Материалдар / Баяндама. Қосымша білім беру орталығындағы ғылыми-тәжірибелік жұмыстардың мазмұны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама. Қосымша білім беру орталығындағы ғылыми-тәжірибелік жұмыстардың мазмұны

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім беру орындарында үш түрлі мақсат көзделеді. Олар:  Үйрету;  Шығармашылық өсулеріне жағдай жасау;  Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалануына көмектесу. Мектептегі оқу үрдісі қосымша білім беру ұйымдарынан мынандай негізгі екі категорияларымен, атап айтқанда «үйренуші топ» және «тәрбие жұмысының формалары мен әдістері» бойынша ерекшеленеді.Оған негізгі мектепте оқушылар бір сыныпқа топтасса, қосымша білім беру ұйымдары жүйесінде «балалар өз ерік қалауында белгілі бір үйренуші топқа» шоғырланады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2024
44
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ғылыми әдістемелік- меңгеруші»

Жәлімбетова Айжан Тағыбергенқызы

Тақырыбы: Қосымша білім беру орталығындағы ғылыми-тәжірибелік жұмыстардың мазмұны

Бүгінгі таңдағы демократиялық жағдайда және әлеументтің рухани-жаңғыртуында қоғамның болашақ жеткіншектерді өмірге және іс-әрекетке даярлауды қажетсінуі қоғамдық тәрбиенің, соның ішінде мектептен тыс мекемелердің барлық салаларының сапалы тұрғыдан қайтадан құрылуын талап етіп отыр.Бұл әлеуметтік-педагогикалық болмыста дені сау, дарынды жеке тұлғаны дамытуға бағытталған тәрбие факторларының тиімділігін жетілдіру жолдарын іздестірудің маңыздылығын арттырады. Толыққанды жеке тұлға дайындау жүйесіндегі институттар ішінде мектептен тыс білім беру орындары маңызды рөл атқарады.Осы орындарда көптеген жылдар бойы жастарды мәдениетке тарту,жеке шығармашылық мүмкіндіктері мен дарынын дамыту жолға қойылған.

Қазіргі кезде өздігінен жұмыс істей алатын, білімін тереңдете білетін, өмірде өз орнын табуға құлшынатын дастарды дайындауға сұраныс өте зор.Осы мақсаттарды іс жүзінде асыру үшін тәрбиелеу мен оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін табу қажет. Осындай білім беру үрдісінің негізінде өз мүмкіндіктерімен, қажеттілігімен және мүдделерімен жеке тұлға тұруы керек. Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңының «Дамыту жолындағы оқыту бағдарламасы» туралы 12-бабында мектептен тыс оқу орындары жұмыстарының негізгі бағыттары белгіленген. Қосымша білім берудің негізгі мақсаты мыналар:- 6 жас пен 18 жас аралығындағы жастарға жеке тұлға ретінде дамуына, денсаулықтарын шынықтыруына, кәсіби жағынан өз жолдарын дұрыс тануына, шығармашылықпен еңбектенуіне қажетті жағдайлар жасау;- оларды қоғам өміріне машықтандыру;- жалпы мәдени деңгейлерін қалыптастыру;- бос уақыттарын пайдалы да мағыналы өткізуді ұйымдастыру.

Қосымша білім беру орындары баланың ақыл-ой деңгейінің дамуында, мүдделерін қанағаттандыруда, кәсіби өзін-өзі анықтау қабіілетінің артуында, жасөспірімдерді тәрбиелеуде үлкен орын алады.

Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруға педагогтар ұжымының даму стратегиясы мен тактикасында басшылыққа алатын негізгі идеясы-жастардың шығармашылық өсіп-өркендеуі. Әрбір баланың дарында болуы үшін педагогтар мен ата-ананың негізгі мақсаты-баланың қабілетін арттыру.

Балалар мектептен тыс білім беру орындарын өздері еркін таңдайды. Қосымша білім беру орындары балалардың отбасында, басқа орындарда олардың тәлім-тәрбиесін алдарына қойған мақсаттарына сәкестендіре, жаңа әдістерді пайдалана отырып тереңдете түсуі қажет.

Тұлғаның даму үдерісінде отбасылық тәрбиенің алатын орны маңызды.Балаға дербес өмірде қажет болатын қасиеттерді отбасы секілді ешкім де жақсы дамыта алмайды.Мақсаты-азаматтың толыққанды,бақытты,шығармашылық және қоғамға пайдалы өмірін қамтамасыз ету.

