикасның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 16-наурызынан бастап Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде төтенше жағдай енгізген болатын. Осыған байланысты еліміздегі барлық мектеп оқушылары 2019-2020 оқу жылының ІV тоқсанынан бастап қашықтықтан білім алуда. 

Алдымен «қашықтықтан оқыту» деген ұғымға тоқталатын болсақ, қашықтықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық), оффлайн (асинхрондық) және кең таралған үшінші түрі вебинар.

Қашықтан оқыту компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдар мен түрлері.Бүгінгі таңда қашықтан оқыту технологиялары ретінде саналып отыр.Заманауи технологиялары мыңдаған километр бөліп тұрған оқушы мен оқытушы арасын байланыстырушы болып табылады.


Қашықтан оқытудың ерекшеліктері

  • Оқушының ынтасы.

Қашықтан оқу оқушылардан білім алуға деген жоғары ынтаны қажет етеді.

  • Өзін-өзі оқытуға деген қабілеттілік.

Оқушы оқу материалының көп бөлігін өз бетімен меңгеру қажет. Оқушыдан өзін –өзі оқыту дағдысының жеткіліксіз болуы, бұл оқудың сапасына ықпал етеді.


Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары

  • Жеке тұлғаға бағытталған тәсіл және оқу үдерісін дараландыру

  • Оқу сапасының артуы

  • Оқу үдерісінің құрылымдық бөліктерінің аясын кеңейту және шығынын азайту.

  • Педагогикалық тәжірибенің сақталуы

  • Мұғалімдердің еңбек жүктемесінің төмендеуі


Қашықтықтан оқытудың кедергілері

  • Эмоционалды шығармашылық атмосфераны құру қиындығы

  • Ұсынылған тапсырмаларды оқушының өзі орындағанына 100% көз жеткізе алмауы

  • Мұғалім тарапынан тұрақты бақылаудың болмауы

  • Мұғалім мен оқушының компьютерлік сауаттылығының жеткіліксіздігі

  • Қашықтықтан оқу сабақтарын құрылымдау және арнайы тапсырмаларды әзірлеу көп еңбектенуді қажет етеді

  • Мұғалім онлайн саббаққа қатысып отырған оқушылардың эмоциясын көре алмауы

Назарбаев Университетінің кеңесшісі, зерттеуші Anna S.Cohen Miller, қашықтан оқуға көшуді зеріттей келе мынадай 4 қадамды ұсынады:

  • Нәтижені басқару

  • Бағалаудағы икемділік

  • Технологияны старатегиялы түрде қолдану

  • Инклюзивті оқу ортасын құру


Қашықтан оқыту – білім берудің ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылатын арнайы түрі. Компьютере немесе интернетке қосылған басқа гаджетті пайдаланып білім мен дағдыларды игеру. Қашықтан оқу  оқушыларға білім беру ортасына толығымен енуіне мүмкіндік береді: дәріс оқып тыңдау, тапсырмаларды орындау, мұғалімдермен кеңесу және желіге қосылу арқасында сыныптастармен сөйлесу. «Қашықтан оқыту» түсінігі оқушы мен мұғалім арасындағы қашықтықтың бар екенін көрсетеді. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

 Елімізге жеткен індетке орай ұстаздарға артылған жүк мол жауапкершілікті талап етті. Алайда барша ұстаздар бұл міндетті ойдағыдай атқарды. Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені  мұғалім – мектептің жүрегі». Ұлағатты ұстаздарымыз мектептің жүрегі екендіктерін аңғартып, қашықтықтан оқытуды ойдағыдай өткізіп жатырмыз.

Қашықтықтан оқыту кезінде көптеген ақпараттарды біліп алдық десек өтірік болмайды, ақпараттық техналогияларды бұрыңғыдан да көбірек меңгеріп жатырмыз. Қашықтықтан оқыту кезінде оқушылармен bilimland, online.mektep платформалары, WhatsApp желісі Meet,Jamboard, zoom арқылы жұмыс жасап жатырмыз. Қашықтықтан оқу кезінде жақсы нәтижеге жету үшін оқушыларға күнделікті кері байланыс беріп отыру керек. Барлықтарыңыз білетін Асхат Әлімов ағай кері байланыс берудің бірнеше ережелерін айтып өткен.

-Кері байланыс беруде мұғалім өте позитивті болған жөн

-Кері байланыс бағалаушылық тұрғыдан берілмесе

-Кері байланыс үнемі оқушыны нені дұрыс орындағанына бағытталып ынталандыруға ұмтылып отырса

-Кері байланыста сыпайылық өте маңызды рөль ойнайды

Және Шәкәрім Құдайбердіұлының айтатыны мұғалім мен шәкірттің оқу мен білім іздеуде тең құқұлы болу қажет дегеніндей тең ұстау ережесін ұстану керек

-Кері байланыс үнемі сәттілікке бағытталса

-Және оқушының дұрыс орындаған жұмыстары үнемі мадақталып отырса

деген екен.

Джон Хеттидің еңбектерінде мынадай жақсы бір ой бар: кері байланысты ұсыну емес кері байланысты қабылдау керек, яғни оқушы кері байланысты қалай түсініп жатыр, кері байланысты қалай қабылдап жатыр, қалай интерпретация жасап жатыр бұл өте маңызды.Бір оқушыға берілген кері байланыс екінші бір оқушыға мүлдем сәйкес келмеуі мүмкін. Бүгін берілген кері байланыс ертең мазмұнын, формасын өзгертуі мүмкін.

Қашықтықтан оқу кезінде біздің берген тапсырмаларымыздан бөлек оқушылардың қосымша мәлімет іздеуіне уақыт жеткілікті. Қашықтан оқыта отырып барша ұстаздар қауымы байқаған болар, мектепте үндемейтін, тұйық оқушылар тапсырмаларды орындап, үнемі кері байланыс беріп отырады. Қашықтын оқытуда оқушылардың жанында болмағанымыздан біз оларды мектептегідей қадағалап отыра алмаймыз, оқушылар интернеттен дайын тапсырмаларды көшіріп , бір-бірлерінен көшіріп алатын жағдайлар да болып жатады.

Мектебімізде оқушыларға ноутбуктер, планшеттер берілді, бұл деген өте керетметқой, оқимын деген балаға барлық мүмкіндіктер бар, мұғалім-бағыт бағдар беруші. Ал қалғаны балаларадың санасына байланысты.

Қорыта айтқанда, қашықтан оқыту қазіргі заман талабы болса, оны ұйымдастыруда ең бастысы электрондық материалдар, қашықтан оқытудың дидактикалық жасалымы, педагог-үйлестірушілерді дайындау болып табылады. Бұл біліктілігі жоғары, зияткерлік және кәсіби деңгейі дамыған, халықаралық дәрежедегі бәсекеге төзімді қоғам құруға зор көмегін тигізеді. Қашықтан оқыту технологиясының тиімділігі: заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану; сапалы білім алу; уақытты үнемдеу; ыңғайлы уақытта оқу; ата –аналардың балаға көмегі; оқушылардың өзін еркін ұстауы; өз ойын кері байланыс арқылы беруі.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет. Сау болыңыздар!!!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!