Материалдар / Баяндама "Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі басымдықтары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі басымдықтары"

Материал туралы қысқаша түсінік
конференцияларда оқуға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Маусым 2018
2418
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы Алмалы ауылы

«Алмалы орта жалпы білім

беретін мектебі» КММ

Сакипкалиева Аида Ермекқызы

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі.








Тақырыбы:

Рухани -адамгершілік білім беру

бағдарламасының қазіргі

әлемдегі басымдылығы









Рухани -адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы

Рухани кәусәр бұлаққа барар жолды іздеу-әр адамның міндеттерінің міндеті

С.А.Назарбаева


Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа- адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу,рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезеңінен басталуы керек. «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту мақсаты мәңгілік рухани адамгершілік құндылықтарға негізделген ойы , сөзі және ісі бір кемел мінезді бірлікте болатын адам қалыптастыру. Қазақстан қоғамындағы өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімі мен тәрбиесі жалпыадамзаттық, жалпыұлттық тұлғалық құндылықтардың үйлесімді жинақталуына бағытталған.

Қазақ халқының ғұлама ғалымы әл-Фараби: «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» деген екен.

Ал өзіңді алға қарай жетілдіру және бойында жақсы мінез-құлық қалыптастыру ең алдымен өзін-өзі танудан басталады.Өйткені, өзінің кім екеніңді, қандай екеніңді білмесең, жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретінін және қандай мінез-құлық қалыптастыру қажеттігін білу қиын. Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі әрқашан өзекті болып отыр.

Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен білім беру үрдісіне енгізілген рухани-адамгершілік тәрбиеге күш берген «Өзін-өзі тану» бағдарламасы осы рухани-адамгершілік тәрбиеден бастау алып, жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыруды қолдайды. Біздің халқымыз үшін жан-жақты жетілген тұлға дегеніміз, ең алдымен ұлттық тәрбиенің нәрін сусындап, бала жастан бойында ұлттық тәрбиені қалыптастырған жан.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани –адамгершілік тәрбие-екі жақты үрдіс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан-тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді.

Қазіргі заманауи әлемде адамзатты толғандырып отырған жаһандық өзгерістер Қазақстандық білім беру жүйесін жаңаша толықтыруды талап етуде. Қазақ елінің болашағы бүгінгі білім алушылардың рухани-адамгершілік санасына тікелей тәуелді.

Shape1

Жаһандық дағдарыстан шығудың бірден бір жолы барша әлемге жақсылық тілеп, ойымызды, рухымызды ояту керек. Бұл орайда баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балаларын мүмкіндігін ескерту арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру үрдісінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан- жақты іс-әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармалармен, суретшілер туындыларымен танысу кезінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбексүйгіштікке,ізгілікке,ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасаған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.
Атақта педагог Сухомлинский бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп,қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық, деп атап көрсеткен. Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау,ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдинетті, парасатты ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.
Рухани жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Рухани-адамгершілік тәрбие-бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдинетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайды.
Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиат дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу,оған сену, әдептілік, кішіпейілділік, жанашырлық,ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Адамгершілік ең жоғарғы құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті,адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Адамгершілік тақырыбы-мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында,олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған ортадан бойына сіңіреді.
  Рухани адамгершілік білім-адам жанының тереңінде орын алатын құбылыс.Ал әр адамның жан дүниесі тек сүйіспеншілікке ғана құшақ жаяды.Өзін-өзі тану мұғалімі оқытпайды,білімді дайын күйінде ұсынбайды ,ол оқушылардың даму бағдарын сыртқы әлемді танып білуден өзінің ішкі жан дүниесіненің шексіз әсемдігін ашуға бағыттайды.Оқушылар өздерінің ішкі жан дүниесін аша отырып,саналы түрде даму жолына түсіп өздеріне қажетті білімді және ар-ұждан даусын өзі ашады.

Әлемдік рухани тұлғалар рухани- адамгершілік білім туралы өте ерте

кезден-ақ назар аударған.


Сократ Әбу Насыр аль-Фараби Төле би

(б.г.д. 469 -399жылдар) (872-950) (1657-1756)

«Өзгені тану үшін өзіңді-өзің Адамдар туралы айтсақ олар «Ертеңгі күнді болжау

таны» деген болатын, қазіргі қосатын, байланыстыратын қиын, бірақ бүгінгі

біздің «Өзін-өзі тану» пән дәнекер тұтқа-ол адамгершілік күнді пайдалануға

Сократ ілімінің үйлесімді болып табылады. болады.

Жалғасы іспеттес.

Қорытынды:

Адамзаттың ұлы ұстаздары өз ілімдерін сөзбен ғана емес, іс жүзінде де ұстана білген, ойы, сөзі және ісінің бірлігімен тарихта қалған.

Адам бойындағы ең бастысы – оның Рухани бастауы, жан - дүниесі,сондықтан адам болмысынан мейірімді және таза болуы керек.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!