Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндама: "Рухани жаңғыру -ел дамуының негізі"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау шаппасын деп,
Найзасына үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз,
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәм-тұзды ақтай білген елміз.
Асқақтаған хан болса,
Хан ордасын таптай білген елміз – деп,
Қаз дауысты Қазы би айтқандай
бірлігі мен тірлігі жарасқан, ынтымақ пен береке жерімізді ұялаған
қазақ деген қасиетті есімнің иесі
біздерміз.Бізді бұл күнге дейін
жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық
көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын
асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес
мұра ретінде сақталуға тиіс. Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы
бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы
асулардан алқынбай асамыз.
Үдеудің сыры - бірлікте,
Жүдеудің сыры – алауыздықта - деген қазақ мақалынан түсінеріміз
мол. Тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елдің
біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен
хан-сұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі
тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы
ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі
буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға
жетпес игілік. Осы өнегені, ұлт сүйгіштік, отансүйгіштік дәстүрді
жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда
әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып
саналады. Рас, төсекте басы
қосылмағанмен, төскейде малы қосылған қазақтың арғы тарихынан
қазақтықтың иісі аңқып тұрары сөзсіз. Арғы тарихты ақтарсақ,
сұрапыл сұм жылдардың, тар жолда тайғақ кешіп, азап пен езгінің,
қанау мен қинаудың арқасында бас бостандығын өзгеге тәуелді етіп
ала жаздап, елім деп емірінген ерлердің арқасында жеріміз бен
елімізді, тіліміз бен дінімізге сақтап қала алды. Алаш арыстарының
өмірі соқыр саясаттың кесірінен жазаға жазаға ұшырап өмірден өткені
өзегіңе өшпестей от салары да жасырын емес. Сол бір өткінші қиын
уақыттан қажымай осы күнге де жеттік.
Тәуелсіздігімізді
жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол
жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген
саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп
ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында
болып отыр.
Қазір XXI-ші ғасыр. Егеменді ел болып, еңсемізді түзеп, шекараны бекітіп, өз алдымызға шаңырақ көтеріп, керегесін кең етіп, терезесін тең етіп, түтінін түзу шығарып отырған жайымыз бар.Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болғаны тарихтан-ақ мәлім.
Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы – қойнауында қазынасы мол картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі. Сондығынан ғой, күмбір – күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда – «Ұшса құстың қанаты талады, шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауы – айшылық, Қаратауы – күншілік,» - деп толғаған. Дархан дала төскейінде тай-құлыны тебіскен, тұлпарлары жарысқан, кең пейіл қазақтың қамсыз күні осы дерсің?
Жалғыздың үні шықпас,
Жаяудың шаңы шықпас –
дегендей еліміздің асқақ беделін әлемдік аренға шығару оңай іс емес. Азия жүрегінің қақ тұсынан орын тепкен қазақ елінің туының көкте күнмен таласып, жерде ынтымағы жарасып, атқан таңы арайлы, байтақ жері шұрайлы қазақ елінің аталы сөзге тоқтайтын, көш басына басшы қойып, бағына білген қасиетімен тағы бір мақтанғым келеді.Келелі істің басында, салиқалы саясаттың қасында, елді басқарып отырған, тұңғыш елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Кезінде әлемді билеген Шыңғыс ханның баласы Жошы:
- Ұлы мәртебелі әлем әміршісі
хан қандай болу керек?-деп сұрапты. Сонда Шыңғыс хан: «Хан халқының
көңілін табу үшін ақылды, ал халқы ханның көңілін табу үшін тақымды
болу керек» - деп жауап беріпті. Шыңғыс ханның дәріптеп айтып
отырған ханы, бүгінде өз тәуелсіздігін алып, жетекші елдердің
қатарына ілігіп, өз ойын ашық айта білетін демократиялы елдің
азаматтары мен азаматшаларын тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп
отырған - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты көрсетіп отырған секілді.