Отбасының басты анықтаушы белгілері ата-ананың балаға қамқор қарым-қатынасы, олардың арасындағы өзара түсіністік, ересектердің мықты әрі жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуге ұмтылысы болып табылады.Бала үшін ата-ана –бұл әлемдегі арқа сүйер жаалғыз адамдар.Өзінің ата-аналық махаббатыңды ерте балалық шақтан дамытқан дұрыс.БҰЛ КЕЗЕҢ КІШКЕНТАЙ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДА МАҢЫЗДЫ РӨЛ атқарады.Егер госы сәтті жіберіп алсақ,онда баланы ата-аналарымен байланыстыратын жіңішке жіпті мәңгілік үзіп алуға болады.

Қосымша білім беру орындарында үш түрлі мақсат көзделеді.

Олар:

  • Үйрету;

  • Шығармашылық өсулеріне жағдай жасау;

  • Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалануына көмектесу.


Мектептегі оқу үрдісі қосымша білім беру ұйымдарынан мынандай негізгі екі категорияларымен, атап айтқанда «үйренуші топ» және «тәрбие жұмысының формалары мен әдістері» бойынша ерекшеленеді.Оған негізгі мектепте оқушылар бір сыныпқа топтасса, қосымша білім беру ұйымдары жүйесінде «балалар өз ерік қалауында белгілі бір үйренуші топқа» шоғырланады.

Отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың , олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың формасы болып табылады.

Біріншіден, оқудан тыс әр тарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірбиесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық ісерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын дамуына,оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді.Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады.

Қосымша білім беру ұйымдарыны қызметінің басты ерекшелігі мынада:

  • Балалар мен жасөспірімдерді өз еркіне қояды және мұнда адамның өзін-өзі жан-жақты көрсетуіне толық мүмкіндік беріледі, сонымен қатар балалар білім алу бағытын, жүйесін деңгейін және сонғы нәтижені өздері таңдайды.Бұл ерекшелік қосымша білім беру ұйымдарының білім беру жүйесіндегі шығармашылық қарым –қатынасты, педагог пен баланың немесе педагогпен қосымша білім беру ұйымдарының бірлескен іс-әрекетін белсенді және қарқынды жаңа педагогикалық технологиялық оқыту әдістемесін үнемі үйлестіріп отырудың қажеттілік екенін айқын көрсетеді;

  • Педагогпен бірлесе отырып жасаған шығармашылық тапсырмаларды шешу білім процесіндегі психологиялық құрылымды өзгертеді немесе екі жақтың әркеттесуі, қарым-қатынас жасауы, барлық қатысушылардың бір-бірімен тығыз байланысты болуы әр баланың ішкі стимуляциясының оянуына әкеледі;

Сонымен елімізде білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қосымша білім берудің, оның негізгі субъектісі мектептен тыс ұйымдар қызметінің өзектілігін арттыра бермек. Өйткені қосымша білім беру орындарымен бірлесе бырыңғай үздіксіз білім беру жүйесін құра отырып:

  • Балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық белсенділікке, өз бетінше білімін жетілдіруге ынталандырады;

  • Білім мазмұнын белсенді және іскерлікпен меңгеруге үйретеді;

  • Балаға өзіндік өмірлік тәжірбиесін талдап қорытып, оның қалыптасқан құндылық жүйелерімен ара қатынасын ажыра білуге үйретеді;

  • Өз ісіне баға беруге, сөйтіп өз мінез-құлқын қалыптастыруға үйретеді.

  • Жаңа ғылыми білімдерді және олаардың айқын тенденцияларын ажырата білуге үйретеді.

Қорыта айтқанда, балаларға қосымша білім беру ұйымдарының басқа білім беру ұйымдарынан айырмашылығы онда бала басқаша білім жолын кесіп өтеді.Мұнда балаға қосымша ақпарат беріп қана қойылмайды, ең бастысы бала шығармашылық жұмыс істеуге тартылады.Бала адамзат еңбегінің, білімінің бірін терең игереді, оған дағдыланады,Жас ұрпақтың дара ерекшелігін ескере отырып, ойлау,шешім қабылдау, қорытынды, ой –пікірін білдіруін, белсенділігін, танымдық қабілетін дамытуын,өзінің шығармашылық әрекетін жүзеге асыруын қалыптастыруына мүмкіндік туғызған дұрыс. Оқушылардың қабілетін ашып, дамытуға жан-жақты жағдай жасағанда ғана мақсатқа қол жеткізуге болады.Ендігі масты міндет қосымша білім берудің ерекшеліктерін ескере отырып қосымша білім берудің өз нәтижесі мен анықтаудың өз әдістемелрін жетілдіре, дамыта тусу қажет.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!