Еліміздің қай салада болмасын қарыштап дамып,
әлеуметтік-экономикасының артуына ықпал жасап отырған атап өтетін
бір дүние бар. Ол- Елбасының халыққа арнаған жолдаулары. Елбасының
« Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Жолдауы бойынша
Президенттің жалпы ұлттық идеясы- болашақ табыстардың негізі екені
баса айтылады. Сондай-ақ, ең бастысы- еліміздің рухын көтеретін,
ұлы мақсаттарға жеткізетін білімділік пен ұлттық идеясы жарияланған
болатын. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз –
тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді
әлмнің барша халқы білетіндей жағдайға етуді мұрат қылдық. Осы
идеяны әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде түйсек, осы
жолда бар әлеуетімізді салсақ, елдің руханияты мен жасалған басты
қадамдардары нақтылытын болады. Даму үстінде шарықтаған
жеріміздің мәңгілік жолдағы буындар
бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз
қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың
лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін. Бабалардың ерлігі, бүгінгі
буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында
сабақтастық болса ғана, біз «Болашағы мен бағыты анық, рухы өр» ел
боламыз.
Алдымен, алдыңғы толқын – аға буын!
Сіздердің көрегендіктеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз кейінгі
буынның ақиқат жолынан адаспай, алға басуына септігін тигізеді.
«Болащаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиясы осынау мәңгілік
жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.
Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді
кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін. Бабалардың
ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың санасынан
шықпауы керек. Бұл жазылмаған заң деп айтсам да қателесеймін.
«Мәңгілік ел» құруға ұмтылуы бүгінгі жаhанданудың қатаң
бәсекелестігі жағдайында саяси, әлеуметтік-экономикалық
дербестікпен қатар, рухани тәуелсіздікке ие болуды да қажет етеді.
Бұл үшін ұлт тәрізді күрделі жүйенің қалыпты өмір қамын қамтамасыз
ететін төлтума тарих пен мәдениеттің өзегін құрайтын ұлттық
дүниетанымды, рухани қайнарларды қайта қалпына келтіру арқылы
қоғамның өзіндік тарихи санасын қалыптастыру керек. Тарих өткен
шақпен, адами жадымен және әлеуметтік еспен байланысты
болғандықтан, бұған төл тарихты тану арқылы қол жеткізуге болады.
Яғни ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын іргелі құндылықтарды –
адамдарды рухани тұрғыда оятатын ана тілі мен дәстүрді жаңғыртумен
қатар, халықтың тарихи өткенін толығымен, жан-жақты зерттеулер
арқылы қалпына келтіру, тарихи өзіндік сананы қалыптастыру
тәуелсіздіктің рухани тұғырын құрайды. Себебі «Бабалардың
ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы
арасында сабақтастық болса ғана, « біз ұлттық танымымызды тек биік
бәсекелестікпен көрсетеміз» - деп Президенттің Жолдауында айтылып
отыр. Даңқты өткен тарихымызда «рухани жаңғыру» идеясы көшпелі
империяларды әлемдік өркениетпен тікелей жалғайтын алтын көпір
болған. Бүгінгі жолындағысын жұтып жатқан жаһандану дәуірінде
идеясы бағзы түркілік тектік-болмысымыздың, асыл тұрпатымыздың
заманауи қайта жаңғыруының, озық, қуатты ел болып гүлденуінің
кепілі. Тәуелсіз ел атанғаннан кейін бұл идеяны іске асырудың
тарихи мүмкіндігі туып отыр. Демек, халықаралық қауымдастықта
мәмілегерлік, бейбітшілікті сүйетін тағы бір қырымен танылған
тәуелсіз Қазақстанның әлі де ешкім мән бере қоймаған, толық іске
қосылмаған әлеуеті бар деп білемін. Демек, «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» идеясы – ұлттық кодымыздың кілті. Сондай –ақ
«Мәңгілік ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні
бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла»
сөздерімен мағыналас қолданылды. «Мәңгілік ел» «Алла Тағаланың
елі, халқы» дегенді білдіреді» дейді.
...Біз осылай болашаққа көз тігіп, «Мәңгілік ел» болуды мұрат етіп
отырмыз. Әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз қажет. Мұның мәні де –
осы.
Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Келешек қамына алаңдайтын болсақ, әуелі білім мен ғылымды дамутудан бастау керек екені даусыз. Алға қойған мақсат пен міндеттер жолында еш аянбай, барша әлемнің назарын елдің жоғары руханиятымен көрсететін туы көкте, білегі білектегі ел болуымыз қажет. Бұл бізге берілген бабаларымыз бен даналарымыздың аманаты.